Өзектілігі: Ат спорты арқылы жасөспірімдер бойында ұлттық тәрбие нышандарын қалыптастыру. Ұлттық тәрбие арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Мақсаты

Loading...


бет3/6
Дата28.02.2021
өлшемі27.57 Kb.
1   2   3   4   5   6
2.Негізгі бөлім

2.1. Салауаттылық ұлттық ойындар арқылы .



Дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруды ел арасында дамыған ойындар мен спорт түрлерінен бастау тиімді болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Оған себеп ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің мазмұнында адам денсаулығына, психологиясына жағымды әсер етуші жағдайлардың көп болуы.

Мысалы: бір ғана асық ойынында: мал мүшелерін айыру, көзбен мөлшерлеу, адымдау, еңкею, отыру, жүгіру, тепе-теңдікті сақтау, саусақ-қол икемділігі, сызықтар ара қашықтығын білу, шеңбер сызу, санау, қосу бөлу, алу көбейту, мергендік, тез қимылдау, дәлдік, сөйлеу, өз ойын жылдам түсіндіру, бояу түстерін айыру, асық салмағы мен жылдамдығын мөлшерлеу, келісімге келу, уәдеде тұру, талаптарды орындау, ойын ережесін және тәсілдерін үйрену, жекелей және топталып ойнаудың айырмаларын білу сияқты баланың өмірге бейімделуі мен санасының дамуына қажетті көптеген пайдалы тәрбиелік көруге болады.
Қазіргі кезде спорт түрлерін шартты түрде « бұқаралық спорт» және «жоғарғы жетістіктер спорты» деп бөледі. Осы бұқаралық спорт ішінде адамдардың дене тәрбиесі сұраныстарын неғұрлым жақсы қамтамысыз ете алатын көптеген спорт түрлері мен ұлттық ойындар бар.

Біздің «Жаңабұлақ ЖОББМ» КММ-де спорттық үйірмелер баршылық, олар: тоғыз құмалақ, шахмат, ат спорты, шаңғы спорты, волейбол, баскетбол,тенис спорттық үйірмелер бар. Және де бұл үйірмеге балалар зор ынтамен қатысуда. Үйірменің де бірталай жетістіктері баршылық. Біздің мектеп спортпен қарқынды шұғылдануда.

Адам денсаулығына спорт елеулі септігін тигізеді. Мысалға ұлттық спорт ойындары.

Қазақта бұрын өзінің төл спортының нешеме түрі болған. Спорттың егіз қозыдай үйлесіп жатқан ұлттық ойындарымыз қаншама. Еуропа мүлгіп жатқанда күміс өмілдірікті аттың құлағында ойнап, үзеңгіні шіреп, адырнасын ала өгіздей мөңірете садақ тартқан біздің бабалар емес пе еді?! Ендеше атудың бүгінгі әлемдік сайыстарынан қазақ оғландары неге көрінбейді?! Көкпар тарту, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, қазақ күресі, хан дойбысы, тоғызқұмалақ. Қазақи спорттың қан базарын қыздырған Балуан Шолақ есімі еліміздің ең үлкен спорт сарайына берілуі де тегін емес. « Қансонарда бүркітші шығады аңға» деп ұлы Абай жырға қосқан саятшылық, ежелгі қыпшақтарда «Жылқы театры» болған дейді көне тарих жәдігерлері.Ал енді қазақтың ұмыт болған беймәлім ұлттық ойындары неше сан. Осынау бабадан қалған бекзат өнерлердің бағын ашатын, дем беріп тірілтетін, әлем жұртшылығына насихаттап танытатын да өзіміз емес пе?!

Қазақ халқында ұлттық ойындардың түрі өте көп. Және де олардың көбісі спорттық сипатқа ие. Алайда, өкінішке қарай, бүгінде ұлттық спорт түрлерінің бірқатары естен шығып, ұмытылып бара жатыр. Рас, еліміздің кейбір аймақтарында Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық ойындарымыз еске алынып келеді. Бірақ жалпыхалықтық сипатта емес. Осыған орай, бүгінгі тақырыбымызда ұмытылып бара жатқан спорттық сипаттағы ұлттық ойындарымызды қайта саралап шыққанды жөн көрдім.

Ең алдымен, ұлттық спорттың ел үшін, қоғам үшін болатын қажеттілігіне тоқталып өтейін. Аталарымыздың жастар тәрбиесәнде үрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдырған асыл қазынасы, ұлы мұрасы бар! Ол – Ұлттық ат ойындары, қазақ ат спорты!

Біздің қазақ халқы қашан да ұлттық ат спорт түрлеріне бай болған. Аламан бәйге, тоқ бәйге, тай жарыс, құнан жарыс, дөнен жарыс, жорға жарыс, көкпар, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, жамбы ату, ат омырауластыру, ат құлағында ойнайтын шабандоздардың « Ер жігіт ойыны», құсбегілік және тағы басқалары бағзы заманнан бері ұлы халқымызбен бірге жасап келеді.

«Аударыспақ». Қазақ халқында кен таралған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Түсінікті тілмен айтқанда, спортшылардың ат үстіндегі күресі деуге болады. Бұл ойын ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап етеді.

«Көкпар». Ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы «көк бөрте» (лақ) сөзінен шыққан. Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде бар. Көкпарда жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады.

«Қыз қуу». Ол ұлттық ат спорт ойыны. Қазақстанда «қыз қуудың» алғашқы спорттық жарыстары 1923жылы өткізілген еді. «Қыз қуу» жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шабуы керек. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені.

Сонымен қатар Ұлттық ат спорты – денаулықтыңда дәнекері. Шеберліктің, шымырлықтың және ержүрек ұл-қыздарымыздың тәрбие мектебі екені мақтан тұтамыз.

Ұлттық ат спорты федерациясының президенті Сәдібек Түгел: « Менің мақсатым ұлттық спортты көтеру» деп мәлімдеді. Сондықтан біз де бұл мақсатты орындалуына септігін тигізейік. Өйткені біз ұлттық спортты дамыта отырып, қазақ еліміздің салт-нақышын тереңірек білуімізге жол ашылады және де өзімізге де денсаулығымызға елеулі септігін тигіземіз. Және де бұл жастармен еліміз қолға алуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
бойынша жиынтық
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалау
Жалпы ережелер
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
Жұмыс бағдарламасы
бағалау тапсырмалары
біліктілік талаптары
арналған тапсырмалар
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
арналған әдістемелік
Конкурс туралы
Қазақстан тарихы
мемлекеттік әкімшілік
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
пәнінен тоқсанға
жалпы конкурс
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...