Оқушылардың жеке ерекшеліктері. Мұғалім құзыреттілігі



бет1/12
Дата21.03.2021
өлшемі28.95 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Оқушылардың жеке ерекшеліктері.Мұғалім құзыреттілігі

Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Балалардың жас ерекшеліктеріні сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмысының мазмұны, формалары мен әдістеріоқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзінде асырылады.

Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін еске алу қажетті шарттардың бірі.

Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі проблемасына аса зор көңіл бөлуде. Бұл проблема жөнінде зерттеу мәліметтері әлі де болса біріңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетті. Жас кезеңдерінің шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде бірнеше талас пікірлер жазылып жүр. Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс бездерінің жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты, ал кейбіреулер адам жасын тіс аттарына қарап топтастырады.

Кейбір психологтар мен физиологтардың, әсіресе шетел ғалымдарының пікірлері бойынша балалардың жас ерекшеліктерін организмдегі қайсы бір мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл қасиеттерді балалардың табиғатына тән, олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді емес деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезеңдерінде болып отыратын бойдың өсуін, дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың заңдылығын осылай дүниеәлелдегісі келеді. Бірақ ол балалардың психикалық дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды.

Біздің елдің ғылымдары – педагогтары балаларды тәрбие және білім беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі. Мысалы, ясли жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындғы балалар т.б. Балаларды осылай сатыға бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған. Бірақ бұл ұғым да әлі ғылым негізінде толық дәлелденбеген.



1965 жылы сәуір айында Мәскеу қаласында бүкіл дүние жүзілік симпозиум болды. Симпозиум жұмысына КСРО, Англия, Болгария, Польша, Чехословакия және Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған жемісті талас пікірлерден кейін жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатымен симпозиум шамамен 12 сатыдан тұратын схема ұсынды.

  1. Жаңа туған бала 1күннен 10 күнге дейін

  2. Емшек жасындағы бала 10 күннен 1 жасқа дейін

  3. Ерте балалық шақ 1 жастан 3 жасқа дейін

  4. Бірінші балалық шақ 4 жастан 7 жасқа дейін

  5. Екінші балалық шақ 8 жастан 12 жасқа дейін (ер балалар)

8 жастан 11 жасқа дейін (қыз балалар)

  1. Жеткіншектік жас 13 – тен 16 жасқа дейін (ер балалар)

12- ден 15 жасқа дейін (қыз балалар)

  1. Жасөспірімдік шақ 17 – ден 21 жасқа дейін (ер балалар)

16 – дан 20 жасқа дейін (қыз балалар)

  1. Кәмелеттік жастың бірінші кезеңі 22 – ден 35 жасқа дейін (ерлер)

21 – ден 35 жасқа дейін (әйелдер)

  1. Кәмелеттік жастың екінші кезеңі 36 – дан 60 жасқа дейін (ерлер)

36 – дан 50 жасқа дейін (әйелдер)

  1. Кексе жас 60 – дан 74 – ке дейін (ерлер)

56 – дан 74 – ке дейін (әйелдер)

  1. Қарттық жас 75 – тен 90 – ға дейін

  2. Ұзақ жасау 90 жас және одан жоғарылар.

Соңғы жылдары симпозиумда қабылданаған жас кезеңдерінің схемасына, яғни туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейін өзгерістер кіреді. Олар жеті сатыдантұрады.

  1. Жаңа туған бала (туған сәттен 1 – 2айға дейін).

  2. Нәрестелік шақ ( 1- 2 айдан 1 жылға дейін).

  3. Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін).

  4. Мектепке дейінгі балалық шақ ( 4 жастан 7 жасқа дейін).

  5. Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11 – 12 жасқа дейін).

  6. Жеткіншектік шақ (11 – 12 жастан 14 – 15 жасқа дейін).

  7. Жасөспіроімдік жас (14 – 15 жастан 17 жасқа дейін).

Мектепке балаларды алты жастан бастап қабылдауға байланысты төрт , бес, алты және жетісатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Осы жас кезеңдерінің әр бір жанұямен, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және мектептер басшылыққа алады. Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі жас сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары. Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншектік және жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсу, даму және тәрбие барысынды болатын кейбір өзгешеліктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып, мектеп және жанұя олардың іс – әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде