Өздігінен жану пирофорлық қосындылардың салдары жоқ және залал


Ауруханалардағы, балалар мекемелері мен мектептердегі өртті сөндіру



бет5/7
Дата22.11.2022
өлшемі31.13 Kb.
#361051
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)

Ауруханалардағы, балалар мекемелері мен мектептердегі өртті сөндіру
Ауруханадағы өрттi барлау кезiнде негiзгi мiндеттердi орындаудан басқа:

  • медицина қызметкерлерiнiң қауiп төнген жайлардан науқастардыэвакуациялау бойынша қандай шаралар қолданғандығын;

  • эвакуациялануға тиiстi науқастардың санын, оларды тасымалдау, эвакуациялау жолы мен кезектiгiн;

  • эвакуацилау жолдарын қорғаудың қажеттiлiгi мен жанған заттарды шығарудың мүмкiндiгiн анықтау қажет.



Ауруханадағы өртті сөндiру кезiнде ӨСЖ:



  • барлау мәлiметтерiн және қызмет көрсетушiлердiң ұсыныстарын жан-жақты бағалау, қалыптасқан жағдайда науқастарды ойдағыдай эвакуациялау, оның қаншалықты әсер ететiндiгiн бiлу;

  • медицина қызметкерлерiмен бiрлесiп, науқастарды эвакуациялауды ұйымдастыру;

  • қызмет көрсетушiлердiң кеңесiн, әсiресе, перзентханаларда, жүйке-психиаторлық және жұқпалы ауруларды емдеу орындарында жеке құрамның жұмыс iстеуiн ескерiп, үрейдiң алдын алу шараларын қабылдау;

  • дәрi-дәрмектер, дәрiханалар, фармацевтикалық бөлiмдер мен емдеу кабинеттерiнiң жабдықтарын төгiлген судан сақтауды қамтамасыз ету қажет.



Мектептегі өртті сөндiрген кезде ӨСЖ:



  • оқушылардың саны мен жасын анықтау;

  • ұстаздармен бiрге балаларды, бiрiншi кезекте кiшi жастағы балаларды жоспарлы түрде және тез эвакуациялауды ұйымдастыру;

  • құнды жабдықтарды қорғау немесе эвакуациялауды қамтамасыз ету қажет.



Балалар мекемелерiнде өрт сөндiру кезiнде ӨСЖ:



  • балаларды эвакуациялауды қызмет көрсетушi персоналдармен бiрлесіп жүргiзу;

  • адамдардың үй-жайларда қалып қойғанын тексеру қажет.



Мәдени ойын-сауық мекемелерiндегі өртті сөндiру
214. Мәдени ойын-сауық мекемелерiндегі өртті сөндiру кезiнде ӨСЖ:

үрейдi болдырмау шараларын қолдану;


барынша аз уақытта көрермендердi залдан, бiрiншi кезекте, галереядан, балкондардан және бельэтаждан эвакуациялауды ұйымдастыру және жүргiзу;


барлау жүргізу кезінде ғимаратта көрермендер мен персоналдың қалып қоюын, өртке қарсы перделер мен түтін люктерінің жағдайын тексеру қажет.


215. Сахнада өрт болған кезде:


сахна бекiткiштері мен қалталарын, сондай-ақ сахнамен аралас үй-жайлардың ойықтарын бір уақытта қорғай отырып, өрт оқпандарын сахнаға көрермендер залы жағынан беру;


көп мөлшердегі су шығысымен, оның ішінде лафеттік өрт оқпандарын қолдану;


өртке қарсы перденi түсiрiп, оны көрермендер залы жағынан салқындату;


сөндiру мен қорғанудың тұрақты құралдарын (дренчерлiк және өрт сөндiрудiң басқа қондырғыларын, лафеттi оқпандарды) iске қосу;


жанған декорацияны сахна планшетіне түсiру;


күштер мен құралдар жетiспегенде, от пен түтiннiң көрермендер залына өту қаупi төнгенде, сондай-ақ онда көрермендер болған жағдайда түтiндеудi болдырмау мақсатында түтiн люктерiн ашу;


көрермендер залының шатырында жанудың бар-жоғын тексеру қажет.


216. Трюмде өрт болған кезде, әдетте, көбiктi пайдалану қажет, сахна үстi мен оркестр отыратын үй-жайды қорғауды қамтамасыз ету, содан соң өрт оқпандарын басқа үй-жайларды қорғауға енгiзу қажет.


217. Бекiткiштер жанған кезде бiрiншi өрт оқпандары баспалдақ торы жағынан беріледі. Сыртқы сатылар мен автосатылар арқылы өрт оқпандарын жамылғыларға беру және резервтi оқпандарды көрермендер залының шатыр жайына енгiзу қажет.


218. Көрермендер залында өрт болған кезде:


сахна мен шатырды қорғау үшiн өрт оқпандарын өрт ошағына беру, содан соң оқпандарды басқа үй-жайларды қорғауға беру;


өртке қарсы перденi түсiрiп, оны үздiксiз салқындату;


шатырдағы температураның төмендеуiне және төбелерге салмақ түсуiн болдырмауға айрықша назар аударып, аспалы төбелердi қорғау шарасын қолдану;


желдеткiш жүйелерiн тексеру, қажет болған жағдайда, ауа жүретiн жолдарды ашып, оған өрт оқпандарын беру;


жұмыс iстеушiлердi, жапсырма және басқа да безендiрулердiң, ғимараттың әртүрлi конструкцияларының, көтергiштерiнiң және т.б. мүмкiн болатын құлауларынан сақтауға айрықша назар аудару қажет.


219. Цирктерде өрт кезінде персоналды тарта отырып, жануарлардың эвакуациясын ұйымдастыру қажет.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені