Пальпация лат palpatio «ұстап көру»



бет1/3
Дата02.06.2021
өлшемі26.8 Kb.
  1   2   3

9 билет

Пальпация (лат. palpatio «ұстап көру») — ауыз іші тканьдерінің ауыратын-ауырмайтындығын, жұмсақ-қаттылығын, пішінін, қимылдау-қимылдамауын сипалап, ұстап анықтайтьш тәсіл. Мысалы: тістің қозғалуын, лимфа бездерінжараныжақ сүйек ұяшығының өткір қырларын ұстап байқау.

Іштің пальпациясы – құрсақ ағзаларын зерттеудің нақты мәлімет беретін физикалық тәсіл. Пальпацияның 2 түрі бар:



  1. Іштің беткейлік бағдарламалық пальпациясы;

  2. В.П.Образцов және Н.Д.Стражеско әдісі бойынша терең сырғымалы пальпация.

Пальпациялау ережелері

  1. Науқас шалқасынан аяқтарын созып және қолдарын денесінің жанына қойып жатады (4.57 сурет).

  2. Науқастың басы төмен орналасуы керек, себебі бастың жоғары орналасуы құрсақ бұлшық еттерінің керіліп пальпация жүргізуге кедергі келтіруіне әкеледі.

  3. Науқас аузын ашып терең тыныс алуы керек, құрсақ бұлшық еттері тынысқа қатысуы керек, ол алдыңғы құрсақ бұлшық еттерінің босаңсуына себеп болады.

  4. Дәрігер науқастың оң жағына орналасуы керек.

  5. Дәрігердің қолдары жылы болуы керек, себебі салқын қолды науқас денесіне тигізгенде алдыңғы құрсақ бұлшық еттері рефлекторлы түрде жиырылады.

Пвльпация турлеры Беткей және терең пальпацияны ажыратыңыз. Беткей пальпация терінің, буындардың, жүректің және т.б зерттелген аймаққа тегіс орналастырылған бір немесе екі алақанмен жүзеге асырылады. Тамырлар (олардың толуы, қабырға күйі) олардың орналасқан жерінде саусақ ұштарымен пальпацияланады. өту. Терең пальпация асқазанды, ішекті (сырғымалы пальпация, Образцов бойынша), бауырды, көкбауыр мен бүйректі, тік ішекті, қынапты және т.б. зерттегенде әр түрлі арнайы әдістермен жүзеге асырылады.

Процесс пальпации Пальпация саусақтардың немесе пальпациялаушы қолдың алақанының қозғалысы мен қысымынан пайда болатын тактильді сезімге негізделген. Пальпация көмегімен тіндер мен мүшелердің қасиеттері анықталады: олардың орналасуы, мөлшері, пішіні, консистенциясы, қозғалғыштығы, топографиялық байланыстары, сонымен қатар зерттелетін мүшенің ауыруы.

2 Жүрек шекараларын анықтағанда оның шегін, тамыр шоғырларын және пішінін анықтауға болады. Жүрек-ауасыз, тығыз ағза, сондықтан перкуссияда тұйық (шынайы тұйық шекарасы) дыбыс береді, ал оның жартылай өкпемен жабылған жерлері – тұйықтау дыбысты шекара (шала тұйық шекарасы) болады. Жүректің шала тұйық шекарасын анықтағанда жәй перкуссия қолданылады. Оң, жоғарғы және сол шекараларын анықтайды.

Оң шекарасын анықтағанда, бірінші оң өкпенің төменгі шекарасын табады (диафрагма деңгейін білу үшін), сол жерден бір қабырға аралыққа жоғары көтеріліп, плессиметр саусақтытөс сүйегіне параллельді қойып, жүрекке қарай жәй перкуссия жасалады. Қалыпты жағдайда жүректің оң жақ шекарасы ІV қабырға аралықта төс сүйегінің оң жақ қырынан 1-1,5 см сыртқа орналасады,ол оң жүрекшеге сәйкес келеді.

Жоғарғы шекарасын анықтағанда плессиметр саусақ қабырғаларға параллельді төстің сол жақ қырынан 1 см сыртқа қойылып, жүрекке қарай перкуссияланады, ол ІІІ қабырғаға сәйкес (сол жүрекше құлағы) келеді.

Сол жақ шекарасы, әдетте, ЖҰТ сәйкес V қабырға аралықта болады. Сондықтан бірінші ЖҰТ тауып алу керек және сол табылған қабырға аралықпен перкуссияланады. ЖҰТ табылмаған жағдайда, V қабырға аралықпен анықтау керек. Алдыңғы қолтық сызығының деңгейіне плессиметр саусақты орто-сагитальды қойып, қабырға аралықпен жүрекке қарай перкуссия жасалады. Қалыпты жағдайда сол жақ шекарасы сол жақ бұғана орта сызығынан 1-1,5 см ішкерек орналасады, ол сол қарыншаға сәйкес келеді.

Жүректің шала тұйық шекарасын анықтағанда, оның нағыз шекаралары туралы мәлімет алынады. Осыдан кейін жүректің көлденең ені анықталады. Қалыпты жағдайда оң жақ ІV қабырға аралықта жүрек шекарасының ең алшақ нүктесі төс сүйегі ортасы сызығынан 3-4 см болса, сол жақ V қабырға аралықта ең алшақ нүкте осы сызықтан 8-9 см-дей болады. Сөйтіп, жүректің шала тұйық шекарасының көлденең ені 11-13 см құрайды.

Шынайы тұйық шекарасы – бұл жүректің өкпемен жабылмаған бөлігі. Бұл шекараны анықтағанда, шала тұйық шекарасы анықталған нүктелерден жүрекке қарай өте жәй перкуссия жасалады. Қалыпты жағдайда оң жақ шекарасы төстің сол жақ қырында ІV қабырға аралықта орналасады. Жоғарғы шекарасы ІV қабырғада болады. Сол жақ шекарасы шала тұйық шекарасына сәйкес немесе 0,5 см ішке орналасады. Бұл шекаралар жүректің кеуде сарайының алдыңғы қабырғасына тиіп жатқан беті, яғни бұл оң қарыншаға сәйкес келеді.

Тамыр будасының шекарасы (ТБШ) ІІ қабырға аралықта болады, оң және сол жақтан анықталады.

Өте жай перкуссия қолданылады, плессиметр саусақтың тырнақ түбіне соғылады. Екі жақтан да қалыпты жағдайда ТБШ төс шетінен сыртқа шықпайды.

Тамыр будасының құрамына оң жақта өрлеме қолқа мен жоғарғы қуысты вена, сол жақтан төмендеме қолқа мен өкпе артериясы кіреді. Тамыр будасының көлденең ені 5-6 см тең болады.

Жүрек конфигурациясын (сырт пішіні) анықтау үшін жүрек шекарасын оң және сол жақтан анықтайды. Оң жақтан ІІ-ІІІ-ІV қабырға аралықта, ал сол жақта ІІ-ІІІ-ІV-V қабырға аралықта анықтау керек. Қалыпты жағдайда оның оң контуры ІІ-ІІІ қабырға аралықта төстің оң шетін ала, ал ІV қабырға аралықта, одан 1-1,5 см сыртқа орналасады. Сол жақ контуры ІІ қабырға аралықта төстің сол шетін ала, ІІІ қабырға аралықта төстің сол шетінен 1 см солға, ІV қабырға аралықта ІІІ және ІV қабырға аралықтардағы контурдың ортасында, V қабырға аралықта жүректің сол жақ шекарасын ала орналасады.

Сол жақтағы тамыр будасы мен жүректің сол жақ шекарасының ортасындағы доғал бұрыш жүрек мықыны деп аталады.

10ЖҮРЕК АУСКУЛЬТАЦИЯСЫ, ТОНДАРЫ, ШУЛАРЫ. ӘРТҮРЛІ ПАТОЛОГИЯ КЕЗІНДЕГІ ШУЛАР МЕН ТОНДАР ӨЗГЕРІСІ

Жүрек аускультациясының ережелері:

-шусыз, тыныштық жағдайда


-науқас жатқанда, тік тұрғанда, қажеттілігіне байланысты – жүктемеден кейін;
-дерт түріне байланысты а) сол жанында (митральды қақпақша); б) еңкейтіп (аорта қақпақша).

Жүрек аускультациясы жасаудағы іс-әрекеттерінің реттілігі

Жүрек аускультациясы. Аускультация 5 тыңдау нүктесінде жүргізіледі:

Митральды қақпақшаны тыңдау:


-жүрек ұшы түрткісін пальпация арқылы анықтау;
-сол жерді тыңдау (қалыптыда 2 тонда тыңдалады, 1 -ші тон жақсы естіледі);

Аорта қақпақшасын тыңдау


-төстің оң маңы ІІ қабырға аралықты табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2-ші тон жақсы естіледі);

Өкпе бағанасы қақпақшасын тыңдау


-төстің сол маңы ІІ қабырғаралықты табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2-ші тон жақсы естіледі);

3-жармалы қақпақшасын тыңдау:


-төстің семсер тәрізді өсіндісінің негізін табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 1-ші тон жақсы естіледі);

Аорта қақпақшасын қайта тыңдау:


-төстің сол қырына 3-4 қабырғалардың жанасқан жерін табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2 тон жақсы естіледі);

Жүректің І және ІІ тонын ажырату

І тон жүрек ұшында және 3-жармалы қақпақша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде