Өзектілігі: Ат спорты арқылы жасөспірімдер бойында ұлттық тәрбие нышандарын қалыптастыру. Ұлттық тәрбие арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Мақсаты

Loading...


бет4/6
Дата28.02.2021
өлшемі27.57 Kb.
1   2   3   4   5   6
2.2. Иппотерапия және оның маңызы.



Осыдан 3жыл бұрын Өскемен қаласының іргесіндегі «Конный двор» орталығы ашылған болатын. Қалаға жақын әрі барып келуге аса қолайлы болғандықтан таза ауада тынығып, серуендеуді ұнататын белсенді қала тұрғындарының көпшілігінің таңдануы осы орталыққа түсіп отыр. Қыста коньки, шаңғы, жазда әсіресе салт атпен жүруді ұнататын демалушылар қатары көбейіп келеді.

• Негізіне атпен серуендеушілер жорығын ұйымдастырамыз. Жорыққа шығатын соқпақ жолдар да әртүрлі. Бұлар бұрын атқа мініп көрмеген немесе салт атпен жүруге әбден дағдыланған адамдарға арналған. Атқа мініп жүруді нұсқаушылар үйретіп, моршруттарды таныстырады. Тәжірибесі бар серуендеушілерге орта және күрделі маршруттар әзірленген.

• Атпен салт жүру адам ағзасында жағымды әсер етеді, ұзақ өмір сүруіне ықпал жасайтыны туралы кейінгі жылдары жиі айтылып жүр.

• Қандай ауру болсын үнемі ат үстіндегі адамға үстемдігін жүргізе алмайды. Осынау ұшы – қиырсыз созылып жаиқан кең байтақ далада ауыздығымен арпалысқан сәйгүліктеге сенім артқан біздің ата-бабаларымыздың денсаулықтары мықты болған. Мен де өз бетіммен ізденіп, тарихи шежіремізден біршама деректерді жинақтадым. Ғалымдар салт атпен жүрудің емдік сауықтыру үрдісіне әкелер тиімділігін дәлелдеген.

• Жылқы – балама медицинаның зоотерапия саласындағы бірден-бір «ақ халатты» абзал жануар. Мында да бір ауруға ем сүтін айтпағанның өзінде, жылқы үстіндегі серуен әлемнің көптеген елдерінде балалардың церебалды салдығы (ДЦП) ауруына ең тиімді емдік тәсіл ретінде қолданылады.

• Салт атпен жүру (иппотерапия) – ең керемет дене шынықтыру. Иппотерапия тірек-қимыл апаратының бұзуылында, атеросклероз, бас сүйек жарақатында, полимиелитте, асқазан-ішек ауруларында, простатитте, ақыл-ой жетіспеушілігінде ұсынылады. Ат үстінде жүру эмоциялық жағынан да жағымды әсер етеді, көңіл-күйді көтереді.

• Өкініштісі, жылқыны қазақ, қазақты жылқысыз елестету мүмкін емес біздің елде қымыз өндірісі де, жылқы медицинасы – иппотерапия да жөнді қолға қойылмаған. Әр жылдары әр өңірде иппотерапияны дамытуға деген мұндай жарқын бастамалар жасалады.

• Десе де, кешенді дамытуға келгенде, кедергілерге тап келеді. Енді бұл істі «Балбұлақ» республикалық оңалту орталығы мен «Дара» қайырымдылық қоры қолға алды.

• Иппотерапияның дамуына ат спортшысы дат қызы Лиз Хартельдің мына оқиғасы серпін берді. Полимиелитпен ауырған ол біртіндеп сал ауруына ұшырай бастады. Л. Хартель спорттағы мансапты енді мүлдем ұмытатын шығармын деп ойлады. Бірақ, бірде мүгедек арбасында отырған Лизді ипподромға әкелген кезде, ол қайтадан аттың үстіне отырып, аздап онымен серуендеуге талпыныс жасады. Мұнысы сәтті шықты. Жыл бойы осылай жаттыққан болатын. Дәрігердің оптимистік болжамдары былай болды: жүре алады, бірақ, екі аяқтың күшімен. Ат спортшысы Лиз Хартел 1952 жылы Хельсиндегі Олимпиядалық ойындарда салт жүруден күміс медальға ие болды. Осыдан соң Еуропада АҚШ-та иппотерапиялық орталықтары құрыла бастады.

• 1950 жылдардың соңында мұны психикалық және неврологиялық ауруларға қолдана бастады. Қазір 52елде иппотерапия орталықтары бар.

• Ал біздің елімізде салт атпен мінгізіп, ем жүргізу 90-жылдардың басында пайда болды. Бұл Қазақстандағы адамдарды емдеу мен оңалту үшін көмекші құрал – зоотерапияны дамытуға үлес қосады.

• Атпен жүрудің көмегімен емдеуді иппо-ат-терапия-ем, яғни иппотерапия деп атайды. Қазақстанда иппотерапия секілді сауықтыру әдісі әлі де болса кеңіне тарала қоймаған. Атпен емдеу пайдалы, мұны көпшілік біле бермейді. Дегенмен, бұл жаңаша әдісті дамыту жолында алғашқы қадамдар жасалып та жатыр. Мәселен, науқастарды салт атқа мінгізіп, емдеу мен оңалту әдісін соңғы екі жылдан бері біздің орталықта қолданысқа енгізіп отырмыз.

• «Берегиня» қайырымдылық қоры жаз айларында иппотерапия бағдарламасы аясында науқас ақыл-ойы кем дамымаған балаларға атқа міну терапиясын ұйымдастырып, салт атпен жүруге дағдыландыруда. Осы қордың ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға шама шарқысы бойынша көмектесуде.

• Алқиса, жылқымен емдеу әдісінің Францияда 1970жылдары «иппотерапия» деген атау алып, ресмиленгені болмаса, баланы салт мінгізіп, оны шынықтыру, сауықтыру – ата дәстүрдің бір бөлшегі. Әйтпесе қазақтың тақымы аттан жазылға-ны бертінде ғана. Міне, сол бертінде ғана елімізде БЦС диагнозымен тіркелген балалар саны күрт өсіп кетті. Қолда бар жыл басындағы мәліметке сүйенсек, сал балалардың саны республикада 10 мыңның үстінде, ал жалпы мүмкіндігі шектелген балаң ұрпақ – 45 мыңға жуық. Міне, оларды біз әңгімелеп отырған жылқының емдік күшімен сауықтыру шарасы 2000 жылдардан бастап тәжірибеге аса бастады.Қазақстан Емдік дене шынықтыру дәрігерлері қауымдас-тығының президенті Людмила Дробышеваның айтуынша, ол уақытты дәрігерлер балаларды алыс ипподромға апарып, атқа мінгізіп, жаттықтыратын. Алайда онсыз да қимыл-қозғалысы қиын балаларды алысқа апару – оның денсаулығына да қауіпті әрі мол шығынды болғандықтан, бұл шара жалғау таппай, үзіліп қалды. Кейін тек 2008 жылы Алматыдағы «Ақсай» балалар ауруханасы базасында «Тұсаукесер» жобасы жүзеге асырылып, БЦС-ға шалдыққан балаларды аптасы 2-3 мәрте қала сыртына шығарылып, салт атпен серуендеу-сауықтыру шарасы қолданыла бастады. Сөйтіп, ем қабылдағандарды жылына 4 рет бақылау нәтижесінде, емдеу шарасына оң баға берілді. Ескере кету керек, бақылауда – қан анализі, кардиограмма, электроэнфаограмма, бұлшық ет тобы электромиогра-фиясы кіретін барлық анализдер тобы анықталып, жақсы көрсеткіштер көрсетілді. Бұл тағы мәрте иппотерапияның БЦС сырқаттарын емдеуге тиімді тәсілдердің бірі екенін дәлелдеп берді. Осы жылы «Кеңес» әлеуметтік бейімдеу орталығы мен « Алтын тай» ат спортты клубының базасында «Шын жүректен» қоғамдық қоры да иппотерапия бойынша жобаны жүзеге асыра бастады. Людмила Дробышева жылқыға салт міну арқылы екі жақты ем алады екен. Біріншіден, жылқы малының дене қызуы адамдікінен 1,5-2 градусқа жоғары. Әлемдік тәжірибеде жылыту массаждарын жасағанда, дәл осы температурадағы қызуды қолданатыные ескерсе аттың табиғи жылылығы – табиғи, қоспасыз ем болып табылады. Оның үстіне, атпен баяу серуендегенде, адам денесіне минутына 100шайқау импульсі беріледі.
• -Ол –массаж, ат үстінде отырған адамның барлықбұлшық етті жұмыс жасайды Тепе-теңдікті сақтауүшін салт атқа мінген адам бойын жинауға, өзінің әрбір дене қимылын игеруге жаттығады. Жылқының әрбір адым алшақтығы адамдікімен бірдей, бұл арқылы ол өзінің адымын да есептеп үйренеді. Ал БЦС-ға шалдыққан балаға ең керегі де осы- жаттығу. Жылқы дегенің – табиғи тренажер, - дейді қауымдастық президенті. Бұл жылқының қсиетінің физикалық қыры болса,екіншісі – эмоционалдық сипатта. Оны көпжақты түсіндіруге болады. Мәселен, бала жаны, жануарды жақсы көреді, онымен сөйлеседі, сырласады, салт ат жүргенде көңілі көтеріледі. Екіншіден, ат үстінде, биікке жүрген бала әлемге жоғарыдан қарайды, сол арқылы оны өз-өзіне деген сенімдігі артады. Ал дәрігерлердің айтуынша, сенім мен көтеріңкі көңіл күй – нәтижелі ем алудың ен басты шарты боп табылады. Жылқының екі емдік қасиеті бірлескенде бір БЦС ғана емес, көптеген сырқатқа шипа. Олардың қатарында – тіреі-қимыл аппараттарының, сөйлеу ижүйесінің бұзылуы, психиканың баяу дамуы, Даун синдромы, артроз, құяң, остеохондроз, простатит, склероз, омыртқаның 1-2 деңгейде майысуы, жүрек-қантамыр аурулары, тіпті девианттық әрекеттерді де жатқызуға болады.

• «Тұсаукесер» жобасынан кейін Астана, Өскемен, Павлодар, Шымкент қалаларында да бұл іс шағындап болса да, қолға алына басталды. «Дара» қоры осы мақсатта «Иппотерапия» жобасын бастап, құрылысқа қажетті қаражат жинауға кірісіп кеткен. – Қазір 2239200 теңге жиналды. Ал қажетті қаражат сомасы – 10 миллион теңге.

• Иппотерапия сал ауруымен ауыратын балалардың денсаулығын жақсартуға ең тиімді емдік тәсіл ретінде қолданылады. Салт атпен жүргенде олардың көңілі көтеріледі, өз-өзіне деген сенімділігі артады. Сонын әсерінен баланы жүруге, сөйлеуге бейімдеуге болады. Ал сенім мен көтеріңкі көңіл күй нәтижелі ем алудың ең басты шарты.

• Сонымен қатар ортопедиялық ауруларға, қозғалыс үйлесімділігі бұзылғандарға, сіңірі тартылып қалатындарға, омыртқа жотасы қисайғандарға мұндай дәрісіз емнің шипасы тиеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...