ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011

Loading...


Pdf көрінісі
бет81/189
Дата27.02.2021
өлшемі1.89 Mb.
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   189
Рефлексия  –  (лат;  «бейнелеу»  деген  сөз,  өз  ойларын,  бастан 
кешіргенін  талдау).  Адам  санасының  өзін-өзі  білуге,  ішкі  жан 
дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.
Педагогикалық рефлексия – ішкі психикалық-педагогикалық 
актілер мен күйлерді субъектінің өзіндік тану үрдісі.
Рефлексология  –  орыс  ғалымы  В.  М.  Бехтерев  (1857-1927) 
негіздеген  механикалық  бағыт.  Рефлексия  адам  психикасының 


184
әрекетін сыртқы ортаның жүйке жүйесіне әсер етіп, оған тітіркенуі 
деп санады да психика мен сананы зерттеуден бас тартты.  
Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық 
әрекеттің  негізгі  компоненттерін  есіне  түсіріп,  олардың  мәнін, 
алынған  нәтиженің  «дұрыс»  не  «бұрыс»  болғанын  дәлелдей  алу, 
қолданылған  әдіс  пен  құралдардың  тиімді  не  тиімсіз  болғанына 
байланысты өзіндік көзқарасын білдіру. Орындалып өткен әрекеттің 
нәтижесін зерттеу. Тек қана сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс 
мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын 
жасау мүмкін болады.
«Рефлексия» - адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы 
ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық 
және  анық  есеп  беруі  немесе  өзі  әрекет  барысында  басшылыққа 
алған  ережелер  мен  кестелерді  мойындауы  не  жоққа  шығаруы. 
Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар 
негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің 
ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың » дегенге келіп саяды.
Психологиялық  мұғалімнің  шығармашылығын  дамытудың 
қысқаша формуласын «тәжірибе + сол тәжірибенің рефлексиясы 
=  даму»  түрінде  ұсынады.  Г.  С.  Сухобская  мен  Ю.  В.  Кулюткин 
екеуі бірлесе жазған педагогика оқулығында бұл үрдісті сипаттай 
отырып,  оның  мұғалімнің  кәсіби  әрекетінің  өн  бойында  мына 
төмендегідей  жағдайда  байқалатындығы  айтылды:  біріншіден 
–  мұғалімнің  оқушының  ойын,  сезімдері  мен  іс-қимылдарын 
түсіну  бағытындағы  әрекеттесуінде;  екіншіден  –  оқушылардың 
жас  ерекшеліктері,  даму  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  оқыту 
үрдісінің мақсаттарын анықтау мен жобалауда; үшіншіден – оның 
өз  әрекетін,  сол  әрекеттің  субьектісі  ретіндегі  өзін  талдауда.  Тек 
сонда ғана мұғалімнің педагогикалық әрекетінде шығармашылыққа 
жол ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...