3.Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогтың жұмыс әдістемесі.
Отбасы шағын топ ретінде – бұл тұрмыс құруға, қандық жақындақ, адамның жеке қажеттіліктерін өтеуге негізделген адамдардың қоғамдастығы. Оны ортақ экономикалық кеңістік, өзара тәуелді өмір салты, эмоционалдық-адамгершілік байланыс, өзара жәрдем, көмек беру, қорғау ерекшелендіреді. Отбасы туралы толық мәлімет алу үшін ер-әйел, еркек-бала, әйел-бала, бала-бала, еркек-жақын, әйел-жақын, бала-ата-ана, бала-жақын өзара қатынастарының барлық жағын ескеру қажет.
Шағын әлеуметтік топ ретінде отбасыға түрлі өмір кезеңдерінде өзгеріп отыратын қоғамдық мақсаттардың қатары тән: қызығушылықтағы, отбасы мүшелерінің қажеттіліктері мен ұстанымдарындағы шағын айырмашылықтар. Сондықтан, отбасының ұзақ та бақытты өмір сүруі ерлі-зайыптылар және басқа да отбасы мүшелері бір-біріне қалай көмектесетіндігі, түсінетіндігі, қиындыққа қарсы бірлесіп күресетіндігі, шыдамдылық танытатындығына байланысты.
Отбасының потенциалын анықтайтын оның интегралдық сипаттарына психологиялық денсаулық, функционалдық-рольдік кеісушілік,әлеуметтік-рольдік адекваттылық, эмоционалдық қанағаттанушылық, микроәлеуметтік қатынастағы бейімдеушілік, ұзақ отбасылық өмірге ұмтылыс жатады.
Отбасындағы маңызды роль қарым-қатынасқа бөлінеді. Оның құрамды бөліктері: коммуникативтік (ақпарат алмасу); интерактивтік (өзара әрекетті ұйымдастыру); перцептивтік (партнерлердің бір-бірін қабылдауы). Өйткені шыңдық өмірде адамдар арасындағы қарым-қатынас түрліше құрылады, отбасылардың тіршілік етуінің түрлі варианттары болуы мүмкін.
Ең кең тараған ерлі-зайыптлардан, ата-ана мен балалардан тұратын нуклеарлық отбасы. Мұндай отбасы айырылысу, жесірлік, тұрмысқа дейінгі баланың тууына байланысты толық және толық емес болуы мүмкін.
Егер отбасында ата-ана мен балалардан басқа басқа да жақындар (ерлі-зайыптылардың ата-анасы, олардың іні-ағалары, апа-қарындастары, немерелері) болса ондай отбасын кеңітілген деп атайды. Отбасылар балалардың болу-болмауы және олардың санына байланысты бөлінуі мүмкін: баласыз, бір балалы, көпбалалы және аз балалы отбасылар.
Отбасылық міндеттердің бөлінуіне және кім көшбасшы болуына байланысты отбасының үш типі бар.
1. Дәстүрлі (патриархалдық) отбасы. Мұндай отбасында кем дегенде үш ұрпақ өмір сүреді және көшбасшылық роль үлкен ер адамға беріледі. Балалар мен әйелдер еріне экономикалық тәуелді, ер және әйел адамның міндеттері нақты бөлінген, ерадам басшы.
2. Дәстүрлі емес (эксплуататорлық) отбасы. Көшбасшылық ер адамға берілумен, ер әне әйел адамның міндеттерінің нақты бөлінуімен қатар әйел адамға ер адаммен қатар қоғамдық жұмысты атқару бекітіледі. Мұндай отбасыларда әйелдерге түсетін күштің көптігіне байланысты прблемалар кешені пайда болуы мүмкін.
3. Эгалитарлы отбасы – отбасы міндеттерді ерлі-зайыптылар және басқа да мүшелер арасында тең бөледі, эмоционалдық қатынас сенімге, сыйластыққа құрылады.
Сонымен бірге басқа да отбасы типтері белгілі. Мысалы, ана ролін әке не үлкен аға, апа атқаратын отбасылар. Мұндай тенденциялар әлеуметтік жұмыскерлерден отбасыға көмек ету проблемасына ерекше қарауды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |