Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)



бет3/19
Дата16.01.2017
өлшемі1.58 Mb.
#274
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Әдіснамалық білімнің деңгейлері


Философиялық әдіснама

Жалпы ғылыми әдіснама

Нақты ғылыми әдіснама

Технологиялық әдіснама

- таным принциптері;

- ғылымның категориялық құрылысы



- жалпы ғылыми пәндерде теориялық тұжырымдамалар

- белгілі бір не басқа да ғылыми пәнде қолданылатын зерттеулер мен рәсімдердердің, әдістердің, принциптердің жиынтығы

- зерттеу әдісі мен техникасы, яғни дұрыс эмпирикалық материалды және оның бастапқы өңделген нұсқасын алуды қамтамасыз ететін рәсімдер жиынтығы

Ақиқатты тану мен қайта құру үдерісіне деген дүниетанымдық көзқарастарды айқындай отырып, барлық әдіснамалық білімнің мазмұндық негізін құрайды









Қазіргі ғылымтануда әдіснаманы ғылыми танымдық қызметтің нысандары мен әдістері, құру принциптері туралы ілім ретінде таниды.



2.6 Ғылым дамуының алты негізгі заңдылығын бөліп айтуға болады.

1. Ғылым дамуының қоғамдық-тарихи тәжірибенің қажеттіліктерімен байланыстылығы – бұл ғылым дамуының басты қозғаушы қайнар көзі. Бұл жерде оның жай ғана тәжірибемен, педагогикалық білім беру қажеттіліктерімен емес, атап айтқанда, қоғамдық-тарихи тәжірибенің қажеттіліктерімен тығыз байланысты екенін қадап айтуымыз керек. Әрбір зерттеу тәжірибенің нақты сұраныстарына байланысты жүргізілуі шарт емес, ол ғылым дамуының өзінен бастау алып, мысалы, ғалымның жеке мүддесінен туындауы мүмкін.

2. Ғылым дамуының дербестігі. Тәжірибе ғылымының алдында қаншама нақты міндеттер қойылса да, бұл міндеттерді шешу ғылым белгілі бір деңгейге жеткенде, ақиқатты тану үдерісін дамытуда белгілі бір сатыға көтерілген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда көбінесе ғылымнан айтарлықтай жігерлілік пен табандылық талап етіледі, өйткені оның ғылыми көзқарастары, ғылыми негіздемелері қалыптасқан дәстүрлерге, қайсыбір министрліктердің нұсқауларына немесе қолданыстағы нормативтер мен құжаттардың ережелеріне, т.с.с. қайшы келуі мүмкін.

3. Ғылыми теориялардың, идеялар мен ұғымдардың, ғылыми таным әдістерімен құралдардың даму сабақтастығы. Ғылым дамуындағы әрбір неғұрлым жоғарғы саты соның алдындағы сатының негізінде, бұрын жинақталған құндылық атаулының бәрін сақтай отырып тұрғызылады.

4. Ғылымның дамуында ғылымның теориялық негіздерінің, оны ұғындыру мен түсіндіру жүйесінің байсалды (эволюциялық) және қарқынды (революциялық) даму кезеңдерінің ауыспалылығы. Ғылымның эволюциялық дамуы өмірде бар теориялық көзқарастардың шеңберінде жаңа фактілердің, эксперименттік мәліметтердің біртіндеп жинақталу үдерісі, соған байланысты бұрын қабылданған теорияларды, ұғымдар мен принциптерді кеңейту, нақтылау және жеріне жеткізе пысықтау арқылы жүзеге асырылады. Ғылымдағы революция бұрынғы көзқарастардың шеңберіне симайтын жаңа деректердің жинақталуы, жаңа құбылыстардың ашылуы нәтижесінде бұрын қалыптасқан көзқарастарды түбірімен қопарып, қайта құру, ірге қағидаларды қайта қарау басталды. Бірақ мұндай тазару бұған дейінгі білімнің мазмұнына емес, оның жансақ тұстарына бағытталады.

5. Барлық ғылым салаларының іс-әрекеті өзара тығыз байланысты. Осыған орай басқа бір ғылымның әдістері мен тәсілдері арқылы ғылымның бір саласының пәнін зерттеуге болады. Соның нәтижесінде әртүрлі сапалы құбылыстардың мәні мен заңдылықтарын неғұрлым толық және терең ашып көрсетуі үшін қажетті жағдайлар жасалады.

6. Сынның еркіндігі, ғылым мәселелерінің кедергісіз талқылануы, әртүрлі пікірлерін ашық та еркін бой көрсетуі. Табиғаттағы, қоғамдағы және адам бойындағы құбылыстар мен үдерістердің диалектикалық қарама-қайшы сипаты ғылымда бірден және тікелей ашылмайтындықтан, айтысушы түрлі пікірлер мен көзқарастарда зерттеу үдерістерінің тек жекелеген қарама-қайшы жақтары ғана көрініс береді. Осындай күрестің арқасында зерттеу объектілеріне деген әртүрлі көзқарастардың бастапқы бір жақтылылығы ығысады да, бүгінгі күннің шындығына сәйкес келетін бірыңғай көзқарас қалыптасады.

Зерттеудің әдіснамалық принциптері. Кез-келген педагогикалық зерттеу негізгі ережелері мен принциптерінен көрініс табады. Олар:



Педагогикалық құбылыс немесе үдерісті тұтастай игеру принципі. Тұлғаның кез-келген сапасын оқу-тәрбие үдерісінде және жеке тұлғаны қалыптастыруда бірлікте тұтастықпен жүргізу керек, бірақ ғылым заңы бойынша тұтасты бөлікке бөлмей бүтіндей игеруге болмайды. Бұл принцип төмендегіні ұсынады:

- зерттеуде жүйелі қатынасты-максималды қалыптастыру;.

- игеретін құбылыс механизмін ашу;

- тұтас тәрбие барысында игерілетін педагогикалық үдеріс немесе құбылыстың нақты орнын анықтау.



Педагогикалық мәселені игерудегі зерттеу әдістерін комплексті түрде қолдану принципі. Көбінесе дәстүрлі бақылау мен сұхбат тәжірибелік пен эксперименттік жұмыс бірлігінде қолданылады. Зерттеуде 1-2 әдіс қолданған кезде зерттеу жұмыстарының дәл еместігі байқалады. Педагогикалық зерттеу әдістерін комплексті түрде қолдану қағидаларын талап етеді:

  • педагогикалық құбылысты игеруде көп мақсаттылығы;

  • зерттеу жұмысын жүргізуде барлық игеру әдісі;

  • әр түрлі зерттеу әдістері арқылы педагогикалық деректер зерттелінеді;

  • зерттеу нәтижесінде шынайы. "философиялық, логикалық және психологиялық, педагогикалық талдауды талап етеді.

Обьективті принцип - жалпы ғылыми принцип. Бұл педагогикада ең негізгі орынды алады. Субьективизмді жеңудегі ең алдымең өзінің ғылыми нәтижесіне негізделген талап қайта-қайта тексеру болу тиіс. Әсіресе өзінің идеясымен тиянақты қорытындыланады. Оның негізгі талаптары:

- баланы зерттеуде бірнеше әдістермен әр деректерді тексеру; .

- алынған дерек материалдарды тексеру, нақтылау;

- өзін-өзі тексеру, өзінің эмоциясын тексеру, бақылау;

- баланы тәрбиелеу мен оқытудың бірлігі;

Ұжым мен тұлғаны бір мезгілде игеруді зерттеу принципі

Даму өзгерістеріндегі игеруді зерттеу принципі

Кез-келген ғылымда тарихи принцип маңызды

Зерттелгелі отырған мәселе терең қарастыру принципі

- ғылымға сенімді қару мен өте сақ көзбен қараудың үйлесімділігі



Педагогикалық-тиімділік (эфективті) принципі

Культурологиялық принцип мәдениет пен білім беруде оның мазмұнын құрайтын, табиғат, қоғам, әрекет жолдары, эмоциональды-еріктік және адамды қоршаған қоғамға, еңбекке және қарым-қатынасы ретінде көрінеді.

Культурологиялық принцип танымның нақты ғылыми әдіснамасы ретінде өзара байланысқан үш аспектіден тұрады: аксиологиялық, технологиялық, тұлғалық-шығармашылық.



Аксиологиялық (құндылықты) аспект жеке тұлғаның құндылықты бағдарын зерттеп, қалыптастыруды қамтамасыз ететін педагогикалық үдерісті ұйымдастыруды көздейді.

Технологияылқ аспект мәдениетті адамның іс-әрекетінің арнайы тәсілі деп түсінумен байланысты.

Тұлғалық-шығармашылық аспект индивид пен мәдениеттің объективті байланысымен түсіндіріледі. Ол мәдениет құндылықтары мен жеке тұлға мен шығармашылық іс-әрекетінің байланысын талап етеді.

Полисубъектік принцип адамның мазмұны оның іс-әрекетіне қарағанда жан жақты, бай және күрделілігінен келіп шығады. Осы принцип тұлғалық және іс-әрекеттік принциптермен бірігіп гуманистикалық педагогиканың әдіснамасын құрайды.

Этнопедагогикалық принцип культурологиялық принциптен өзгеріп келіп, сол трансформацияда жалпы адамды, ұлттық және жалқыі бірлікте көрінеді. Ұлттық мәдени білім беру мекемелерінің басыты ерекшелігі осы ортаны зерттеп, қалыптастыру және оның тәрбиелеу мүмкіндіктерін қолдану педагогтың басты міндеті болып саналады.

Антропологиялық принцип адам туралы барлық ғылымдардың деректерін жүйелі пайдалану; адамның тұтас табиғатын, оның мүмкіндіктері мен қажеттілігін ескере педагогикалық үдерісті құру және жүзеге асыру.

Антропологиялық принципті алғаш рет зерттеген К.Д. Ушинский. Оның пайымдауынша, адам туралы ғылымдарды жүйелі түрде тәрбиелеу пәні ретінде және оларды педагогикалық үдерісті құрастыру мен жүзеге асыруда ескеру қажет деді, өзінің объектісі мен оның пәні туралы мәлімет аз болған кезде, педагогика өзінің зерттелу үдерістерімен басқарудың конструктивті функцияларын атқара алмайды. Антропологиялық принцип педагогиканың психология, әлеуметтану және т.б. сынды ғылымдармен интеграциялауды қажет етеді.

Кез-келген педагогикалық зерттеуде әдіснама принциптерінің сапасы негізінде мыналарды көрсетуге болады:


  1. Ғылым дамуы деңгейінің есебімен зерттеу мақсатын, тәжірибеге деген қажеттілікті, ғылыми ұжымдар мен ғалымдардың қоғамдық өзекті мүмкіндіктерін анықтайды.

  2. Зерттеудегі барлық үдерістерді меңгеру олардың ішкі мен сыртқы дамуы. Мысалы, тәрбие – дамыту болмысы, қоғамның, мектептің, отбасы мен жас сәбидің өсуіндегі психикасының дамуымен түсіндіріледі. Жас сәбидің даму жүйесі, ол өзін-өзі тану мен дамытуда икемі бар, ішкі және сыртқы мұқтаждықтары мен қабілеттіліктеріне қатысты өзгере алады, ал педагог қойған мақсаттармен және т.б. өз әрекетін өзгертетін, әрқашан әрекет етуші маман болып табылады.

  3. Адам туралы: социология, психология, антропология, физиология, генетика және т.б. ғылымдардың білім беру мен тәрбие мәселелерін барлық ғылымдар тұрғысынан қарастырады. Мұнда біз педагогиканың қазіргі адамзат білімін біріктіретін және оптималды педагогикалық жүйелерді дамыту қызығушылығында адамзат туралы барлық ғылыми ақпаратты қолданатын ғылым екенін көре аламыз.

  4. Зерттеуде жүйелі келу бағыты (құрылымы, элементтер мен болмыстар ара-қатынасы, олардың бағынушылығы, даму динамикасы, тенденциясы, мәні мен негіздері, факторлары мен шарттары).

  5. Оқыту мен тәрбие үдерісінде, ұжым мен жеке тұлғаның дамуында қарама-қайшылықты анықтау;

  6. Теория мен тәжірибе қатынастарын өңдеу, жаңа ғылыми концепцияларға педагог бағдары, жаңа педагогикалық ойлардың алға шығуы.

Әдіснама дегеніміз ғылыми зерттеудің әдіснамалық қағидаларын қарастырар, зерттеу кезіндегі және нақты ғылымдардың мәселесін шешу теориясы. Қағидалардың ортақ дәрежелері әртүрлі. Тек ортақ қағидалар деп заңдар мен категорияларды айтуға болады. Бұлардың барлығы философиялық негізде, мұнда диалектика ғылыми танымның жалпы әдіснама ретінде қарастырылады.

Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:



  • педагогикалық құбылыстардың шынайылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі обьектив заңдары, қарама-қарсылықтары және себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі дамиды;

  • құбылыстарды даму барысын зерттеу;

  • бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;

  • зерттеу үдерісінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;

  • зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән-мағынасына сай келуі;

  • даму үдерісін

  • сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;

  • сынақталушыға, білім, тәрбие үдерісіне зиян келтіретін, адамгершілік, инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.

Ғылыми зерттеудің әдіснамалық принциптері

Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері қандай?

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде ең басты рөлді теория мен тәжірибенің бірлік принципі атқарады. Тәжірибе – сол шындықтың критерийі немесе басқаның теориялық жағдайы. Теория тәжірибеге жол ашады. Тәжірибе ғылыми теориямен бағытталмағандықтан онда стихияның, міндетті мақсатқа ұмтылушылықтың болмауы қиындық көріп келеді.

Сондықтан да біз психологиялық-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыруда психологиялық-педагогикалық теорияның жетістігімен қатар ең басты тәжірибенің дамуына да көңіл бөлуіміз керек.

Әдіснамалық принциптердің бірі зерттеліп жатқан мәселеге шығармашылық және тарихи тұрғыдан келеді. Мұны диалектиканың барлық күші талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей, болашақ мамандарды дайындауда мәселенің шешімін терең зерттеудің қажеті жоқ. Себебі зерттеуші студент шындығында педагогикалық тәжірибеде жаңа жол алуға тырысса, онда ол туындаған мәселені жаңаша шешуі керек.

Зерттеу барысында жаңа фактілерге өзіңнің аргументтік түсіндіруіңді іздеу, күрделі көзқарастарды толықтырып, нақтылау қажет және ғылыми батырлықты көрсетуден қорықпау керек. Бұл батырлық ғылыми негіздемемен байланысуы қажет, себебі психологиялық-педагогикалық зерттеу тірі адамдармен байланысты, ал әрбір қарым-қатынас оны рухани жоғарылатып, байытуы керек.

Зерттеліп жатқан мәселе шешіміне шығармашылық келу психологиялық-педагогикалық болмыстарды, принциптерді объективті қараумен тығыз байланысты.

Психологиялық-педагогикалық зерттеудің табысы көбінесе психологиялық-педагогикалық үдерістер мен болмыстарды жан-жақты игеру принципіне байланысты. Кез келген педагогикалық феномен бөтен болмыстардың көптеген тармақтарымен байланысты. Мысалы, жоғары оқу орындарындағы білім беру үдкрісі - күрделі және динамикалық болмыс, ол үздіксіз көптеген факторлармен байланысты.

Жан-жақтылықтың әдіснамалық принципі педагогикалық үдерістер мен болмыстардың зерттелуіне комплектік тұрғыдан келуді ұсынады. Комплексті келудің ең маңызды талаптарының бірі зерттелуші болмыстың барлық өзара қарым-қатынасын орнату. Оның басқа мәнді талабы зерттеу барысында әр түрлі әдістерді, олардың түрлі-түрлі үйлесімдерінде қолдану. Тәжірибенің көрсетуі бойынша зерттеудің сол не басқа сұрауын қандай да бір универсалды әдістің көмегімен шешуге болмайды.

Зерттеуге психология мен педагогикада комплексті келу талабы басқа ғылымдардың, соның ішінде социологияның, философияның, мәдениеттанудың және осы сынды басқа да ғылымның жетістігіне жол ашады.

Психологиялық-педагогикалық зерттеудің ең бір әдіснамалық принципі тарихи және логикалық бірлік болып табылады. Объектіні, болмысты тану логикасы, оның дамуына, яғни нақтылап айтқанда оның тарихын көрсетеді. Жеке тұлғаның даму тарихы, мысалы, жеке тұлғаны нақты тануға өзіндік образды шешім болып табылады, ол оны тәрбиелеу мен оқытуда практикалық шешім қабылдай алады. Жеке тұлғаның даму тарихында оның болмысы көрінеді, себебі оның өз тарихы, өмірі, өмірбаяны бар. Зерттеудің әдіснамалық принципі жүйелілікті талап етеді, яғни зерттеуші жүйелі объектіге зерттейді. Ол объектіні игеруде жүйе ретінде қарастыруды ұсынады, оның көптеген анықталған элементтері шығарылады, құрылады, топтастырады.

Жүйелі келу жүйенің құрылымы мен ұйымдастырылуын; оны басқарудағы негізгі принциптерді көрсетеді.

Психологиялық-педагогикалық зерттеуде ең басты әдіснамалық рөлді диалектика категориясы атқарады – олар мәні мен болмысы, себебі мен бірізділігі, қажеттілігі мен кенеттілігі, мүмкіндігі мен шындығы, мазмұны мен формасы және т.б. Олар педагог қолындағы сенімді әдіснамалық құралдар болып табылады. Бұл құралдар болашақ мамандарды оқыту мен тәрбиелеуде күрделі мәселелерді жан-жақты және терең шешуге мүмкіндік береді.

Жеке тұлғаның белсенді әрекет принципі зерттеушінің көңілін жеке тұлға танымның белсенді объектісі екеніне бөледі. Әрекеттің жеке тұлғаға әсері үлкен. Әрекетсіз адам болмайды. Жеке тұлғаға психологиялық-педагогикалық әрекеттесу оның әрекетін ескеруі қажет.

Даму принципі психологиялық-педагогикалық болмысты әдеттегі өзгерісте, қозғалыста және ұсыныста қарауды көрсетеді. Психология мен педагогикада даму принципі әдетте екі аспектіде қарастырылады: филогенез және онтогенез.

Филогенез – жеке тұлғаның тарихи дамуының тууынан бастап қазіргі кезді қамтиды;

Онтогенез – нақты адам тұлғасының дамуы. Сонымен қатар, жеке түлғаның әр түрлі компоненттері оның бағыттылығы, сипаты, тұлға сапасының дамуын қарастырады.

Зерттеудің ғылыми психологиялық-педагогикалық әдіснамасы принциптері, олардың әдістерін анықтай отырып, теориялық концепциясы, болжамы ретінде көрінеді.



2.7 Мәдениет – адамды жасампаз, белсенді тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал жасайтын қоғамдық, тарихи үдерістің мазмұны, адамзат тарихында жасалған және дамытылған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.

Құндылық – танымның, белгілі бір обьектінің адам үшін, топ үшін, қоғам үшін пайдасы деп танылуы.

Мәдениеттің шын болмысы – адамдардың тікелей іс-әрекетті қарым-қатынасында қалыптасатын және көрінетін, іс-әрекеттің тәсілдерінде, құрал-саймандарында және еңбек нәтижелерінде жүзеге асатын құбылыс.

Мәдениет матреиалды және рухани болып екіге бөлінеді. Алғашқысына өндіргіш күштер мен адамдар еңбек дағдыларының күйі жатады. Екіншісіне, адамды қоғам өмірінің материалдық жағдайымен анықтайтын ағарту ісінің, ғылымның, өнердің және т.б. күйі. Рухани мәдениет белгілі бір дәуірге, халыққа, ұлтқа тән болады. Дегенмен, ол алда өткен ұрпақтар мәдениетіне негізделеді. Демек, құндылықтар шығу тегі мен жеке орындау қызметтеріне қарай даралық, материалдық-әлеуметтік, рухани-әлеуметтік, уақытқа байланысты кешегі, бүгінгі, болашақ деп жіктеледі екен.

Педагогикалық тұрғыдан құндылықтың білімге бағытталуын екі түрлі феномен арқылы көрсетеді: біріншісі, тұлғаның білім жүйесінің сатыларынан өтуі (емтихандардың бағасы, аттестат алу, оқу бітіру, оқуға түсу т.б). екіншісі, құндылыққа бағытталудың ерекше құрылымдық компоненті, оның мазмұндық мәндік сипаттамасының тасымалдаушысы, білімділік идеалы.

Педагогикалық әдебиетке «әдіснамалық мәдениет» ұғымы, ғылыми айналымға өткен ғасырдың 90 жылдарының басында ене бастады.

Әдіснамалық мәдениет педагог-зерттеушінің педагогикалық мәдениетінің негізі ретінде қарастырылады.

Зерттеушілер (В. В. Краевский, В. А. Сластенин, В. Э. Тамарин, Е. В. Бережнова, Ю. В. Сенько т.б.) «әдіснамалық мәдениет» ұғымы мазмұнына мұғалім – тәжірибешінің ғылыми іс-әрекет аппаратын меңгеруін, мақсатын анықтау біліктілігін, ұстанымдарды ұсыну мен әдістерді негіздеуін, операцияларды ой елегінен өткізуін, қалыптастыруын, педагогикалық міндеттерді шығармашылықпен шешуін, әдіснамалық рефлексияны енгізеді.

Б. С. Гершунский және Н. Д. Никандров әдіснамалық білімнің педагогикадағы мәнін және оның мұғалімнің тәжірибелік қызметіндегі рөлін аша отырып, әдіснамалық білімнің нысанасын нақтылайды:


  • педагогикалық тәжірибені зерттеу жолдары туралы білім, қажетті эмпирикалық деректерді жинастыру;

  • эмпирикалық деректерден теориялық жалпылауға шығу жолдары туралы білім;

  • теориялық ережелерді нақтылы әдістемелік ұсыныстарға аудару туралы білім;

  • ұсыныстарды тәжірибеге енгізу жолдары туралы білім, жоғары сапалы деңгейге жету.

Бұдан шығатын қорытынды, әдіснамалық білімнің мұғалім үшін қажеттілігі айдан айқын.

Педагогиканың әдіснамалық мәдениетінің қалыптасқандығының критерийі:



  • әдіснаманың рөлін сезіну;

  • педагогикалық қызметте шынайы қолдану дерегі;

  • ұстанымдар жүйесін, теориялық, сондай-ақ тәжірибелік іс-әрекетті ұйымдастыру жолдарын сезіну;

  • іс-әрекет жолдарын жүзеге асыру дерегі.

Мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті мен педагог-зерттеушінің әдіснамалық мәдениетінің айырмашылығын ажырата білу қажет.

Педагог-зерттеуші бүгінгі күнде зерттеу қызметіне қойылатын талаптарды, зерттеуді қай тұрғыдан қарастыру керектігін білуі тиіс.



Әрекет тұрғысынан қарау. Жеке тұлға және адамның даралық ерекшеліктері әрекет барысында көрінеді әрі қалыптасады. Демек педагогикалық құбылыс және үрдістің компоненттерінде де біртұтас логикалық тұрғыдан қарастыру қажет. (қажеттілік, мотивтері, мақсаты, амалдар, операциялар, құралдарды реттеу, бақылау және нәтижені талдау).

Бұл тұрғыдан зерттеуді қарастыру оқу әрекетінің мұғалімнің кәсіби әрекетіне бағытталады. Олардың структурасын қалыптастыру жағдайларын, амалдардың бағыттылық негіздерінің типін анықтауға бағытталады. Сондай-ақ, жеке тұлғаның қасиетін және даралық қабілеттерін қалыптастыруының мүмкіндіктерін анықтауға негіз болады.

Жеке тұлға тұрғысынан қарау. Барлық сыртқы педагогикалық бақылаулардың орны ерекше, ол ішкі жағдайлармен ұштасқаны дұрыс (психикалық және тұлғалық қасиеттер), ол белсенділікке негізделеді( өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік даму, өзіндік ұйымдастыру, өз білімін көтеру, өзіндік реттеу, өзіндік басқару).

Бұл тұрғыдан қарау баланы адам ретінде құндылық қатынастарды қалыптастыруға бағыттайды. Ол адам ретінде қалыптастырудың жағдайын зерттеуге итермелейді, талап етеді. өзін-өзі көрсету, өзіндік даму, өзіндік реттеу, әлеуметтік қорғау, адамның әлеуметтік жағдайға бейімделуін, олардың қоғамдағы интеграциясы.



Жүйелілік тұрғыдан қарау (жүйелілік талап әдісі)

Барлық құбылыс пен үрдістердің өзара байланысуы негізде қарастыруды талап етеді. Педагогикалық құбылыстарды жүйе, қатынас, байланыс, өзара әрекет тұрғысынан қарастыруын қажет етеді.



Байланыс жалпылықты анықтау. Не оларды біріктіреді?

2.8 Ғылыми-педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы

1-кезең. Зерттеу проблемасымен жалпы танысу, оның көкейкестілігін негіздеу, зерттеу деңгейі, зерттеу тақырыбын, нысанын және зерттеу пәнін анықтау. Зерттеудің жалпы және аралық мақсатын анықтау, міндеттерін белгілеу.

2-кезең. Әдіснаманы таңдау – бастапқы тұжырымдама, тірек-теориялық ережелер.

3-кезең. Зерттеу болжамын құру – теориялық конструкция, дәлелдерді қажет ететін шындық.

4-кезең. Зерттеу әдістерін таңдау. Анықтаушы экспериментті жүргізу. Мақсаты - бастапқы зерттеу пәнінің жай-күйін анықтау.

5-кезең. Қалыптастырушы экспериментті ұйымдастыру және өткізу.

6-кезең. Зерттеу нәтижесін талдау, талқылау және зерттеу нәтижесін безендіру (өңдеу).

7-кезең. Тәжірибелік ұсыныстар дайындау.


Құбылысты зерттеу бағдарламасы

  1. Әдіснамалық бөлімі




Мәселені анықтау және негіздеу





Нысан мен зерттеу пәнін анықтау





Зерттеу мақсатын анықтау





Негізгі ұғымдарды логикалық талдау:

    • Қандай бағыттар бойынша;

    • Не туралы;

    • Қалай және қандай түрде ақпарат жинау.




Жұмыс болжамын ұсыну





Зерттеу міндеттерін анықтау





  1. Рәсімдеу (процедура) бөлімі




Зерттеудің бағдарлы жоспарын құру





Деректер жинау және өңдеу әдістерін дайындау




2.9 Зерттеудің негізгі кезеңдері



Сұрақтар мен тапсырмалар

    1. Педагогика әдіснамасына анықтама беріңіз.

    2. Педагогикада методологияны педагогикалық таным және болмысты қайта құру туралы теориялық ережелердің жиынтығы ретінде қараған кімдер?

    3. Кез-келген педагогикалық зерттеулерде әдіснама принциптерінің сапасы негізінде нелерді көрсетуге болады?

    4. Методологиялық білім құрылымының деңгейлерін атап көріңіз.


Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Ғылыми педагогикалық зерттеу деген не?

А) педагогикалық жаңа білімдердің қалыптасу үдерісті, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективтік заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекет түрі;

В) ізденіс, зерттеу іс-әрекетіне қызығушылығын дамыту;

С) ғылыми іс-әрекетті жоспарлау;

D) ғылыми жұмыстардың негізгі нәтижелері.
2. Педагогикалық зерттеу принципін белгіле:

А) материалды саналы меңгерту

В) білімнің беріктілігі

С) үлгі


D) теория мен тәжірибенің байланысы

Е) құбылыстарды өзгеріс, даму үстінде зерттеу.


3. Педагогикалық зерттеулердің деңгейлерін белгіле:

А) әдістемелік, теориялық, эмпирикалық;

В) шығармашылық, қатынастар жиынтығы;

С) жоспар дайындау, нәтижесі;

D) кезеңдерін анықтау, талдау

Е) теориялық, технологиялық, әдіснамалық


4. Педагогика ғылымның әдіснамасы:

А) таным теориясы

В) білімдер жүйесі

С) зерттеу нәтижесі

D)зерттеу әдістері

Е) қағидалар жүйесі



3-тарау. ЗЕРТТЕУДІҢ МӘСЕЛЕСІ МЕН ТАҚЫРЫБЫН АНЫҚТАУ – ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ

Каталог: files
files -> «Іскерлік байланыс» 2012 жобасы МӘлімдеме формасы
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Ынтымақтастықпен өмір сүру
files -> Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан