Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)


Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеті қалыптасуының көрсеткіштері



бет17/19
Дата16.01.2017
өлшемі1.58 Mb.
#274
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеті қалыптасуының көрсеткіштері

Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеті қалыптасуының сапалық көрсеткіштері:



  1. әрекеттің мақсатты бағдары, жоспарлылық, табандылық. Сонымен қатар, оқу әрекетінің қалыптасу сапасын анықтауға болады:

  2. біріншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеті туралы қаншалақты түсінігі бар және адам өмірінде оның маңыздылығын бойына сіңіруі;

  3. екіншіден, оқу әрекетіне деген жағымды қатынастардың қаншалақты қалыптасқаны;

  4. үшіншіден, оқу әрекетінің құрылымдық элементерін меңгеру деңгей;

  5. төртіншіден, оқу тапсырмаларын орындаудын ортақ тәсілдерінін қажеттілігін түсінуі;

  6. бесіншіден, оқу тапсырмаларын орындаудағы дербестілігі.



2. Оқу әрекетіне байланысты курстық, дипломдық және оқу-әдістемелік бірлестік отырысында талқылауға, пікірлесуге ұсынылатын тақырыптар

  1. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқу тапсырмаларын талдауға үйрету тәсілдері.

  2. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқу тапсырмаларының мақсатын анықтауға үйрету тәсілдері.

  3. Оқу тапсырмаларын орындау жоспарын дайындауға үйрету тәсілдері.

  4. Оқу тапсырмаларын тексеруге үйрету тәсілдері.

  5. Оқу тапсырмаларын бағалауға үйрету тәсілдері.

  6. Бастауыш сынып оқушыларының оқу тапсырмаларын орындаудың ортақ тәсілдеріне үйрету жолдары.

  7. Бастауыш сынып оқушыларын оқулықпен жұмыс жасауға үйрету.

  8. Оқу әрекетін қалыптастыру барысында оқушыларды дербестілікке үйрету тәсілдері.

  9. Оқу әрекетіне жағымды қатынастарды қалыптастыру.

  10. Пәнішілік және пәнаралық байланыс - оқу тапсырмаларын орындаудың ортақ тәсілдеріне үйрету негізі.

Қосымша В (5-дәріске)



Диплом жұмыстарын дайындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кәсіби білім беру стандартына және типтік оқу жоспарына сәйкес, «Білім беру» саласы мамандықтарының бір тобынан міндетті түрде, ал кейбір мамандықтар бойынша бітірушілердің қалауымен диплом жұмысы жазылады.

Диплом жұмысының тақырыбы сан алуан, соған сәйкес оның құрылымын анықтау өте күрделі.

Белгілі бір мамандық пен ғылым саласының маңызды мәселесін зерттеуге арналғандықтан, диплом жұмысының ғылыми аппараттарында, құрылымында өзіндік ерекшеліктер болады. Мысалы, тарихи тақырыпқа жазылатын дипломдық жұмыс тәжірибе - педагогикалық экспериментті қажетсінбейді, ал әдістемелік тақырыпқа жазылатын дипломдық жұмыстың құрамдас бөлімі - тәжірибе - педагогикалық эксперимент.

Кіріспеде орын алатын ғылыми болжамның да ерекшелігі бар.

Ғылыми болжам мен міндеттер бір-бірімен байланыста болады. Сондықтан, диплом жұмысының ғылыми аппаратын, құрылымын анықтағанда, бұл ерекшеліктерді ескеру керек.

Кез-келген деңгейдегі ғылыми жұмыс бес бөліктен тұратындығы белгілі:


  • Кіріспе;

  • Жұмыстың негізгі теориялық бөлімі;

  • Тәжірибелік немесе эксперименталдық бөлімі;

  • Қорытынды;

  • Дерек көздері (әдебиет).

Зерттеу тақырыбына байланысты, диплом жұмысы бөліктерінің ішкі құрылымын мамандықтардың ерекшеліктеріне сәйкес, бейімдеуге болады.

Әдістемелік нұсқау бағыт берер басты құжаттарды және жоғары оқу орындарының тәжірибесін зерттеу негізінде дайындалды.




  1. Жалпы ережелер

    1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі», 2001 жылғы 28 мамырдағы №19 Мемлекетаралық стандарты және Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім бакалавриат мамандықтары бойынша 2004, 2006 жылдардағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында диплом жұмыстарын (жобаны) орындау ережесі. Негізгі ережелер. ҚР МЖМБ Стандарты (5.04.020 – 2008) негізінде дайындалды.

    2. Диплом жұмысы - типтік оқу жоспарына сәйкес, студенттердің жоғары оқу орнын бітірерде өз бетімен жазбаша орындайтын ғылыми жұмысы.

    3. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:

  • Болашақ мамандардың іздену-зерттеу әрекетіне бейімділігін дамыту;

  • Студенттердің шығармашылық қабілетін шыңдау;

  • Педагогикалық міндеттерді ғылыми негізде шешуге бағыттау;

  • Әдіснамалық негіздерді және ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесін игеру;

  • Ғылыми зерттеу ізденісінің барысында түрлі ақпараттық көздермен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;

  • Өз бетінше проблеманы анықтау, оны шешу жолын, тәсілдерін айқындау, түсіндіру;

  • Болашақ мамандардың ғылыми жұмысқа дайындықтарын тексерудің бір нысаны болып табылады.

1.4. Нәтижесінде:

  • студенттің теориялық білім деңгейін арттырады;

  • теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын бекітеді;

  • өз бетінше зерттеу біліктіліктерін қалыптастырады;

  • зерттеу нәтижелерін шынайы бағалауға ықпал етеді;

  • күтпеген педагогикалық жағдайлардан шығу жолын таба білуге үйретеді;

  • студенттің жеке шығармашылық қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік береді.

    1. Бакалавриат деңгейінде білім беру бағдарламасы бойынша, білім алушы, дәлелді себептерге байланысты, диплом жұмысының орнына ректордың келісімімен екі мемлекеттік емтихан тапсыруға құқысы бар, олар төмендегідей жағдайлар:

  • 2 жасқа дейінгі сәби тәрбиелеу;

  • ауру ата-анасын күту;

  • денсаулығына байланысты ұзақ уақыт стационарда емделу.

Ол үшін диплом жұмысын қорғаушы ректордың атына өтініш жазады және тиісті дәрігерлік анықтаманы ұсынады. Басқа жағдайларда, диплом жұмысын мемлекеттік емтихандар тапсыру арқылы ауыстыруға жол берілмейді. Мемлекеттік емтихандар тізбесі шығарушы кафедраның шешімімен бекітіледі.

    1. Диплом жұмысының тақырыптары мамандыққа және мамандарды дайындау профиліне сәйкес болуы керек.

    2. Диплом жұмыстарының тақырыптары жыл сайын кафедраларда қаралып, білім мен ғылымдағы, мәдениеттегі соңғы жетістіктерге, оның әрі қарай дамуына сәйкестендіре толықтырылып, факультет кеңесінде бекітіледі. Бітірушілерге диплом жұмысының тақырыбын таңдау құқығы беріледі. Зерттеуге қажеттілігін негіздей отырып, бітіруші өз тақырыбын да ұсына алады.

    3. Бітірушілердің диплом жұмысының тақырыбы оқу жылының басында институт ректорының бұйрығымен бекітіледі. Дипломалды практикадан кейін, бітірушілердің диплом жұмысының тақырыбы, қажеттілігіне қарай, кафедраның ұсынысымен өзгеруі, нақтылануы және өңделуі мүмкін.

    4. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысы басталмай тұрып, екі апта бұрын, бітірушілер диплом жұмысын аяқтап, жұмысының соңына қол қойып, ғылыми жетекшіге тапсыруы қажет. Ғылыми жетекші «Қорғауға рұқсат беріледі» немесе «қорғауға рұқсат берілмейді» деген дәлелді қорытындысы берілген сын-пікірді, басқа ұйымдардан берілген рецензияны және диплом жұмысын кафедра меңгерушісіне тапсырады.

    5. Диплом жұмыстарының рецензенттерінің жұмыс орны және лауазымы көрсетілген тізімі, кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша, жалпы тізім арқылы ректордың бұйрығымен бекітіледі.

    6. Диплом жұмысын рецензиялауды басқа ұйымдардың мамандары ғана жүзеге асырады.

    7. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына, сондай-ақ, диплом жұмысының ғылыми және практикалық құндылығын сипаттайтын басқа да материалдарды, диплом жұмысы бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан ресми емес сын-пікірлерді, жазбаша қорытындыларды, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу туралы анықтамаларды немесе макеттерді, материалдардың, бұйымдардың, өнімдердің, минералдардың, гербарийлердің және т.б. үлгілерін ұсынуға болады.

    8. Диплом жұмысын қорғау мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшелерінің, кем дегенде, жартысы қатысқан ашық отырыста өткізіледі.

    9. Диплом жұмысын қорғау қорытындысы «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады. Бағалау барысында бітірушілердің теориялық, ғылыми және практикалық деңгейі, ғылыми жетекшінің сын-пікірі, рецензенттің рецензиясы ескеріледі.

    10. Диплом жұмысын қорғау «қанағаттанарлық емес» деп танылған жағдайда, мемлекеттік аттестаттау комиссиясы білім алушының сол жұмысын пысықтап, қайтадан қорғауға ұсынуға болатындығын немесе кафедра белгілейтін жаңа тақырыпты әзірлей алатындығын белгілейді.

    11. Диплом жұмысын қорғау нәтижелері мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамалары ресімделгеннен кейін, қорғалған күні жарияланады.

    12. Диплом жұмысын қорғаған және мемлекеттік емтихандарын тапсырған білім алушыға мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен алған мамандығына сәйкес біліктілік беріледі, сондай-ақ, тиісті білім беру бағдарламасын игерген жағдайда, академиялық дәреже (бакалавр) беріледі.



  1. Студенттің міндеттері




    1. Студент өзінің ғылыми жетекшісімен бірге зерттелуге тиіс мәселелер шеңберін нақтылайды, зерттеу жоспарын және әр кезеңде орындалатын жұмыс түрлерін көрсете отырып, күнтізбелік жоспар жасайды.

    2. Студент дерек көздерімен (әдебиетпен) жүйелі жұмыс жасайды, түпкі деректемелерді жинап, талдайды, ғылыми жетекшімен ұдайы байланыста болады, жұмыс барысы туралы баяндайды және қажетті кеңес алады.

    3. Студент белгіленген уақытта ғылыми жетекшісіне және қажетті жағдайда кафедра алдында жұмыстың аяқталғандығы туралы есеп береді.

    4. Ақпараттың дұрыстығы және диплом жұмысының нәтижесі үшін студент-бітіруші жауап береді.

    5. Диплом жұмысының дайындығы туралы негізгі шығарушы кафедрада кесте жасалып, оны факультет деканы бекітеді және бұл кесте кафедрада сақталады.



  1. Ғылыми жетекшінің міндеттері




    1. Диплом жұмысына жүйелі және тікелей басшылық жасау ғылыми жетекшіге жүктеледі.

    2. Диплом жұмысын орындауға тапсырма береді (Қосымша 5, 6). Тапсырмада студенттің тегі, аты, әкесінің аты, факультеті, мамандығы, кафедрасы, жұмыс мазмұны, нақты қандай сұраққа материал жинастырады, эксперимент кезеңдері, жүргізу орны, ұсынылатын негізгі дерек көздері (әдебиет), жұмыстың берілген және аяқталатын уақыты, консультациялар көрсетіледі.

    3. Күнтізбелік жоспардағы әдебиетпен жұмыс, эксперимент жүргізу, алынған мәліметтерді талдау және өңдеу, қорытынды шығаруға бөлінген уақыт диплом жұмысын қорғауға сәйкес келеді.

    4. Студентке диплом жұмысының орындалу барысына арналған күнтізбелік кесте жасауға көмектеседі.

    5. Студентке тақырыбына сай дерек көздерін (әдебиет) ұсынады.

    6. Нақтылы эксперимент жүргізу әдістемесін ұсынады.

    7. Жұмыс барысын жүйелі бақылауға алады және кафедраны жұмыс жағдайымен таныстырып отырады.

    8. Диплом жұмысының теориялық, ғылыми және көркемделу сапасына жауап береді.

    9. Аяқталған диплом жұмысына жан-жақты сын-пікір білдіреді.



  1. Кафедра меңгерушілерінің міндеттері




    1. Оқу жылының басында диплом жұмысының тақырыптарын анықтап, бекітеді.

    2. Кафедра бойынша диплом жұмысын жазатын студенттер тізімін (тегі, аты, әкесінің аты) жасайды.

    3. Диплом жұмысына ғылыми жетекшілер мен рецензенттерді анықтайды.

    4. Диплом жұмысына жүйелі бақылау жасайды.

    5. Қажетті әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.


5. Деканның міндеті


    1. Типтік оқу жоспары негізінде диплом жұмысы жазылатын пәндерді анықтап, оның орындалуын бақылайды;Диплом жұмысының орнына екі мемлекеттік емтихан тапсыруға құқығы бар бітірушілердің тиісті анықтамаларын жинақтауды ұйымдастырады;

    2. Кафедралар бойынша диплом жазатын бітірушілердің санын анықтайды;

    3. Диплом жұмыстары тақырыптарының факультеттің Кеңесінде қаралып, бекітілуін ұйымдастырады.




  1. Диплом жұмысының құрылымы




    1. Кіріспе бөлімде:

  • тақырыптың өзектілігі негізделеді;

  • зерттеу мақсаты анықталады;

  • зерттеу нысаны белгіленеді;

  • зерттеу пәні көрсетіледі;

  • зерттеу болжамы жасалады;

  • зерттеу міндеттері белгіленеді;

  • мәселенің зерттелу деңгейі және дерек көзіне талдау жасалады;

  • әдіснамалық және теориялық негіздері ашып көрсетіледі;

  • зерттеу әдістері көрсетіледі;

  • ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы атап көрсетіледі;

  • практикалық базасы белгіленеді;

  • диплом жұмысының құрылымы беріледі.

    1. Теориялық бөлім (Негізгі бөлім) 2-3 тараудан тұрады. Теориялық бөлімде:

  • зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған тараушалар жоспарланады;

  • зерттеу пәніне қарай, ғылыми-теориялық, әдістемелік, педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық бағыттардағы 40-50 дерек көзіне (әдебиет) талдау жасалады;

  • тақырыпқа байланысты тірек теориялар анықталады;

  • зерттеліп отырған мәселенің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі;

  • педагогикалық эксперименттер қажет ететін диплом жұмыстарында практикалық бөлім қарастырылады. Аталған бөлім 3 тараушадан (анықтаушы, қалыптастырушы және бақылау эксперименттері) тұрады.

  • мамандықтардың ерекшеліктеріне қарай, кейбір диплом жұмыстарында әр тарауға қорытынды жеке беріледі.

    1. Қорытынды бөлімде зерттеу қорытындысы бойынша қысқаша тұжырым жасалады, белгіленген міндеттердің толық орындалуына баға беріледі және зерттеу нысаны бойынша нақты ұсыныстар жасалады.

    2. Пайдаланылған деректер тізімі (әдебиет).

    3. Қосымшаларға негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.




  1. Дипломдық жұмысты дайындау




    1. Мұқаба (Қосымша 1).

    2. Мазмұны (Қосымша 2, 2а).

    3. Кіріспе (Қосымша 3).

    4. Теориялық бөлім.

    5. Практикалық бөлім.

    6. Қорытынды.

    7. Пайдаланылған деректер тізімі (әдебиет).

    8. Қосымшалар.



  1. Диплом жұмысының көлемі және көркемделуі




    1. Диплом жұмысының көлемі, қосымшаларды есептегенде, 60-90 парақ көлемінде орындалады. Диплом жұмысы сауатты жазылуы және дұрыс толтырылуы керек. А 4 (210х297) форматының бір жақ бетіне жазылады. Кеглі - 14.

    2. Жұмыс 1 интервал арқылы компьютерде теріледі.

    3. Диплом мәтінін теруде парақ жиектерінің мөлшері:

сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм,

жоғары жағы – 20 мм, төменгі жағы - 25 мм деңгейінде болуы қажет.



    1. Жұмысты тексерген кезде, табылған қателер, графикалық жаңылыстар штрихпен боялып, лайықты сиямен ұқыпты түзетілуі қажет. Бір бетте 3 түзетуден артық болмауы тиіс.



  1. Парақтар мен тарауларды нөмірлеу




    1. Жұмыстың беттері араб санымен нөмірленеді. Парақ нөмірі төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

    2. Бастапқы бет жалпы бет санына кіреді, оған сан қойылмайды.

    3. Жеке парақтарда орын алған суретті бейнелеуіштер, кестелер беттердің жалпы санына кіреді.

    4. Тарау, тарауша араб санымен нөмірленеді.

    5. Тараулардың атауы бас әріптермен беріледі.. «Тарау» деген сөз жазылмайды.

    6. Тараулардың атауы, кіріспе, қорытынды, мазмұны парақтың ортасына бас әріптермен жазылады, соңына нүкте қойылмайды, асты сызылмайды, мәтіннен екі жоларалық интервал арқылы бөлінеді.

    7. Әр бөлім жаңа беттен басталып, жазылады.

    8. Тараулардың атаулары тасымалданбайды.

    9. Тараушалар атауы бас әріппен басталып, кіші әріптермен жазылады.

    10. Жаңа тараушаның атауы алдыңғы тарауша мәтінінен кейін екі интервалдан соң жазылады, 2 бос жолдан соң мәтіні жалғасады.


10. Сілтемелер
10.1. Диплом жұмысының мәтінінде дерек көздеріне (әдебиетке) сілтеме жасағанда, сілтеме нөмірі квадраттық жақшаларда қолдану реттілігіне қарай қойылады.

10.2. Кестелерге, суреттерге, қосымшаларға сілтемелер дөңгелек жақшаға алынады. Сілтеме қасына (Кесте 1), (Сурет 3) деп көрсетіледі.

10.3. Сілтемелер ретіне қарай, пайдаланылған деректер тізімі толтырылады. Сілтеменің санына әдебиет саны сәйкес келуі қажет.

11. Пайдаланылған деректер тізімінде әдебиетті жазу тәртібі




    1. Автор (тегі, аты, әкесінің аты), шығарманың аты, шыққан жері, баспасы, жылы, жалпы парақ саны). Автордың аты-жөні, еңбектің атауы нүктемен ажыратылады. Шыққан жердің атының, жалпы бет санының, сілтеме берілген беттің алдына сызықша қойылады. Егер баспа көрсетілетін болса, шыққан жер атауынан кейін қос нүкте, баспа атауынан кейін, үтір, сосын шыққан жылы қойылады. «Бет» сөзі жалпы бет саны көрсетілгенде, қысқартылып, кіші әріппен, нақты сілтеме берілген бет көрсетілгенде, санның алдына бас әріппен беріледі. Мысалы: Бөкейханов Ә. Таңдамалы. –Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. -487 б. –Б.27.

    2. Егер дерек көздері (әдебиет) қосымша мәліметтерді қамтыса, (оқулық, оқу құралы, еңбектер жинағы), дерек көзінің негізгі атынан кейін қос нүкте қойылып, қосымша мәліметтер жазылады. Мысалы: Қаңтарбай С.Е. Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін қалыптастыру: теория және қалыптастыру әдістемесі. - Ақтөбе, 2001. – 58 б.

    3. Газет, журнал материалдары пайдаланылса, автордың аты-жөні, мен мақаланың атынан кейін екі қисық жақша (//) қойылып, журналдың (газеттің) аты, жылы, айы-күні немесе №, беті жазылады. Басылым аты, жылы, айы-күні немесе №-і, беті бір-бірімен нүктемен ажыратылады. Әр нүктеден кейін сызықша қойылады. Мысалы: Әбенова Б.С., Омарұлы Б. Қазақ қасіреті //Қазақ әдебиеті. -1999. -29 қазан. –Б.2-3.

    4. Дерек көзі (әдебиет) жалпы редакция басшылығымен немесе құрастырушы арқылы жарияланған болса, еңбек атауынан кейін қисық жақша (/) қойылып, бас әріппен редактордың немесе құрастырушының аты-жөні және библиографиялық барлық мәліметтер жоғарыда көрсетілген ретпен жазылады. Мысалы: Асфендияров С. История Казахстана (с древнейших времен) /Под ред. А.С.Такенова. –Алматы: Санат, 1998. -304 с. –С.178.

    5. Пайдаланылған деректер тізімі (әдебиет) мәтінде сілтеменің қолдану реттілігіне қарай беріледі.




  1. Графикалық материал




    1. Суретті бейнелеуіштерді (сызу, графика, диаграмманың сызбалары, фотосуреттер, суреттер) мәтіннен кейін келтіру керек, сыймаған жағдайда келесі бетке көшіру қажет. Жұмыста келтірілген барлық суретті бейнелеуіштерге сілтемелер берілуі тиіс.

    2. Суретті бейнелеуіштерге атау беріледі, атауы суреттің астына жазылуы тиіс. Қажеттілігі болса, сурет атауының алдына түсінік мәліметтер беріледі. Суреттік бейнелер араб сандарымен белгіленеді.

    3. Егер жұмыста 1 ғана суреттік бейне болса, ол нөмірленіп, «Сурет» деген сөз жазылмайды.


13. Кестелер


    1. Сандық материалды жұмысқа кесте ретінде орналастыру ұсынылады.

    2. Мәтінге кестені тікелей сол туралы айтылған беттен кейін орналастырған жөн. Кесте оң және сол жағынан және төменнен сызықтармен шектеледі. Барлық кестелерге мәтін ішінде сілтеме болуы тиіс.

    3. Кестелерді араб сандарымен нөмірлеу қажет. Нөмір «Кесте» сөзінен кейін қойылады, содан кейін кестенің аты жазылады. Бұл мәліметтерді кестенің сол жақ бұрышына орналастыру қажет. Кестені тарау санына сәйкес нөмірлеуге болады (Қосымша 4).

    4. Егер жұмыста 1 ғана кесте болса, ол нөмірленбейді және «кесте» сөзі жазылмайды.

    5. Әр кестенің атауы болуы қажет, ол «кесте» сөзінен кейін орналасады. «Кесте» сөзі және атауы бас әріптен басталады, атау соңында нүкте қойылмайды.

    6. Кестеге «№; р\н» графасын қосуға болмайды.

    7. Кестені теріс қаратпай орналастыру қажет. Егер ол мүмкін болмаса, кестені сағат тілі бойынша оқылатындай етіп орналастырған жөн.

    8. Кестені келесі бетке көшірген кезде, кесте тақырыбын қайталау керек және оның үстіне нөмірін көрсетіп, «Кестенің жалғасы» деген сөзді орналастыру қажет. Егер кестенің тақырыбы ұзақ болса, оны қайталамай-ақ, графаларды нөмірлеп, келесі бетте сол нөмірлерді қайталап жазу керек. Кесте тақырыбы қайталанбайды.

    9. Егер сандық немесе басқа мәліметтер кестенің қайсыбір жолында болмай қалса, бос жол тастау қажет.

    10. Жанындағы тақырыптар мен тақырыпшаларды және графаларды диагональды сызықтармен бөлуге жол берілмейді.

    11. Егер кестеде келтірілген барлық көрсеткіштер бір бірлікте берілсе, ол кестенің оң жақ үстіне белгіленеді.

    12. Кестеде қайталанып келген сандарды, математикалық белгілерді, проценттік белгілерді, материалдар маркасының, нормативті құжаттардың белгілерін тырнақшамен ауыстыруға болмайды.

    13. Сандық материалдың көлеміндей шағын мәтінді кестеде толтыру орынсыз, сандық мәліметтерді бағанаға орналастыра отырып, мәтін түрінде беру қажет.




  1. Формулалар мен теңдеулер




    1. Символдар мен сандық коэффициенттер мағынасын түсіндіру тікелей формуладан соң формулада берілген тәртіппен жүргізіледі. Әрбір символдың және сандық коэффициенттің мәні жаңа жолдан берілуі тиіс. Түсіндірудің бірінші жолы қос нүктесіз, «мұнда» сөзінен басталады.

    2. Теңдеулер мен формулаларды мәтіннен бөліп, жеке жолға көрсету қажет. Әрбір формуладан немесе теңдеуден соң, жоғары не төменде бір бос жол қалуы керек. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, тең болады (=) белгісінен кейін ауыстырылуы керек, жаңа жолда міндетті түрде қайталануы қажет.

    3. Жұмыс мәтінінде формулалар мен теңдеулерді араб сандарымен, дөңгелек жақшамен оң жақтан формулаға қарсы нөмірлеу керек. Формуланы тарау санына дейін нөмірлеуге болады. Егер жұмыста 1 ғана формула немесе теңдеу болса, ол нөмірленбейді.




  1. Қосымшалар




    1. Қосымшаларды диплом жұмысының жалғасы ретінде оның соңғы жағына жеке топтама түрінде беру қажет.

    2. Әр қосымша жаңа беттің ортасынан басталып, «Қосымша» деп жазылуы және белгіленуі керек. Егер бірнеше қосымша берілсе, олар араб сандарымен белгіленеді.

    3. Қосымшаларды оларға мәтінде сілтеме жасалу тәртібіне қарай орналастыру керек.

    4. ЭЕМ-да орындалған көшірмелер қосымша ретінде диплом жұмысы парағының форматына сәйкес орналастырылады.

    5. Әр қосымша жаңа парақтан басталады.

    6. Егер қосымша диплом жұмысының соңында берілсе, пайдаланылған дерек көздер тізімінен кейін жеке параққа диплом жұмысының жалпы нөмірін жалғастыра отырып, «Қосымшалар» деген сөз бас әріптермен жазылады, келесі беттен бастап, қосымшалар беріледі.

    7. Егер қосымшалар көп болса, олар жеке топтама ретінде беріліп, алғашқы бетіне бас әріптермен «Қосымшалар» деп жазылады.

Қосымша 1


Қазақстан Республикасы Блім және ғылым министрлігі

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты

___________________ факультеті


Каталог: files
files -> «Іскерлік байланыс» 2012 жобасы МӘлімдеме формасы
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Ынтымақтастықпен өмір сүру
files -> Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы