Оқушыларды бейіналды дайындықтағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері Мақсаты



Дата10.09.2017
өлшемі46 Kb.
#20005
Оқушыларды бейіналды дайындықтағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен  міндеттері
Мақсаты:

   Оқушыларды бейіндік оқытуға дайындау,тұлғалық және кәсиби өзін-өзі анықтауда көмек  көрсету.



Міндеттері:

  1. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін диагностикалау қызығущылықтарын, бейіндерін және икемдерін анықтау.

  2. Оқушылардың тұлғалық және дінің-мағыналығын өзіндік анықтау, өзіндік дамуы міндеттерін шешуде сүйемелдеу.

  3. Тұлғалық дамуда кездесетін келеңсіз факторларды анықтау, оларды уақытында жеңу.

  4. Әлеуметтендіру мәселелерін шешуде ата-аналарымен, мұғалімімен, құрбыларымен үйлесімді қарым-қатынасты құруға көмектесу.

  5. Жоғары сыныптарда бейіндік оқытуды таңдауға бағытталған  танымдық және кәсібилік қызметтің әртүрлі ортадағы практикалық тәжірибесін қалыптастыру.

  6. Оқу –тәрбие үрдісінің психологиялық сараптамасы және бейіндік оқытудың сапасын көтеруде негізделген практикалық ұсыныстар құру.

  7. Оқушыны білімдік үрдісте өзгеру динамикасының өзгеруін анықтауда психологиялық сүйемелдеу.

  8. Оқушыда оң оқу мотивациясын қалыптастыру.

  9. Ата-аналар мен мұғалімдерге психологиялық мәселелерді шешуде  кеңестік көмек көрсету.

  10. Мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналары арасында психолгиялық сауаттылыққа үйрету.

Жоғары сынып оқушыларының бейіндік оқыту және оқушыларды бейіналды дайындауда психологиялық қызметтің іс-әрекетінің мазмұны және негізгі бағыттары.

 


  1. Оқушылар мен ата-аналарды аталған мамандықтың иесіне қойылатын талаптарымен, кәсіби қызметтің әртүрлі саладағы психологиялық белгілермен таныстыру.

  2. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің кешенді диагностикалық зерттеуін өткізу.

  3. Оқушылардың кәсіби қызметті таңдауда бейімділіктерін, қызығушылықтарын, мүмкіншіліктерін және шектеуліктерін психологиялық диагностикалау.

  4. Оқушылармен диагностиканың қорытындысына негізделген жеке және топтық кеңестерді іске асыру.

  5. Іс-әрекеттің белгілі бір саласына бейімділігін анықтау.

  6. Оқытудың жеке траекториясын таңдауда психологиялық  қолдау.

  7. Оқушылардың  зият-парасаттылығын шығармашылығын және арнайы бейімділігін  дамыту.

  8. Оқушылардың жеке дамуындағы әлеуметтік-психологиялық кедергілерін анықтау және болдырмау жұмысы.

  9. Кәсіби қызығушылықтары қалыптаспаған оқушылармен жеке және топтық зерттеу бағдарламаларын құру, іске асыру.

  10. Мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар арасында тақырыптық семинарлар, әңгімелер, сынып сағаттарын және пікірталастар өткізу,  психологиялық-педагогикалық білімдерді насихаттау.

  11. Бейіндік дайындық және бейіндік оқыту үрдісінде туындайтын нақты мәселелерді шешуде оқушыларға, ата-аналарға және мұғалімдерге кеңестік көмек көрсету.

  12. Бейіндік оқыту жағдайында оқушы және тәрбие жұмысының жоспарының психологиялық негіздемесі оқушылардың жеке дамуының тиімділігінің психологиялық сараптамасын жасау.

  13. Мұғалімнің бейіндік оқыту жағдайында жұмысқа дайындығын, кәсіби құзіреттілігінің деңгейін анықтау.

  14. Мұғалімдер мен оқушылардың арасында қолайлы психологиялық ахуал құру жұмысы.

  15. Осы заманның психологиялық құралдарын пайдалана отырып, оқушылар арасында маскүнемдік, таксамандық, нашақорлықтың таралуының алдың-алу шараларының  өткізу.

  16. Оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, түзету бағдарламаларын дайындау және енгізу.

 

 

Психологтың құқықтары мен міндеттері


Психологтың құқықтары

  1. Негізгі бағдарламаға сүйене және нақты жағдайларға қарай оқушылармен, ата-аналармен және мұғалімдермен жұмыстың әдістері мен тәсілдерін таңдау, жұмыстың басымды бағытын ерекшелеу.

  2. Психологиялық қызметтің тиімді  болуына қажетті жағдайларды оңтайландыру сұрақтарына өзінің ұсыныстарымен шығу.

  3. Диагностика нәтижелерін талқылау, түзету және дамыту бағдарламаларын құру сұрақтары қарастырылатын отырыстарға қатысу.

  4. Психологиялық жұмыстың жаңа түрлерін және әдістерін жетілдіруге, оқу-тәрбие жобаларының тиімділігін бағалауға қатысу, ғылыми, ғылыми-көпшілік және әдістемелік баспаларда өзінің іс-тәжірибесін тарату.

  5. Оқу орнындағы ұжымда топтық және жеке психологиялық зерттеу жүргізу.

 

Психологтың міндеттері

  1. Өзінің қызметінде балалар мен жастарды әлеуметтік қолдауды көздейтін ҚР Конституциясының қарарларын , ҚР Білім туралы заңын, оқушыларды бейіналды дайындықтың және жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқыту Концепциясын және басқа да нормативтік құжаттарды негізге алуы керек.

  2. Өзінің қызметін толықтай осы қарарда көрсетілгендей атқаруы тиіс.

  3. Сұрақтарды қарастыруда және шешім қабылдауда міндетті түрде өзінің кәсіби компетенциясы мен қызметтік міндеттерінің аясынан аспауға міндетті.

  4. Психологиялық ғылымның, соның ішінде әлеуметтік, практикалық, жас және педагогикалық психологияның жаңа жетістіктерін білуі тиіс. Қазіргі заманғы ғылыми негізделген диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтік –психологиялық, психотүзетулік және психологиялық алдын-алу әдістерін қолдануы керек. Өзінің кәсіби біліктілігін әрдайым дамытып, арттырып отыруға міндетті.

  5. Кәсіби әдепті (этиканы) қатаң сақтауы керек; диагностикалық және кеңестік жұмыс нәтижесінде алынған мәліметтермен таныстыру оқушыға немесе оны қоршаған адамдарға зиянын тигізетін болса, оларды таратуға болмайды.

  6. Мұғалімдер мен оқушылар арасында психологиялық білімді насихаттауға міндетті.

  7. Психологиялық-педагогикалық консилиумның шешімдер қабылдауына негіз болатын диагностикалық құжаттарды жүргізуге және сақтауға міндетті.

Психологтың жауапкершілігі

  1. Берілетін ақыл-кеңестің дәлелдігіне,  түзетімдік әдістер мен диагностикалық әдістердің барлығына, психологиялық диагностиканың нәтижелерінің шынайлығына психологтық  жеке тұлға ретінде жауапты.

  2.  Психологиялық қызметті бейнелейтін құжаттардың сақталуына, олардың сауатты жүргізілуіне психолог тікелей жауапты.

  3.  Мектептің психологиялық қызметінің  жұмысына арнайы сеніп тапсырылған материалдық – техникалық құралдардың сақталуына психолог жауапты.

Психологиялық қызметтің құжаттары

  1. Психологиялық қызметтің нұсқаулығы

  2. Психологиялық қызметтің  1 жылға арналған жұмыс жоспары

  3. Кәсіби оқыту, кәсіби оқытудың даярлығына арналған психологтық-педагогтық бағдарлама

  4. Психодиагностикалық әдістемелердің банкісі

  5. Оқушылардың психологиялық дамуының жеке карталары

  6. Психологиялық зерттеулердің нәтижелері

  7. Жеке тұлғаларға берілген кеңестердің журналға тіркелуі.

  8. Психологиялық қызметің жұмыс барысына есеп беруі



Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді