Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі


Мектептің отбасымен ынтымақтастығы



бет2/10
Дата11.06.2022
өлшемі198.5 Kb.
#267961
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Педагогика реферат. Ақтілек
Ф.И.О 304
1.Мектептің отбасымен ынтымақтастығы.
Жан-жақты жетілген жастарды тәрбиелеуде мектеп, семья және жұртшылық өзара бірлесуіне талап күшейіп отыр. Мектеп тәрбие жұмысын педагогикалық жағынан дұрыс жүргізетін тәрбиешілерге және мүмкіндіктерге ие. Ал мектептен тыс жүргізетін тәрбие жұмыстары барлық уақыт та педагогикалық-психологиялық заңдылықтарға тура келе бермейді, мектептің талаптарына сай бола бермейді. Нәтижеде мектептің оқушыларымен алып баратын тәрбиелік жұмыстарының әсері бәсеңдейді. «Аққу,шортан hәм шаяндағы» ға ұқсап бала екі ортада қалады. Мектептің алдында да, семьяның алдында да проблема пайда болады. Жұртшылық кімді айыптарын білмейді. Бұдан қоғам зардап шегеді. Ал бала қоғамда өз орнын таба алмай әлек болады. Осындай көңілсіз оқиғаларды болдырмау үшін мектеп, семья, қоғамдық ұйымдар және өндіріс орындары өзара бірлесіп тәрбие жұмыстарын алып баруының мәні үлкен. Қазіргі күнде ауылдық істейтін бөлімдер бар. Сондай – ақ, кәмелетке толмаған балалармен істейтін инспекциялар да бар. Бұл қоғамдық ұйымдар жергілікті жердегі жұртшылықпен бірігіп тәрбиелік жұмыстарының бағытын мектептің тәрбие жұмыстарына бұрса, ата – аналармен бірге бала тәрбиесіне жауапкер екенін сезінсе, онда қоғамға шын мәніндегі салауатты, дені – басы сау, рухы сергек, адамгершілік қасиеттері жоғары, білімді, еңбксүйгіш, Отаны, халқы, ата – анасы алдындағы жауапкершілікті сезінетін азаматты жетілдіріп берген болар едік.
Қоғам, еңбек коллективтері, мектеп, семья, ақпарат құралдары т.с.с. әлеуметтік тәрбие институттары деп аталады. Осылардың ішінде жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие берудегі жетекші буын мектеп болып табылады. Мектептің педагогикалық ұжымы семья, еңбек коллективтерінің бала тәрбиесіндегі үздіксіз жұмысын бағыттап, бақылап отырады.
Мектептің ата-аналарымен алып баратын жұмысы мектеп ата-аналар комитеті арқылы жүргізіледі. Әрбір мектепте тәжірибелі, үлгілі, сыйлы ата-аналардан «ата-аналар комитеті» құрылады. Ата-аналар комитеті бала тарбиесінде мектепке жәрдем береді, мектептің ата-аналарымен байланысын нығайтады. Комитеттің құрамында жалпыға бірдей оқу, ата – аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, мәдени – көпшілік және спорттық – денсаулық жұмыстары бойынша комиссия құрылады.
Бірінші комиссия балаларды мектепке қабылдау, оқушылардың үй жағдайын зерттеу, тәртіп бұзушылықтың, үлгермеушіліктің себебін ашу, мұғалім, ата – ана, жұртшылық өкілдерінің тәрбиеге бағытталған күшін ұйымдастыруға қатынасады.
Ата – аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру комиссиясы оларға арналған лекцияларды жоспарлауға, семьяда бала тәрбиелеудің озат тәжірибелерін зерттеу, жинақтау және таратуға қатынасады.
Мәдени – көпшілік және спорттық – денсаулық комиссиясының міндеті – экскурсиялар, кештер мен ертеңгіліктер, қоғамдық пайдалы еңбек, туристік жұмыстар, жазғы еңбек және дем алыс лагерлері жұмысын ұйымдастыру болып табылады.
Ата – аналар комитетінің құрамында «Әкелер кеңесі», «Әже ақылы», «Аналар кеңесі» сияқты кеңестер құрылуы мүмкін. Бұл кеңестер жоғары класс оқушыларына жалпыадамзаттық және ұлттық тәрбие беруде үлкен роль атқарады.
Дәл осы құрылымда класс жетекшісі де ата – аналармен жұмыс алып барады.
Ата – аналармен жеке пәндері оқытатын мұғалімдер де жұмыс алып баруы керек. Мұнда мұғалім оқушының сабақ оқу, үй тапсырмасын орындау жағдайын, ата – ананың баласына пәндерді оқуына көмектесе алу дәрежесін, оқушының қабілетін дамытуда ата – ананың қатынасуын зерттеп, үйренеді. Пән мұғалімдері ата – аналармен дұрыс байланыс орната алса, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту мәселелерін бірлесіп шеше алады және өзі үшін де, бала мен ата – ана үшін де қолайды жұмыс жағдайын орнатады.
Ата – аналармен бірлесе жүргізілетін жұмыстарды жүзеге асыру үшін әрбір пән мұғалімі баланы семьяда тәрбиелеуге қойылатын жалпы педагогикалық талаптарды білуі тиіс.
Еңбек коллективтері мектептің оқу-материалдық базасын күшейтуге, оқушылармен тәрбие жұмысын алып баруға, балалардың семьядағы тәрбиесін біліп, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-аналарға ықпал жасауға мектеп пен семьяға көмектеседі.
Еңбек коллективтерінің өкілдері оқушылардың арасында сұхбаттар өткізеді, ішкі және сыртқы саяси мәселелер, халықаралық проблемалар бойынша лекциялар оқиды. Бұл оқушылардың саяси санасын жетілдіре түседі. Ал еңбек озаттарымен кездесу, олардың жұмыс орнына, саяхат оқушылардың өмір тәжірибесін кеңейтеді, кәсіптік бағдар береді.
Мектеп, семья және жұршылықтың байланысын нығайту үшін өндіріс орындарында, микроаудандарда, махаллаларда, ауылдық кеңестерде семья мен мектепте көмек кеңесі құрылады. Бұл кеңестің жұмыс мазмұнына мыналар жатады; мемлекетіміздің тәуелсіздік идеяларын насихаттау, кәмелетке толмаған балалар ісімен айналысатын комиссиялармен байланыста болу, «қиын» семьялар мен балаларға қамқорлық жасау, еңбек коллективтері өкілдерінің педагогикалық мәдениетін арттыра түсу, бала тәрбиесіне деген жауапкершілікті көтеру, мектеп жасындағы балалардың міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге көмектесу, мектептің оқу-материалдық базасын нығайту, кластан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарына қатысу, оқушылардың демалысын ұйымдастыру т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру