Оқулықтарда оның саны 25, кейде 26. Фонетиканың бас оқулығы: "Қазіргі қазақ тілінде мынандай 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, у, ф, Х, ц, ч, ш, қ, ң"



Pdf көрінісі
бет16/18
Дата19.01.2023
өлшемі307.67 Kb.
#417223
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
4-лекция
Kazak tili Metodika 1 kl Rus basic, ана тілі 27.05, 1-лекция, 3-лекция, 11-лекция
 
‡НДІЛЕР 
 
‡нді дауыссыздарда салдырдан ‰н басым болады да‚ олар (н-нан басқасы) 
дауыстылар сияқты өзге дыбыстардың әсерінен алмасуларға ұшырамайды. 
М фонемасы артикуляциясы жағынан ұяң б-мен ұқсас. Тек м-да дауыс басым‚ 
ауа мұрын арқылы шығады. ‡немі м сөздің барлық позициясында актив 
қолданылады және өзге дыбыстардың ықпалынан өзгеріске т‰спейді. Сөз басында 
2955 сөзде ұшырайды. Бұл жағынан ол алғашқы ондықтың қатарында тұр. М 
қосымшада б‚п-мен жұптасады: -мын/ -бын‚ -мен/-бен/-пен‚ -ма/-ба/-па.  
Н фонемасы тіл алдының ‰стіңгі к‰рек тіске (не қызыл иекке) нық тиіп‚ тез 
ажырауынан жасалады. Тіл ұшы төменгі к‰рек тіске тіреледі‚ не сәл жоғарырақ 
тұрады. Ауа мұрын қуысы арқылы шығады. Н сөздің барлық деңгейінде 


13
ұшырайды. Бұл фонемадан басталатын (788) сөздің дені өзге тілдерден енген 
сөздер. Н өзінен кейінгі көрші п‚ б‚ м еріндіктердің әсерінен м: Жампейіс 
(Жанпейіс)‚ жамбады (жанбады)‚ қаммен (қанмен) және қ‚ к‚ г-нің әсерінен ң: 
жаңға (жанға)‚ кеңге (кен-ге)‚ сәңқой (сәнқой) болып айтылады. Бұл алмасуға 
ұшырайтын бірден-бір ‰нді дыбыс. 
Ң фонемасын айтқанда тілдің арт жағы жұмсақ таңдаймен жымдасады да‚ тез 
ажырайды‚ ауа мұрын жолы арқылы шығады‚ ауаның шығу жолына қарай м‚ н‚ ң 
мұрын жолды ‰нділер делінеді. Ң сөз басында м‰лдем кездеспейді‚ ал қалған 
позицияларда актив қолданылады‚ бірақ өзгеріске ұшырамайды. Буын ң-нан 
бастала береді: жа-ңа‚ әке-ңе‚ ата-ңа‚ ө-ңөш. ө-ңөз‚ ө-ң‰р‚ же-ңіс т.б. 
Л фонемасын айтқанда тілдің ‰ш жағы ‰стіңгі к‰рек тіс пен қызыл иекке 
тіреледі де‚ орта тұсы ой т‰сіп‚ арт жағы жұмсақ таңдайға қарай көтеріліп кейін 
тартылады‚ тілдің екі б‰йірі төмен т‰сіп ауаның өтуіне м‰мкіндік береді. Мұны 
әдетте қос б‰йір фонема дейді. Л сөздің орта‚ соңғы позициясында ұшырайды 
және өзгеріске т‰спейді. Сөз басында (468) негізінен өзге тілдерден енген сөздерде 
кездеседі. Еліктеуіштер: лап‚ лақ‚ лау‚ лық‚ лып‚ лоқ л-дан басталады. 
Қазақ тілінде сөз басында л-дың алдынан келетін қысаң ы‚ і дауыстылар 
орфографиялық ереже бойынша (сөз мағынасына нұқсан келмейтін болған соң) 
т‰сіріліп жазылады. Мәселен: лағу‚ лаж‚ лазым‚ лай‚ лайық‚ лақ‚ лаң‚ лас‚ лау 
дегендер ы-дан‚ ләм‚ леген лекер і-ден басталады да‚ өлең жолдарында өз алдына 
буын құрап тұрады. Лайла‚ лай оймен тұнығыңды (Абай). Еліктеуіш сөздер л-дан 
басталады: лық‚ лақ‚ лау‚ лып ете қалды. Л-дан басталатын қосымшалар: -лар/ -
лер‚ -ла/-ле‚ -лы/-лі‚ -лас/-лес‚ -лау/-леу‚-лық‚/ -лік. Бұл, ол, сол есімдіктері мен ал, 
бол, кел, қал, қыл, сал етістіктерінің құрамындағы л айтуда, жазуда т‰сіріліп те 
қолданыла береді: бұ, о, со, ап, боп, кеп, қапты, кепті. 
Р фонемасы тіл ұшының альвеолға тиіп, ауаның қарқынымен дірілдеуінен 
пайда болады. Бұл фонема сөздің ортасы мен соңында жиі кездеседі. Ал сөздің 
басында тек өзге тілдерден енген сөздерде ғана кездеседі. 
Қазақ тілінде сөз р дыбысынан м‰лде басталмаған. Сондықтан да өзге 
тілдердегі р-дан басталатын сөздердің алдынан дауысты дыбыстарды селбестіріп 
(протеза жасап) айтқан. Осы к‰нгі орыс (русский) осылай пайда болған. Қазіргі 
кезде тілімізде р әрпінен басталатын бес ж‰здей сөз бар. Оның дені орыс тілі 
арқылы енген сөздер. Ал тілімізге ертеректе енген араб-парсы сөздерінің көбісінің 
алдынан қысаң (ы, і, ұ, ‰) дауыстылар селбесіп қана қоймай, жеке буын құрап 
(әсіресе өлеңде) тұрады: ырас, ы-разы, ы-рақым, і-ренжі, і-рең, і-рет, ұ-рұқсат, ‰-
р‰стем. Ал олардың р-мен жазылуы – орфографиялық норма. “Рас десең, рас сөз 
мен айтайын” дегеннің жазылуы мен айтылуына назар аударыңыз. 
Й фонемасын айтқанда тілдің ұшы төменгі к‰рек тіске, екі шеті б‰йір тістерге 
тиеді де, ортасы жұмсақ таңдай мен қатты таңдайдың т‰йіскен тұсына қарай 
көтеріледі. 
Қазіргі қазақ тілінде й-дан басталатын сөз жоқ. Тек орыс тілінен келген йод, 
йог, якорь, яхта, йемен, юмор, юрист, ювелир сияқты сөздердің басында 
ұшырайды. Орфографиялық, сөздікте: я (шыл), яғни (шыл), яки (шыл), япыр-ай 
дейтін сөздер бар. Оқулықтар я = йа деп ‰йретеді. Олай болса, әлгі сөздеріміз: йа, 
йағни, йаки, йапыр-ай болып шығады. Бұлай десек, сөз й-дан басталмайды дейтін 
қағидаға қарсы шығамыз. Ал біздің мына сөздеріміз, дұрысы: ыйа//ійә (иә), 
ыйағыный, ійәкій, ыйапыр-ай. “Көне т‰ркі сөздігінде” й-дан басталатын сөздер 
төртінші орында тұр. Қазақ тілі бұларды ж-мен айтады және сол ‰шін де ж тілі 


14
делінеді. Парсы тілінен ауысқан я шылауын қара қазақ жә т‰рінде айтқан, көркем 
шығармаларда да кездеседі. Ал сөз ішінде буындар й-дан бастала береді: а-йа, ұ-йа, 
қа-ра-йа, қара-йып, қара-йық, сы-йа, ты-йын, ті-йін т.б. Солай бола тұрса да й 
әрпін бы‚ ғы‚ ды деген сияқты емес‚ ый т‰рінде айту керек болады. Й дыбысы сөз 
ішінде тек дауысты дыбыстардан соң ғана тұра алады‚ дауыссыздан соң тұруы 
м‰мкін емес. Бұл да болса‚ оның дыбысталу ерекшелігін аңғартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан