ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011

Loading...


Pdf көрінісі
бет54/189
Дата27.02.2021
өлшемі1.89 Mb.
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   189
Либералды стиль. Мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады, 
барлығын  оқушыларға,  қызметтестеріне  ысырады.  Оқушылардың 
іс-әрекетін  ұйымдастыру  және  бақылау  жүйесіз  жүзеге  асады, 
шешімсіздік, толғаныс байқалады. Сыныптан тұрақсыз микроклимат, 
жасырын келіспеушіліктер орын алады. Мұнда оқушылардың пікір 
бостандығының  мөлшерсіздігінен  аузы  барғанша  сөйлеп,  аяғы 
барғанша жүреді.


124
1)  Өзара  қарым-цатынастардың  және  коммуникативті 
әрекеттердің  жалпы  сипаттамасының  ерекшеліктері.  Көптеген 
деңгейде жаттығулар мен жүктемелерді тандауда еркіндік беріледі. 
Жаттығушыларға  жоғары  жауапкершілікті  байқатқысы  келеді. 
Тұлғааралық  қарым-қатынастарды  онша  ажырата  алмайды. 
Белсенді жаттығушылардың-пікіріне көп көңіл бөледі.
Тіл табысу мәнерінің ерекшеліктері. Жаттығулар кезінде нысан 
ретінде  жаттығушылардың  ішіндегі  мықтыларын  таңдайды.  Өзге 
стильдермен  салыстырғанда  ұйымдастыру  ақпараты  екі  еседей 
көп болады. Сөйлесу формаларының колдау және ескерту түрлерін 
колданады. Жақсы дауыс ырғағын қолданғанды ұнатады.
Тұлғалық  қасиеттерінің  ерекшеліктері.  Бұл  стильге  мына 
қасиеттер  тән:  ұстамдылық,  ренжімеушілік,  тактикалық,  қайы-
рымдылық, қарапайымдылық.
Либералды стиль  жаттықтырушысының  сипаттамасы.
(Өзін іштей сенімді ұстайды. Топты қадағалап және қателіктерін 
түзетуде  қарапайым,  жұмсақ  тілмен  сөйлейді  (мысалы,  «Гүлім-ау, 
басыңды түзу ұстасаңшы» т.б.).
Коммуникацияның түрлі формаларын зерттеу, адамның қарым-
қатынас жайлы білімімізді кеңейтті. Сөйлеу құралымен қатар адам 
қарым-қатынасының  сөзден  тыс  жолдары,  келбет,  ым,  мимика, 
серіктестердің бір-біріне қатысты жағдайы, бейнелеу кең зерттеле 
бастады.
Жетекшіліктің  үшінші  бір  типі  либералдық  деп  аталады. 
Мұндай  тип  ұжым  ісіне  аз  араласады,  кейде  оларды  бетімен 
жібереді. Ол көбінде басшылықты жүрдім-бардым жасайды. Әрине 
мұндай  жерде    біркелкі  жұмыс  болмайды,  ұйымдастыру,  басқару 
жұмысының  шырқы  бұзылады.  Осының  салдарынан  тәртіпшілік, 
жинақылық,  ширақтық  жағы  кем  болады.  Мұндай  сәтте  бетімен 
кетушілікке, анархиялық пікірлердің ауа жайылуына  да жағдай туу 
мүмкін (95,96).
Адамның  сыртқы  түрі  саналы  өзгереді  және  белгілі  дәрежеде 
адам  өзі  оны  өзгертеді.  Адам  келбеті  физиономиялық  маскадан, 
киімнен,  жүріс-тұрыс  кейпінен  құралады.  Физиономиялық  маска 
адамның  басым  ойынан,  сезімінен,  қарым-қатынасынан  тұрады. 
Физиономиялық  маскалардан  ызғарды,  жайдарлылықты,  өр 
көкіректікті, мейірбандықты және басқаларды аңғаруға болады.
Сыртқы  пішін  және  физиономиялық  маска  біршама  тұрақты 
болады.  Қарым-қатынастың  динамикалық  қыры  мимикамен  ым-


125
ишарадан байқалады. Мимика дегеніміз - қарым-қатынас кезіндегі 
беттің  құбылысы.  Ым-ишара  дегеніміз  -  психикалық  күйді 
байқататын әлеуметтік қалыптасқан қимыл. Мимика да ым-ишара 
да туа біткенімен коммуникацияның қоғамдық құралдары ретінде 
дамып отырады.
Эмоционалдығы жай және қарапайым дауыс ырғағымен бағалау 
кезінде ашылады, ал әуесқойлығы - жаттығулар көрсеткен немесе 
жаттығушылардың біреуінің жақсы орындауына сүйсінген кездерде 
байқалады. Өте ұстамды, тактикалы. Бірақ сонда да келіспеушіліктер 
болып  жатады.  Көбіне  өз  әрекетінің  жазаланбағандығын  біліп 
тұрған жаттығушылармен келіспеушіліктер болады.
Келіспеушіліктер  үдеп  бара  жатқан  кезде  ескертулерді  жай, 
қарапайым дауыспен жасайды. Кез келген келіспеушіліктерде дауыс 
ырғағы сол күйі сақталады.
Сауалнама  нәтижелері:  «О.И.  -  өте  қайырымды,  еш  уақытта 
дауыс  көтермейді»;  «Өте  қатты  талап  қоймайды,  кешірімді.  Мен 
не  десем  де  шыдайды,  себебі  мен  өзгелермен  салыстырғанда  өте 
жақсы шынығамын».
Тұлғаның  тұрақты  сипаттамалары  ретінде  педагогикалық  тіл 
табысу  стилі,  бірінші  жылдары  негізінен  кәсіптік  іс-әрекетпен 
ажырамастай  тығыз  байланыста  болады.  Педагогикалық  тіл 
табысудың  негізгі  дағдылары  болмаған  жағдайда  жаттықтырушы 
алғашқы  кезден  бастап-ақ  спортшылармен  өзара  байланысты 
ұйымдастыруда авторитарлы тәсілдерді қолданады. Педагогикалық 
тіл  табысудың  мейлінше  оптимальды  стилінің  құрылу  үрдісін 
жақсы  үздіксіз  өткізу  үшін  жас  маманның  тап  болған  ұжымы 
шығармашыл қабілетті және оның жетекшісі де тәжірибелі мұғалім 
болуы  тиіс.  Жаттықтырушының  коммуникативті  дағдысының 
болуы,  педагогикалық  тіл  табысу  техникасын  игеруі  -  маңызды 
шарт болып саналады.
Жаттықтырушының өзіндік тіл табысу стилінің жеке бейнесін 
анықтайтын  негізгі  фактор  құрылым  болып  табылады.  Құрылым 
деп жаттықтырушының тұтастай әрекет ету бағдарламасын, алдын 
ала  белгілі  жағдайларды  қабылдай  білуге  даярлығын  түсінеміз. 
Құрылым  жаттықтырушының  құнды  бағыттарын  ашып  көрсетеді, 
оның  спортшыға,  ұжымға,  жаттығу  үрдісіне  және  сайыстарға 
деген көзқарасын анықтайды. Педагогикалық тіл табысуды зерттеп 
жүрген көптеген психологтар жаттықтырушының спортшыға деген 
қатынасында позитивті немесе негативті кұрылым жөнінде айтады.


126
Егер топта өзара сыйластық, жолдастық, қолдау, қайырымдылық 
байқалып,  жақсы  эмоционалды  күй  орнату  үшін  спортшылар 
жаттықтырушының  бағалауынан  үнемі  шындықты  және 
нысандылықты сезуілері тиіс.
Жаттықтырушы  тіл  табысу  кезінде  жеке  тұлғалық,  диффе-
ренциалды қатынасты жүзеге асыра алуы тиіс. Жаттықтырушы өз 
құрылымдары мен бағалауларында реалист және нысаншыл болуға 
тырысуы қажет.
Жаттықтырушының  коммуникативті  әрекеттерді  меңгеруі 
педагогикалық тіл табысудың мазмұны мен сипаттамасы көптеген 
факторлармен анықталатындығын көрсетеді және олардың ішінде 
тіл табысудың жеке стилі мен құрылым негізгі анықтауыштар болып 
табылады.  Бірақ  жаттықтырушы  спортшылармен  тіл  табысуын 
сезіну арқылы жүзеге асыруы тиіс. Өзіндік педагогикалық тіл табысу 
қабілеттілігінің қалыптасуындағы негізгі шарт - жаттықтырушының 
тіл табысу үрдісінің заңдылықтарын білу.
Жетекші,  басшы  және  оның  қоғамдағы  орны  туралы  қазақ 
халқының  өткендегі  рухани  мұрасында  да  сындарлы  пікірлер  аз 
емес. Мәселен, Ш. Уәлиханов жақсы басшы, ақылды, жан-жақты 
білімді, айналасындағы адамдарды бес саусағындай білетін жұрттың 
жақсы-жаман  істерін  әділ  бағалайтын,  табанды  да  қайсар,  ерік-
жігері  күшті,  ұйымдастыру  іліммен  қаруланған,  халыққа  қиянат 
жасамайтын, жағымпаздық пен тамыр-таныстыққа жаны қас, өзіне 
жақсы  жәрдемші  таңдап ала білетін, көрегенді басшы болуы қажет 
дейді.
Топтағы  адамдарды  танып-білу,  мәселесі  психологиялық 
үйлесім ұғымымен тығыз байланысты. Бұл- ұжымдағы ортақ істің 
табысты болуындағы адамдардың өз қызметінен рахат, ләззат алуын 
қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін психологиялық жағдай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...