Ағзаның реактивтілігі, оның патологиядағы маңызы
Реактивтілік (латынша reaction- қарсы әсер деген шыққан) – деп қоршаған ортаның әртүрлі, солардың ішінде аурутуындататын ықпалдарына тұтас организмнің және оның жекелеген жүйелері мен ағзаларының жауап қайтару қабілетін айтады.
Тұтас организмнің реактивтілігі реттеуші (жүйке, эндокриндік және иммундық) жүйелердің қатысумен қамтамасыз етіледі. Бұл кезде заттардың алмасуы, иммундық жауап, қан, қанайналым, тыныс алу жүйелерінің өзгерістері байқалады. Ол қабынудың өту қарқынымен, фагоцитоздың айқындылығымен, лейкоцитоз даму, дене қызымы көтерілу, эритроциттердің тұну жылдамдығы, антиденелер өндірілу, бүлінген тіндердің қалпына келу және жараның біту дәрежелерімен т.б. көрінеді.
Түрлік реактивтілік – белгілі бір жануарларға тән реактивтілік, басқаша айтқанда сыртқы әсерлерге өзіндік тұқымқуалаушылық, анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекеті. Мысалы: жануарлардың маусымға байланысты тәртібі.
Топтық реактивтілік – бұл жеке топ адамдарының (жануарларының) белгілі бір ортақ қасиеттеріне байланысты, сыртқы әсерлерге реактивтілігі. Мысалы: еркектерде подагра, превратник стенозы, асқазан жарасы, ревматоидты артрит, микседема, жиі кесдеседі.
Дербес (өзіндік) реактивтілік (индивидуальная реакт.) әр адам (жануар) түрлік, топтық реактивтілікпен қатар сыртқы әсерлерге өзінің өмір сүру ерекшелігіне байланысты іс-әрекеттермен жауап береді. Мысалы: тұмау вирусының әсерінен біреулер қатты ауырады, екіншілер жеңіл ауырады, ал үшіншілері мүлдем ауырмайды, бұл өзіндік реактивтілікке байланысты.
Физиологиялық реактивтілік – сыртқы ортаның әр-түрлі факторларының әсеріне организмнің өмір сүру әрекетінің өзіне зиянсыз өзгеруі. Мысалы: адамның (жануарлардың) патогенді емес микробтарға, әлсіз тітіркендіргіштерге (орташа физикалық күшке, сыртқы ортаның температура өзгерістеріне) бейімделуі.
Патологиялық реактивтілік (дерттік) организмінің сыртқы ауру тудырғыш факторларына ауыру арқылы жауап беруі, немесе ауру, дерт-патологиялық реактивтілік. Бұл реактивтілік жеке адамда (жануарларда), топта, түрде болады.
Спецификалық реактивтілік – бұл организмінің антиген әсеріне антидене немесе жасуша комплексінің пайда болуымен және әсерімен жауап беруі, ығни имундық жүйенің реактивтілігі. Түрлері: белсенді спецификалық иммунитет, аллергия, аутоиммунды аурулар, имун жетіспеушілік жағдайлар.
Спецификалық емес реактивтілік – организмнің сыртқы факторлар әсеріне жауап берудегі болған өзгерістер имундық жүйенің қатысуынсыз болған жағдайда болады. Мысалы: организмде гипоксия, жарақат шокында, зорлануда пайда болатын өзгерістер.
Биологиялық реактивтілік деп малдың әрбір түріне сыртқы ортаның сері нәтижесінде болатын тіршілік әрекетінің қорғануымен бейімделуін айтады. Оның өзі әрбір түрді тұтастай ж әне әр организмді жекелей сақтауға бағ ытталған. Биологиялық реактивтілік әрбір түрдегі тұқым қуалаушылықпен және оның өзгергіштігімен айқындалады.
Паталогиялық дербес реактивтілік организмге ауру тудыратын орта факторы әсер еткенде пайда болады. Оның өзі ауру организмнің бейімделу реакциясының реактивтілік ерекше және ерекше емес сезіну формасында бай қалуы мүмкін.
Анафилактикалық шок. Даму себептері мен механизмдері.
Анафилактикалық шок әртүрлі аллергендер әсерінен пайда болуы мүмкін: дәрілік, тағамдық,физикалық,жұқпалы т.б. Анафилактикалық шок аллергологиялық диагностика және арнайы гипосенсибилизация жасағанда да шығады.ол ара шағуынан да болады. Анафилактикалық шоктың себебі көбіне дәрілік аллергендер болады,әсіресе пенитциллин және оның қатары ,сулфаниламидтер,пиразолон туындылары (анальгин,амидопирин, реопирин),новокаин, в тобындағы витаминдер,с витамині,аминазин,йодиттер,паск, кортизон,белок гидролизаттары.
Достарыңызбен бөлісу: |