Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті

Loading...


Дата02.04.2020
өлшемі451.48 Kb.

Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті

Жоспар:

  • Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері.
  • Мектеп жасындағы оқушылардың денсаулығы мен салауатты өмір салтын қалыптастырудың бағыттары мен міндеттері.
  • Сынып жетекшісінің оқушыларды денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық ретінде қарауға үйретудегі қызметі
  • Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері.

  • Осы заманғы ғылым мен әдістемеде салауатты өмір салты – бұл адамның еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдық мінез-құлық ережелерімен сипатталады тіршілік әрекетін белгілі типі туралы түсініктерді кіріктіретін биоәлеуметтік санат.

Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі, бірақ негізінен үш нышанға негізделеді:

Өмір сүру деңгейі

Өмір сүру сапасы

Өмір сүрудің өзіндік жолы



Өмір сүру деңгейі- бұл адамның материалдық, рухани және мәдени мұқтаждықтарын қанағаттандыру деңгейін көрсететін әлеуметтік экономикалық санат.

Өмір сүру сапасы- адам қажеттіліктерін қанағаттандырады жайлылық дәрежесі.Бұл көбінесе әлеуметтік санатқа жатады.

Өмір сүрудің өзіндік жолы- адам тіршілігінің мінез-құлықтық ерекшеліктерін сипаттайтын әлеуметтік психологиялық нышан. Бұл жеке тұлғаның психологиясы және психо-физиологиясы икемделінентін белгілі қалып.

Салауаттанудың негізгі мақсаты — әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты -балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру. Бүдан мынандай міндеттер туындайды: - салауатты өмір салтының әдістерін үйрету; - өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани құндылығы ретінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу; - негізгі гигиеналық дағдыларға төселдіру; - осы заманғы ауру түрлерімен және оларды алдын алу шараларымен таныстыру.

 Салауатты өмір салтын қалып-тастырудың негізгі бағытгары мыналар: - жеке және қоғамдық гигиена; - дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес; - организмді жаратылыс-табиғи факторлармен — су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау; - күн тәртібін тиімді пайдалану; - дұрыс және уақтылы тамақтану; - жұкпа аурулардың алдын алу; - тән ауруларынан сақтандыру; - жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру; - зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды) сақтандыру; - жыныс гигиенасы; - психопрофилактика және психогигиена; - кикілжің және денсаулық; - экология және денсаулық.

2.Мектеп жасындағы оқушылардың денсаулығы мен салауатты өмір салтын қалыптастырудың бағыттары мен міндеттері,

 Денсаулықтың мынадай: физиологиялык, сезім әрекетіне берілгіштік, зияттылық, әлеуметтік, тұлғалық негізгі түрлері бар. Ал рухани түрі осыларды бірегей тұтастыққа -денсаулыққа біріктіреді. Денсаулықтың физиологиялық түрі организмдегі физиологиялық үрдістерді (процестерді), олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық сақтамаларды зерттейді. Зияттылық түр дегеніміз — денсаулық туралы білімнің ақпараттық көзі. Сезім әрекетіне берілгіштік түр — жағдайға байланысты өз сезімін бағалай білуді түсініп, сол қалпында айшықтай айта алу. Жағымсыз эмоцияға ұстамдылық жасап, жағымды эмоцияны мадақтау. Әлеуметгік түр — тұлғаны әлеуметтендіру, өзін қоғамға қажетті мүше екенін аңғару, белсенді өмір сүру. Тұлғалық түр — өзін тұлға ретінде түсіну, тұлға ретінде анықтау. Өзін іс жүзінде көрсету. Рухани түр — адам жеке басының біртұтастығын қамтамасыз ететін қоғамның рухани құндылығын көрсетеді.

Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:

Тән саулығы

Дене саулығы

Жан саулығы



1. Тән денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады. 2. Дене денсаулығы — организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады. 3. Жан денсаулығы — адамнаң психикалық өріс күйі.

Денсаулықтың негізгі төрөлшемдері мыналар: • тән және дене күйі үшін — мен істей аламын; • психикалық күй үшін — мен тілеймін; • адамгершіліктік күйге — мен істеуге тиістімін. Денсаулық белгілері мыналар: • зақым келтіретін факторлар әрекетіне өзіне тән (иммунды) және өзіне тән емес тұрақтылық; • өсу мен даму көрсеткіштері; • организмнің функционалдық күйі және сақтамалық мүмкіндігі; • қандай болса да аурудың немесе даму кемістігінің болу деңгейі; • имандылық-еріктілік және құндылык-уәждік мақсат деңгейі.



3.Сынып жетекшісінің оқушыларды денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық ретінде қарауға үйретудегі қызметі

Адам денсаулығы, ең алдымен, өмір сүрудің өзіндік жолына тәуелді. Ол тарихи, ұлттық дәстүрлермен (діл) және жеке бас бейімділігімен (кейіпкер) анықталады. Этнокомпонент салауатты өмір салтында балалардың ақыл-ойын, сезімін және әрекетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында барынша толық айтылады, СӨС-тың негізі салауаттану ғылымы болып табылады. Салауатгы өмір салты адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдайларда кәсіптік, қоғамдық және тұрмыстық қызметтерін орындауға себепші болатындардың барлығын бірлестіреді. СӨС жеке тұлғаның және қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы, сақталуы және нығаюындағы жеке тұлғаның іс-әрекеттеріне бағыт береді.



СӨС қалыптастырудың негізіне биологиялық та, әлеуметтік те ұстанымдар орныққан. Биологиялық ұстанымдарға: балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, салауатты өмір салтының жүйелілігі, ырғақтылығы, бірізділігі және т.б. жатады. СӨС әлеуметтік ұстанымдарына: эстетикалығы, адамгершілігі, ерікті тәрбиелей білуі, өзін-өзі шектей білуі (нәпсі тыюы) және т.б. жатады. СӨС ұғымы қазіргі заманда мыналарды қамтиды: - жеке бас гигиенасы; - дене шынықтыру; - тиімді тамақтану; - оңтайлы қимыл тәртібі; - зиянды дағдылар мен құмарлықтан (темекі тарту, алкоголь, есірткі заттарын қолдану, т.б.) бас тарту; - жағымды эмоциялар.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...