Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі


Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары



бет4/10
Дата11.06.2022
өлшемі198.5 Kb.
#267961
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Педагогика реферат. Ақтілек
Ф.И.О 304
2. Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары.Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде туындайтын мәселелерді анықтау принципі бойынша жасалады. Дегенмен бұл бағыттар әлеуметтік педагогтің біліктілік сипатынан алынып, бала тәрбиесімен айналысатын: мұғалімнің, ата-ананың, сынып жетекшінің, баланың жақын туыстарының бұл жұмысқа түгелдей қатысуын талап етеді.
Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагоикалық жұмыстың келесідей бағыттарын бөлуге болады:

  • Отбасындағы оқумен, тәрбиемен байланысты мәселелер бойынша көмек көрсету;

  • Баланың сабаққа үлгермеушілігінің және сабаққа қатыспауының себебін жоюға көмек көрсету;

  • Балаларды, ата-аналарды, қоғамдастықтарды әлеуметтік маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге шақыру.

  • Маңызды салдарды болдырмау үшін дамудың алғашқы кезеңдеріндегі баланың қызығушылығына әсер етуші қиын өмірлік жағдайларды, мәселелерді, дау-жанжалдарды шешу, диагностикалау;

  • Балалардың қажеттіліктері бойынша ұсыныстарды анықтап, нақты білім алушылар үшін арнайы көмекті қажетті мамандарды және ұймдарды тарту арқылы көрсету;

  • Мұғалімдерге оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда балалармен болатын дау жанжалды жағдайларды шешу бойынша көмек көрсету;

  • Білім беру мекемесінің іс-әрекетінің түрлі бағыттары бойынша жоспарлар, жобалар және бағдарламалар жасауға көмектесу;

  • Педагог мамандардың, отбасылардың, балалардың құқықтарын анықтау;

  • Оқу сабақтарының кестесінен тыс оқу-тәрбие жұмысын қамтамасыз ету бойынша практикалық мәселелерді шешу.

Әлеуметтік педагогтардың міндеттерін іс-әрекеттің бейіні бойынша ( денсаулықты және тазалықты сақтау, мектептік және әлеуметтік бейімделудің алдын алу, ата-аналармен жұмыс бағыттар, мәдени-демалыс жұмыстары); сыныптар, сынып топтары бойынша; типі бойынша 25-50 отбасына «отбасылық әлеуметтік педагог» деп бөлу мүмкін болады. Әлеуметтік педагог мамандардың штаттық бірліктерінің санына байланысты әлеуметтік педагогикалық бағыттағы жұмыстардың бағыттарының шектелмеуі маңызды болып саналады. Сол себепті де әлеуметтік педагогтың білім беру мекемелеріндегі «әлеуметтік-педагогикалық» іс-әрекеттің жалғыз субъектісі еместігін айтып өту керек. Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік- педагогикалық бағыттағы жұмыстарды атқаруда өзгелермен салыстырғанда көп міндет жүктелетін маман. Сондықтан да барлық білім беру мекемесіндегі ұжымның біріккен әрекетінің жетсітігі әлеуметтік педагогтың кәсібилігіне байланысты болады.
Қазіргі күнде жергілікті басқару органдарына бала тәбиесі үшін үлкен жауапкершілікті жүктеп, үкіметіміз тікелей қадағалап отыр. Махалларда, кварталдарда, ауылдарда балалар үшін спор алаңдары, үйірмелер, мәдениет үйлері жұмыс істеп тұр. Мұнда балалар бос уақыттарында спорт, өнер, кәсіп түрлерімен айналысады. Соңғы жылдары жұртшылықтың атсалысуымен оқушылардың бос уақтында түрлі жұмыстар өткізілуде. Атап айтсақ, «Махалламыз балалары», «Салауатты ұрпақ жарыстары» т.б.
Әрбір ауылда, махаллада, көп қабатты үйлердің қасында «Ақсақалдар кеңесі» құрылған. «Ақсақалдар кеңесі» әрбір үйге барып, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысады, балаларының бос уақыттарында немен шұғылданатынын үйренеді, олардың жүріс-тұрмысын бақылайды.
Бұл ұйымдастырылып жатқан шаралардың барлығы өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесінде ағаттық жіберіп алмау мақсатын көздейді.
Егер мектеп, жанұя, жұртшылық бірлесіп тәрбие жұмыстарын алып барса, онда тәрбиелік ықпалдың күші әлдеқайда жоғары болады.
Баланы дұрыс тәрбиелеу бойынша әрбір ата-ана қоғам алдында жауапкер. Ата-ана жанұя жағдайында баласын тек бағып өсіріп қана қоймайды, оған жан-жақты тәрбие де береді.
Ең алдымен, жанұяда баланың тіршілік әрекеті дұрыс ұйымдастырылуы керек. Егер бала өзі туып-өскен жанұясында өмір сүрудің дұрыс жолына түссе, онда ол келешекте қағылмайды. Сондықтан баланың күн режимін жасап алу керек. Оған күнделікті дене тәрбиесі, уақтында тамақтану, ұйқы, демалу, еңбек, ойын, сабаққа әзірлену т.б. кіреді. Бала еңбек пен демалысты ауыстырып отыруы тиіс.
Ата – ана балаға Отан, Отанды сүю, оны қорғау, Отан алдындағы борыш деген түсініктерді береді. Баланың Отанға деген махаббаты әке – шешесін, туған – туысқандарын, дос – жолдастарын, туып өскен жерін, мектебін сүюден басталады. Сондықтан ата – ана баласының жүрегіне үлкен махаббаты ұялата алуы керек. Оның үшін семьяда баланы үлкендерді құрметтеуге, туысқандарын танып білуге, көрші – қолаңмен, үлкендермен сәлемдесуге, қажет жағдайда тіпті қолғабыс етуге, оқытушыларын құрметтеуге, үйін, мектебін ең қасиетті жер деп ұғынуға үйрету керек. Өзі жасайтын жерінің тарихын, ұлағатты адамдарын, қызықты оқиғаларын айтып беру арқылы да баланың туған жерге деген сүйіспеншілігін оятуға болады.
Сондай – ақ, тәрбие процесінде баланың адамгершілік қасиеттері де қалыптасады. Егер ата – ана баланың мінез – құлқын, іс - әрекетін, қарым – қатынасын дұрыс жолға салып отырса, сонда ғана бала семьяда адамгершілік нормаларды игере алады сонымен бірге, әке – шешесінің ұнамды өнегесінің де орны ерекше.
Баланың эстетикалық талғампаздығы да семьяда қалыптасады. Баланың кітап оқуына, музыка тыңдауына жағдай жасап беру керек. Кино, радио, телехабарларды талғап көруге және есітуге, оларды талдай алуға үйрету керек. Киіну мәдениеті, мода туралы сұхбаттасып, жарасымды киім киюге, әшкейлерді орынды тағуға үйрету де ата – ананың міндеті болып табылады.
Баланы семьяда еңбек етуге ерте баулу керек. Мысалы, өзіне - өзі қызмет ету, ата – анаға көмектесуге, тамақ дайындау, үй күту т. б. Семьяның еңбек салты дәстүрлері оқушының келешек қоғамдық өмірдегі орнын анықтауға зор ықпал жасайды.
Бала жеткіншектік жасқа жеткеннен кейін жыныстық жетілуге бет алады. Әке - шеше бұл кезде баланың досына, сырласына айналуы керек. Оған жыныстық, гигиеналық тәрбие бергенде бір – бірінен ұялмайтындай болсын. Сонда ғана ата – ана мен баланың ортасында өзара сенім пайда болады.
Ата – аналардың тағы да бір аса жауапты қызметтерінің бірі оқушылардың оқу іс - әрекетінің тиімділігін арттыру болып табылады. Алдымен ата – ана оқушы оқуы үшін қажетті материалдық базаны жасайды. Одан соң баласының оқуға қабілетін, сабаққа қатысуын бақылайды. Үйде баланың оқу жұмысын басқарып, бақылап, көмектесіп отыру керек. Өз бетінше орындауға қиналатын сабақтарын байқап, пән оқытушыларына, класс жетекшесіне хабарлау керек болады. Бұл мәселені бірлесе отырып шешекен абзал. Сабақта мұғалімнің де оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне оңай болады.
«Құс ұясында көргенін істейді» демекші, бала өз үйінде әке-шешесінің тәрбиесі, өнегесі арқылы азамат болып қалыптасады. Ал мектептің тәрбиесі, ортаның ықпалы алған тәрбиені беки түседі. Семья, мектеп, жұртшылық ынтымақтасып тәрбие жұмысын алып барғанда ғана, тәрбие нәтижелі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы