ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011

Loading...


Pdf көрінісі
бет53/189
Дата27.02.2021
өлшемі1.89 Mb.
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   189
Демократиялық  стиль.  Оқушылар  қарым-қатынаста  тең 
дәрежелі.  Мұғалім  шешімді  оқушылармен  бірлесіп  қабылдайды, 
олардың  ойларын,  пікірлерін  ескереді.  Мұғалім  тек  үлгерімге 
ғана  емес,  оқушылардың  жеке  тұлғалық  сапаларына  мән  береді. 
Мұндай  мұғалімдерге  үлкен  кәсіби  тұрақтылық,  өз  мамандығына 
қанағаттану тән.
1)  Өзара  қарым-қатынастардың  және  коммуникативті 
әрекеттердің  жалпы  сипаттамасының  ерекшеліктері.  Өзара 
қарым-қатынас  тұлғаның  сыйластық  негізінде  кұрылады. 
Тапсырмалар  мен  бұйрықтарды  еркін  талдау  жеткілікті  деңгейде 
рұксат  етіледі.  Жаттығушылардың  өзара  тұлғалық  қатынасына 
қарай ұйымдастырылады. Жұмыс «кім кіммен топтасқысы келеді?» 
сұрағы бойынша және тұлғалық пікірлерге қарай құрылады. Топтан 
ешкімді бөлмей, бәріне бірдей көңіл бөледі.
2)  Тіл  табысу  мәнерінің  ерекшеліктері.  Өзге  стильдермен 
салыстырғанда,  тәрбиелік  ақпараттар  қолданылады.  Кеңес  беру, 
өтіну,  нұсқау  беру  түрінде  жетекшілік  етеді.  Дауыс  ырғағы  түзу, 
нақты, бірақ тәрбиелік тұрғыдан әсер ету кезінде ирония да, әзіл де 
сонымен қатар достық дауыс ырғағы да араласады.
3)  Тұлғалық  қасиеттерінің  ерекшеліктері.  Тұлғалық  қасиет-
тері  тұтастығымен,  өзіне  және  өзгеге  талап  қоя  білуімен,  тік 
мінезділігімен, тактикалығымен сипатталады.
Демократиялық стиль жаттықтырушысының сипаттамасы.
Өзін сенімді ұстайды. Барлық топты барлап отырады және әрбір 
жіберілген қателіктерді байқай біледі. Түзету кезінде көбіне нақты 
нұсқау  формасын  қолданады,  мысалы,  «Қолды  көтер!».  Дауыс 
ырғағы еркін, іскер, қайырымды.


123
Өз  ісіне  деген  эмоционалдығы  жаттығушымен  үзіліс  кезінде 
немесе  дайындықтан  кейін  жүргізілетін  табиғи  кеңес  кезінде 
ашылады.  Егер  топтық  жиын  кезінде  бір  оқушының  келмей 
қалғандығы анықталып, келесі бір оқушы өзін ата-анасы жібермей 
қалғандығын  жеткізсе,  жаттықтырушы  оларға  егер  баскетболды 
шын жүрегімен сүйсе, онда ата-ананы да оны сүйе білуге тартулары 
керектігін түсіндіреді.
Жаттықтырушылардың  сөйлеу  формалары  әр  түрлі  болып 
келеді:  нақты  тактикалық  нұсқаулар  (мысалы:  «Иығыңды  түзе!»), 
қолдау көрсету (мысалы, «жарайсың!»), қолдамаушылық (мысалы, 
«мен бүгін сенің әрекетіңе қанағаттанбаймын») жэне т.б.
Жаттықтырушы  ұстамды,  тактикалы  болғандықтан,  окушылар 
оның барлық талаптарын ризалықпен орындайды. Жаттықтырушы 
кәсіптік қарым-қатынаста да (топ облыстық олимпиада да чемпион 
атағын  жеңіп  алды),  жеке  (жаттығушылар  өз  шаруасымен, 
уайымымен жаттықтырушыға жолығады) байланыста да белсенділік 
танытады.
Жаттықтырушы топты жақсы бағалайды және оның болашағы 
оны толғандырады.
Жаттығушылар  оған  шын  ықыласымен  төлем  төлейді. 
Сауалнамалардан:  «Ол  барлығын  бірдей  бағалайды,  ал  бұл  ең 
бастысы»;  «Басқа  жаттықтырушыны  дәл  осы  кісідей  жақсы  көре 
алмайтын  сияқтымын»;  «Барлығына  бірдей  қарым-қатынаста 
болады», т.б.
Демократиялық типтегі жетекші ұжым мүшелерінің пікірлерімен 
есептесіп  қана  шешім  қабылдайды,  жұрттың  талаптары  мен 
ұсыныстарын тыңдауды қалайды. Мұндай лидер - топ мүшелерінің 
бастамаларын  мақұлдайды, сөйтіп олардың рухани қанағаттануына 
жағдай жасайды. Ол жиналыс үстінде сын мен өзара сын өрістеуіне 
мүмкіндік береді, ұжымнан ешнәрсе жасырмай, әр кез адамдардың 
көңіл-күйіне    жақсы  әсер  етіп,  олардың  ықыласы  мен  сеніміне 
бөленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...