Патенттер мен мақалалар саны т б. көрсеткіштері бойынша әлемдегі мемлекеттердің рейтингі. Патент



бет2/2
Дата20.09.2021
өлшемі1.06 Mb.
1   2
Патенттік құқық (ағылш. patent right;) Патентті беру жолымен — өнертапкыштыктың — техникалық және басқа шешімдерінің құқығын қорғау жүйесін бекітетін құқықтық нормалардың жиынтығы. Патенттік құқық дербес сала болып саналмайды. Пагенттік құқықтың негізгі көзі — өнертапкыштық зияткерлік меншіктің басқа нысандарымен байланысты құқықтық қағынастарды реттейтін арнайы зандар болып саналады.

Патент заңы (ағылш. patent law;) Осы Заңмен енеркәсіптік меншік объектілерін жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүліктік, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар реттеледі.

Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма

Қазақстандағы ғылымның даму деңгейін анықтау үшін Web of Science халықаралық ақпараттық ресурсына кең көлемде библиометриялық талдау жасалынды. Аталған ақпараттық ресурсқа бүгінде әлем бойынша рейтингісі жоғары 12 мыңнан астам рецензиялық журналдар еніп отыр. Зерттеу жұмысы барысында Web of Science мәліметтер қорына енген Science Citation Index Expanded; Social Sciences Citation Index; Arts & Humanities Citation Index; Conference Proceedings Citation Index- Science; Conference Proceedings Citation Index-Social Science & Humanities жан-жақты талдау жасалынды. Ғылыми журналдарды бағалауда ISI Web of Knowledge – Journal Citation Reports платформасындағы библиометриялық анықтама, статистикалық мәліметтер пайдаланылып, ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар сарапқа салынды. Зерттеу барысында хронологиялық көрсеткішке де ерекше назар аударылып, 2009-2013 жылдары және 13.05.2014 кезеңдерде жарияланған ғылыми мақалалар талданды.

Белгіленген мерзім аралығына зерттеу жүргізгенімізде Web of Science мәліметтер қорына 10 214 314 ғылыми мақала жарияланғаны мәлім болды. Олардың арасынан жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бойынша жарияланымдар бар. Осы ретте ғалыми ақпараттық ресурсқа дүниежүзінің 233 елінің ғалымдары ғылыми мақалаларын жариялағанын айта кетуіміз керек. Зерттеу барысында жарияланған ғылыми жұмыстардың 75%-ы дүниежүзіндегі жетекші 10 елдің үлесіне тиіп, олардың әрқайысы 300 000 мақала жариялағаны мәлім болды. Бұл ретте АҚШ көш бастап тұр. Американдық ғалымдар ақпараттық ресурстағы ғылыми мақалалардың үштен бір бөлігіне иелік етсе, екінші орында 11,9%-дық көрсеткішпен Қытай тұр. Ғылыми мақала жариялауда көшбасшы елдердің қатарында Германия (6,4%), Англия (6,4%) және Жапония (5,2%) сынды дамыған елдерді де көруге болады.(1-кесте)

1-кесте. Web of Science мәліметтер қорына 2009-2013 жылдар аралығында ғылыми мақала жариялаған елдердің рейтингі



Есеп барысында, яғни жоғарыда атап көрсетілген мерзім аралығында Қазақстан мен Өзбекстанның халықаралық ғылыми журналдарға жариялаған мақалаларының саны 1000-нан 10 000-ға дейін артып, 94-ші және 96-шы орынға шыққан. Ал Орталық Азияның өзге елдері Web of Science мәліметтер қорының бағалауы бойынша төмендегідей орындарға ие болған. Қырғызстан – 143; Тәжікстан – 153; Түркіменстан – 184-ші орынға табан тіреген.



Библиометриялық көрсеткіштің негізгі индикаторы ретінде жарияланған ғылыми мақаланы өзге ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында мейлінше пайдалануы, яғни орташа сілтеме жасауы ғылыми жұмыстың маңыздылығының басты көрсеткіші болып табылатыны белгілі. Бұл ретте жарияланған ғылыми мақалаға өзге ғалымдардың сілтеме жасауы есепке алынады. Осылайша ғылыми-зерттеу жұмысының тиімділігін анықтауға мүмкіндік туады. Өкінішке орай, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Орталық Азия елдері арасында Түркіменстанмен тең түсіп, тек Тәжікстанның ғана алдына шыққан (1-сурет)



  1. Сурет. Орталық Азия елдері арасында 2009-2013 жылдары аралығында Қазақстанның орташа сілтемелік көрсеткішінің деңгейі, Web of Science

Зерттеу барысында 2009-2013 жылдар аралығында қазақстандық жарияланымдардың басым бөлігі физика ғылымның үлесіне тиіп, 1238-ды құраса, өмір туралы және биомедицина бойынша жарияланған мақалалар 708-ге жеткен. Қазақстан ғалымдарының техникалық ғылымдар бойынша жариялаған ғылыми-зерттеу жұмыстары 547-ні құрады. Ал төменгі көрсеткіш, яғни 12,52% әлеуметтік ғылымдар, өнер және гуманитариялық ғылымдардың үлесіне тиіп отыр (2-сурет).

Қазақстандық ғалымдар Ресей мен АҚШ-тағы әріптестерімен бірлесіп физика, астрономия, химия, материалтану және Жер туралы ғылым бойынша іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгені мәлім болды. 2009-2013 жылдар аралығында Web of Science мәліметтер 15 қорына жоғарыда аты аталған екі елмен бірлескен авторлық шеңберінде жазылған мақалалар жалпы жарияланымдар 29%-ды құраған.



2-кесте. Web of Science, 2009-2013 жылдар аралығындағы Қазақстанның сырт елдердегі ғылыми әріптестерінің көрсеткіштері

Осы ретте Қазақстан ғалымдары Германия, Англия, Жапония елдерімен де тығыз ғылыми әріптестік байланыс орнатып, медицина мен аграрлық салада, биология ғылымы мен экология бойынша біраз ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенін айта кетуіміз керек. Бұдан басқа зерттеу барысында Қазақстан ғылыми әріптестік көкжиегін кеңейтуде Азия елдерімен де тығыз байланыс орнатқанына көз жеткіздік. 2009-2013 жылдар аралығында ғылыми мақалалар жариялауға еліміздегі 250 ғылыми мекеме белсене атсалысқан. Оның 64-і жоғарғы оқу орындары. Оқу орындары арасында ғылыми мақалалар жариялауда Қазақстанның 2 ұлттық университеті топ бастап келеді. Олар – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті. Ал қоғамдық ұйымдар арасында мәліметтер базасына ғылыми мақалалар жариялауда ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ұлттық ядролық орталығы көш бастауда.



Осы ретте Қазақстан ғалымдары Германия, Англия, Жапония елдерімен де тығыз ғылыми әріптестік байланыс орнатып, медицина мен аграрлық салада, биология ғылымы мен экология бойынша біраз ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенін айта кетуіміз керек. Бұдан басқа зерттеу барысында Қазақстан ғылыми әріптестік көкжиегін кеңейтуде Азия елдерімен де тығыз байланыс орнатқанына көз жеткіздік. 2009-2013 жылдар аралығында ғылыми мақалалар жариялауға еліміздегі 250 ғылыми мекеме белсене атсалысқан. Оның 64-і жоғарғы оқу орындары. Оқу орындары арасында ғылыми мақалалар жариялауда Қазақстанның 2 ұлттық университеті топ бастап келеді. Олар – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті. Ал қоғамдық ұйымдар арасында мәліметтер базасына ғылыми мақалалар жариялауда ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ұлттық ядролық орталығы көш бастауда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде