Өздігінен жану пирофорлық қосындылардың салдары жоқ және залал


-тарау. Қарауылдық қызмет 1-параграф. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру және өткеру



бет7/7
Дата22.11.2022
өлшемі31.13 Kb.
#361051
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)

3-тарау. Қарауылдық қызмет 1-параграф. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру және өткеру
24. Қарауылдық қызмет өрт сөндіру мемлекеттік мекемелері бөлімшелерінің қарауыл (кезекші ауысым) жеке құрамымен кезекшілікті ауысымды өткеру арқылы тәулік бойғы режимде жүзеге асырылады.
25. Бөлімшелердегі қызметтік құжаттаманы осы Жарғыға
7-қосымшаға сәйкес қызметті ұйымдастыру, дайындық және өрт сөндіру бойынша өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің регламенттік құжаттарының тізбесіне сәйкес жүргізуді қамтамасыз етеді.
26. Қарауылдық қызметтің негізгі міндеттері:

  • кезекшілік кезінде қарауылдардың (кезекші ауысымдардың) өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарды жүргізуге тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету;

  • өртке қарсы сумен жабдықтаудың, байланыс құралдарының, шығу ауданына өту жолдарының жарамды күйін бақылау;

  • бөлімшенің шығу ауданында өртке қарсы сумен жабдықтаудың орналасқан жерлерін зерделеу, сондай-ақ жедел-тактикалық қатынастағы объектілерді зерделеу;

  • өрт сөндіру мемлекеттік мекемелерінің бөлімшелері жеке құрамының тәртібін жоғары деңгейде ұстау;

  • гарнизон бөлімшелерімен, қаланың (ауданның, объектінің) тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен сенімді байланыс ұстау

  • бөлімшенің үй-жайлары мен аумағын күзетуді қамтамасыз ету, оларда қажет тәртіпті ұстау, әкімшілік-шаруашылық жұмыстарын жүргізу болып табылады.

27. Қарауылдық қызметті өткеру жеке құрамнан осы Жарғының барлық талаптарын нақты сақтауды, қырағалықты, батылдықты және қисынды бастамашы болуды талап етеді.

28. Қарауылдың жеке құрамы (кезекші ауысым) қарауылдық қызметін мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі күн тәртібіне сәйкес өткереді.


Бұл ретте:

  • арнайы-тактикалық дайындық, кәсіби қызметтік және дене даярлығы жоспарларына сәйкес қамтамасыз етіледі;

  • шығу ауданын жедел-тактикалық жағдайын зерделеу ұйымдастырылады;

  • тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен байланыстың болуын, сондай-ақ бөлімшенің шығу ауданындағы су көздерінің жағдайына, көшелерге, өтетін жолдар мен ғимараттарға кіреберіс жолдарына бақылау жүзеге асырылады;

  • жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіруге және ТЖ салдарын жоюға бөлімшенің қарауылдық қызметтен бос жеке құрамын тарту іс-шаралары әзірленеді;

  • бөлімшелерде шаруашылық жұмыстары орындалады;

  • қарауылдық қызмет міндеттерін орындауға қажетті басқа да іс-шаралары жүзеге асырылады.

29. Түнгі уақытта қарауыл (кезекші ауысым) жеке құрамының демалысы жүзеге асырылады.
30. Қарауылдық қызметті өткеруге өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде арнайы бастапқы даярлықтан өтпеген, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қағидаларынан сынақ тапсыра алмаған адамдар, арнайы дыбыстық және жарық сигналдарымен жабдықталған көлік құралдарын басқару құқығы бойынша оқытудан өтпеген жүргізушілер, сондай-ақ ауру және есірткі немесе алкогольді мас күйдегі адамдар жіберілмейді.
31. Қарауыл жеке құрамының саны бөлімшенің штатымен анықталады, қажеттілігіне қарай, басқа бөлімше қарауылдарының жеке құрамымен, сондай-ақ өрт сөндіру мемлекеттік мекемесінің басқа бөлімшелері жеке құрамымен көбейтілуі мүмкін.
2-параграф. Қарауылдың лауазымды адамдары
32. Қарауылдың лауазымды адамдары:

  • қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы), өрт сөндіру кемесі (корабльдің) командирінің (капитан) көмекшісі;




  • бөлімше командирі;

  • өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі;

  • бөлімнің байланыс пунктінің диспетчері (радиотелефонист);

  • аға өрт сөндіруші (өрт сөндіруші) болып табылады.

3-параграф. Қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы)


33. Қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) қарауылдың (кезекші ауысым) жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады және бөлімше басшысына бағынады.
34. Қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы):

  • жеке құрамның қарауылдық қызметін өткеруді бақылайды және ұйымдастырады, оның ішінде ішкі наряд адамдарының кезекшілікті өткеруін тексереді;

  • кезекшілік кезінде қарауылдың жеке құрамының дайындық жоспарын орындауын қамтамасыз етеді және сабақты жеке өзі өткізеді;

  • өрт сөндіру техникасының, ӨТЖ және жабдықтарды, өртсөндіргіш заттарды өрт сөндіру бойынша іс-қимылдарды жүргізуге әзірлікте ұстау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді, сондай-ақ бөлімшенің шығу ауданындағы өрт сөндіру гидранттарының, су айдындарының, өтетін жолдардың, кіре беріс жолдардың жай-күйін бақылайды;

  • жеке құрамның еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы қағидаларын орындауды, сондай-ақ қарауылдың жеке құрамының тәртіпті сақтауын қамтамасыз етеді;

  • ТАОЖҚҚ ТҚ көрсетуін (№2-тексеру) және ГТҚҚ құжаттарының дұрыс жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;

  • күн тәртібінде көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді және түнгі мезгілде балалар және емдеу мекемелерінде, басқа объектілерде адамдардың болуы туралы деректер жинауды бақылайды;

  • Осы Жарғының 77-тармағында көрсетілген, бұған құқығы бар тұлғалардан басқа бөгде тұлғалар қызметтік үй-жайларға жіберілмейді;

  • қарауыл қызметін ұйымдастыруды регламенттейтін құжаттарды әзірлейді және түзетеді;

  • өрттерге, авариялық-құтқару жұмыстарына шығады және кезекші қарауылдың әрекеттеріне басшылық етеді;




  • өрт сөндіру бөлімінің шығу ауданын, аса маңызды объектілердің (цехтардың) және су көздерінің орналасуын, сондай-ақ бөлімшедегі қолда бар өрт сөндіру техникасы мен байланыс құралдарының сипаттамаларын біледі;

  • шығу ауданындағы жедел ахуалдың жай-күйі туралы қажетті ақпаратты сұрайды, қарауылдық қызметті ұйымдастыру жөніндегі өкімдік және басқа құжаттармен танысады.

35. Қарауыл бастығына (кезекші ауысым басшысына):

  • осы Жарғыда көзделген жағдайлардан басқа бөлімшенің орналасқан жерінен кетуге;

  • қарауылдық қызметті өткерумен байланысты жағдайлардан басқа қарауыл құрамынан біреуді ауыстыруға, жіберуге;

  • осы Жарғыда көрсетілген жағдайлардан басқа өрт сөндіру автомобильдерін өрт сөндіру есептобынан шығаруға болмайды.

36. Кемінде арнайы орта білімі көлемінде даярлығы, өрт сөндіру бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар және ерекше жағдайларда бөлімшенің аса даярланған командиріне, қарауылды (кезекші ауысым) бастап өздігінше кезекшілік атқаруға жіберілген орта немесе жоғары басшы құрамның тұлғаларына ғана қарауыл бастығын (кезекші ауысым басшысын) ауыстыруға рұқсат етіледі.
37. Қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) кенеттен ауырып қалған жағдайда, бөлімше басшысы (жедел кезекші), оны жақын маңдағы емдеу мекемесіне жіберу туралы шешім қабылдайды. Қарауыл бастығының (кезекші ауысым басшысының) міндеті, бөлімше басшыларының біріне немесе басқа даярланған лауазымды тұлғаға жүктеледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені