ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011

Loading...


Pdf көрінісі
бет61/189
Дата27.02.2021
өлшемі1.89 Mb.
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   189
мыналар жатады: 
- Ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі 
мен нәтижесінің қанағаттануы
- Ресми және бейресми жетекшілердің беделін мойындауы; 
- Ұжымдағы жарқын, көтерінкі көңіл-күй; 
- Ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-өзі басқаруға 
қатысуының жоғары деңгейі; 
- Ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшылдығы;
- Сапалы тәртіп;
- Еңбектің өнімділігі
- Кадрлардың тұрақтылығы. 
Қолайлы  әлеуметтік-психологиялық  климаттың  бұл  белгілерін 
педагогикалық ұжымға баға беруде қолданылуға болады.
Әлеуметтік-психологиялық  климат  қалыптасқан  жағдайда  ол 
ұжым  мүшелеріне  жағымды  немесе  жағымсыз  ықпал  жасайды. 
Өзара ақыл, ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда тәжірибелі 
немесе жас мұғалім бірлескен қуаныш табады. Ал немқұрайдылық, 
селқостық  немесе  қысым  үстемдік  еткен  жағдайда  ұжым  мүшесі 
ұнжырғасы  түсіп,  қағажау  көреді.  Бұл  жағдай  оның  кәсіптік 
қызметінің төмендеуіне, дау-жанжалдың пайда болуына, тіпті басқа 
ұжымға ауысуына апарып соғады. 
Кең көлемдегі кәсіптік педагогикалық міндеттерін атқара жүріп 
мұғалім өзін және еңбегін жұртшылықтың бағалауын қажетсінеді. 
Педагогтар  әсіресе  беделді  адамдар  тарапынан  берілген  бағаны 
түсінуге бейім. Жағымды баға педагогты ынталандырады. Жағымсыз 
баға  өзінің  қызметін,  кәсіптік  позициясын,  өзгелермен  қарым-
қатынасын қайта қарауға негіз болады. Сондықтан педагогикалық 
ұжымдағы қатынас өзара сыйластық, принципті, талапшылдық әрі 
тілеулестік сипатта болуды талап етеді. 
Әлеуметтік-психологиялық 
климаттың 
тұлғаға 
ықпал 
жасауының механизмі еліктеуден - өзге адамдардың сезімін, ойларын 
тікелей  қолдану,  пайдаланудан  тұрады.  Педагогикалық  қызмет 
барысында  кейбір  мұғалімдер  өзара  әріптестерінің  эмоциялық 
жағдайын түсінуге және оған төзуге қабілетті болса, екіншілер оның 
психологиялық  жағдайына  талдау  жасап,  өз  сенімі,  ықыласымен 


133
сәйкес  келетін,  келмейтіндігін  салыстыруға  бейім.  Ұзақ  уақыт 
бірлесе қызмет жасау, мүдде ортақтығы жағымды еліктеу процесін 
едәуір  жеделдетеді.  Өз  әріптесінің  сезімдік-психологиялық  көңіл-
күйін  танып,  оны  түсіне  алған  педагог  қалыптасқан  жағдайда 
шығудың оңтайлы шешімін өз басынан іздестіреді. 
Өзара  әрекеттестіктен  екінші  жағы  жеке  тұлғаның  ұжымдағы 
климатқа ықпалынан тұрады. Обал, сауапты білетін, принципті, іске 
жауапкершілікпен қарайтын, тәртіпті, көпшіл, қайырымды, әдепті 
педагогтар ұжымда жағымды климат қалыптастыруға елеулі ықпал 
жасай  алады.  Ал  керісінше,  тоғышар,  әдепсіз,  тәртібі  тиянақсыз, 
ұжым мүшесі жағымсыз климат орнықтыруға ықпал жасайды. 
Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллектуалдық, 
сезімдік  және  мінездерінің  жігерлілік  белгілеріне  тәуелді  болып 
келеді.  Жекелеген  педагогтардың  танымдық  белсенділігі,  өнер 
тапқыштығы  ұжымды  инновациялық  қызметті  дамытып,  жаңа 
технологияларды  іздестіруге ұмтылады. Жігерлі педагог-жетекші 
өзгелерді соңынан ерте алады. Егер ұжым мүшелерінің ақыл-ойы, 
сезімі,  ерік-жігері  педагогикалық  қызметке  жұмылдырса,  онда 
табысқа жету қиын емес. 
Жағымды  психологиялық  климат  қалыптастыруға  кедергі 
жасайтын  факторлардың  қатарына  ұжымдағы  келіспеушілікті 
немесе «Климаттық ауытқуды» атауға болады. 
Конфликт”  сөзі  латын  тілінен  аударғанда  “Conflkt’s”  – 
қақтығысу мағынасын білдіреді. 
Шетелдік педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде конфликт 
деп құндылық үшін күрес және белгілі бір статус, ресурстар үшін 
таласу барысында қарсыласты бейтараптандыру, зиян келтіру деп 
көрсетіледі. (Л. Козер).
Психологиялық  тұрғыда  конфликт  дегеніміз  әр  түрлі  адамдар 
арасындағы  қақтығыс,  ортақ  қажеттіліктердің,  ойлар  мен 
сезімдердің болмауы.
Педагогикалық конфликтінің ерекшеліктері:
-  Проблемалық  ситуацияларда  мұғалімнің  дұрыс  шешім 
қабылдауға жауаптылығы;
- Конфликтіге қатысушылар әр түрлі әлеуметтік статусқа ие;
- Өмір тәжірибесі әр түрі;
- Конфликт тәрбиелік мәнге ие болуы тиіс;
- Мұғалім инициативаны өз қолына алуы керек;


134
- Кез келген қателік жаңа проблема тударуы мүмкін.
Конфликтінің түрлері:
- тұлға ішілік
- тұлға аралық
- топ аралық
- тұлғалық-топтық
Тұлға  ішілік  конфликт  –  бұл    тұлғаның  мотивтері, 
қызығушылықтары, арасындағы күресті бейнелейді.
Тұлға  аралық  конфликт  –  бұл  тұлғалар  арасында  бір-біріне 
қарама-қарсы келетін мақсаттарды орындау барысында іс-әрекетте 
туындайтын конфликтілермен сипатталады.
Топ  аралық  конфликт  –  бұл  әлеуметтік  топтар  арасында 
мақсаттар  мен  оларға  жету  жолдарының  қарама-қарсы  келуінен 
туындайтын конфликтілер. 
Тұлғалық-топтық  конфликт  -  тұлғаның  мінез-құлқы  мен 
тәлім-тәртібі  топтың  нормалары  мен  қалауына  сәйкес  келмегенде 
туындайды.
Конфликтінің туындау себептері (М. М. Рыбакова бойынша) :
- іс-әрекет конфликтілері;
- қарым-қатынас конфликтілері;
- әрекет конфликтілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...