Өздік жұмыс тапсырмалары «Қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі жаңашылдық»

Loading...


Дата14.04.2020
өлшемі15.6 Kb.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Өздік жұмыс тапсырмалары

«Қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі жаңашылдық»


Курс – 1


Мамандықтар «6В01301– Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

Оқу түрі – күндізгі,қашықтықтан

Семестр –2
Құрастырған: ф.ғ.к.,доцент Бейсенова Г.А.

«Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасы

Кредит саны – 4

СОӨЖ – 15 сағат

Орал, 2019 ж.
10. Білім алушының өздік жұмыс тапсырмалары
1-Тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы, даму тарихы және мәселелері. Қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелері пәні, мақсаттары мен міндеттері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы түсінік. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы және даму тарихы.

Әдебиеттер:

1.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы:

Өлке 2003. 2.Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері.Алматы 2000.

3.Тұрдалиева Г.Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы. Астана:Фолиант, 2007

2-Тақырып: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. ХІХ ғасырға дейінгі Қазақ даласында оқу – ағарту ісінің қалыптасқан белгілі жүйесі. А.Яссауидың даналық мектебінің болуы. Мектептердің жалпы басқарылуы мен бағыттары. Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. ХІХ ғасырдағы оқу жүйесі туралы. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі.

Әдебиеттер:

1.Құлмағанбетова және т.б. Қазақ тілін оқытудың әдістемесі. Алматы: 2000 ж.

2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Өлке 2003ж.

3.Сатыбаева А.Сатыбаева Г.Қазақ тілін оқыту әдістемесі.Оқу-әдістемелік құрал. Астана:Фолиант, 2008


3-Тақырып: Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі. Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой – пікірлері. Ы.Алтынсарин – кемеңгер әдіскер. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер. Ы. Алтынсарин мектебі. «Букварь для киргиз» - «Қырғыздар үшін әліппе» оқу құралы. «Қазақ хресоматиясы» еңбегінің маңызы мен рөлі. Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы алатын рөлі. Ы. Алтынсарин және К. Д. Ушинскийдің педагогикалық идеяларының үндесуі.

Әдебиеттер:

1. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, «Мектеп»1988.

2. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, 1965.

3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.

4.А.Ысқақов Ана тілін оқытудың түйінді мәселелері (қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибелері, жинақ), 1972, 19-бет
4-Тақырып Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы.Қазақ тiлiн оқыту мен оның әдiстемесiнiң қалыптаса бастауы. ХХ ғасырдағы басылымдар. Қазақ тiлiн оқыту мен оның әдiстемесiнiң қалыптаса бастауына

5-Тақырып

ХХ ғасыр басында шығып тұрған “Айқап”, “Қазақ”, “Мұғалiм”, “Шолпан”, “Шора”, “Сана”, “Жаңа мектеп” т.б. сияқты басылымдар. : С.Асфендияров, Ә.Бөкейханұлы, М.Жұмабаев, Х.Досмұханбетов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынұлы сынды қазақ халқының бiртуар азаматтарының бұл бағыттағы бастамалары.

Әдебиеттер:

1. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, «Мектеп»1988.

2. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, 1965.

3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.

4.А.Ысқақов Ана тілін оқытудың түйінді мәселелері (қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибелері, жинақ), 1972, 19-бет

6-Тақырып: А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызы. Байтұрсынұлы Ахмет – алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазған педагог ғалым. Ахмет Байтұрсынұлының мектеп туралы, оқу-білім туралы ойлары. Ахмет Байтұрсынұлының «Бастауыш мектеп» атты мақаласы жайлы. «Оқу құралын», « Жаңа Әліп-би» әдістемелік еңбектерін талдау. «Баяншы», «әліппе астары», «Нұсқаушы», «Тіл жұмсар» әдістемелік еңбектері мен « Баулу мектебі », «Жалқылау », « Қай әдіс жақсы», Дыбыстарды жіктеу атты мақалалары. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің оқулығы – қазақ тілінде қазақша жазылған оқулықтың алғашқы бастамасы. Ахмет Байтұрсынұлы жасаған термин сөздер.



Әдебиеттер:

1.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Өлке 2003.

2.Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 2000.

3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.

7-Тақырып: Жұмабаев Мағжан – педагог, әдіскер ғалым.Мағжан Жұмабайұлының педагогика, әдiстеме саласында атқарған ғылыми қызметi. Жұмабаев Мағжан – педагог, әдіскер ғалым. Жұмабаев Мағжанның әдістемелік еңбектері.Мағжан Жұмабайұлының педагогика, әдiстеме саласында атқарған ғылыми қызметi. «Педагогика», (1922), «Ана тілі», (1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы»(1925), «сауатты бол»(1926), «Ересек шала-сауаттылар программасы»(1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалалары

Әдебиеттер:

1. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші.

2. Жұмабаев М. Педагогика.

3.Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері.Алматы 2000.

8-Тақырып: Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі. Аймауытов Жүсіпбек – көркем сөз шебері, психологияны оқытудың мәнісін көрсеткен ғалым. Жүсiпбек Аймауытов өзiнiң алғашқы қызметтiк қадамы. Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік еңбектері. Ғалым педагогтың жазған әдістемелік ғылыми еңбектерінің құндылығы. «Тәрбие» атты мақаласының маңыздылығы. «Жан жүйесі және өнер таңдау» зерттеу еңбегі және ондағы термин сөздер туралы. «Ана тілін қалай оқыту керек» атты көлемді мақаласында берілген оқыту әдістері.

Әдебиеттер:

1.Ж.Аймауытов. Тәрбиеге жетекші

1.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Өлке 2003.

2.Әбілқаев А. Маманов ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 2000.

3.Әбілжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 2001.

9-Тақырып: Сейіл Жиенбаев. Сейіл Жиенбаев – қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалым. С. Жиенбаевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты жазған еңбектері. «Қазақ тілі методикасы» еңбегіндегі оқытудың жалпы әдістері, негізгі ұстанымдары. «Грамматика талдауыш», « Қазақ тілі әдістемесі», « Грамматикалық таблицалар» тағы басқа еңбектері. «Қазақ тілі методикасы» еңбегіндегі септік жалғауларды оқыту мәселесі туралы.

10-Тақырып

Шамғали Сарыбаев. Ш.Х. Сарыбаевтың өмір жолы мен әдістемелік еңбектері. «Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері». «Сауатсыздықпен күресу жолдары», «Тіл құралды оқытудағы тәжірибелер», «Қазақ мектептеріндегі орыс тілін оқыту жайы» атты мақалалары.



Әдебиеттер:

1. Ш.Сарыбаев. Қазақтілі методикасының кейбір мәселелері,1956ж.

2. Қ.Т.Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы.

3. Құлмағанбетова және т.б. Қазақ тілін оқытудың әдістемесі. Алматы: 2000 ж.


11-Тақырып: Иманбек Ұйықбаев, Ғали Бегалиев-әдіскер ғалымдар. И.Ұйықбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихына қосқан үлесі. И.Ұйықбаев құрастырған «Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты еңбегі. «Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілі методикасының очерктері» әдістемелік еңбектері. Әдіскер – ғалымның бастауыш мектептерде грамматикалық талдау жұмыстарын жүргізуге байланысты түйіндері.

12-Тақырып

Ғали Бегалиев - әдістеме ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдардың бірі. Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектері. «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы»(1940), «Әріп, дыбыс, буын», «Бастауыш мектепке бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы»(1950), «Грамматика таблицалаларына нұсқау», «Қазақ мктептерінің 4 класы үшін мұғалімдерге көмекші құрал» (1959) т.б. әдістемелік еңбектері.

Әдебиеттер:

1.Ұйықбаев И. Зат есімді оқыту // Қазақ тілі методикасының мәселелері. – алматы, 1969. – 228 б.

2.Х.Арғынов. Қазак тілі методикасы. А.,1974

3.З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002

4.З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001

5.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66.

13-Тақырып: Хасен Арғынов - әдіскер ғалым. Х.Арғынов еңбектерінің ғылыми деңгейі, теориялық біліктілігі. Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты. Хасен Арғыновтың ғылыми-педагогикалық шығармашылығы туралы түсінік беру. «Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация» атты еңбегі жайлы мағлұмат.

Қажым Аманғалиұлы Басымов. Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор. Қ.Басымов еңбектерінің маңызы. Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор. Қ.Басымов еңбектерінің маңызы.

14-Тақырып

Ғалым еңбектеріндегі орфография, грамматика, пунктуация және әдебиет мәселелері. «Грамматиканы оқыту жөнінде», «Қазақ тілінің жалғау - жұрнақтары», «Сөйлем мүшелері туралы», «Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері». Қ.Басымов «Грамматиканы оқыту жөнінде», «Сөйлем мүшелері туралы» деген мақаласы. Емле сөздігінде негізгі тиянақ керек», « Қысқарған сөздерді дұрыс жаза білейік », «Түрлі-түсті сөздерді » жазылуы туралы деген мақалалары. «Қазақ тілінің жалғау - жұрнақтары».



Әдебиеттер:

1.Қ.Басымов Грамматиканы оқыту жөнінде, «Ауыл мұғалімі» журналы, 1938 ., №14

2.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/-Алматы,1998 ж.

3.Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1988. – 240 б.

4.Қазақ тілінің оқу бағдарламалары. – Алматы, 1995. – 25 б.

15-Тақырып: Әмір Рақыш – қазақ тілі әдістемесінің мәселелерін зерттеген ғалым, профессор. Әмір Рақыш өмірі мен ғылыми-педагогикалық шығармашылығы. Әдіскер ғалымның мектеп бағдарламасына сәйкес арналып жазылған еңбектері. Әмір Рақыштың педагогикалық көзқарастары. «Қазақ тіліндегі жалғаулықтар» еңбегінің маңыздылығы. Әмір Рақыштың әдістемелік құралдары. Р.Әмір Қазақ тілін оқытудың мазмұны мен әдістемесі саласындағы еңбектері. Бастауыш сыныптарға арналған әдістемелік нұсқаулықтар. «Қазақ тіліндегі шылаулар», «Шылаулар мен демуліктер», «Көмекші сөздер», «Жай сөйлемдер» тіліміздің грамматикалық құрылысына арналған мәнді, мазмұнды, тың зерттеулер.



Әдебиеттер:

1. Әміров Р. 3-кластарға оқыту жұмысы (методикалық нұсқаулар жинағы) Алматы.1973ж

2. Әміров Р. 3-класс «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нұсқау (мұғалімдерге арналған көмекші құрал). Алматы. 1971 жыл.

3. Әміров Р. Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау (орыс мектептеріне» 3-класына арналған ). Алматы.1991.

4. Әміров Р., Асылов Ұ., Жиенбаев у. «Қазақ тілі» 4-сынпқа арналған оқулық. Алматы. 1997 жыл.

5. Әміров Р., Әмірова Ж. «Қазақ тілі» оқулығы бойынша жаттығулар. 8-сыныпқа арналған. Алматы. 1994 жыл.

6. Әміров Р. 1-класта қазақ тілін оқыту. Мұғалімдерге көмекші құрал. Алматы. 1962 жыл.

7. Әміров Р. 1-класта оқушыларды тілін дамыту үшін істелінетін жұмыстар. Алматы.1957 жыл.

16-Тақырып: Әлімжанов Дәулет. Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Д.Әлімжановтың ғылыми еңбектері. «Қазақ тілін оқытудағы көрнекілік принциптерінің кейбір мәселелері» еңбегі. Қазақ тіл білімімен әдістемесіне үлес қосқан әдіскер ғалым- Маманов Ыбырайым

17-Тақырып

.Ы.Мамановтың өмірі мен ғылыми-педагогикалық шығармашылығы. Ы.Мамановтың әдістемелік еңбектері. «Етістік», «Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы» атты зерттеу еңбектері. Ы.Мамановтың өмірі мен ғылыми-педагогикалық шығармашылығы.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66.

2. Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:«Мектеп», 1988

3. С.Қазыбайұлы.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997

4. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы- А., 1965

18-Тақырып: Айтбай Айғабылұлы-әдіскер ғалым.Айтбай Айғабылұлының өмірі мен ғылыми-педагогикалық шығармашылығы. А.Айғабылұлының қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты еңбектері мен методикалық нұсқаулары.

А.Айғабыловтың қазақ тілін оқыту методикасындағы морфологияға қатысты тұжырымдамалары. «Ережеден дәлдік – оқыту сапасының көрсеткіші» атты мақаласы. А.Айғабыловтың қазақ тілін оқыту методикасындағы лексика, тіл дамытуға қатысты тұжырымдамалары.

Әдебиеттер:

1.Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі мен пуктуациясының методикасы. Алматы: 2005.

2.Әбілқаев А. Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 2002.

3. Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шаймерденов Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.

19-Тақырып: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдері. Жаңа бағыт, жаңа ізденістер (1969 - 1990). Оқулықтар, бағдарламалар, ғылыми еңбектер. ХІХ ғасырдың екінші жартысында педагогикалық ой-пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдарының әдістемелік еңбектері. ХХ ғасырдың 30 жылдарында шығарылған түрлі оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар.

20Тақырып



Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген “Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы”. А.М.Берг, В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Н.Р.Талызиналардың бағдарламалы оқытуы.

Әдебиеттер:

1.ҚР Жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы. –Алматы: РБК, 1998. -96 б.

2. Подласый И. П. Педагогика. – М.: Владос, 2000. -573 с.

3. Гузеев В. От методик к образовательной технологий. //Народное образовоние. –1998. №7. С.84 -91.

4.Смирнов С. Еще раз о технологиях обучения. //Высш.обр.в Россий. –2000. №6. С.113-120.
21-Тақырып: Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері. Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсініктер. Л.В.Занков, А.С.Выготскийдің дамыта оқытуы. В.Р.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің еркін таңдау идеясы. С.Н.Лысенкованың оза оқытуы, Ш.А.Аманашвили, Е.Б.Бондаревскаяның жеке бағдарлы оқытуы. В.М.Монаховтың модульдік оқытуы, В.Дьяченко, К.Я.Вазиналардың жеке бағдарлы оқыту. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы. Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы.

22-Тақырып

Қазақ тілін қарқынды оқыту технологиясы. Оқыту үдерісіндегі дамыта және ұжымдық технологиялары.Дамыта оқыту технологиясы. Дамыта оқыту идеясының бастау алуы.Ұжымдық оқыту технологиясы және оның негізін салушы А.Г.Ривиннің пікірлері. Проблемалық оқыту технологиясы. Негізгі ерекшеліктері.

Әдебиеттер:

1.ҚР Жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы. –Алматы: РБК, 1998. -96 б.

2. Подласый И. П. Педагогика. – М.: Владос, 2000. -573 с.

3. Гузеев В. От методик к образовательной технологий. //Народное образовоние. –1998. №7. С.84 -91.



4.Смирнов С. Еще раз о технологиях обучения. //Высш.обр.в Россий. –2000. №6. С.113-120.

10.1 Өздік жұмыс тапсырмаларын тапсыру кестесі кафедрада бекітілген график бойынша жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...