Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)



бет5/19
Дата16.01.2017
өлшемі1.58 Mb.
#274
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Жоспары:


4.1 Ғылыми әдебиетпен жұмыс.

4.2 Әдеби көздердін түрлері.

4.3 Мәтінмен жұмыс (жоспар, көшірме, тезис, аннотация, рецензия, конспект, цитата).

4.4 Ғылыми түсініктер, ғылыми атаулар (терминология)


Практикалық сабақтар мазмұны:

4 Курстық және диплом жұмыстарының ғылыми аппараты

Мақсаты: Курстық және диплом жұмыстарының ғылыми аппараттарын анықтауға бағыттау.

Жоспары:


  1. Курстық жұмыстың құрылымы

  2. Дипломдық жұмыстың құрылымы

  3. Курстық және дипломдық жұмыстың құрылымдық сәйкестіктері

  4. Ғылыми аппараттары

Тапсырма Курстық және дипломдық жұмыстың ғылыми аппаратының моделін дайындап, оған сипаттама беріңіз.

Әдістемелік ұсыныстар: Теориялық материалдарды еске түсіріп, кіріспеден орын алатын ғылыми аппараттардың бір-бірімен байланыстылығына көңіл аударыңыз.

4.1 Ғылыми әдебиеттерді зерттеуде мына мәселелерге көңіл бөлген жөн. Автордың негізгі идеясы оның бағыты. Автордың жетістігі дәстүрлі позициядан ерекшелігі ол қандай үлес қосқан идеясының негізі. Идея қорытындысы айтыс тудыра ма, жоқ па, неге? Қандай мәселе? Зерттеу қажеттіліктерінің көрінуі.

Библиография ғылыми жұмыстың өте қысқа баяндалуы және конспектілеуде қарастырылған әдебиеттердің негізгі пікірлері мен қағидаларын неғұрлым кеңейтілген түрде жазып алу. Библиография құрастыру зерттеу мәселесіне байланысты іріктеліп алынған әдебиеттер тізімін дайындау. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол үшін ақпарат көздерін білу керек. Ғылыми ақпарат көздерінің екі түрі бар:

1) құжаттық

- аудивизуалдық (видео, фотоқұжат)



  • ғылыми (монография, конференция, симпозиум, компендиум, диссертация және т.б.)

  • ғылыми-көпшілік (ғылыми-танымдық әдебиет) журналдар т.б.

  • анықтамалар (сөздіктер, энциклопедия)

  • оқу (оқулықтар, оқу құралдары, жаттығу, есептер жинақтары, хрестоматия және т.б.)

2) ақпараттық-библиографиялық

  • библиографиялық көрсеткіш;

  • библиографиялық шолу;

  • библиографиялық құралдар;

  • журнал және газеттерге библиографиялық қосымшалар;

  • интернет;

  • мамандандырылған ақпараттық-ізденушілік жүйелер.

Жоғарыда аталған әрбір ұғымның мәніне тоқталып өтейік:

Монография – толық, жүйелі баяндалған ғылымның негізгі мәліметтері, бір мәселені зерттеу немесе автордың ғылыми жұмысының тақырыбы баяндалған кітап немесе кітапша түріндегі ғылыми басылым; ғылым немесе оның белгіленген салаларының даму болашағы туралы өзекті және іргелі ғылым мәселесін қорытындылау, жаңа болжамдар ұсыну мен оларды шешу тәсілдерін талдау, толық және жүйелі зерттеу нәтижелеріне, соның ішінде автордың да зерттеулеріне сүйенген ғылыми еңбек;

- Ұжымдық монография – пікірлес-авторлар ұжымымен жазылған жалпы концептуалды бағыттағы басылым (кітап, құрал);



Компендиум қандай да бір ғылымның, зерттеулердің және т.с.с. негізгі ойларын қысқаша, жинақтап беру;

Диссертация – ізденушінің (диссертанттың) ашық қорғайтын және ғылыми дәреже алу үшін ұсынатын зерттеуі, ғылыми жұмысының қолжазбасы, автордың ғылыми дәреже алу үшін (ғылым кандидаты немесе докторы) ғылыми немесе ғылыми-білімдік мекемелерде дайындаған және ғалымдар кеңесінде қорғайтын ғылыми біліктілік жұмысы.

Симпозиум, конференция материалдары – ғылыми конференция қорытындылары кіретін мерзімді емес жинақ (бағдарлама, баяндамалар, ұсыныстар, шешімдер);

Журнал – әр түрлі қоғамдық саяси, ғылыми, өндіріс және басқа сұрақтар бойынша мақалар және /немесе рефераттар, сонымен қатар әдеби туындылар, иллюстрациялары бар кітапша тәрізді түптелген мерзімді мәтіндік басылым, осы түрде ресми бекітілген басылымдар: республикалық «Білім – Образованиие», «Жоғары мектеп хабаршысы», «Вестник высшей школы Казахстана», «Ізденіс – Поиск», «Творческая педагогика», «Парасат», және т.б.; ресейлік-«Вестник высшей школы – Alma mater», «Высшее образование в России», «Педагогика», «Мир образования», «Вопросы психологии», «Вопросы философии» және т.б.; халықаралық «Перспективы: вопросы образования», «Курьер ЮНЕСКО»;

Энциклопедия, энциклопедиялық сөздік – оқу, өздігінен білім алу және тәрбиелеуге арналған басылым түрі. Оқырмандарды қоршаған дүние, ғылым және техника негіздерімен, тарих және мәдениетпен таныстырады.

Негізгі талаптары: материалды түсініктілігі, баяндаудың қарапайым және анықтылығы, көрнектілігі, әдемі сыртқы безендірілуі.

Энциклопедиялар алфавитті, жүйелі, әмбебап, салалық және тақырыптық болып бөлінеді.

Оқулық – бағдарлама және дидактикалық ғылымның талаптарымен белгіленген оқыту мақсаттарына сәйкес, белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімнің негіздері баяндалатын, кітап түріндегі оқытудың негізгі құралы.

Есептер жинағымұғалімге, өздік және бақылау жұмыстарын сұрыптауда (таңдау, іріктеу) оқушылардың жеке дара мүмкіншіліктерін ескере отырып ретке келтірілген есептер жиынтығын қамтитын білім беру ақпараттық-анықтамалық түрі. Жүргізілген сұрыптаулар оқушыларға арналған тапсырмалар ретінде дәстүрлі «қағаз» және электронды түрде ұсынылады.

Есептер мен жаттығулар жинағы - өткен оқу материалын әрекеттік деңгейде меңгеру мүмкіншілігін туғызатын тәжірибелік есептер мен жаттығулары бар басылым;

Библиография – баспа өнімдерін саяси, ғылыми, білім беру, тәрбиелік т.б. мақсаттарда кеңінен қолдану тұрғысынан зерттейтін ғылым. Т ақырып бойынша толық (кейде таңдамалы) әдебиеттер тізімі, сондай-ақ библиографиялық көрсеткіштер, шолулар.

Хрестоматия – құрамында құжаттар, әдеби туындылар және олардан үзінділер, сонымен бірге оқу пәніндегі сұрақтармен байланысын түсіндіретін мәтіні, әдістемелік нұсқаулары бар оқулық мазмұнын көрнектейтін мәтіндер жинағы;

Мәтін –хатта немесе баспасөзде жарық көрген құжат немесе автордың шығармасы. Мәтінмен немесе кітаппен танысуды бірнеше кезеңге бөлуге болады:

Бірінші кезең – мәтінге көз жүгірту, мәтінді қарап шығу:


  • Кітапты парақтау, оқығанға дейін суреттерін қарап шығу;

  • Бөлімдерімен танысу;

  • Кіріспесін оқу;

  • Мәтіннің назар аудартатын жеке бөліктерін оқу.

Екінші кезең – мәтін бойынша студенттің өзіне сұрақ қойғызу;

  • Маған қаншалықты қызық?

  • Бұл мәселе жөнінде не білемін?

  • Мазмұнында қандай идеялар жатыр?

  • Қандай жаңа нәрсе білуім мүмкін?

Үшінші кезең – мәтінмен тереңірек танысу, оқып шығу.

Төртінші кезең – ең бастысы мен қосымшасын бөліп алу.

Бесінші кезең – мәтін мазмұнының деңгейін, логикалық құрылым дәрежесін бағалау болып табылады.

Теориялық зерттеулерде ең басты және қосымша деректерді, нақтылайтын идеяларды табуға, дәлелдеуге үйрету негізгі іс болып есептеледі. Зерттеу жұмысында ең күрделісі теориялық зерттеу болғандықтан зерттеушіні ақпараттарды талдауға, ғылыми мәтін құруға үйрете беру қажет. Ғылыми мәтін деп отырғанымыз ғылыми-педагогикалық нәтижелерді сипаттайтын түрге қойылатын талаптарға сай педагогикалық ғылым тілінде және принципінде құрылған мәтін. Мұндай мәтін дайындау үшін студент тезис, аннотация, рецензия, конспект және т.б. ұғымдардың мәнін түсіне білуі қажет. Мысалы, тезис – сұрақтың, тақырыптың қысқаша мазмұны. Ол зерттеушінің айқын логикалық ойлауда басты нәрсені бөліп алу білімін талап етеді. Аннотациялау – кітап пен мақала мазмұнының қысқаша жазылуы. Рецензия – ғылыми жұмысқа немесе әдеби-көркем шығармаға дәлелді пікір беру. Ал, конспект – мазмұн жазудың күрделі түрі.

Жалпы ғылыми ізденісте, зерттеу нысаны, оның көптеген ғылыми-педагогикалық мәтіндер мен құжаттардан алынған ғылыми ақпараттар ғылыми түсініктер мен ғылыми атаулардан тұрады. Сондай-ақ, зерттеу мәселесінің жағдайын жедел тану үшін негізгі түсініктерді іріктеу және оларды жан-жақты қарастыру қажет. Яғни, әрбір термин сөзге мән беру керек. Термин – қайсыбір теорияның шегінде заттарды бір мәнді түсіндіруге пайдаланылатын сөз немесе сөз тіркесі ғылыми және тәжірибелік мағынада дәл шектелген түсінік болса, терминология – ғылым, техниканың және қандай да бір арнайы аймақтың белгілі бір түсініктерінің аталымдары болып табылатын терминдердің жиынтығы. Бір сөзбен айтқанда, зерттеуші зерттеу мәселесіне қатысты термин сөздердің мағынасын, оның қолданылу аймағын, мазмұнын түсіне білуі қажет. Мысалы, корреляция сөзі, бір құбылыс басқа құбылыстарды анықтайтын себептердің қатарында болса, немесе осы құбылыстарға әсер ететін ортақ себептер болса, осындай құбылыстар арасындағы байланыстарды белгілейтін түсінік.
Сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Педагогикалық зерттеулердегі негізгі түсініктерді талдау не үшін қажет деп ойлайсыз?

  2. Ғылыми әдебиетпен жұмыс – ғылыми зерттеу іс-әрекетін меңгерудің шарты дегенді қалай түсінесіз?

  3. Белгілі бір мәселе аясында ғылыми түсініктердің тізбегін жасап көріңіз.


Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Зерттеу жұмысының кіріспесіндегі негізгі ұғымдардың тізбегін белгіле:

А) мақсат;

В) обьекті;

С) шығарма;

D) баяндама;

Е) болжам.

2. Зерттеу жұмысының ең соңғы құрылымының бөлігін белгіле:

А) баяндама;

В) тезис;

С) педагогикалық сөздік;


D) пайдаланылған әдебиеттер

3. Зерттеу жұмысын жазу барысында пайдаланған әдебиеттерді жазу тәртібі:

А) Т.Сабыров дидактика оқу құралын жазды;

В) [1.-3б.]

С) [- 3 б.]

D) 1,2,3;

Е) бірнеше еңбек жазған.

4. Зерттеу жұмыстарының көздерін толықтыр:

Монография, ...




Каталог: files
files -> «Іскерлік байланыс» 2012 жобасы МӘлімдеме формасы
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Ынтымақтастықпен өмір сүру
files -> Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы