ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011

Loading...


Pdf көрінісі
бет122/189
Дата27.02.2021
өлшемі1.89 Mb.
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   189
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Коджаспирова Г. М. Педагогика в схемах,таблицах и опорных 
конспектах. – М., 2008
2. Зязюн И. А. Основы педагогического мастерства. – М., 1989.
3. Василенко Ю. С. О голосе педагога. // Сов педагогика. – 1972.  
– №7. – С.86-92.
4.  Ножин  Е.  А.  Основы  советского  ораторского  искусства.-2-е 
изд., перераб. – М., 1981.
7.  Психологиялық  ұстанымдары,  оның  педагогикалық 
қарым-қатынастағы рөлі
Тапсырма: қарым-қатынас, оның ұстанымдары, рөлі.
Әдістемелік нұсқау: Бірнеше әдебиеттер бойынша әр бір ұғымға 
анықтама беріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сухомлинский В. А. Сто советов учителю // Избр. Произв.: 
В5т. –Т.2.-Советы 53, 94-96.
2.  Кан-Калик  В.  А.  Учителю  о  педагогическом  общении.-М., 
1987.-С.122-137.


240
Ильин Е.Н. Искусство общения. – М., 1988.
Натанзон  Э.Ш.  Приемы  педагогического  воздействия.  –  М., 
1972.
Мұғалімнің коммуникативтің білігі
Тапсырма:  Коммуникативтік  білік,  коммуникативтік  қабілет, 
коммуникативтік қарым-қатынас ұғымдарының мәнін ашыңыз, бір-
бірінен айырмашылығын анықтаңыз. 
Әдістемелік нұсқау: Бірнеше әдебиеттер бойынша әр бір ұғымға 
анықтама  беріңіз.  Ұсынылған  мақаланы  оқи  отырып,  мұғалімнің 
кәсіби біліктілігі туралы ойыңызды ашық айтуға дайындалыңыз.
Ғаламдандыру  күннен  күнге  өсіп  келе  жатқан  халықаралық 
бәсекелестік  қоғамда  болып  жатқан  өзгерістердің  ауқымы  мен 
қарқынының өсуі білім беру саласының, мемлекет дамуының  басты 
факторына айналуына себеп болды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет 
Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал  біліктілік 
сол білімді іске асыра білу дағдысы»,- деп бекер айтпаған. 
Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті 
–  білім  берудің  ұлттық  моделіне  өту  арқылы  жас  ұрпақтың  білім 
деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. 
«Қазақстан  Республикасының  2005-2010  жылдарға  арналған 
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» орта білім 
берудің мақсаты – алған білімінің, кәсіби дағдыларының негізінде 
өмірдің  өзгермелі  жағдайларында  еркін  бағдарлай  алатын,  өзінің 
білімін дамытуға, сол алған білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске 
асыруға  және  адамгершілік  тұрғыда  өз  бетінше  дұрыс,  жауапты 
шешім  қабылдауға  қабілетті  тұлға  қалыптастыру  екендігі  баса 
айтылған.
Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаев  Қазақстан  Республикасының  білім  
және  ғылым  қызметкерлерінің  ІІІ  сьезінде  сөйлеген  сөзінде 
«Жаңа формацияға жаңа педагог қажет» - деп атап көрсетті. Жаңа 
формацияның педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, 
жаңа кәсіби даярлық технологиясы, әрі даярлық сапасын арттыруға 
бірден-бір  қызмет  ету  керек.  Сонымен  қатар  оқу-тәрбие  үрдісін 
технологияландыру  бағытында  инновациялық  ізденістер,  оқу 
дидактикалық,  ғылыми-әдістемелік,  кадрлық  қуат  мүмкіндіктері 
болуы  қажет.  Бұл    жөнінде  «Білім  мемлекеттік  Бағдарламасында: 


241
осы үрдісті тереңдету мен дамыту үшін жаңа құқықтық, ғылыми-
әдістемелік,  қаржы-материалдық  жағдайларын  жасауды  және 
маманмен қамтамасыз етуді талап етеді» –деп атап көрсеткен.
Атақты  педагог-ғалым  В.  А.  Сухомлинский  «Мұғалімдік 
мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-
шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік  
пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып 
табылады» - деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы. Алтынсарин 
«Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің 
жүрегі»  деген  екен.  Демек,  қазір    мектеп  алдындағы  басты 
міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары 
болуы  шарт.  Мұғалімнің  ұстаздық  тұлғасын  өз  дәрежесінде  
қалыптастыру үшін төмендегідей  міндет артады.
-  Біріншіден,  білім  беру    сапасын  жүйелі  арттыру  тәсілдерін  
меңгерту.
-  Екіншіден,  үнемі  өзгеріс  үстіндегі  күрделі  өмірде  белсенді 
әрекетке дайын мектеп түлегін дайындаудың сапасын арттыру мен 
оның мәдениет деңгейін көтеру.
Мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру бүгінгі  таңда әдістемелік 
жұмысының  жүйелі,  жаңаша  бағыт  негізінде  ұйымдастыруды 
көздейді.
Мұғалімнің  кәсіптік  дәрежесін  арттырудың  жолдарын 
қарастыратын  әлемдік  педагогикалық  ойларды  жинақтай  келе, 
ғалым  Ш.  Таубаев  мынадай  қорытынды  жасаған:  “Кәсіптік 
қызығушылық  педагогкалық  қызметті  бағалауда,  білуге  деген 
қажеттіліктен туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек 
мұғалімнің жеке өз басының ұмтылуы арқылы ғана айнала алады”. 
Осы  бағытта  қазіргі  таңда  мұғалімдерге  мынадай  әдістемелік 
талаптар қойылады:
Педагогикалық-психологиялық деңгейін көтеру.
Оқыту  мен  тәрбиелеудің  жаңа  технологияларын,  әдістемелер 
мен тәсілдерді зерттеп, меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысына 
қолдана білу.
3.  Өз  білімін  көтеруге,  шығармашылық  жұмыс  атқаруға 
ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттық 
жағынан қамтамасыз ету.
4.  Авторлық  бағдарламалар,  курстар,  құралдар,  мақалалар 
ізденістер  жасауға  ұмтылдыру,  қызықтыру,  ынталандыру  және 
ондай мұғалімдерге қолдау көрсету.


242
5. Педагогтардың жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруда 
әр мұғалімнің күнделікті ісіне енгізу.
Мұғалімнің кәсіптік қызметінің құрамдас бөлігі:
1. Біліктілігін көтеру (семинар, курстар т.б.)
2. Әдістемелік жұмыстары.
3. Кәсіптік жаңашылдық қызметі.
4. Кәсіптік тұлғасы: негізгі  мәселені  анықтай алуы, жобалар 
құра  білуі,  мақалалар  жаза  алуы,  адами-рухани,психологиялық 
сапалары  т.б.
5. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстары.
6. Қоғамдық педагогикалық қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   189
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...