Ауылшаруашылық және зертханалық жануарларға дәрілік заттарды енгізу жолдары
Энтеральды енгізу — асқазан ішек жолдары арқылы:ішуге-перорально, тіл астына –сублингвально, тік ішекке- ректально.
Парентеральды енгізу- асқазан ішек жолдарына түсірмей- теріні зақымдап: тері ішіне (т/і), тері астына (т/а), бұлшық етке (б/е), көк тамырға (к/т), артерия ішіне, жұлынға (субарахнаидально)
Сыртқа қолдану: компресс, жағылма жағу, тамшы тамызу, ұнтақ себу (сеппе-присыпка), өңдеп жуу, ингаляциямен.
Патологиялық физиология пәнінің даму тарихы
Патфизиология дербес ғылым ретінде дамуы 19 ғасырдың 2 жарт бастады. Өткен ғасырда патфизиологияның негізін қалаған әйгілі патологтар- Ресейде- Патушин; Германияда- Вирхов пен Конгейм; Францияда- Клод Бернар болды.
Патфизиология тарихында И.И. Мечниковтң оны ерекше. Оның организмнің қабынуы, иммунитеті, семуі және өздігінен улануы жөніндегі жұмыстары аса бағалы. Мечников патологиялық процестерді зерттеудің салыстырмалы-патологиялық бағытын жасады. Қабынудың фагоцитарлық теориясы, иммунитет туралы ілімі қазіргі кезде де жан-жақты дамытылуда. Мечниковтың әртүрлі инфекциялық аурулардың патогенезі туралы жұмыстары, қазіргі кезде осы бағытта жүргізіліп отырған көптеген зерттеулерге негіз қалады.
Ресейде 18-19 ғ жалпы патология курсы физиология курсының бір тарауына ғана жатқызылып, оған жалпы физиология мен жалпы патология ензілді.
Патофизиология терминін ең алғаш 1819 жылы L GaIIiot енгізді, ол “Pathologie generate et physiologie pathologique” деген оқулық шығарды.
Патофизиология атау сөзі «тәжіри-белік дерттану» терминіне мәндес сөз, оның негізін француз ғалым-дары Ф. Мажанди (1783-1855) және К.Бернар (1813-1878) қалады.
Ресейде патологиялық физиологияның негізің В.В. Пашутин (1845-1901) қалады. Ол 1879 ж. «Лекции по общей патологии (патологической физиологии)», ал сонан соң екі томдық «Курс общей и экспериментальной патологии - патологической физиологии» нұсқамасын шығарды.
Патфизиологияны дамытуға Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтының кафедра қызметкерлері біршама үлес қосқан.
Қазақстан Республикасында патофизиологияның дамуына үлкен үлес енгізген профессорлар:
О.С. Глозман (1946-1969),
Я.А. Лазарис (1904-1989).
Т.А. Назарова (1915-1986),
Х.С. Насыбуллина (1919- 2003)
Х.Е. Маманова (1918-1977),
В.Г. Корпачев (1936-1998) болған еді.
Патофизиология кафедрасы 1933 ж. ұйымдастырылды. Кафедраның алғашқы меңгерушілері : проф. Н.Э. Геклер, А.А. Значкова, доц. Д.С. Четвертак, елдің көрнекті ғалымдары — профессорлар С.М. Лейтес и П.П. Очкур болған еді.
Достарыңызбен бөлісу: |