ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011


сөйлеу, т.с.с. түрлерін бөліп көрсеткен ғалымдар

Loading...


Pdf көрінісі
бет77/189
Дата27.02.2021
өлшемі1.89 Mb.
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   189
сөйлеу, т.с.с. түрлерін бөліп көрсеткен ғалымдар
А) Ф. Н. Гоноболин, Н. В. Кузьмина
Ә) М. В. Старалов
Б) В. А. Сластенин
В) А. Н. Щурбаков
Г) А. П. Усова
4.  Оқушының  ішкі  дүниесін  танып  білу  қабілеті  қалай 
аталады?
А) Коммуникативтік қабілет
Ә) Сөйлеу қабілеті
Б) Перцептивті қабілет
В) Академиялық қабілет
Г) Қолданбалы қабілет
5. Қабілеттің бірнеше топтарын көрсеткен педагог кім? 
А) А. П. Усова
Ә) Н. К. Крупская
Б) В. А. Сластенин
В) В. А. Схомлинский
Г) А. С. Макаренко


167
6. Баланың ішкі әлемін сезу қабілеті
А) Коммуникативтік қабілет 
Ә) Сөйлеу қабілеті
Б) Академиялық қабілет
В) Перцептивтік қабілет
Г) Қолданбалы қабілет


168
9. ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУІ 
ЖӘНЕ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ
Жоспары:
1.  Педагог-психологтың  өзін-өзі  тәрбиелеуі  және  кәсіби 
шеберлігін қалыптастырудың құралы ретінде. 
2. Педагог іс-әрекетінің компоненттері. Педагог-психологтың өз 
мәдениетін көтеру.
3.  Педагог-психологтың  сана-сезімі  және  педагогикалық 
рефлексия.
4. Педагог шығармашылығының құрылымдық компоненттері.
Мектеп  реформасының  талаптарына  сәйкес  мұғалімнің  жеке 
басын  жетілдіру  міндеті  ерекше  маңызды  болып  отыр,  өйткені 
мектептегі  бүкіл  оқу-тәрбие  процесі  тиімділігінің  табысты  болуы 
көбінесе  соған  байланысты.    Әрбір  мұғалім  өз  басының  бағалы 
кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің 
кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы зор. Кезінде 
көптеген көрнекті педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін атап 
көрсеткен  болатын.  Мұғалім  үшін  қастерлі  міндет  «өзінің  жеке 
басының  тәрбиесін  бүкіл  өмірлік  міндетіне  айналдыруда»,-  деп 
есептейді А. Дистерверг. 
Халыққа  білім  берудің  қайраткері  А.  В.  Луначарский 
педагогтардың  жеке  басына  қойылатын  жоғары  талапқа  ерекше 
көңіл  бөле  отырып,  осы  талаптарды  жүзеге  асыруда  мұғалімнің 
өзін-өзі  тәрбиелеу  рөлін  атап  көрсетеді:  «Біз  үшін  педагогтардың 
мемлекетіміздегі нағыз бес аспап және нағыз тамаша адам болғаны 
өте  қажет,  өйткені  ол  жас  өркендей  гүл  жарып,  шенек  атып  келе 
жатқан  кішкентай  адамдарға  шаттық  өмір  сыйлау  білуі  тиіс. 
Педагогтың  мәртебелі  існің  өзі,  міне,  осында  және  де  ешқандай 
мамандық адамдарға мұндай талап қоя алмайды. Педагог өзіндегі 
адамгершілік мұратты жүзеге асыруы тиіс». 
Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу - мұғалімнің 
кәсіптік  даярлығының  іргетасы.  Күнделікті  кәсіптік  қызметінің 
барысында  осы  іргетаста  мұғалімнің  педагогикалық  техникасы, 
оның  оқыту  және  тәрбиелеу  жұмыстарындағы  іскерлігі    мен 
дағдысы жетіледі, ажарлана түседі. 
Адамның  күш-жігерінің  мүмкіндігі  ұшан-теңіз  екендігі 


169
соншалық, тіпті орташа оқитын, жай ғана қабілеті бар студенттің өзі, 
жеке басын және кәсіптік-педагогикалық қызметтегі талантын жан-
жақты өрістете алады. О. Ю. Шмидттің әріптестері оның ғажайып 
таланты мен қабілетін бірауыздан мақұлдады. Ол кімге де болса «өз 
ақылымен» тілектестік деген шынайы сүйіспеншілікпен, жаныңды 
жадырататын  сыпайы  әзілмен  қарым-қатынас  жасайтыны  қайран 
қалдыратын. Ол мәселені батыл да, қызғылықты етіп қоя білетін, 
сан  алуан  проблемаларды,  тіпті  өзінің  күнделікті  қызметінен 
тысқары  проблемаларды  да  тамаша  талдай  алатын.  Ой-өрісінің 
даралығы, ғылымның әр алуан саласының түйінді проблемаларын 
түсіне білуі, оның ғылым қазыналарын ұдайы игеруінің, ілімнің сан 
тарау бастауларынан сусындай білуінің нәтижесі еді. Оның бірнеше 
сағаттар бойы кеме капитанымен әңгімелесіп отырғанын, мұз күйін 
бақылағанын  немесе  қия  жартастардағы  мардымсыз  өсімдіктерді 
жинап жүргенін көруге болатын еді. 
Шмидт  -  ғалым  аты  аңызға  айналған  адам.  Оған  таңданбасқа 
шараң жоқ. Ол жауапты үкімет тапсырмасын орындайтын мемлекет 
қайраткері әрі көрнекті математик, іргелі жаңалықтардың авторы. 
Академиялық теориялық геофизика институтын құрушы, Жер мен 
Планетаның пайда болу теориясының авторы, Москва мемлекеттік 
университетінің оқытушысы. Оның өмірінің соншалық сан қырлы, 
ал ғылыми және қоғамдық мүдде өрісінің кеңдігі соншалық,  Отто 
Шмидттің жеке басындағы жалпы адамгершілік бағасы жыл өткен 
сайын артып, жұртшылықтың айрықша ықыласына бөленді. 
Өзінің  ішкі  мүмкіншілігін  жүйелі  және  табанды  түрде 
жұмылдыра  білуде  профессор  А.  А.  Любищевтің  өмірі  үлгі  бола 
алады. Ол жан-жақты қабілетті  адам  еді. Оның  зоология, генетика, 
философия,  эволоция  теориясы  саласынан  500  баспа  табақтан 
астам  (12  мың  бет)  кітаптар,  брошюралар  жазды.  Сонымен  қоса 
педагогикалық қызметке де қызу ат салысты.
Жазушы  Д.  Гранин  осы  педагог-ғалымның  жұмыстағы  табыс 
сырын  былайша  ашып  берді:  ол  елу  алты  жыл  бойы  үзбестен 
жұмсаған  уақытын  жазып,  жоспарлап  отырды.  Мұның  өзі 
уақытты  үнемдеп  пайдаланудың  ерекше  тиянақты  жүйесі  еді.  Өз 
өміріңді  дұрыс  ұйымдастыра  алмағаның  үшін,  уақытыңды  тиімді 
пайдаланбағаның  үшін  өзіңді  жазғыру  бір  басқа  да,  осының 
барлығын сағат, минутына дейін жете білу – басқа мәселе. Любищев 
күнделікті есеп жүргізіп отырды, ешнәрсені жасырмай және тігісін 


170
жатқызбай, қорытындысын өзі мұқият жасап отырды. Ол осылайша 
әр  минутын,  тіпті  қала  транспортында  жүруге,  кезекте  тұруға 
кеткен уақыттарын да тиімді  пайдалануға өзін-өзі дағдыландырды. 
Жолда жүргенде шағын кітаптарды оқыды, тіл үйренді. Ағылшын 
тілін осылайша меңгерді. Ол тәуліктің пайдалы уақытын он сағатқа 
белгілеп,  оны  минутына  дейін  дәлме-дәл  ескерді.  Күні    бойы  бір 
нәрсені  қараумен,  газет-журналдарға  көз  жүгіртумен  өткізеді.  Әр 
айдың және әр жылдың аяғында қорытындысын шығарып, талдап 
отырды.  Сонымен  қоса  жұмысын  әр  күнге,  әр  айға  әр  жылға 
тіпті  бесжылдыққа  мұқият  жоспарлауды  да  ұмытпады.  Оның 
тұжырымдауынша, адамда нашар, бос уақыт деген болмауы тиіс. 
Өзімен  жұмыс  істеу,  К.  Д.  Ушинскийдің  көрнекті  педагог 
болуына жәрдемдесті. Ол мына жайттерді ескерген: 
1. Барынша сабырлылық, ең болмағанда сырттай байсалдылық;
2. Сөз бен істегі турашылдық;
3. Әрекеттегі алдын-артын ойлаушылық;
4. Батылдық;
5. Ешбір қажетсіз өзі туралы бір ауыз да сөз айтпау;
6. Уақытты текке өткізбеу;
7. Өз қылығыңа әр кеш сайын адал есеп беру;
8. Болғанына да, барына да, болатынына да ешқашан мақтанбау.
Адам  өзінің  қоғам  алдындағы  зор  мәнін  жете  түсінгенде  ғана 
оның өзін-өзі тәрбиелеу рөлі арта түседі. Өйткені өзін-өзі тәрбиелеу 
– дамуға ұмтылушы адамдарды жан-жақты  қалыптастыру жағдайы. 
Ұстаздық қызметте мұғалім өз мінезін, өз еркін, өз эмоциясын 
меңгере, ұстай білуінің айрықша маңызы зор. 
Адамның жауапты міндеттерді шешуге, белгіленген жоспарды 
орындауға, күнделікті өмірін қызғылықтықты әрі алуан тартымды 
өткізуге,  мақсатқа  жету  жолындағы  қиыншылықтарды  жеңуге 
тырысуы  оның  өмірін  бай,  әрі  мазмұнды  ете  түседі,  еркін 
шынықтырады. 
Ерікті  шынықтыру  үшін  қажетті  әрі  нақты  мақсатты  қалай 
табуға, қоюға және оған жетуге болатындығын ойластырып көрелік. 
Ең  алдымен  өзін-өзі  тәрбиелеу  үшін  өз  еркін  меңгере  білу 
керек,  нақты  нәтижеге  жету  үшін:  өзін  ұстай  білуі,  жақсы  көңіл-
күйде бола білуі, өзіне-өзі бұйрық беруді және өзін-өзі иландыруды 
пайдалануы, дербес күн тәртібін, режимін орындауы тиіс.


171
Л. Н. Толстой өзін-өзі тәрбиелеуде мынадай ережелерге айрықша 
мән  берген:  «Міндетті  түрде  орындалатын  нәрсені,  қалайда 
орында...  Орындағаныңның  бәрі  жақсы  болсын.  Егер  бір  нәрсені 
ұмытсаң ешқашан кітапқа қарамай, қалай да есіңе түсіруге тырыс... 
Бар күш-жігеріңмен  өз ақылыңмен үнемі әрекет етуіне мәжбүр ет».
Ерікті  шынықтыру  –  бұл,  әрине,  зор  еңбек.  Бірақ  мұның 
қызықтылығы  және  нәтижелілігі  соншалық,  өзін-өзі  тәрбиелеуге 
оптимистік  позицияда  қарау  керектігін  көрсетеді.  Ең  бастысы 
табысқа  деген  сенімділікте,  өзіңнің  зор  мүмкіндігіңде,  өзіңде, 
өзіңнің  күш-қайратыңда.  Бұл  өзіңмен  жұмыс  істеудің  қажетті 
шарты,  өйткені  бұл  істегі  ең  қауіптісі  –  өзіңе-өзің  сенбеу.  Л. 
Толстой сөзімен айтқанда, ұрыста кім жеңемін деп батыл шешімге 
келсе,  сол  жеңеді.  Оптимистік  көңіл-күй  қолайлы  сезім  туғызып, 
жұмсалған энергияны тез қалпына келтіруге ықпал етеді, адамның 
қиыншылықты  жеңуін  ынталандырады.  Ал  жұмыс  бабында 
қалжырап,  дау-дамайды  басынан  өткізіп  жүрген  мұғалімдік 
мамандық  үшін  оптимизм,  сергектік,  көңілділік  ауадай  қажет. 
Сондықтан  алға  мақсат  қойғанда  оптимист  болудың,  тіпті  болар-
болмас жеңістің өзі адамды анағұрлым қайраттандыра түсетіндігін 
есте сақтаған жөн. 
Өзі  туралы  көбірек  ойлаудың,  өзіңе-өзі  есеп  берудің,  әсіресе 
өз мінез-құлқыңды танудың және түзетудің маңызы айрықша зор. 
Мұның  мәнісі  сол,  өзіңді  өзің  тәрбиелеу  жөніндегі  мақсатың  мен 
міндетіңді өзіңнің нақты мінез-құлқыңмен салыстыру.  
Өзіңе-өзің есеп берудің және өзін-өзі талдау жасаудың ең тиімді 
жолы - дербес күнделік жүргізу. 
Л.  Н.  Толстой  өз  қателігіне  талдау  жасау  арқылы  өзін-өзі 
тәрбиелеу  міндетін белгіледі: «Менің өмірім үшін ең маңыздысы 
ең  басты  үш  кеселді  түзету:  мінезсіздік,  ашуланшақтық  және 
жалқаулық».  Күнделіктегі  жазбалары  бойынша,  Толстой  өзімен 
жұмыс  істеудің  барысын  қадағалайды,  өзін-өзі  тәрбиелеу  үшін 
нақты міндеттер қояды.
Әрине, өзін жетілдіргісі келгендер күнделік жүргізе алады. Ал 
ең бастысы күнделікте: өзіңді-өзің тәрбиелеуде әр күні қаншалықты 
ілгерілегеніңді атап көрсету. 
Өзіңді өзің талдау, өзіңе-өзің есеп беру және күнделік жүргізу 
өзіңді тәрбиелеу жолыңа жарық беретін прожектор рөлін атқарады, 
ал  оның  түп    қазығы  –  күнделікті  режимді  бұлжытпай  орындау 
болуы тиіс.


172
Әдетте өзін-өзі тәрбиелеу жақсы қасиеттерді тудыруға және оны 
жетілдіруге жағымсыз қасиеттерді жеңуге себепші болатын жүйелі 
де саналы іс-әрекет болып табылады.
Өзіңе-өзі қоятын талаптардың нақталап, **** жеке адам жақсы 
нәтижеге жете алады. Соның нәтижесінде оның өзін-өзі тәрбиелеу 
бағытының анықталуы көрініс береді.
Өзін-өзі тәрбиелеу ойдағыдай болуы үшін, оқушыларды өздерін 
қолға  алуға  үйрету  керек.  Өзін-өзі  тәрбиелеуге  кірісе  отырып, 
оқушы ең алдымен өзін-өзі қолға алудың жалпы мақсатын ұғынуы 
тиіс. Мәселен, ол ерікті тәрбиелеуді, көркемдік талғамды дамытуды, 
денсаулықты  нығайтуды  және  т.с.с.  мақсат  етіп  қоя  алады.  Бірақ, 
бұл  жеткіліксіз.  Бұған  қоса  өзіңді-өзің  тәрбиелеу  бағдарламасын 
белгілеу  керек.  Қандай  қасиеттерді  дамытуды,  бекемдей  түсуді, 
қандайларын  жойып,  жеңіп  шығуды  көрсетудің    маңызы  үлкен. 
Мұндай  бағдарламаны  оқушылар  кейде  жеке  күнделіктеріне 
белгілейді. Ол өзін-өзі тәрбиелеумен сәті түскенде ғана емес, үнемі, 
жүйелі айналысуға көмектеседі.
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері алуан түрлі. Бұл ең алдымен, өзіңді-
өзің  сендіру,  өзіңді-өзің    иландыру,  өзіңді-өзің  бақылау,  өзіңді-
өзің  талдау.  Өзіңді-өзің  тәрбиелеу  мақсатымен  өзіңді-өзің  сынау, 
мәжбүрлеу, жазалау мен өзіңді-өзің қолдау да пайдаланылады. 
Мұғалім өзін-өзі әрқашан дамытып отырса ғана нағыз мұғалім 
бола алады.
Мұғалімнің  өзін-өзі  кәсіби  тәрбиелеудің  қозғаушы  күші 
–  мақсаттар  мен  мотивтер  арасындағы  қарама-қайшылықтар. 
Сондықтан  қарама-қайшылықтарды  жеңуге  деген  мұғалімнің 
қажеттілігі туындауы қажет.
Мотивтің  мақсатқа  қарай  жылжуы  өзін-өзі  тәрбиелеуге  деген 
нағыз қажеттілікті тудырады. 
Өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандырудың сыртқы факторлары:
 - педагогикалық ұжым;
 - мектептегі басқару стилі;
 - бос уақыт факторы.
Мұғалімнің  өзін-өзі кәсіби тұрғыда тәрбиелеудің кезеңдері:
- өзін-өзі кәсіби тұрғыда тәрбиелеу;
- мақсаттар мен мотивтер арасындағы қарама-қайшылық;
- жеке белсенділік көзі;
- әрекеттер жүйесі;
- кәсіби идеал.


173
Педагогика  өмір  сүріп  келе  жатқаннан  бері  мұғалімнің  жеке 
басына,  оның  еңбегінің  зерттелуіне  үзбестен  көңіл  аударылып 
келеді. 
К.  Д.  Ушинский:  «Мұғалімнің  жеке  басы  жастар  үшін  еш 
нәрсемен  айырбастауға  болмайтын  жанып  тұрған  күн  нұры, 
тәрбиешінің  жеке  басы  бүкіл  тәрбие  ісі»,  –  деп  кеткен.  Адам 
тәрбиесі  үдемелі  қозғалыспен  жүріп  отыратын  мәңгілік  үрдіс. 
«Бала  –  бақыт,  бала  –  болашақ,    ендеше  оның  қамын  бүгіннен 
ойлау  ең  басты  адамгершілік»,  –  деген  А.  С.  Макаренко.  Шәкірт 
атаулының табынатын тәңірі де, не бір шу асау тентек атаулының 
діңкелеп  тоқтайтын  адамы  да  –  ұстаз.  Тәрбиенің  үлкені  –  үлгі-
өнеге,  ал  үлгі-өнегенің  үлкені  де  –  ұстаз.  Осылай  келтіре  берсек, 
ұстаз  туралы  теңеулер  таусылмайды.  Ұстаздар  шәкірттерінің 
алдында  үнемі  сынақта  тұрады.  Мұғалімдердің  білімі,  өздерін-
өзі  ұстауы,  жүріс-тұрысы,  киім-киісі,  сөйлеген  сөзі,  байыпты 
этикасы  бәрі-бәрі  есепте.  Ұстаз  –  ұлы  есім.    Бұл  есім  сондықтан 
да  жұрттың  бәрінің  пешенесіне    жазылмаған.  Осы  жауапты  да, 
құрметті сенімді атқаруа ұстаздар алдында күрделі міндеттер тұр. 
Ұстаздарға деген бүгінгі күннің талабы өте жоғары. Олардың білімі, 
оқытушылық  әсері,  жеке  бастарының  рухани  және  моральдық 
бейнесі, өз қызметіне деген сүйіспеншілігіне байланысты болашақ 
ұрпақтарымыздың  жан-жақты  дамуы,  білімге,  еңбекке  деген 
қабілеті,  рухани  қасиеттері  жетіледі.  Ұстаздың  білімділігі  өзінен-
өзі  жасөспірімдердің  моральдық  қасиеттерін  қалыптастыра 
алмайды. Білімді мұғалім балаларға белгілі бір салада жүйелі білім 
берумен қатар, өзінің іс-әрекеті, дүниеге көзқарасы, адамгершілігі, 
гуманистік  қасиеттері  арқылы  жас  ұрпақты  моральдық  биік 
мұраттары рухында тәрбиелеуге тиіс. Бұл жағдайда мұғалімнің жеке 
қасиеттері  шешуші  роль  атқарады.  ХХ  ғасырдың  ірі  өкілі  белгілі 
ағартушы  Жүсіпбек Аймауытов ұстаз қызметін былай сипаттайды: 
«Балаларға білім берумен, тәрбиелеумен мұғалімнің қызметі тәмам 
болмайды. Ол балаларды тәрбиелеуге, үгіттеуге міндетті, басқаша 
айтқанда,  мұғалім  қарапайым  қызметкер  емес,  ол  шәкірттердің 
алдағы  өмірін  өз  басынан  кешірген  тәжірибесіне  сүйеніп,  оларға 
келешекте өмірден аяғын шалыс басып, соққы жеп өкінбеске күні 
бұрын  сақтандыратын  қорғаушы,  қамқоры».  Мұғалімге  жүктелер 
міндет  өте  ауыр,  тек  өз  ісіне  берілген,  жаңалықты  жатсынбай 
қабылдайтын,  ұлттық  қасиеттеріміздің  асылдарын  асқақтата 


174
отырып,  шәкірттерінің  жанына  нұр  құятын  ұстазды  ғана  бүгінгі 
күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Қай дәуірде болмасын ұрпақ тәрбиесі, білім мәселесі ешқашан 
күн тәртібінен түскен емес. Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, 
жаңа дәуірде де күн тәртібінде тұрған келесі мәселе - сапалы білім 
беріп, ғылымды дамыту. Осы орайдағы білім ордасы – мектеп және 
жоғарғы  оқу  орны,  ал  мектептің  жаны  –  мұғалім  немесе  педагог 
екендігі  баршаға  мәлім.  Адамзат  баласының  ата-анадан  кейінгі 
ардақ тұтар қасиеттісі ұстаз болған. 
Мұғалімнің  кәсібилігі  алдымен  мұғалімнің  адамды  сан  қилы 
етіп  қалыптастыратын  кәсіби  іс-әрекетінің  жан-жақтылығымен 
байланысты.  Мұғалімнің  кәсібилігін  анықтайтын  өлшемдердің 
арасында  ең  басты  орынды,  ұстаздық  қызметтің  қорытындысы 
-  оқушылардың  тәрбиелілігі  мен  дүниеге  көзқарас  деңгейі  алуы 
керек. Сөз жоқ, мұғалімнің кәсіби деңгейін оның оқушыларға тиісті 
дәрежеде  білім  беру,  біліктілік  пен  дағдыларды  қалыптастыру 
тұрғысынан бағалау қажет. 
Шебер  мұғалім,  біріншіден,  халқымызға  тән  жастарымыздың 
бойында  бар  адамгершілік  сипаттағы  дүниетанымына,  өз 
мәдениетіне,  әдет-ғұрып,  салт-саналарына,  қол  өнері  мен 
педагогикасына  арқа  сүйейтіндігіне  және  ашық-жарқындығы 
мен  бауырмалдылығына,  яғни  қазақ  ұлтының  басқа  халықтардың 
құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған 
жөн.  Екіншіден,  өзі  оқытатын  пәнді  терең  меңгеруге  міндетті. 
Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің 
жеке  басының  үлгісі  –  кәсібилікпен  біте  қайнасқан  қасиет  болуы 
керек.  Себебі,  кез  келген  ұжымдағы  қарым-қатынас  мұғалімнің 
жеке басының үлгісімен тығыз байланысты
Педагогтың  кәсіптік  деңгейін  арттыру  үшін  болашақ  педагог 
маманның  кәсіби  бейімделуін  қалыптастыру  мәселесі  кезек 
күттірмейтін  қоғам  талабы.  Бұл  мұқтаждықты  қанағаттандыру 
үшін  жоғарғы  оқу  орны  педагог  мамандар  даярлап,  жалпы  білім 
беретін мектептерге, қоғамдық ұжымдарға жыл сайын өз түлектерін 
аттандырады. Ал педагогикалық білім алған жас мамандар қоғамның 
басты талабын шешуге, оны жүзеге асыруға ат салысады.
Қызметке  жаңа  келген  жас  педагогтардың  кәсіби  әрекетінің 
табысты  болуы  олардың  педагогикалық  ұжымының  өміріне 
қаншалықты тез араласып кетуіне және еңбек іс-әрекетінде өздерінің 


175
кәсіби қызметтерін қаншалықты нәтижелі орындауына байланысты. 
Себебі  қазіргі  кезеңде  еліміздегі  нарықтық-экономикалық  және 
ғылым  мен  білім  саласындағы  өзгерістерге  байланысты  оқу 
орындарындағы  қызметке  жаңаша  қарау  талап  етіледі.  Ол  өз 
кезегінде  саналы,  білімді,  дарынды,  мәдениетті,  белсенді  болуды 
және  қандай  қиындық  болсын  төзіп,  жұмыс  істей  алатын  жас 
педагог-мамандарды  қажет  етеді.  Ендеше  оларды  дайындауда  өзі 
білім алатын жоғарғы оқу орын ұстаздарының ролі өте зор.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру 
жүйесінің  жеке  адамды  қалыптастыруға,  жетілдіруге  және  кәсіби 
шыңдауға  бағытталған  бағытталған  рөлі  атап  көрсетілген.  Демек, 
Қазақстандағы  жоғарғы  білім  беру  саласындағы  алға  жылжу  мен 
дамудың қозғаушы күші төмендегідей болып келеді:
- педагогикалық дағдыларды, яғни іскерліктерді қалыптастыру;
- оқу жоспарында және пәндерді оқыту әдістемесінде тұрақты 
инновацияға талпыну;
- жоғары білім беретін мекемелердің қажетті элементі ретінде 
педагогикалық кафедралардың кәсіби деңгейінің өсуін қадағалау;
Педагогикалық  ұжымға  келісімен  жас  педагогтың  тұлғалық 
жауапкершілігі артады. Ол басқа да ұстаздармен қатар балалардың 
білімі мен тәрбиесіне жауап береді. Мұғалім еңбегі үздіксіз ізденісті, 
өз білімін жетілдіріп отыруды, өзін-өзі жан-жақты тәрбиелеуді талап 
етеді. Педагогикалық ұжым жұмысын өмірдің талабына сай жүргізу, 
оқу-тәрбие саласындағы зерттеушілік, тәжірибе алмасу жақтарына 
мән беру мұғалімдердің ізденісіне шек қоймау, қайта оған жағдай 
жасап отыру ұстаздың іскерлік негіздерін меңгеруіне ықпал етеді.
Ұстаздың  өз  бетінше  білім  жетілдіруі,  осы  саладағы  үздіксіз 
ізденісті,  озат  тәжірибені  қолдануы,  оны  өзгелерге  насихаттауы, 
жаңашылдық танытуы, өзін-өзі тәрбиелей алуы, іскерлік негіздері 
- педагогикалық шеберлікке жеткізудің бір жолы болып саналады.
Қазіргі  таңдағы  зерттеулер  көрсетіп  отырғандай,  жоғарғы  оқу 
орнындағы кәсіптік бейімделу жұмыстары қызметін жаңа бастаған 
жас педагог маман бейімделу кезеңінде қиындықтарға кездеседі.
Еңбек  жолын  жаңа  бастаған  жас  педагог  мамандарда  қажетті 
психологиялық-педагогикалық білімдердің, білік пен дағдылардың 
болмауы,  педагогикалық  жұмысқа  даярлығының  жеткіліксіздігі, 
жіберген қателіктері мен сәтсіздіктері өкініш, көңілі қалу сезімдерін 
туғызады.  Туындаған  мәселелердің  қиындығы  және  оларды  жеңу 


176
жолдарын анық білмеуі олардың көңілінде сенімсіздік туғызып, жас 
педагог мамандардың кәсіби бейімделуіне кері әсерін тигізеді.
Жас педагог мамандардың кәсіби бейімделу процесі ішкі және 
сыртқы қайшылықтармен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
Қазақстан республикасы
бағалауға арналған
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
білім беретін
республикасы білім
әкімінің аппараты
Қазақстан республикасының
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
мерзімді жоспар
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...