Паспорт учебного кабинета


Кабинеттегі жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын



бет7/12
Дата11.04.2022
өлшемі62.55 Kb.
#220003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
2 5262813643300411124 (1)

6. Кабинеттегі жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын

санитарлық-гигиеналық талаптар
Қабырға мен парта беттерінің бояуы кабинеттің географиялық орналасуына байланысты болады. Кабинетті әрлеу үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген, сапасы мен қолдану аумағы сертификатпен расталған материалдар мен бояулар қолданылуы тиіс.

Оқу кабинеттері, зертханалар белгіленген өлшемдегі жұмыс үстелдерімен және орындықтармен жабдықталады. Парталар, үстелдер, шкафтардың түсі табиғи ағаш түстес немесе ашық жасыл болуы тиіс. Отырғыштарды, табуреттерді және арқалығы жоқ орындықтарды пайдалануға жол берілмейді.

Сынып тақталарының өлшемі мен конфигурациясы әртүрлі болуы мүмкін: жылжымалы, ашылатын,биіктігі бойынша өзгеретін. Сынып тақталары бор үгіндісін жинауға, шүберекті немесе жұмсақ шүберекті қоюға арналған жері бар күнгірт немесе күнгірт қоңыр түсті болып көзделеді.

Күндізгі жарықты мол мөлшерде пайдалану және оқу үй -жайларын біркелкі жарықтандыру үшін, ағаштарды ғимараттан 15 метрден жақын орналастыруға, ал бұталарды 5 метрден жақын отырғызуға болмайды.

Терезе әйнектерін бояуға және терезелердің алдына табиғи жарықтандыруды азайтатын үлкен жапырақты гүлдерді орналастыруға жол берілмейді. Оларды терезе аралығындағы аспалы кашпо немесе еденнен 65-70 сантиметрдей биіктікте орналасқан тасымалдаушы гүлсалғышқа орналастыру екі реттен кемөткізілмеуі керек. Терезелердің әйнегін жылына 3-4 рет және ішін айына бір рет жуады және тазалайды.

Оқу бөлмесінің қызметіне байланысты (бір орынды және екі орынды), аудиториялық, чертеждік немесеғ лабораториялық үстелдер қолданылуы мүмкін. Үстелдерді сол жақтан жарықтандырылатын жарық түсіретін қабырғаға қарай орналастырады. Оқу.а арналған жиһазды орналастыру кезінде мына талаптар орнатылады:



  1. 1-ші қатардағы үстелдердің жарық түсіретін қабырғадан қашықтығы 1 м, бқабырғадан қашықтығы 1 м, брінші үстелдерден тақтаға дейінгі қашықтық 2,4-2,7 м болады;

  2. Алдыңғы үстелдер мен демонстрациялық үстел арасы кемінде 60 см.

  3. Бірінші партадан оқу партасына дейін кемінде 250 см;

  4. Үстелдер қатарлары мен сыртқы қабырға аралығы – 50 см кем емес;

  5. Қатардағы үстелдер арасы кемінде 50 см кем емес;

  6. Сынып тақтасынан оқушының отыратын соңғы орнына дейінгі қашықтық 860 см;

  7. Барлық сыныптар үшін сынып тақтасының төменгі жиегінің еденнен биіктігі (жұмыс жағдайында) 80-90 см;

  8. Оқу шеберханаларындағы станоктар (верстактар) арасы 130 см, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін 170 см; қатарлардағы станоктар (верстактар) арасы 80 см, станоктардан қабырғаларға дейін 50 см;

  9. Тігін шеберханаларындағы аяқпен басатын машиналарды терезелердің бойымен бір қатарға орналастырады, бұл ретте машинаның табанына жарық сол жақтан түсуі тиіс.

Темір ұстасының бөлмесінің және ағаш кесетін аралас үстелдің ені кемінде 390 мм және биіктігі кемінде 325 мм қорғаныш экрандары болуы тиіс. Олар оң жақтан жарықтандыру кезінде терезелерге перпендикуляр орналастырылуы тиіс. Дәнекерлеу жүргізілетін үстелдер мен шеберді үстелдері металлмен қапталады.

Тақтаны көру бұрышы (ұзындығы 3 м тақтаның шетінен алдыңғы үстелдегі оқушының шеткі орнының ортасына дейінгі) мектептің II-III саты оқушылары үшін 35 градустан кем емес және 6-7 жасар оқушылар үшін 45 градустан кем емес болуы тиіс.

Кабинеттегі жұмыс орындарын орналастыру оқушылардың еркін қозғалуын және педагогтың сабақ кезінде әрбір оқушының жанына еркін баруды қамтамасыз етуі тиіс, керекті жабдықтарын ( оқу құралы, дәптерлер, жазу және лабараториялық құралдар) қою үшін оқушының үстелі кең болуы керек.Оқушыларды отырғызу реті:


  • Әрбір оқушы парта немесе үстелді пайдаланғанда бойына, көруіне және естуіне сәйкес ыңғайлы жұмыс орнымен қамтамасыз етілуі тиіс;

  • Көру мен есту органдарының ақауы бар балалар үшін парталар нөміріне қарамастан, бірінші қатарға қойылады;

  • Көру қабілеті төмен оқушылардың партасы терезе жақтан бірінші қатарда орналасуы керек;

  • Тыныс алужолдары мен тамақ бездерінің қабынып және суықтан жиі ауыратын балаларды сыртқы қабырғадан алыс отырғызу қажет.

Үстелдер мен орындықтардың оқушылардың бой ерекшеліктеріне сәйкес болуы, дұрыс отырғызу сүйек-бұлшық жүйелерінің ауытқуын болдырмауға жағдай жасайды.

Оқу кабинетінде үстелдер мен орындықтардың 3 тобын орналастырады:

В тобы – 145-160 см бойы бар оқушылар үшін;

Г тобы – 160-175 см бойы бар оқушылар үшін;

Д тобы – 175 см және одан биік оқушылар үшін.

Әр топта үстел және орындықтардың да өзіндік ерекшеліктері бар:

Үстелдер: В тобы – 64 см; Г тобы – 70 см; Д тобы – 76 см;

Орындықтар: В тобы – 38 см; Г тобы – 42 см; Д тобы – 46 см;


Мектеп жайларында сол жақтан түсетін бүйірлік жарық көзі болу керек. Екіжақты жарықтандыру кезінде, бөлме ұзындығы 6 метрден және одан аса көп болған кезде міндетті түрде жарықтандырудың оңжақтағы көзі қарастырылып, оның биіктігі 2,2 метрден кем болмауы керек. Жарық ағыны оқушылардың алдыңғы және артқы жақтарына түспеуі керек. Оқу-өндірістік шеберханаларда, спорт залдарында екі жақты табиғи бүйірден жарықтандырумен және аралас (үстіңгі және бүйір жақтан) жарықтандырумен қамтамасыз етуге жол беріледі.

Оқу кабинеттеріндегі терезелердің бағдары көкжиектің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс жақтарында болуы керек. Сурет, сызу сабақтары ккабинеттерінің терезелері солтүстік бағытқа, ал есептеуіш техника сабағының кабинетінің терезесі – оңтүстік немесе оңтүстік-шығыс бағытқа бағытталуы мүмкін. Күннен қорғаныш құралдары ретінде жалюздер, күнқағарлар, жарық өткізетін және жарық сейілдіретін қасиеті бар мақта-матадан жасалған перделер ұсынылады. Поливинилхлоридті үлдірден жасалған перделерді қолдануға тыйым салынады.

Люминесценттік шамдарды сыртқы қабырғадан 1,2 м және ішкі қабырғадан 1,5 м қашықтықта жарық түсіретін қабырғаға параллель орналастырады. Сынып тақтасы оған параллель орнатылған екі шаммен жарықтандырылады, олар тақтаның жоғарғы шетінен 0,3 м жоғары және алдыңғы жағынан 0,6 м аралықта орналасады.

Кабинеттер мен зертханалардағы жұмыс үстелдерінде – 300 люкс, сыныптың тақтасы мен сызу кабинеттерінде – 500 люкс, компьютерлік сыныптарда – 300-500 люкс, акт және спорт залдарында (еденнің үстінде) – 200 люкс, тыныш жайларда (еденнің үстінде) – 150 люкс болуы керек.

Істен шыққан шамдар уақытылы ауыстырылады. Жұмыс істемейтін, істен шыққан люминесценттік шамдарды балалар мен оқушылар кірмейтін жеке үй-жайда сақтайды. Пайдаланылған люминесценттік шамдарды қоқыс жинайтын контейнерлерге тастауға тыйым салынады. Оларды сақтау және шығару мекеме басшысының бұйрығымен жауапты адамға жүктеледі. Пайдаланылған шамдарды жою және кәдеге жаратуды осындай қызмет түріне арналған лицензиясы бар ұйымдар жүргізеді.

Микроклиматты сақтау үшін бөлмені мезгіл-мезгіл желдетіп отыру қажет (қыста 2 реттен жиі емес, күз бен көктемде – 4 реттен жиі емес) және уақытылы ылғалды тазарту жүргізу қажет. Сабақ алдында және соңында оқу бөлмелерінің есік, терезесін ашып, қарама-қарсы желдету қажет.

Жылыту кезеңінде ауаның температурасы мынадай болып көзделеді:

1) оқу кабинеттерінде, лабораторияда, кітапханаларда, акт залында, компьютерлік сыныптарда – 18-220С болуы керек;

2) оқу шеберханаларында, спорт зал мен секциялық сабақтарды жүргізуге арналған бөлмелерде, вестибюльде және гардеробта – 15-170С болуы керек;

3) спорт залдың шешінетін бөлмесінде – 19-230С болуы керек;

4) дәрігерлердің кабинеттерінде – 21-230С болуы керек.

Қолайлы жұмыс жасау, ауаны тазарту үшін сынып бөлмесінде жасыл өсімдіктер болуы керек (мүмкіндігінше гүлдейтін, оқушылардың көңілін көтеріп, жұмыс қабілеттерін арттырған).

Қазақ тілі, орыс тілі және шетел тілі кабинеттерінде басқаратын пульты бар мұғалімнің үстелі және жобалаушы құрылғыларға арналған тумба: магнитофон және күйтабақты ойнатқыштың астына қоятын тұғырық; көрнекі құралдар мен техникалық оқу құралдарын сақтайтын секциялы шкафтар, лингофонды-рецевтивті қондырғылар болуы тиіс.

Физика мен химия кабинеттерін көтеріңкі жерде орналасқан демонстрациялық үстелдермен, белгілі өлшемдегі екі орынды оқушыларға арналған зертханалық үстелдермен жабдықтайды.

Химия кабинетін оқытушы үстелінің жанындағы сыртқы қабырғаның бойында орнататын сыртқа тарату шкафымен жабдықтайды.

Физика, химия, биология, информатика және есептеуіш техника кабинеттерінде аралас үй-жайларда 1 үй-жайға кемінде ауданы 18 м2 болатын зертхана көзделеді.

Тәжірибелер жүргізу үшін пайдаланатын химиялық реагенттерді, қышқылдар мен сілтелерді жауапты адамның бақылауы арқылы таңбалайды, арнайы бөлінген сейфте сақтайды.

Музыка кабинетінде мүмкіндігінше биіктігі 12-15 см амфитеатр жасау керек. Музыкалық сабақтар жүргізу үшін ауданы кемінде 12 м2 фортепьянода және басқа да аспаптармен жеке сабақтарға арналған; ауданы кемінде 36 м2 музыкалық-теориялық сабақтарға арналған (15 оқушыға дейін) топтық; ауданы 1 адамға кемінде 2 м2, биіктігі 4,0 м төмен емес хор және оркестр сабақтарына арналған үй-жайлармен жабдықталады.

Музыкалық бөлімшенің жанында ауданы кемінде 10 м2 музыкалық аспаптарды сақтауға арналған үй-жай болуы тиіс. Музыкалық аспаптармен жүргізілетін сабақтарға арналған үй-жайлардың әрленуі дыбыс оқшаулау іс-шараларын көздеуі тиіс.

Хореография сабақтары үшін бір оқушыға ауданы 3-4 м2 есебімен ырғақтық және би сабақтарына арналған зал жабдықталады. Теориялық сабақтарды ұйымдастыру кезінде қосымша білім беру мекемелерінде ауданы бір адамға кемінде 2,5 м2 есебімен үй-жай бөлінеді.

Бөлмені қараңғылауды да қарастыру қажетті, бұл – жұмсақ орындықтармен үйлесетіндей күңгірт борзғылт және шие түстес ауыр масаты портьерлер бола алады.

Хореографиямен айналысуға арналған залдағы балеттік көлденең ағаштарды еденнен 0,9-1,1 м биіктікте және қабырғадан 0,3 м қашықтықта орналастырады. Залдың бір қабырғасын биіктігі 2,1 м болатын айнамен жабдықталады. Залдың едені тақтайдан немесе арнайы линолеум төсемімен көзделеді.

Ағаш өңдеу жөндеу жөніндегі шеберханалардан және металл мен ағаш өңдеу жөніндегі аралас шеберханалардан тұратын мекемелердің ғимараттарында сыртқа қарай немесе басқа мақсаттағы кабинеттердің шығу есігі жоқ шеберханаларға іргелес дәліз арқылы қосымша шығу есігі көзделуі қажет.

Майлы көркем сурет шеберханалары үшін 1 оқушыға ауданы кемінде 4,8 м2 үй-жай, 1 оқушыға ауданы кемінде 4,0 м2 акварельді көркем сурет және суретке арналған шеберханалар, 1 оқушыға кемінде 3,6 м2 мүсін жасау шеберханалары; 1 оқушыға кемінде 4,5 м2 қолданбалы өнер және композиция шеберханалары бөлінеді. Қолданбалы өнер және композиция шеберханаларының жанында ауданы кемінде 9 м2 болуы тиіс, мүсін жасау шеберханасының жанында – саз және гипсты сақтауға арналған екі қойма болуға тиіс. Дәнекерлеу жүргізілетін үстелдер мен шебердің үстелдері металлмен қапталады.

Станоктар мен механизмдердегі жұмыстары көп мөлшерде жылу және шаңның бөлінуімен байланысты болатын мектептің оқу өндірістік шеберханалары механикаландырылған сорып шығару желдеткішімен жабдықталуы керек. Ауа алмасуының жиілігі бір балаға сағатына 20 куб метрден кем болмауы керек. Станоктар мен механизмдер санитарлық нормалардың талаптарына сай және олардың тиісті қорғаныс құралдары болуы керек. Көркемөнер шығармашылығымен айналысуға арналған шеберханалар ыстық және суық су келтірілген қолжуғышпен жабдықталады, сурет салу және жабыстыру шеберханаларын екі қолжуғышпен, оның біреуін раковинамен және кең үстелмен жабдықтау қажет.

Жануарлармен, өсімдіктермен жұмыс істеуге арналған үй-жайлар ыстық және суық су келтірілген қолжуғышпен жабдықталуы тиіс.

Спорт залының ауданы бір спортпен айналысушыға кемінде 4 м2 болуы тиіс. Еден ағаштан болуы немесе арнайы жабыны болуы, еденнің беті тегіс, ойықсыз және зиянсыз болуы тиіс. Зал қабырғаларының шығыңқы жерлері, ернеуі болмауы тиіс. Батареялар терезе астындағы қуыстарда орналастырылады және торлармен жабылады немесе еденнен 2,4 м биіктікте орнатылады. Терезелерінде және жарықтандыру құралдарында қоршау құрылғылар көзделуі тиіс.

Спорт зал бірінші қабатта орналасып, спорт залының алаңы және оның үй-жайлар жиынтығы құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес келуге тиіс, дене шынықтыру сабақтары өтетін орындарда ер балалар мен қыз балаларға бөлек қарастырылған шешіну бөлмелері мен душ кабиналары болуы тиіс.

Күреске арналған залда жарақаттануды болдырмау үшін кемінде 2 м қабырғадан ашық жері бар орналастырылатын жұмсақ кілем болуы тиіс. Қабырғаның осындай ашық жерін ұйымдастыру мүмкін болмаған кезде 1,5 м биіктікте қапталған төсеніш болуы тиіс. Кілемнің үстіне беті керілген және төзімді және жұмсақ материалдан жасалған жапқышы бекітілген жапқышпен жабылуы керек.

Спорттық төсеніштерді, жаттығуға арналған қаптарды жазықтық бойынша бірдей толтырады, тазалауға және дезинфекциялауға ыңғайлы материалдардан жасайды. Былғары төсеніштерден басқа төсеніштерде матадан тігілген алмалы-салмалы тысы болуы тиіс.

Спорт залдарының жанындағы киім ауыстыратын орындар киімге арналған шкафтармен немесе ілгіштермен жабдықталады.

Бөлмелерде майлы бояумен боялған ағаш немесе жылы негізде линолеум төселген еден көзделеді. Еңбекке баулу шеберханаларындағы еден ағаш болуы; химия кабинеттері мен зертханалық кабинеттерде химиялық реагенттерге төзімді материалдан болуы тиіс.

Еденнің бетіне линолеум төсеген кезде негізге тығыз жапсырылуы, ойығы, сызаты, саңылауы болмауы тиіс. Линолеумнің бір-біріне жанасатын жерлерінің арасы мұқият дәнекерленеді. Қабырғаның тұсындағы линолеумнің жиектері қабырға мен еденнің арасын біріктіретін еден кемерінің астына келтірілді. Вестибюльдердегі, реакциялардағы, баспалдақ аралықтарының едендері механикалық әсерге төзімді материалдан жасалады. Қолжуғыш бөлмесі және дәретхананың едендеріне қыштан жасалған немесе мозаикалық әрленген плиткалар төселуі керек. Едендердің төселімі ретінде цемент, жылтырланған мәрмәр және тайғақ материалдарды пайдалануға жол берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы