ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011

Loading...


Pdf көрінісі
бет22/189
Дата27.02.2021
өлшемі1.89 Mb.
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   189
Негізгі ұғымдарпедагогикалық қызмет, кәсіби педагогикалық 
қызмет, кәсіби шеберлік, кәсіби  қызмет құрылымы.
Мұғалім  еңбегі  басқа  қызметтермен  салыстырғанда,  өзіндік 
ерекшелігі  мол  шығармашылықты  сүйеді.  Мұғалім  еңбегінің 
ерекшелігі  оның  баламен  үнемі  қарым-қатынаста  болуымен  және 
рухани  араласуымен  сипатталады.  Сол  себепті  мұғалімнің  жалпы 
мәдениетінің  жоғары  дәрежеде  болуы  оның  интеллектуалдық 
мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы ұстаздық қызметті 
тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.
Баланың  тұңғыш  ұстазы-оны  мектеп  табалдырығын  алғаш 
аттағанда  күтіп  алып,  әріп  танытып,  жазуға  үйрететін  мұғалімі. 
Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен 
жүзеге  асырылатыны  айқын.  Мысалы,  оңайдан  қиынға,  жеңілден 
ауырға,  нақтылы  түсініктен  абстрактылы  ұғымға  біртіндеп  ауысу 
ережелерін  және  оқушылардың  жасы  мен  дербес  ерекшеліктерін 
еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету 
қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет - оқушыларды 
біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете 
білуге үйрету және тәрбиелеу. 
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының 
бойына  шынайы  білім,  білік,  дағдыларын  дарытып,  зердесіне 
ғылыми  негіздерін  тоқыта  алған,  үйренген  нәрселерін  өмірде,  іс 
жүзінде  қолдана  білуге  жаттықтыра  алған  сөйлеген  сөзі,  істеген 
ісі,  парасат  пайымы,  инабаты,  білімінің  тереңдігі  мен  жан-


41
жақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған адам 
ұстазға  саналады.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  ұстаз-  адамдардың 
өмірге  көзқарасын,  сенімін  қалыптастыратын,  оларға  өмірден  өз 
жолын  дұрыс  таба  білуге  көмектесетін,  айналасына  білім,  тәрбие 
нұрын  шашып,  адамгершілік  нұрын  төгетін  қоғамдық  қайраткер, 
ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытта дамып, 
көркеюіне  із  қалдыратын  өмір  тәжірибесі  мол  дана  адам  болып  
табылады.
Сондықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары 
ұстаздық шеберлік, шыныққандық, моральдық таза, табанды, ерік 
жігерлі, парасатты мінез-құлық талап етіледі. 
Мұғалім - мәдениеттің қайнар көзі, жастарды қалыптастыратын 
мүсінші, адамтану мамандығының иесі. Мұғалімдік қызметтің басқа 
мамандықтан ерекшелігі оның сауаттылығында, көрегендігінде және 
баланы  сауаттандырып,  Отанын,  ұлтын  сүюге  тәрбиелеуде.  Басқа 
мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы - ең алдымен оның 
жұмысында  да,  үйде  де  білімін  ұлғайтып,  тереңдетуге  айырықша 
қабілетті  болуы  талап  етіледі.  Ғылыми  материалмен  жұмыс  істей 
отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге 
тырысып,  оқушылардың  өз  пәніне  деген  ынта-ықыласын  қалай 
туғызып, тереңдету жағын ойлайды.
Мұғалім  мамандығы  тек  әлеуметтік  тәжірибені  алмастырушы 
ғана  мамандық    емес,  ол  тұлға  қалыптастырушы,  адамды  адам 
ретінде  тәрбиелейтін  мамандық.  Сондықтан  мұғалім  тұлғасында 
мынадай қасиеттер болуы керек: 
- жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік;
- балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға 
деген қажеттілігі мен қабілетінің болуы;
- шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс 
жасауға деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы;
-  жоғары  кәсіби  шеберлік,  ғылыми-педагогикалық  ойлаудың 
инновациялық  стилі,  жаңа  құндылықтар  тудыруға  және 
шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындық;
-  үнемі  өзін-өзі  тәрбиелеуге  және  өзін-өзі  жетілдіруге  деген 
қажеттілігі мен дайындығының болуы;
-  психикалық  және  физикалық  денсаулығы,  кәсіби  жұмыс 
жасауға қабілеттілігі және т.б.
Мұғалім 
мамандығы 
шығармашылық 
сипатқа 
ие 
мамандықтардың  бірі.  Мұғалім  үнемі  ізденіс,  шығармашылық 


42
үстінде  болуы  тиіс.  Шығармашылық  педагогикалық  іс-әрекеттің 
ұйымдастырылуы  мен  оның  мазмұнын  тиімді  құрастыруға  ықпал 
етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді 
шешуіне мүмкіндік жасайды.
Мұғалім  мамандығы  қарым-қатынас  жүйесінде  болуымен 
ерекшеленеді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы 
қарым-қатынас  жасау  іскерлігін  жоғары  деңгейде  игеруді  талап 
етеді.  Қарым-қатынас  арқылы  мұғалім  тұлғаға  ықпал  етіп,  оның 
тәрбиелі  болуы  мен  білімінің  қалыптасуына  жағдай  жасайды. 
Қарым-қатынас, яғни сөз мұғалім еңбегінің басты қаруы. 
Мұғалім  тұлғасы  үлгі,  өнегелік  сипатқа  да  ие.  Мұғалім  өзінің 
тек беретін білімі мен тәжірибесі арқылы ғана тұлға қалыптасыру 
процесіне  әсер  етпейді,  сонымен  бірге  оның  жеке  басының  өзі 
оқушы тұлғасына ықпал жасайды. Сондықтан мұғалім әрқашанда 
бала алдында адамгершілігі мол, тәрбиелі, адам жанын түсінетін,  
терең  білімді  еліктеу  үлгісі  болуы  керек.  Мұғалім  мектептен  тыс 
уақыттарда  өзінің  сөзі  мен  ісі  бір  жерден  шығып  жатуына  назар 
аударуы керек. 
Мұғалім – қоғам қайраткері. Мұғалімді мемлекет оқытып, білім 
беріп, мемлекеттің болашағын сеніп тапсырады. Ол қоғамның мұң-
мұқтажын жоқтайды, болашағын  ойлайды, соған қызмет етеді. Басқа 
саладағы қызмет түрлерімен салыстырғанда, педагогикалық қызмет 
- әлеуметтенген қызметтің ерекше түрі. Ол ересек ұрпақтың адамзат 
мәдениет тәжірибиесін жас ұрпаққа беруге, олардың тұлға дамуына 
жағдай  тудыру  және  оларды  қоғамда  белгілі  бір  әлеуметтік  рөлі 
орындау үшін дайындауға бағытталған. Бұл қызметті педагогтармен 
қатар,  ата-аналар,  қоғамдық  ұйымдар,  өнеркәсіп  басшылары, 
өндірістік  топтар,  бұқаралық  ақпарат  құралдары  атқарады.  Бірақ, 
педагогтар  мұнда  кәсіби  қызмет  атқарады.  Педагогикалық  іс-
әрекет  кәсіби  қызмет  ретінде  арнайы  ұйымдастырлған  білім  беру 
орындарында жүргізіледі. Педагогикалық қызметінің мәнін түсіну 
үшін  оның  құрылымына  талдау  жүргізу  қажет.  Оның  құрылымы 
мақсат,  мотив,  іс-әрекет  нәтижесі  бірлігінен  тұрады.  Мұғалім 
жұмысының  мақсатын  қоғам  анықтайды,  яғни  оның  әрекетінің 
мақсаты оқушының тұлғасын қоғамдық талаптарға сәйкес тәрбиелеу. 
Ол тарихи құбылыс, әлеуметтік даму бағытын бейнелейтін көрініс 
ретінде мақсат, адалдық, рухани және табиғи мүмкіншілігін есепке 
ала отырып, оған бір жағынана әлеуметтік және этикалық топтардың 


43
қызығушылықтары, екінші жағынан жеке тұлғаның қажеттілігімен 
қабілеттері жинақталған. 
Педагогикалық қызмет мақсатының негізгі объектілері ретінде 
тәрбиелік  ортаны,  тәрбиеленушілердің  әрекетін,  тәрбиелеуші 
ұжымды және тәрбиелеушілердің жеке ерекшеліктерін бейнелейді. 
Педагогикалық  қызметтің  мақсатын  жүзеге  асыру  тәрбиелік 
ортаны қалыптастыру, тәрбиеленушілердің әрекетін ұйымдастыру, 
тәрбиеленуші  ұжымды  тудыру.  Тұлғаның  даралығын  дамыту 
сияқты  міндеттерді  шешумен  байланысты.  Педагогикалық 
қызметтің  барлық  қасиеттерін  анықтайтын  негізгі  функцияналды 
бірлігі  ретінде  педагогикалық  іс-әрекеттің  танымы.  Мұғалімнің 
педагогикалық  іс-әрекеті  ең  алдымен  танымдық  формасында 
көрінеді.  Өзіндегі  бар  білімге  сүйене  отырып,  ол  теория  жүзінде 
өз  әрекетінің  құралдарын,  пәнін  және  нәтижесін  салыстырады. 
Танымдық  міндеттерді  психологиялық  тұрғыдан  өз  шешімін 
тауып  практикалық  өзгерістерге  айналады.  Мұғалімнің  іс-әрекеті 
түрлі  деңгейлердегі  міндеттерді  шешу  процесі.  Педагогикалық 
міндеттердің  спецификалық  ерекшелігі  олардың  шешімін  табуда. 
Педагогикалық қызметтің объектісі - адам. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...