Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)


Оқу және нақтылы практикалық міндет



бет15/19
Дата16.01.2017
өлшемі1.58 Mb.
#274
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Оқу және нақтылы практикалық міндет

Сабақтан үзінді:

Мұғалім: Біз жақында ғана есептің (тапсырманы орындаудың) мектепте ғана емес, өндірісте де (жұмыста да) кездесетінін білдік. Өмірде адамдар сан алуан тапсырманы (есептерді) орындай отырып, алдарына белгілі бір нақты мақсат қояды, ол мақсаттар әр түрлі болады. Ойланып, мына сұраққа жауап беріп көріңдер. ”Біз мектепте неге есеп шығарамыз?”

Оқушылар: Берілген сұраққа жауап алу үшін немесе белгілі арқылы белгісізді (жауабын) табу үшін есеп шығарамыз. Есеп біздің болашақ жұмысымызға қажет.

Мұғалім: Мен сендермен толық келісе алмаймын. Біз есепті (жаттығуды, тапсырманы) бір нәрсеге үйрену үшін орындаймыз. Үйрену дегенді қалай түсінеміз? Ол - осы және осыған ұқсас есептерді (жаттығуларды, тапсырмаларды) орындау үшін қажетті әрекет тәсілін меңгеру деген сөз. Есеп шығарғанда оның жауабын немесе нақтылы нәтижесін табуға ұмтылсаңдар, нақты-практикалық міндетті ғана орындайсыңдар, ал үйрену мақсатын қойсаң, оған жетудің тәсілдерін игерсең, оқу міндетін шешкен деп айтады. Мысалы, 325:5=65; 65 - нақты-практикалық міндет; Үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлуді үйрену - оқу міндеті. Енді 76-беттегі №2 есепті неге шығаратынымызды түсіндіріңдер.

Оқушылар: Есепті берілген сұраққа жауап табу үшін шығарамыз...

Оқушылар оқу міндетін анықтауға қиналғандықтан, мұғалім басқа тәсілдер қолданады.



Мұғалім: Тақтаға оқушылардың өздері белгілеген мақсаттарды жазып қояды. 1. Сұраққа жауап беру үшін шығардық. 2. Бұл есепті осындай үлгідегі есепті шығару үшін орындадық.

Мұғалімнің басшылығымен оқу және нақты-практикалық міндеттер анықталады. Бұдан соң қазақ тілінен 259-жаттығу ұсынылып, оқу және практикалық міндеттерді анықтау тапсырылды.



Оқушылар: Оқу міндеттері: зат есімді үш жақта тәуелдеп үйрену, сөздермен байланысына қарай тиісті тәуелдік жалғауын үйрену, тәуелдік жалғауы жалғанғанда түбірінде өзгеріс болатын сөздерді дұрыс жазуға үйрену; тәуелдік жалғауынын жақтарын ажыратуға үйрену.

Мұғалім: Нақтылы-практикалық міндеттерді атаңдар.

Оқушылар: Нақтылы -практикалық міндеттер: Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауын жалғау; мәтінді көшіріп жазу; түбір сөздерден дыбыс құрамының өзгерісін анықтау; берілген сөздердің қай жақта екенін табу.

Бұл мысал арқылы бір жаттығуды орындауда оқушының бірнеше оқу және нақты-практикалық міндеттерді шешетінін аңғартамыз. Мұғалім оқушылардың назарын нақты-практикалық міндетті шешу оқу міндетін шешуден гөрі оңайырақ екеніне аударады.




Оқу әрекетінің құрылымы

Оқу әрекетінің құрылымын бастауыш сыныптарда өтілетін нақтылы бір пән негізінде алынған тапсырмалар арқылы түсіндіріледі.


Сабақтан үзінді:

Мұғалім: Қазақ тілінің 35-бетіндегі 323-жаттығуды орындаңдар (жаттығудың талабы: ”Көп нүктенің орнына ы,і әріптерінің тиістісін қойып, көшіріп жазыңдар. Түбір сөздің астын сызыңдар. Олар зат есім бе, сын есім бе? Өздерің ы,і әріптерін қосып жазған сөздердің түбірі қайсы, қосымшасы қайсы екенін айтыңдар). Тапсырманы орындау барысында тақтадағы естелікті пайдаланыңдар.

Тақтадағы естелік.



  1. Тапсырманы оқыңдар. Белгілі мен белгісізді ажыратуға талпыныңдар.

  2. Бұл тапсырманы орындай отырып, неге үйренетініңді ойлаң.

  3. Осы тапсырманы орындауға қажетті ережелер мен іскерлікті еске түсір.

  4. Тапсырманы орындау жоспарын құр.

  5. Орында (есепті шығар, тапсырманы орында).

  6. Тапсырманы тексер.

  7. Осы тапсырманы орындай отырып, неге үйренгеніңді анықта.

Мұғалім: Оқушылар! Жұмыстың орындалу ретіне ерекше зейін аударыңдар. Тапсырманы жемісті орындау үшін, ең алдымен неден бастау керек?

Оқушылар: Белгілі мен белгісізді табуымыз керек.

Мұғалім: Дұрыс. Ал, бізге не белгілі?

Оқушылар: Бізге мәтін белгілі.

Мұғалім: Дұрыс айттыңдар, жарайсыңдар. Ал енді белгісізді табыңдар.

Оқушылар: Қажетті әріпті қою керек.

Мұғалім: Ойланып көріңдер, белгісіз біреу ғана ма?

Оқушылар: Мұғалімнің басшылығымен барлық белгісіздерді ...анықтайды.

Мұғалім: Иә, тапсырманы орындау міндетті түрде белгілі мен белгісізді анықтаудан, яғни талдаудан (анализден) басталады. Оқушылар, одан әрі не істейміз?

Оқушылар: Жаттығуды орындауға кірісеміз.

Мұғалім: Асықпай, ойланып жауап беріңдер. Кез келген есепті шеше, тапсырманы орындай отырып, әр адам өз алдына нақтылы міндет қояды деген болатыңбыз. Тақтадағы естелікті пайдалана отырып, осы мәселе төңірегінде ойланыңдар.

Оқушылар: Біз нені үйренетінімізді анықтауымыз керек.

Мұғалім: Өте дұрыс айттыңдар, талдаудан кейін, есеп шығарудың, тапсырманы орындаудың екінші кезеңі, яғни нені үйренетінімізді (мақсатты) анықтауға көшеміз. Бұл тапсырманы орындай отырып, сендер ы,і әріптері бар сөздерді дұрыс жазуға, түбір және қосымшалы сөз, зат, сын есімдер туралы білімдеріңді жетілдіресіңдер. Мақсатты анықтадық, енді одан әрі не істейміз?

Оқушылар: Жаттығуды орындаймыз.

Мұғалім: Балалар, естелікке қараңдар. Осы жаттығуды орындауға қажетті ереже, іскерлікті еске түсіреміз (актуализация). Енді не істейтінімізді ойланыңдар?

Оқушылар: Жаттығуды орындаудың жоспарын ойластырамыз.

Мұғалім: Дұрыс. Жаттығудың орындалуының жоспарын құру - төртінші кезең, келесі кезең қандай болады?

Оқушылар: Жаттығуды орындаймыз.

Мұғалім: Жарайсыңдар. Талдау жасап, неге үйренетінімізді (мақсатты) анықтап, қажетті ереже мен іскерлікті еске түсіріп (актуализация), жаттығудың орындалу жоспарын ойластырғаннан кейін ғана жаттығуды орындауға болады.

Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін, олардың назарын жаттығудың келесі кезеңіне аударады.



Мұғалім: Енді өз жұмыстарыңды тексерулерің керек. Бұл - жаттығуды орындаудың алтыншы кезеңі. Келесі кезең қалай аталады?

Оқушылар: Тексеріп болған соң, жұмысты бағалауымыз керек.

Мұғалім: Дұрыс, әрекет нәтижесі әр уақытта бағаланады.

Осылай бастауыш сынып оқушылары оқу әрекетінің компоненттер мен олардың аталуын біледі, есеп, жаттығу, тапсырманы орындаудың кезеңдерімен танысады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің ендігі негізгі міндеттерінің бірі-әрбір компоненттерді сан алуан тәсілдер арқылы қалыптастыру. Төсілдер тізбегін осы еңбектің 2-ші бөлімінен қараңыз).




Бастауыш сынып оқушыларының талдау іскерлігін қалыптастыру

Сабақтан үзінді

Мұғалім: Сендерге ”құрылысшы” сөзі талдауға берілген. Бізге не белгілі?

Оқушылар: Бізге ”құрылысшы” сөзі белгілі.

Мұғалім: Дұрыс, ал не белгісіз?

Оқушылар: Бізге ”сөзді талдау” белгісіз.

Мұғалім: Мен сендермен толық келісе алмаймын. ”Құрылысшы” сөзімен қандай талдау жасайсыңдар?

Оқушылар: ”Құрылысшылар” сөзімен қандай талдау жасайтынымыз белгісіз.
Мұғалім: Шындығында, тапсырма анық берілмегендіктен қандай талдау қажеттігі белгісіз. Ойланып белгісізді (сұрақты) анықтауға не көмектескенін айтыңдар.

Оқушылар: Белгілі мен белгісізді табуға тапсырманы талдау көмектесті.

Мұғалім: Дұрыс айттыңдар, белгілі мен белгісізді тапсырманы талдау арқылы анықтадық. Ал берілген тапсырманы талдаусыз орындауға бола ма?

Оқушылар: Жоқ.

Мұғалім: Мен сендердің айтқандарыңа толық келісемін, не істейтінімізді анық білмей тұрып, берілген тапсырманы орындауға кірісуге болмайды. Егер тапсырманы талдаусыз орындауға кіріскен күнде де, нәтиже дұрыс болмаған болар еді. Сондықтан талдау үнемді де шапшаң, жемісті жұмыс жасауға көмектеседі. Басқа пәндерден де осындай бағытта жұмыстар жүргізіледі.

Оқушыларға ”құрылысшы” сөзімен орындауға болатын сұрақтарды (белгісіздерді) іріктеу ұсынылады. Оқушылардың белсеңді араласуымен төмендегідей сұрақтар белгіленді:



  1. сөзді құрамына қарап талдау;

  2. сөз табына талдау;

  3. сөзге дыбыстық талдау жасау.

Сабақтан үзінді.

Мұғалім: ”Құрылысшы” сөзін құрамы бойынша талдауды ұсынған тапсырмадан белгіліні табыңдар.

Оқушылар: ”Құрылысшы” сөзі - белгілісі.

Мұғалім: Енді белгісіз немесе сұрақты анықтаңдар.

Оқушы: Сөзді құрамына қарай талдау.

Мұғалім: Біз жақында ғана әрбір есеп, жаттығу, тапсырманы орындаудың нақтылы мақсаты болатындығын айтқанбыз. Өздерің құрастырған мына тапсырманың мақсаты не?

Оқушылар: Сөзді құрамына қарай талдауға үйренеміз.

Мұғалім: Дұрыс. Міне, біз оқу міндетін айқындадық. Тапсырманы орындау үшін қажетті тәсілдер жүйесін ойланыңдар.

Оқушылар: Алдымен сөздің түбірін іздейміз, содан кейін жұрнақ пен жалғауларды анықтаймыз.

Мұғалім: Тапсырманың мақсаты анық. Орындалу амалы белгілі. Енді сөзді талдаңдар.

Тапсырманы орындап болған соң, мұғалім мұқият жасалған талдау ғана жұмысты оңай да жемісті орындалуына мүмкіндік беретіндігі туралы қорытынды жасайды. Сонымен қатар, талдау мен мақсат сабақтастығын дәлелдеуге ұмтылады.



Құрамы толық емес тапсырмаларды (есептерді) орындау

Бұндай тапсырмаларды орындаудағы мақсат - оқушылардың зейінін есептің (тапсырманың, жаттығудың) құрамын дәл айқындаудың мәніне аудару, олардың бір-біріне тәуелділігін көрсету.



Қазақ тілі сабағынан үзінді:

Мұғалім оқушыларға шағын жарыс өткізуді ұсынды: әр топ үшін тақтаға сөздер жазылған, оларға талдау жасау қажет. Тапсырманы шапшаң орындаған топ жеңіске жетеді (тақтадағы жазу): домбырашы, жазғы, доп. Мұғалім 5 минуттан соң тапсырманы тексеруді бастайтынын хабарлайды. Оқушылардың бір тобы бірден жұмысқа кірісіп кетті, ал кейбіреуі мұғалімге түсінбей қарап, ”қалай орындау керек” деп сұрады. Бірақ жарыс рухы сыныпты баурап алғандықтан, олар да сөзді талдауға кірісті. 5 минуттан соң тексеру басталды. Бірінші баған бойынша Сара домбырашы сөзін құрамына қарай қате жібермей, талдаған. Асқар сол сөзге әріптік-дыбыстық талдау жасапты. Екінші бағандағы ”жазғы” сөзін сөз табы ретінде және құрамына қарай талдаған. Үшінші бағандағы ”доп” сөзін барлығы да сөз табына талдапты. Кім дұрыс орындаған?

Кімді жеңімпаз деп есептейміз? Оқушылар арасында талас туды: тапсырманы дұрыс орындағандардың бәрі жеңімпаз бола ма, кім бірінші аяқтаса, сол жеңімпаз бола ма?...

Мұғалім оқушыларды тыныштаңдырып, тапсырманы орындаудың мәні айқын болмағандықтан, бұл жағдайда оны орындауға кіріспеу керек еді деген қорытынды жасайды.


Құрамында артық белгілісі бар тапсырмаларды орындау

Сабақтан үзінді:

Мұғалім: Оқушыларға мынандай есепті шығаруды ұсынды: Омар дүкеннен 15 дәптер сатып алды. Ол 3 дәптерін Үсенге, 4 дәптерін Сәулеге, 2 дәптерін Маратқа берді. Үсен мен Маратқа дәптерін бергеннен кейін Омардың өзінде неше дәптер қалды?

Мұғалім: Есепті шығаруды неден бастаймыз?

Оқушылар: Есеп шығаруды талдаудан бастаймыз.

Мұғалім: Дұрыс. Есепті талдаңдар.

Оқушылар: Есепті талдауға кіріседі.

Мұғалім: Бізге не белгілі?

Оқушы: Омардың неше дәптер сатып алғаны және үш оқушыға неше дәптер бергені белгілі.

Мұғалім: Жарайсың! Бізге не белгісіз?

Оқушы: Омардың өзінде неше дәптер қалғаны - белгісіз.

Мұғалім: Сенімен толық келіспеймін. Кімнің тағы қандай пікірлері бар?

Оқушы: Оқушыларға барлығы неше дәптер бергені - белгісіз.

Мұғалім: Оқушыларға барлығы неше дәптер бергендігі бізге қажет пе?

Оқушы: Жоқ. Үсен мен Маратқа неше дәптер бергені - белгісіз.

Мұғалім: Дұрыс. Сонда неше белгісіз бар екен?

Оқушылар: Екі белгісіз бар.

Мұғалім: Ал есепті шығаруға қатысы жоқ белгілі бар ма?

Оқушылар: Сәулеге берген 4 дәптердің есепті шығаруға қатысы жоқ.

Мұғалім: Дұрыс. Балалар! Есептің шешімі ондағы ненің белгілі, ненің белгісіз болуына тікелей байланысты екенін, ол тапсырманы талдау процесінде ғана анықталды.
Шартында ішкі жалпылық пен сыртқы айырмашылығы бар тапсымаларды орындау

Мұндай есептерді, жаттығуларды, тапсырмаларды орындаудағы мақсат - талдау негізінде жалпылықты анықтау іскерлігін қалыптастыру.


Сабақтан үзінді:

Қазақ тілі сабағында ”Біріккен сөздер және олардың жазылуы” туралы оқушылардың білімдерін тексеру және бекіту мақсатында мына мазмұндағы тапсырма берілді: ”Сөздерді үш бағанаға бөліп жаз”

Көкжиек, Сарыадыр, Жылқайдар, қарақұс, Мырзахмет, Қандыағаш.

Әр бағанаға ережеге сәйкес тағы 2 сөз қосып жаз. Оқушылар тапсырманы орындауға кірісті. К.Марат сөздерді төмендегідей түрде бөліп, келесі сөздерді қосқан:




Көкжиек

Сарыадыр

Жылқайдар

Қарақұс

Қандыағаш

Мырзахмет

Қырықаяқ

Сарыарқа

Жоламан

Қарақұйрық

Қараой

Нұрахмет

Бірнеше оқушы Мараттың жазған Жоламан, Нұрахмет сөздерінің дұрыстығына күмән келтірді. Олар мұғаліммен бірлесіп қана оқушыға қатесін түсіндіре алды. Үшінші баған екі түбірден құралған екі дауысты қатар келсе, олардың біреуінің түсіріліп айтылып, солай жазылатыны туралы ережеге арналған. Ал Мараттың жазған сөздерінде дауысты дыбыс біреу ғана екені анықталды, сондықтан бұл сөздер беріліп отырған ережені ашуға мысал бола алмайды. Марат 3-бағанға Исахмет, Жылқаман сөздерін жазғаннан кейін ғана балалар оның жұмысын мақұлдады. Бұдан соң мұғалім тапсырманың бірден дұрыс орындалмауы оған талдаудың жеткіліксіз жасалуынан, яғни оқушы сыртқы ұқсастықтың әсерінен сөздердің берілген ережеге сәйкес мәнін аңғармаған деген қорытынды жасады. Осы міндетті дұрыс шешуге тапсырманың шартын мұқият талдап, есептің белгілі, белгісіз компоненттерін нақты бөлу арқылы ғана қол жетті. Оқушыларға тапсырманың дұрыс орындалуына талдаудың ықпалы,талдаудың маңыздылығы мен қажеттігі осылай түсіндірілді. Сонымен қатар оқушылар жұмысты тексеру барысында есепті шешудің бірінші операциясына қайта оралғанына назар аударды. Эксперименттік оқыту кезенінде байқалған айырмашылықтарды ескере отырып, біз оқушыларға әр түрлі пәндік мазмұндағы есепті талдауда кездесетін жалпы компонентті аңғартып, түсіндіруге ұмтылдық. (Үшінші сыныптарға дайын кеппешөп негізінде арамшөп пен дақылдық өсімдіктерді салыстыруға тапсырма берілді).


Сабақтан үзінді:

Мұғалім: Тапсырмаға өз беттеріңмен талдау жасаңдар.

Оқушылар: Бізге арамшөптер мен дәнді дақылдардың кеппешөптерді белгілі, ал оларды салыстыру (талап) бізге белгісіз.

Мұғалім: Салыстыру дегенге қалай түсінесіңдер?

Оқушылар: Арамшөп пен дәнді дақылдардың ұқсастығы мен айырмашылығын табуды салыстыру дейміз.

Әрекеттің мақсаты мен орындау тәсілдерін анықтағаннан кейін 3-ші сынып оқушылары практикалық жұмысты орындауға кіріседі. Одан соң мұғалім оқушылармен әңгімені одан әрі жалғастырады.



Еңбекке баулу сабағынан үзінді:

Сабақтың тақырыбы: папка дайындау.

Мұғалім папканың моделін, оның ашылуын, жабылып бекітілуін көрсете отырып, оқушылардан папканың не үшін қолданылатынын, неден жасалатынын сұрайды.

Мұғалім: Балалар, тапсырмадағы белгіліні атаңдар.

Оқушылар: Сабақтың аты, заттың үлгісі (папка) белгілі

Мұғалім: Дұрыс, ал бізге не белгісіз (талап).

Оқушылар: Папка дайындау.

Мұғалім: Енді ойланып, біздің сабақтағы жұмысымыздың мақсатын, неге үйренетінімізді айтыңдар.

Оқушылар: Папка дайындау.

Мұғалім: Кім басқаша ойлайды, кім біздің сабақтағы жұмысымыздың мақсатын басқаша айта алады?

Оқушылар: Бізге папка жасап үйрену керек.

Мұғалім: Дұрыс, біз үшін сабақтағы негізгі мәселе - папка жасап үйрену, ол жай папка жасап шығудан гөрі маңыздырақ. Себебі папка жасап үйренсек, оны досымызға, аға-інімізге сыйлыққа жасап бере аламыз. Өмірде мүмкін, болашақ жұмыстарыңда қажет болған жағдайда осындай заттарды өздерің жасап аласыңдар.

Мұғалім: Балалар, қазір біз еңбекке баулу сабағында талдау жасап үйрендік. Біз талдау мәселесіне бұрын қазақ тілі, дүниетану сабақтарында да бірнеше рет қайталап оралғанбыз. Ал осы үш пәнде тапсырмаға талдау жасағанда, сендердің істеген әрекеттеріңде ортақ нәрсе болды ма?

Оқушылар: Иә, ортақ нәрселер бар. Қазақ тілі, дүниетану, еңбекке баулу сабақтарының барлығында да біз алдымен белгіліні (шарт), содан соң белгісізді (сұрақ немесе нені табу керектігін анықтау) бөліп алдық.

Талдау процесіндегі ортақ білікті бөліп алу жалпы еңбек міндетін шешу іскерлігін қалыптастыру шарты ретінде қарастырылатынын ескеру керек. Бұдан соң әрекет тәсілдерін меңгеруге қызығушылығын қалыптастыру мақсатында оқушылардың өз әрекеті үшін талдаудың маңызын түсінуіне назар аударылды.Ол үшін төмендегідей сұрақтар қойылды:



  1. Сен тапсырманы не үшін талдайсың?

  2. Сабақ үстінде жүргізілген талдау саған көмек бола ма, әлде тіпті қажеті жоқ деп есептейсің бе?

  3. Талдауды дұрыс жасауға жеке басыңның қандай қасиеттері көмектесті?

  4. Қалай ойлайсыңдар, еңбек тапсырмасын орындауға үйренген талдау жасау білігінің көмегі болды ма?

Үшінші сынып оқушылары сұрақтарға жауап бере отырып, өз беттерінше төмендегідей қорытындылар жасады: талдау оларға есепті шешуге көмектесіп, мақсатты да саналы түрде әрекет етуге мүмкіндік туғызады. Одан басқа талдаудың негізінде кейін есепті шешуде қолданылатын әрекет тәсілін іздеу жатқандықтан, көптеген қателіктерді болғызбауға мүмкіндік туады, еңбек және оқу міндеттерін орындауда өз бетімен жұмыс жасау іскерлігі қалыптасады. Қорыта айтқанда, оқушыларды есепті талдаудың маңыздылығына сендіру үшін оларға оқу мен еңбек міндеттерін талдау әдістемесін меңгеретін, яғни оларды есептің (тапсырманың, жаттығудың) талдауынан қате жібермеуге үйрететін әр түрлі тәсілдер қолданылады.

Сабақ және орындалатын тапсырманың мақсатын анықтауға үйрету

Енді бастауыш сынып оқушыларын есепті (жаттығуды, тапсырманы) орындаудың екінші кезенін меңгеруге бағытталған тәсілдерге көшейік.


Қазақ тілі сабағынан үзінді. 308-жаттығуды орындау.

Мұғалім: Жаттығу бойынша неше белгісіз бар?

Оқушылар: 3 белгісіз бар:көшіріп жазу, болымсыз етістікті табу, астын сызу.

Мұғалім: Дұрыс. Сендер белгісіздердің санын қалай анықтадыңдар?

Оқушылар: Жаттығуды талдау негізінде білдік.

Мұғалім: Дұрыс. Бұл жаттығудың қандай мақсатпен берілгенін айтыңдар.

Оқушылар: Болымсыз етістіктерді табуға үйренеміз.

Мұғалім: Оқушылар, сендердің айтқандарыңа келісемін, бірақ сендер жаттығуда 3 белгісіз (сұрақ) бар деген болатынсыңдар. Неге?

Оқушылар: Жауап беруге қиналады.

Мұғалім: Ойланып, бұл жаттығуды неге орындайтынымызды айтыңдаршы?

Оқушылар: Бір нәрсеге үйрену үшін орындаймыз.

Мұғалім: Жақсы, жарайсыңдар? Ал тек оқу, көшіру, астын сызу - ол қандай міндет?

Оқушылар: Нақтылы-практикалық міндеттер.

Мұғалім: Дұрыс. Берілген жаттығуды орындай отырып, сендер болымсыз етістікті қалай табуды үйренесіңдер. Бұл - оқу міндеті. Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар берілген тапсырманы орындай отырып, неге үйренетінімізді қалай анықтадық?

Оқушылар: Жаттығуға талдау жасау (не белгілі, не белгісіз) біздің нені үйренетінімізді анықтауға көмектесті.

Мұғалім: Дұрыс. Жаттығудың мақсатын анықтауға көмектескен шарттар мыналар: жаттығудың мазмұны, өтілген материалдар бойынша біліміміз, бұрынғы тәжірибеміз (амал тәсілі).

Бұдан соң мұғалім оқушыға орындаған тапсырманың тұсына ”М-1” белгісін қоюды ұсынады. Бұл - мақсаттың санын көрсетеді, бұдан соң оқушылар тапсырманы орындауға кірісті. Жаттығуды орындау барысында мұғалім ”Тапсырманы орындай отырып, нені үйренесің?” деген сұраққа жауап алып отырды.

Мұғалім үшінші сынып оқушыларына үй тапсырмасын орындағанда жаттығудың тұсына жиек сызыққа қарындашпен мақсат санын көрсететін ”М-1”, ”М-2”... белгілерін қойып отыруды ұсынады.

Математика

Берілген есептің мақсатын мұғалім анықтайды. ”Берілген тапсырманы орындай отырып, сендер көп таңбалы сандарды қосуға және азайтуға үйренесіңдер”. Одан соң есептің мақсатын анықтауға көмектесетін шарттарға тоқталды: білім, өткен тәжірибе (атап айтқанда олардың үйренгендеріне талдау жасауы), оқушылардың осы тақырып бойынша нені біліп, нені істей алатындарын, әлі де болса неге үйренуі керектігін көрсетеді. Одан басқа оқушылар өз әрекеттерінде мақсатты анықтаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеді.

Ол үшін мұғалім оқушыларға ”Берілген тапсырманы орындай отырып, сен нені үйренесің?”, ”Біз бұл тапсырманы неліктен орындаймыз?, ”Бұндай тапсырмаларды орындау іскерлігі саған қайда қажет болады деп ойлайсың?” деген сұрақтар бойынша үнемі мақсатты белгілеп отыруды ұсынады.

Мұғалім осылай жұмыстың мақсатын нақты белгілеу үлгісін көрсетіп, мақсатты анықтау шарттарын атайды, олар: тақырып, өтілген материалдар бойынша білімі, тапсырманың мазмұны. Жұмыстың мұндай мақсаттық бағыттылығы (мақсатты ойланып белгілеу, оның бастауыш сынып оқушылары үшін айқын болуы) оқушылардың өзін-өзі еріктік тұрғыдан басқаруын қалыптастырады. Ең бастысы оқушыларды мақсатты анықтауға және белгілеуге үйрету, сондықтан алғашқы кезде мақсатты анықтау өздеріне түрі таныс тапсырманы орындап болғаннан кейін ұжымдық түрде, кейінірек тапсырманы орындар алдында жүргізіледі. Мұғалім төмендегідей типтес сұрақтар ұсынады: шындығында, сендерге дейін бұл тапсырманы жүздеген бастауыш сынып оқушылары орындады. Егер дұрыс орындасаңдар. сендер де басқалар алған жауапқа жетесіңдер Шығарылған есепті қайта шешудің не мәні бар?

Сол сияқты бастауыш сынып оқушыларын оқулықтағы нақты практикалық міндетті оқу міндетіне айналдыруға жаттықтырудың маңызы зор. Мысалы, мұғалім №3 (математика, 65-бет) есептегі көбейтуді орында деген нақты практикалық тапсырманы оқу міндетімен алмастыруды ұсынады.

Ал қазақ тілінен 320 - жаттығудағы ”Зат есімнің астын бір, етістіктің астын екі сызындар. Етістіктің қай заттың қимылын білдіретінін айтыңдар. Қарамен жазылған сөздердің түбірі қайсы, қосымшасы қайсы, қандай сұрақ қойылады?” деген тапсырмалардан оқу міндетін анықтау. Мақсатты анықтауды, қабылдауды еңбекке баулу сабағында нақтылы материал негізінде дәлелдеген жөн. Себебі әрбір операцияның басталуы мен аяқталуын көрнекті түрде сезіне алады.




Еңбекке баулу сабағынан үзінді:

Тақырыбы: ”Папка” дайындау. Материал 2 сағатқа есептелген, сабақтың екінші бөліміне сипаттама.



Мұғалім: Бүгінгі сабақтағы өз әрекеттеріңнің мақсатын анықтаңдар.

Оқушы: Біз бүгін папка жасауды аяқтауымыз керек.

Мұғалім: Барлығың да осылай ойлайсыңдар ма?

Оқушы: Жоқ. Біз папка жасауды бітіріп, жұмысты аяқтауымыз керек. Бірақ оқу міндеті өткен сабақтағыдай папка жасауға үйрену болып қала береді.

Мұғалім: Неліктен бүгінгі сабақтың мақсаты осыдан бірнеше күн бұрын белгіленген күйінде қалады?

Оқушылар: Жауап беруге қиналады.

Мұғалім: Қазақ тілі сабағында жаттығу орындаудың, математикада есеп шығарудың мақсатын қалай анықтағанымызды еске түсірейікші.

Оқушылар: Бізге тапсырманың мақсатын анықтауға білім, бұрынғы тәжірибе (атап айтқанда талдау жасау тәжірибеміз), есептің мазмұны көмектесті

Мұғалім: Дұрыс. Ал еңбекке баулу сабағында мақсатты анықтауға ықпал ететін шарттар сабақтың тақырыбын айтып, оны тақтаға жазу, міндетті түрде бұйымның үлгісін көрсету, осындай жұмыстарды математика, қазақ тілі сабақтарында орындаудың практикасы бұл шарттардың барлық жағдайда сақтала бермейтінін көрсетеді.

Мұғалім: Енді бүгінгі сабақтағы өз әрекеттеріңіздің мақсатын атаңыздар.

Оқушылар: Папка жасап үйрену.

Мұғалім: Еңбекке баулу сабағының мақсатын анықтауға не көмектесті.

Оқушылар: Бізге мақсатты анықтауға мына шарттар көмектесті: папка (тақырып, бұйым үлгісі), практикалық тәжірибеміз.

Мұғалім: Дұрыс. Біздің тақырыбымыз ”папка дайындау”. Ол аяқталған жоқ. Өткен сабақта жұмыстың алғашқы бөліктерін ғана жасап үлгердік, бүгін оны аяқтаймыз, яғни бүгін жұмысты одан әрі қалай жалғастыруды үйренеміз. Мақсаттың бұлай анықталуы мен оның берілу формасына барлығы да келісті. Оқушылар барлық шартты бөліп алып атаудың әрекет мақсатын анықтауға зор ықпалы болғанын атап көрсетті. Тақырыппен алғаш танысу сабақтарында мұғалім әрекеттің мақсатын өзі анықтап, айтып берді, оқушыларды келесі сабақтарға бағыттады. Кейінірек оқушылар барлық шарттқа - тақырыпты атау,өтілген материал бойынша білімдері, білім мазмұнына өз беттерінше талдау жасайды.


Математика сабағынан үзінді:

Тақырып: ”Көп таңбалы сандарды қосу және азайту” (тақырып тақтаға жазылып қойылады).



Мұғалім: Ойланып, бүгінгі сабақтағы әрекетіміздің мақсатын айтыңдар.

Оқушылар: Көп таңбалы сандарды қосу мен азайтуға үйрену.

Мұғалім: Мақсатты осылай тез анықтауға не көмектесті?

Оқушылар: Сіз тақырыпты хабарладыңыз, ал біз оны әлі өткен жоқпыз.

Мұғалім: Мақсатты тек тақырыпқа қарап қана анықтадыңдар ма?

Оқушылар: Жоқ. Біз екі таңбалы және үш таңбалы сандарды өткенде оларды өзара қосып үйрендік, ендеше бүгін көп таңбалы сандарды қосып, азайтуға үйренуіміз керек.

Мұғалім: Сонымен математика сабағында іс-әрекетіміздің мақсатын анықтауға көмектескен шарттарды атайықшы.

Оқушылар: Тақырыпты атау, ол туралы біліміміз, екі таңбалы

сандар туралы білетінімізді еске түсіру.



Мұғалім: Сонымен, біз өтілген материалды еске түсірдік. Ендеше мақсатты дұрыс анықтау үшін, сабақтың тақырыбын мұқият оқып, ол тақырып бойынша не белгілі екенін еске түсіру керек, одан соң осы сабақта нені үйренетініміз туралы ойлану керек. Кез келген әрекет, оның ішінде еңбек әрекеті де мақсатты анықтаудан басталатындықтан. мұғалім бірнеше сабақ бойы осылай сабақ мақсатын анықтауға арналған жұмыстар ұйымдастырып, әр оқушының өз әрекетінің мақсатын түсінуге, оның мәнін айта білуіне қол жеткізеді. Осы мақсатта мұғалім оқушыларға бір-біріне іс-әрекеттің мақсатын анықтауға қажетті шарттарды атап, оларды негіздеп, айтып беруге тапсырма ұсынады. Бұдан кейін мұғалім оқушылардан бірге жазылған оқу және практикалық міндеттердің арасынан оқу міндетін бөліп алып, оларды түсіндіруді сұрады:

  1. сурет бойынша балалардың құстар туралы әңгімелеуі;

  2. берілген сызба үлгі бойынша бұйым құрастырып үйрену;

  3. оқып шығып, қысқаша әңгіме дайындау;

  4. көшіріп жазып, септік жалғаулы зат есімнің септіктерін анықтау;

  5. сызба үлгі бойынша макет құрастыру;

  6. оқулықтағы сурет бойынша сөйлеуге үйрену. Бұдан кейін бастауыш сынып оқушылары мұғалімнің көмегінсіз алда тұрған жұмыстың мақсатын анықтайды, мұғалім үй тапсырмасын бере отырып, мақсатын анықтауды талап етеді.

Келесі күні бұл тапсырма тексеріледі. Бұндай жұмыстар бірнеше рет қайталанады. Содан кейін ғана оқушылар әр жұмыстың мақсатын өз беттерінше анықтай алады. Мұғалім оқу міндетін белгілей отырып, әр оқушы өз бойында талаптылық, қайсарлық, тәуелсіздік, ұйымдастыру-шылық сияқты адамға кез келген жағдайда қажет болатын ерік қасиеттерін дамытатынына оқушылардың назарын үнемі аударып отырады. Одан әрі берілген оқу міндеті бойынша тапсырма құрастыру жұмыстары жалғастырылады. Бұл жұмыс оқушылардың өз бетімен орындауына ұсынылады. Мысалы, тең бөлікке бөлу: ”Ауданға 1884 т.тыңайтқыш 2-ге бөлініп жеткізілді. Алғашқыда тыңайтқыш 24 вагонмен,екіншісінде 33 вагонмен әкелінді. Вагондардың сыйымдылығы мен жүк көтергіштігі бірдей болса, ауданға бірінші және екінші кезектерде қанша тыңайтқыш әкелінген” есеп құрастырылады. Мұғалім оқушыларға осындай тәсілмен шығатын өз есептерін құрастыруға тапсырма береді. Бұл кезеңде мұғалім басқа да жұмыс тәсілдерін қолданады (әдістемені қараңыз).
Каталог: files
files -> «Іскерлік байланыс» 2012 жобасы МӘлімдеме формасы
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Ынтымақтастықпен өмір сүру
files -> Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы