7. Қауіпсіздік сақтау техникасы
7.1. Қауіпсіздікті сақтаудың жалпы талаптары
Кабинеттерде жұмыс жасау үшін Еңбекті қорғау нұсқаулығымен танысқан, медициналық тексеруден өткен, денсаулығында кінараты жоқ тұлғаларға ғана рұқсат етіледі. Демонстрациялық тәжірибе жүргізу кезінде арнайы киімдер мен жеке қорғаныс құралдары пайдаланылуы керек: мақта-матадан тігілген желбегей, резеңкеленген алжапқыш, қорғаныс көзілдірігі, резеңке қолғап. Жұмыс кезінде қызметкер арнайы киімді кию, жеке адамның және ұжымдық қорғану құралдарын қолдану ережелерін, жеке гигиена ережесін, жұмыс орнының тазалығын сақтауы керек. Кабинеттерде алғашқы көмек ретінде қолданылатын қажетті медикаменттер жиынтығы бар медициналық аптечка, өрт сөндірудің алғашқы құралдары: екі өрт сөндіргіш, құм салынған жәшік және өрттен қорғалған матадан тігілген екі жамылғыш сақталуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |