ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011

Loading...


Pdf көрінісі
бет60/189
Дата27.02.2021
өлшемі1.89 Mb.
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   189
Негізгі ұғымдарұстаздық әдеп, тіл табысу
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы 
тек  айналасындағылармен  қарым-қатынас  жасау  процесінде  ғана 
қалыптасады,  қоғамдық  тәрбие  арқылы  адам  белгілі  мазмұнға  ие 
болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. 
Қоғамнан тыс адам өмірінін болу мүмкін емес. 
Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-
қатынасқа  түсуді  қажетсінеді.  Мәселен,  нәрестенің  анасымен 
«тілдесу» қажетін қанағаттандырмау- біртіндеп оның қасаң сезімді, 
мейірімсіз  болып    өсуіне  кішкентайынан  айналасына  әкеліп 
соқтыратыны байқалып жүр. Cөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа 
түсу қай жастағыларға болмасын оған киім-кешек, баспана, ұйқы, 
демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс 
қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап 
басқалармен араластырмай ұстау жазаның ең ауыр түрі екендігіне 
шүбә  келтіруге  болмайды.  Өзгелермен  қарым-қатынас  жасау,  бұл 
тіршілікке  аса  маңызды  ақпарат  алмасу  деген  сөз.  Адам  қарым- 
қатынас  арқылы  айналасындағы  дүние  жайлы  мәлімет  алады, 
еңбек  пен  тұрмыс  дағдыларына  машықтанады,  адамзат  жасап 
шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас 
ақпарат алумен шектелмейді, оның  шеңбері аса кең, бұл көп қырлы 


130
ұғым.  Біздің  бәріміз  де  бір-бірімізбен  қарым-қатынас  жасаймыз. 
Қарым-қатынас  дегеніміз  тіл  арқылы  пікір  алысу.  Адамның 
ең  жарқын  ерекшеліктерінің  бірі  –  оның  сөйлеу  қабілеттілігі. 
Сөз  -  адам  психикасының  өмір  сүруінің  аса  маңызды  факторы. 
Қарым-қатынассыз  қоғам  ыдырап  кетеді.  Қарым-қатынас  жасау 
мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарым-
қатынас адам іс-әрекетінің таным және еңбекпен қатар жеке адамды 
қалыптастыратын аса маңызды түрі болып табылады. Лингвистер 
тілді  қарым-қатынас  құралы,  қоғам  жасаған  білімдерді  таратушы 
ретінде зерттеп келеді. 
Коммуникацияның түрлі формаларын зерттеу, адамның қарым-
қатынас жайлы білімімізді кеңейтті. Сөйлеу құралымен қатар адам 
қарым-қатынасының  сөзден  тыс  жолдары:  келбет,  ым,  мимика, 
серіктестердің бір-біріне қатысты жағдайы, бейнелеу кең зерттеле 
бастады. 
Адамның  сыртқы  түрі  саналы  өзгереді  және  белгілі  дәрежеде 
адам  өзі  оны  өзгертеді.  Адам  келбеті  физиономиялық  маскадан, 
киімнен,  жүріс-тұрыс  кейпінен  құралады.  Физиономиялық  маска 
адамның  басым  ойынан,  сезімінен,  қарым-қатынасынан  тұрады. 
Физиономиялық  маскалардан  ызғарды,  жайдарлылықты,  өр 
көкіректікті, мейірбандықты және басқаларды аңғаруға болады. 
Педагогикалық  қарым-қатынас  өте  күрделі  процесс.  Тәрбие 
әдістері  педагогикалық  қарым-қатынас  арқылы  іске  асады.  Оған 
көптеген адамдардың қатынасы балаға ықпалы жатады. Ұстаздық 
қызмет  ұстаздық    қызметті  ұйымдастыру,  балаларды  ұжымда 
тәрбиелеу, балалардың өзара қатынасын ұйымдастыру, балалардың 
өзара  қатынасы  бала  тәрбиесіндегі  қолданатын  әдіс,  тәсілдері, 
құралдары  болып  табылады.  Мұның  бәрі  педагогикалық  қатынас 
арқылы іске асады, ұстаз баланы соған тәрбиелейді. 
Шындығында,  педагогикалық  қатынас  ұстаздың  шәкіртке 
қатынасты дұрыс жүргізу үшін ынта керек. Ынта дегеніміз - белгілі-
бір  іске  адамның  ықыласпен  кірісіп,  оны  нәтижелі  орындауы, 
алдына қойған мақсатты жете түсінуі. Ұстаздың ынтасы оқу-тәрбие 
процесінде дамиды. 
Ұстаздық  педагогикалық  қатынасты  жүргізу  үшін  бейімділік 
керек, яғни мұғалімдік мамандыққа бейімділік, балалармен қарым-
қатынас жасау, олармен ойнау, жұмыс істеу процесінде білінеді. 
Педагогикалық  қатынасқа  ұстаздың  қабілеті  де  керек.  Белгілі 
іске  бейімділік  және  адамның  қабілетіне  байланысты.  Ал  жеке 


131
адамның  белгілі  іс  әрекетінің  нәтижесін    танытатын  психикалық 
қасиетті қабілет дейді. 
Сонымен,  педагогикалық  қатынас  жасау  ұстаздың  балаға 
сүйіспеншілігі,  қызметіне  ынтасы,  бейімділігі,  қабілеті,  ұстаздық 
нышаны, дарындылығы болу керек. 
Күнделікті өмірде адам тек қана ұжыммен емес жеке адаммен 
де қарым-қатынаста болады. Үлкен болсын, кіші болсын, ұстаз бен 
шәкірт, шәкірт пен шәкірт т.б. өзара қарым-қатынаста болады. Олар 
айтысады, тартысады, пікірлеседі, ой  бөліседі. Соның арқасынды 
өмірден  мол  тәжірибе  жинақтайды,  тәрбие  әдістерін,  тәсілдерін 
қолданады.  Қазіргі  қатынас  кешегі  кеңес  дәуіріндегі  қатынастан 
бөлек.  Ол  -  ашық  бүкпесіз  қатынас.  Жеке  қарым-қатынастан 
ұжымдық  қарым-қатынасқа  көшеді.  Қарап  тұрсақ,  ұжымның  өзі 
көптеген  жеке  топтардан  2-3  адамдардан  тұрады.  Бұл  әрбір  жеке 
адамның  жас  дүниесін,  рухын  байытады,  сауатын  ашады.  Ұжым- 
әрбір жеке адам үшін тәрбие мектебі. 
Ұжымдағы  көңіл-күймен  қоғамдық  пікір  эмоциялық  күш-
қуатпен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік-
психологиялық климатпен айқындалады. «Психологиялық климат», 
«Әлеуметтік  психологиялық  климат»,  немесе  «Микроклимат» 
ұғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. Әлеуметтік-
психологиялық  климат  ұжым  мүшелерінің  бірлескен  іс-әрекетпен 
өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-
психологиялық  жағдайларының  жүйесін  білдіреді.  Әлеуметтік-
психологиялық  климатты  осылай  түсіне  отырып,  оның  мынадай 
негізгі  қызметтерін  атауға  болады.  Педагогикалық  ұжымның 
әлеуметтік-психологиялық климатының топтастырушылық қызметі 
ұжым мүшелерінің оқу-тәрбие міндеттерін шешуге ұжымдық күш-
жігерді топтастыруын, бірігуін іске асырады. Ынталандырушылық 
қызметі  педагогикалық  әрекеттің  қолдануына  қажетті  ұжымның 
«эмоциалдық 
күш-қуатын» 
қалыптастыруға 
байланысты. 
Тұрақтандырушылық 
қызметі 
ұжымішілік 
тұрақтылығын 
қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт 
жасайды. Реттеушілік қызмет өзара қатынас нормаларын нығайтуда, 
ұжым мүшелерінің тәртібіне баға беруде көрінеді. 
Психологияда  қолайлы  әлеуметтік-психологиялық  климаттың 
басты көрсеткіштерін айқындау бағытында зерттеулер жүргізілуде. 
Бір  жағдайларда  көрсеткіш  ерекшеліктері  ретінде  тұлға  аралық, 


132
адамгершілік, сезімдік, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, 
ендігі  бір  жағдайларда  ұжымдық  әрекет  тиімділігінің  барынша 
жалпы  сипаттамасына  аса  мән  беріледі.  Ондай  сипаттамалаға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...