Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)



бет4/19
Дата16.01.2017
өлшемі1.58 Mb.
#274
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Жоспары:


    1. Зерттеу мәселесі мен көкейкестілігі.

    2. Зерттеу тақырыбы және оны негіздеу


Практикалық сабақтар мазмұны:

Мақсаты: Зерттеу көздерімен жұмыс жасауға бағыттау.

Жоспары:


    1. Каталогтармен жұмыс істеу (алфавиттік, күнделік, жүйелік, жаңа түскен басылымдар).

    2. Деректер жинақтау.

    3. Мәтінмен жұмыс істеу (жоспар құру, тезис, аннотация, рецензия, конспект, сілтеме).

    4. Ғылым тілін, ғылыми түсініктелді, ғылыми атауларды анықтау.

    5. Зерттеу тақырыбына байланысты негізгі түсініктерді іректеу және талдау.

3.1 Зерттеу жүргізуде ең алдымен мәселені түсіне білу қажет. Себебі, мәселеде ғылыми білімдегі ақаулар көрініс табады.

Зерттеу мәселені көруден және сұрақ туындаудан басталады. Оны анықтау, оған қатысты қандай зерттеулер бар, қандай бағытта, нәтижелері қандай деген сұрақтарға жауап іздеу. Зерттеуші бұрын зерттелген дүние негізінде нені зерттеу қажеттілігін анықтайды.

Мәселені анықтау зерттеушінің білім қорына, тәжірибесіне байланысты. Білгеннен білмейтінге ұмтылу, не жетіспейтіндігін анықтау.

Зерттеу мәселесі шешілуге тиісті, бірақ әлі шешілмеген теориялық және тәжірибелік мүддені көздейтін күрделі танымдық міндет.

Педагогикалық зерттеулер тәжірибе қажеттілігінен туындайды. Ал, ғылыми мәселе тәжірибелік әрекетті жетілдіруге ықпал жасайды. Тәжірибе қажеттілігі әлі ғылыми мәселе емес. Ол сол мәселені зерттеуге, оның жолдарын іздеуге, табуға ықпал жасайды. Ғылым құралдарымен шешуді талап етеді. Кейбір тәжірибелік мәселелер ғылым құралдарынсыз-ақ шешіледі. Мысалы, кадрларды тұрақтандыру, шығармашылық жұмыс жасауға жағдай жасау және т.б. сондықтан көптеген зерттеушілер тәжірибе және теорияны байланыстыру мәселе болып есептеледі деп дәлелдейді.

Зерттеу проблемасы –практиканың қажеттілігі мен ғылымда сол ережені жасақтау деңгейі арасындағы қайшылықтың тұжырымдалуы, сондай-ақ осы қайшылықты шешу жолдары мен жағдайын іздеу (ғылымда бұрын зерделенбегендер ішінен нені зерттеу керек?);

Зерттеу мәселесі – тәжірибенің күйін және ғылыми әдебиетті зерттеудің нәтижесі.

Тәжірибе мен теорияның арасындағы қарама-қайшылық – ғылыми мәселенің мәні.

Мәселені ғылыми жалпыланған сұрақтардың тұжырымдалған жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Сондықтан оқытушы болашақ мұғалімдерге мәселе (проблема) ұғымының мәнін ашып беруі тиіс. «Promblema» сөзі грек тілінен аударғанда «қиындық», «кедергі» деген ұғымды білдіреді.

Мәселені қою дегеніміз таным үдерістің барысында туындаған сұрақтардың ішінен нені зерттеу керек деген сұраққа жауап беру деген сөз.

Зерттеудің көкейкестілігін негіздеу – бұл мәселені осы кезде неге зерттеу керек екендігін түсіндіру. Демек, оқу мен тәрбиенің теориясын және тәжірибесін бұдан былай да дамыту үшін тиісті мәселелердің қажеттігін дер кезінде зерттеп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру.

Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің жауабын табады, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, тәжірибеде орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді.

Болашақ мұғалімдерді тәжірибелік және ғылыми көкейкестілікті ажырата білуге бағыттау керек. Мәселе ғылымда шешілген, белгілі бір себептермен тәжірибеге орын ала алмауы мүмкін. Бұл жағдайда мәселелердің ғылыми шешімін тәжірибеде қолдануға күшті жұмылдыру керек.

Мәселеде белгіленген қарама-қайшылықтар тақырыпты нақтылай түсуге ықпал етеді.

Тақырыпта мәселе көрінуі тиіс. Тақырып ғылымдағы жетістіктердің қозғалысын, қалыпты жағдайдан жаңаға ұмтылу, ескі мен жаңаның байланысын бейнелейді.

Зерттеу тақырыбы қойылған мәселеленің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды.

Зерттеу тақырыбы – зерттеу аумағының нақты және қысқа шектелген аспектілері.

Зерттеу тақырыбы – ғылыми танымның, зерделеу, түсіндіру үдерістің немесе ғылыми әдістерді қолдану арқылы қайта құру жұмысының бағытталған педагогикалық шындықтың бөлігі (не қарастырылады?).

Зерттеу тақырыбын анықтай отырып, оның көкейкестілігін төрт бағытта қарастыруға болады:

- көпшілік жұртшылықтың бұл зерттеуді қажетсінуі;

- қоғам талабына сай болуы;

- тәжірибедегі маңыздылығы;

- теориядағы зерттелуі.

Зерттеудің (тақырыптың) өзектілігі –қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде білімге қоятын талаптарының қысқаша көрініс табуы, педагогикалық ғылымды дамыту үшін әлеуметтік-педагогикалық маңыздығы, мәнділігі, мәселеге ғылыми әдебиеттерде талдау жасалынғаны және педагогикалық практиканы жетілдіру үшін осы зерттеудің дер кезінде жүргізілетіні (қазіргі уақытта неге нақ осы проблеманы зерделеу қажет?).

Зерттеу тақырыбын негіздеу – нақты тақырыпты зерттеу қажеттілігін растау;

Тақырыпты алғашқы негіздеу – мәселе бойынша ғылымның жай-күйін қысқаша сипаттау және нашар немесе жеткіліксіз әзірленген сұрақтарды нақтылау. Тақырыпты екінші қайтара негіздеу ғылымдағы қандай да бір сұрақтардың жеткіліксіз әзірленгендігіне байланысты қанағаттандырылмаған педагогикалық тәжірибенің қажеттілігінен туындайды.




Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Тақырыптың көкейкестілігін негіздеу дегенді қалай түсінесің?

  2. Мәселе (проблема) туралы түсінік бер.

  3. Мәселенің шығу көздері неге байланысты деп ойлайсың?

  4. Тақырып, оны негіздеуге сипаттама беріңіз.

  5. Тақырыпқа қойылатын талаптарды атаңыз.


Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

    1. Зерттеу мәселесі –

А) танымдық міндет

В) зерттеу аумағы

С) мәселенің мәні

Д) зерттеудің шешімін табу




    1. Зерттеу тақырыбы

А) педагогикалық шындықтың бөлігі

В) педагогикалық тәжірибенің қажеттілігі

С) қоғам талабы

Д) теориялық зерттеу




    1. Мәселені қою дегеніміз...

А) қарама-қайшылықтарды шешу

В) нені зерттеу керек деген сұраққа жауап беру

С) ғылымның жай-күйін қысқаша сипаттау

Д) зерттеуді қажетсіну




    1. «Promblema» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?

А) қайшылық

В) қиындық, кедергі

С) ақау

Д) бөгет



4-тарау. ЗЕРТТЕЛЕТІН МӘСЕЛЕНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ


Каталог: files
files -> «Іскерлік байланыс» 2012 жобасы МӘлімдеме формасы
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Ынтымақтастықпен өмір сүру
files -> Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы