Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)


-тарау. ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ



бет10/19
Дата16.01.2017
өлшемі1.58 Mb.
#274
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

9-тарау. ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Жоспары:


9.1 Зерттеулердің эмпирикалық әдістері

9.2 Педагогикалық эксперимент, оның түрлері және жүргізілу кезеңдері


Практикалық сабақтар мазмұны:

9 Педагогикалық тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтаудың әдістемесі

Жоспары


  1. Педагогикалық тәжірибе түсінігі

  2. Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу әдістемесі мен талаптары

  3. Озық тәжірибелер өлшемі

  4. Озық тәжірибелер қоржыны, түрлері, оларды топтап бөлу.

Тапсырма. Озық тәжірибені зерттеудің моделін дайындаңыз. Пайдаланылған әдебиеттер тізбегін жасаңыз.

Әдістемелік ұсыныстар. Озық тәжірибені зерттеу кезеңдеріне, апробациядан өткізу мәніне назар аударыңыз. Тұтастықты сақтау жағын қарастырыңыз. Тәжірибе қорытудың үш деңгейін есте сақтаңыз. Озық тәжірибенің қорыту, тарту түрлеріне сипаттама беріңіз.
9.1 Эмпирикалық зерттеу (эмпирикалық әдістер) – зерттелетін мәселе бойынша нақты материалды жинақтау және құбылысты тіркеу, оларды тізімдеу, сыртқы байланысын айқындау, қабылданған ұғыммен белгіленген деректерді қорыту үшін қызмет ететін эмпиристік таным мен құбылыс шындығын зерделеу амалдары, рәсімдері мен операциялары, ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу тәсілдері.

Эмпирикалық әдістер тек қана тікелей ақпаратты (жинау) қабылдауды ғана емес, сондай-ақ қордалануды, жіктеуді және зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық теория құру үшін бастапқы материалды жинақтауды да қамтамасыз етеді. Олардың жалпы сипаты- нақтылықпен тікелей байланысты болғандығында.

Эмпирикалық әдістерге мыналар жатады:

- мағлұматтарды жинақтау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тестілеу, сұхбаттасу, құжаттар мен іс-әрекет нәтижелерін талдау, оқытушы жұмысы тәжірибесін талдау және т.б.) жатады;

- бақылау мен өлшеу әдістері (шкалалау, тестілеу және т.б.);

- педагогикалық үрдісті өзгертілген және нақты ескерілген жағдайда зерттеу (педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін мектеп жағдайында тексеру).

Педагогикалық зерттеу әдістерінің ішінде педагогикалық бақылау жиі қолданылады.

Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбыластарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, экскурсия т.б.жағдайда), жүргізілу әдісі мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Педагогикалық бақылау – бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі.

Бақылаулар тікелей және жанама, ашық және жабық, үздіксіз және дискреттік (үзіліспен), монографиялық болуы мүмкін. Зерттеуші бақыланушы объектінің іс-әрекетіне тікелей белсене қатысса, (оқушылармен бірге) бақылау тиімді болып шығады. Сырттай (құпия) бақылау айналы (әйнекті) қабырға арқылы немесе телекамераның көмегімен жүзеге асырылады.

Бақылау әдісін бастамас бұрын зерттеуші қандай мақсатпен және қанша уақыт бақылау жүргізетінін және қандай күтілетін нәтижелерге келетінін білуі тиіс. Жинаған фактілерді тіркеп жазып қою керек, күнделік жазып, хаттама күйінде тіркеп, бейнетаспаға, үнтаспаға жазып алып, фотосуретке түсіру керек.

Бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар:


  • мақсаттылығы;

  • жүйелілігі;

  • ұзақтылығы;

  • жан-жақтылығы;

  • объективтілігі;

  • бұқаралық;

  • әдептілікті сақтау.

Бақылау әдісі. Нақтылы бақылау обьектісі белгіленіп, жоспарлы жүргізіледі.

Бақылау кезеңдері:

-мақсат пен міндеттерді анықтау;

-обьекті, пәні таңдалынады;

-бақылау жолдарын анықтау;

-бақылау барысын есепке алу;

-алынған ақпараттарды өңдеу және талқылау.

Кемшілігі-қорытындысына жеке тұлғаның ерекшелігі ықпал етуі.

Бақылау-зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жеке танысуға орай алдын-ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді:

1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау;

2) бақыланылатын обьект, оның элементтерін және ситуацияларын таңдастыру;

3) бақылау және оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді іріктеу;

4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;

5) жинақталған ақпараттарды өңдеу және дәйектеу.

Бақылау түрлері: араласа бақылау-ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау-зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық және жасырын бақылау; тұтастай және таңдамалы бақылау.

Бақылау-орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес. Көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нәтижеге зерттеушінің тұлғалық-әлеуметтік жеке-дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.

Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады.



Әңгіме әдісі.

Әңгіме – 1. тұлғаның жеке ерекшеліктерін анықтау мақсатымен (мотивациялық және эмоционалдық аясын, білімін, сенімін, қызығушылығын, артықшылығын, ұстанымын, ортаға, ұжымға қатынасын т.б) ұйымдастыралытн психологиялық-педагогикалық зерттеу әдісі. 2. Мұғалімнің мұқият ойластырылған сұрақтар жүйесін қою жолымен оқушыларды жаңа материалды түсінуге әкелетін немесе енді оқып үйренгенді меңгергенін бақылайтын оқытудағы әдіс.

Сұрақ-жауап тұрғысындағы әңгіме және осының кез-келген үлгісі алдын-ала жоспарланған мәселелер бойынша, белгілі бір мақсатпен өткізіліп, мұнда барлығы да тіркеледі: жауапты нысаны, әңгімеге көзқарас, мінез-құлық және т.с.с.

Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерін нақты көрсеткен жөн.

Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалімдер мен ата-аналар және басқа қажетті адамдармен жүргізіледі. Әңгіме барысында зерттеуші жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Әңгімені жасөспірімдермен өткізгенде өте жоғары шеберлікті қажет етеді. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларымен әңгіме өткізу өте күрделі. Мұны тек бастауыш сынып оқытушылары ғана жүргізе алады. Себебі олар осы жастағы балалардың жас ерекшелектерін жақсы біледі.

Әңгіменің келесі түрі көбінесе жоғары сынып оқушыларымен мәселелені талқылау барысындағы әңгімелесу.

Әңгімелесу еркіндік негізде жүргізіледі, анықталған мәселеге байланысты сұрақтар дайындалады. Оқушы көзінше жазба жұмысы жүргізілмейді.

Сұрақ-жауап тұрғысындағы әңгіме және осының кез-келген үлгісі алдын-ала жоспарланған мәселелер бойынша, белгілі бір мақсатпен өткізіліп, мұнда барлығы да тіркеледі: жауаптың нысаны, әңгіме көзқарасы, мінез-құлық және т.с.с.

Бұл әдістің артықшылығы: оқушыларды ширатып, жады мен сөйлеуін дамытады, оқушылардың білімін жария етеді, елеулі тәрбиелік мүмкіндіктері бар.

Әңгімелесушілердің түрлері – ауызша қарым-қатынас үдерісінде педагогке тәрбиеленушілермен өзара әрекетте тактика таңдауда ескеруге пайдалы адамның әр түрлі жеке сипаттарының көрінуі.



Басым ойлы әңгімелесушімен (қайсар, шешім қабылдап, жауапкершілікті өзіне ала алатын) әңгімені текке үзіп жібермеуге тырысып, сабырлы болу тиімді, бірақ өзіңнің көзқарасыңды оған батыл, шешімді түрде айту керек; басым ойы жоқ әңгімелесушіні (сыпайы, жұмсақ, тез абыржып қалатын) жиі жігерлендіріп, қызығушылықпен тыңдап, дұрыс қорытындыларын қолдау пайдалы. Қарым-қатынаста ұтқыр тәрбиеленушіні (еті тірі, тақырыптан тақырыпқа жеңіл ауысатын) әңгіме тақырыбына оралып, сыпайы сөйлесіп отыру ләзім. Ригидтіні (тақырып ауысуына ілесе алмайтын шабанды) асықтырмай, оған ақырына дейін сөйлеуге мүмкіндік берілуі тиіс. Экстраверт (төтенше) көпшіл, белсенді, көбінесе әңгімелесушіге бағытталған. Онымен, әдетте, қарым-қатынас жасау жеңіл. Интраверт әңгімеге онша құлқы жоқ, егер алдыңғысы аяқталмаса, тақырыптан тақырыпқа қиын ауысады. Оны шыдамды, ойлы түрде тыңдау қажет.

Сұхбат әдісі – қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі.

Сұхбат – сұхбат алушының респондентпен қатынасын көздейтін, белгілі жоспар бойынша өткізілетін сұрау, әңгіме әдісінің өзге түрі.

Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзелген жоспармен орындалады. Әңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды.

Сұхбат алу – қандай да болсын ақпаратты алу мақсатында респондентпен жүргізетін әңгіме, сұрақ:



  • деректі (құжатты) – фактілер мен оқиғалар нақтыланатын әдіс;

  • жабық – ұсынылған тұжырымдардан бір немесе бірнеше стандартталған жауаптарды таңдау қарастыралады, «ия», «жоқ», «білмеймін», «келісемін», «келіспеймін», «айту қиын» сияқты стандарт сұрақтарға ұқсас жауаптардың мысалдары;

  • пікір – адамдардың қандай да болмасын құбылыстар мен оқиғаларға қатынасының білуге бағытталған әдіс;

  • ашық – жауаптардың сипаты мен саны, олардың түрі және формасы алдын-ала ескерілмейді, сыналушылар оны еркін таңдайды. Осындай сұрақтардың жауаптары, жабық түрге қарағандағы айырмашылығы, әдетте сандық емес, сапалы талдауға салынады;

  • еркін – тақырыбы мен түрі регламентпен белгіленбеген әңгімелесулер.

Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтену саласынан енген сұхбат алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын-ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Сұхбат жауаптары анық жазылып, хатталады.

Сауалнама – 1) белгілі бір тақырып бойынша сұрақтар және оларға қажетті мәліметтер алу мақсатымен жауап жазуға орын қалдырған (немесе жауаптары) сұрақ қағазы; 2) зерттелуші адамдар контигентіне зерттеушінің құрастыратын тізімі, олардың жауаптары жалпылау үшін алғашқы эмпирикалық материал ретінде қызмет етеді:

  • алып – жүз, екі жүз сұрақтары бар сауалнама;

  • жабық – ұсынылған жауаптардан таңдау;

  • найзағай – екі-үш сұрақтардан тұратын сауалнама;

  • ашық – жауап берушілердің еркін жауаптары;

  • аралас – сұрақтарының бір бөлігі таңдау бойынша берілетін, сондай-ақ ұсынылатын сұрақтардың шеңберінен шығып кететін жауаптарды тұжырымдайтын бос жолдар қалдырылатын сауалнама.

Сауалнама белгілі бір құбылыс туралы ақпаратты зерттелушілердің үлкен тобында анықтап алу үшін сын мен ұсыныстарды анықтау үшін өткізіледі.

Ұжымдағы қарым-қатынасты анықтап алу үшін социометриялық сауалнамалар өткізіледі. Мұндағы сұрақ әдістерінің артықшылығы – зерттеуші әр түрлі ақпаратты, үлкен аудиторияны қамти отырып, жинап алады. Кемшілігі – әр сауалнамада толығымен шындық айту элементі болмай қалады, кейбір жауаптар жалған болуы мүмкін және кейбір сұрақтар белгілі бір жас ерекшелігіне сай келмеуі мүмкін.

Бұл жерде мынадай талаптарды сақтау қажет:


  • зерттелуші құбылысты неғұрлым дәл көрсететін және сенімді ақпарат беретін дәл және нақты сұрақтарды ұқыппен таңдау;

  • жауаптарды нақтылауға мүмкіндік беретін тікелей және жанама сұрақтарды пайдалану және олардың шынайылығын анықтау;

  • берілген сұрақтардың мәні мен маңызы және оларды дайындау кезінде ешкімнің араласпауы;

  • ашық (кейде жауап беруші өзінің жеке пікірін айтуына болады), жабық (жауаптарының шектеулі нұсқаларымен) сауалнамаларды пайдалану;

  • дайындалған сауалнаманы сынақтан өтушілердің шағын тобына тексеру, қажетті түзетулерді енгізу; балмен бағалау арқылы қарама-қарсы сауалнамаларды пайдалану.

Анкеталау – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Әңгімелесу мен сұхбат алу бетпе-бет әңгіме құрумен жүргізіледі, ал анкета сырттай орындалады. Аталған әдістердің нәтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тәуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер:

1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн;

2) сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет;

3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс;

4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырғы редакциясының ұсынылуы дұрыс.

Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және бақылау жұмыстары. Балалардың суреттері, сызбалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік және дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу әдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі, дәрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектеп хат-қағаздармен танысу арқылы зерттеуші оқу-тәрбие, білім игеру үдерісін ұйымдастыру тәжірибесінде нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.



Мектеп құжаттарын зерттеу. Оқу және тәрбие жұмысындағы кейбір күдікті мәселелерді түрлі құжаттарға сүйеніп, зерттеуге болады. Бұл - мектеп және мектептен тыс тәрбие мәселелеріндегі құжаттар мен мұрағат материалдары.

Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау жұмыстары, суреттері, түрлі жұмыстарын зерттеу арқылы кейбір керекті материалдар алуға болады.

Педагогикалық тест - нақты білім беру саласында оқушылардың білім, білік пен дағды құрылымын және деңгейін тиімді бағалауға мүмкіндік беретін белгілі бір пішін мен мазмұндағы тапсырмалардың күрделілігі бойынша сараланған жүйе. Педагогикалық тестілеу – қатаң қадағаланатын жағдайда өткізілетін мақсатты тексеру. Ол арнайы жасақталған міндеттер көмегімен педагогикалық үрдістің зерттелетін сипаттамаларын объективті өлшеуді қамтамасыз етеді.

Рейтинг немесе өзін-өзі бағалау әдістері

Рейтинг – іс-әрекетті белгілі бір жақтарын құзырлы эксперттермен бағалауы. Эксперттерге қойылатын талаптар: құзыреттілігі, шығармашылық міндеттерді шешу қабілеттілігі, объективтілік, өзін-өзі сынау.

Бұл әдіс білікті қазылардың (сарапшылардың) іс-әрекеттің қандай да бір жақтарын бағалау кезінде пайдаланылады. Сарапшыларға белгілі талаптар қойылады: олар шығармашылық міндеттерді шешуге қабілетті, білікті болуға, сараптамаға оң қабақ танытуға, әділ, объективті, өзіне-өзі сыни тұрғыдан қарауға тиісті. Рейтинг үшін қарама-қарсы сауалнамалар пайдаланылуы мүмкін. Өзіндік бағалау әдісін де пайдаланған орынды.



Рангілік бағалау әдісі

Мұндай әдіс кезінде анықталған себептер олардың көрініс дәрежесіне немесе кему тәртібімен орналастырылады немесе осындай не басқа бір белгілер (құбылыстар) бағалауды жүзеге асырушының ұстанған бағытына байланысты оның мәніне қарай өсу (мысалы, сыналушылар үшін ұсынылған ілімнің себептерінің мәніне қарай) орналастырылады.



Тәуелсіз сипаттамаларды қорыту әдісі

Бұл әдіс тұлсырымдардың объективтілігін арттырады. Оның мәні зерттеушінің әр түрлі көздерден алынған ақпараттарды өңдеуінен көрінеді.

Мысалы, оқушының жеке басын зерттей отырып, мұғалім ол туралы ата-аналардан, басқа мұғалімдерден, дәрігерлерден, ұжымнан мәліметтер алады.

Тәуелсіз сипаттамаларды жалпылау әдісі – тұжырымдардың объективтілігін жоғарылатады. Әр түрлі ақпарат көздерінен түскен мәліметтерді өңдеу.

Статистикалық әдіс оның шеңберінде мынадай нақты әдістемелер қолданылады:

тіркеу – белгілі сыныптың белгілі бір сапасын анықтау және осы сапаның барлығын немесе жоқтығын сан бойынша білу;

ранжирлеу – жиналған деректердің белгілі бір жүйемен орналасуы, объектілердің осы қатардағы орындарын анықтау;

шәкілдеу – зерттеу сипаттамаларына балдар немесе басқа цифрлық көрсеткіштер беру.

Шәкілдердің негізгі орналасу реті: аталым шәкілдері (номиналды); тәртіп (немесе рангілік) шәкілдері; арақашықтық шәкілдері; қарым-қатынас шәкілдері;



Аталым шәкілдері – ең «әлсіз» шәкілдер. Оларда сандар мен басқа да белгіленімдер таза символдық түрде пайдаланылады. Объектілердің аталымдарын білдіреді. Бірден-бір математикалық сипаттама объектілердің неге жататындығын анықтау. Мысалы: зерттеу объектісі сол сыныпқа жата ма, мамандықтар тізімі, оқушылар мінездемелерін саралау. Тәртіп шәкілдерінде шама тәртібі, «үлкен» мен «кішінің» қарым-қатынасы, жалпы иерархия белгіленеді. Оларды қолданудың мысалы ретінде «бойы сұңғақтау», «бесеуден көбірек», т.с.с. типтегі ранжирлеу қызмет етеді.

«Күшті» шәкілдер – арақашықтық және қарым-қатынас шәкілдері болып саналады. Арақашықтық шәкілі шәкілдегі жекелеген сандардың арасындағы белгілі бір арақашықтықты көздесе, ал қарым-қатынас шәкілінде нөлдік нүктенің өзі де анықталып қойылған. Мысалы: термометрлер, вольтметрлер шәкілдері және басқалар.



Социометрикалық әдіс

Жеке бастың қарым-қатынастары зерттеледі. Социометрия (лат. societas – қоғам және metrio – өлшеймін) шағын топтағы тұлға аралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Я. Морено (1892-1974) жасады. Социометриядағы негізгі тәсіл – арнайы сауалнамадағы сұрақтарға жауап бере отырып, топтың әрбір мүшесі өзінің басқаға деген қатынасын білдіреді. Нәтижелері социограммаға (графикте топ мүшелерінің таңдаулары бағдаршамен көрсетіледі) немесе социоматрицаға ( топтың әрбір мүшесінің таңдаулары есептелген кесте) енгізіледі.

Социометрия топтық қарым-қатынастың сыртқы жағын ғана қамтиды. Топты толығырақ сипаттау үшін тұлға арылық таңдаудың түрткілерін, сондай-ақ, топты ұжым ретінде сипаттайтын қарым-қатынастың ерекше жүйесінің дамуын анықтап алу қажет.

И. П. Волков, Я. Л. Коломинский және т.б педагогтар социометрияның балалар тобындағы тұлға аралық қатынастар туралы ақпараттар алуға мүмкіндік беретін нұсқаларын жасады. Социометрияның жеке тұлғалық және топтық нысандары, сондай-ақ, эксперименттік ойын, жазбаша тест, бейнелеу тест, т.б нұсқасындағы түрлері қолданылады.

Социометриялық әдіс топтағы, жанұядағы, балалар ұжымындағы қарым-қатынастың пайда болуын көрсетеді. Қарым-қатынас өз кезегінде оқушы әрекетінің нәтижесін бейнелейді. Сондықтанда социометриялық әдіс дәстүрлі сауалнама мен сұхбаттың қолданылуынан неғұрлым анық көрінеді. Дегенмен, сауалнама социометриялық әдістің құрамды бөлігі болып табылады, бірақ ол ғылыми зерттеу үшін жеке негізі ретінде қызмет ете алмайды.

Социометрияның баға шкалалары:

Шкаланың кең тараған төрт түрі бар:

1. Кемитін немесе өсетін бағалар типінің қатарындағы шкаласы.

2. Өзара бағалау шкаласы.

3. Салыстырмалы баға шкаласы.

4. Өз-өзін бағалау шкаласы.
1. Кемитін немесе өсетін бағалардың тиянақты типінің шкаласы.

Мұнда бес балдық (кейде 10 балдық) жүйе қолданылады. Оқушылардың сапаның маңыздылығын бағалау ұсынылады және баға шкалаларының градияциясы басқа болды:

- ең жоғары деңгей, жоғары деңгейі, орта, төмен, ең төмен, (бұл жеке тұлғаның, жымның, бала қызығушылығының, оның қажеттіліктерінің және т.б сапаларының даму деңгейіне қатысты);

- өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз, жаман, өте жаман (бұл қарым-қатынастың, педагог жұмысының сапасына, белсенділігіне, білім, дағды, икем көрсеткіштерінің және т.б бағасына қатысты);

- анық көрсетілген, жеткілікті толық көрсетілген, белгісіз көрсетілген, жаман көрсетілген, көрсетілмеген (сапа мен жеке тұлғаның қасиетінің қалыптасуымен сипатталады).

Зерттеуші әдетте өзінің зерттеу пәніне қатысты баға шкаласының түрлерін таңдайды.



2. Өзара бағалау шкаласы. Мұнда әрбір сынып оқушысы өз құрбыларының әрқайсысына сапалық баға береді, кейін мұның бәрі рангтық бағаның жалпы матрицасына айналады.

Осыған қатысты орта балмен ұжымның, қоғамдық белсенділіктің немесе қандай да бір басқа тұлға сапасының деңгейі орнатылады. Мұнда оқушылар бірін-бірі бағалайды.



3. Салыстырмалы баға шкаласы. Бұл шкала бойынша мәліметтер алу үшін әр түрлі топқа, тұлғаға, тәрбие үдерісіндеқатысушыларға сұрау әдісі жүргізіледі. Жүргізілген сауалнама мен сұхбаттың негізінде құрылған келесі түрі кестеде берілген.

Ойдың эксперимент нәтижесімен салыстырылуы және берілген бақылаулар басқа сұрауларға да объективті мәліметтер беріп қана қоймайды, сонымен қатар, кімнің пікірі неғұрлым дұрыс, кімнің пікірі қате екенін, кімнің пікірі жиі сәйкес келетінін анықтауға көмектесетінін анықтауға көмегін тигізеді.



4. Өзін-өзі бағалау шкаласы. Ең көп таралған зерттеу әдістерінің бірі болып өзін-өзі бақылау болып табылады. Мұнда зерттеуші 3-4 күн, апта ішінде достарына өзін бақылауды ұсынады. (Мысалы, өзінде және досында еріктің пайда болуы). Кейін олар өзінде пайда болған сапалардың деңгейін белгілейді. Мәселен, өзін-өзі бағалаудың жалпы түрі еріктің даму деңгейі бойынша көрінеді.

Өзін-өзі бағалау шкаласы әр түрлі болады. Өзін-өзі бағалау зерттеушінің бағасымен салыстырылатын шкала түрі жиі қолданылып келеді. Мұнда өзін-өзі бағалау ата-ана мен мұғалімнің бағасымен салыстырғанда төмен көрсеткіш береді.



Социометриялық әдістемені қолданған кезде мынаны ескерген жөн:

1. Сауалнама, әңгіме, сұхбат және өзін-өзі бағалауда белгілі талаптарды орындау. Зерттеу объектісі жөнінде жеткілікті мәліметтер беретін өзара қатынастың болуын жоспарлау;

2. Кез келген социометриялық әдістеменің шешімді, қарым-қатынас сферасын, объектісін таңдауға болады.

Мысалы, оқушыларға әрекет түрін таңдауға мүмкіндік береді. Таңдау себебі әртүрлі болуы мүмкін: достарымен бірге болу, жұмысқа қызығушылық, мұғалімдерді сыйлау, жаңа істе өз күшін байқау және т.б. Оқушы бір партада басқа біреумен отырғысы келген кезде оның таңдау себебі әр түрлі: досына жәрдемдесу, досының жәрдем беруі, жұмысқа деген қызығушылығы және т.б. Социометриялық әдіс ұжымдағы қарым-қатынастың себептік сипатын аша түсетіндей болып құрылуы керек.

3. Алынған мәліметтердің сапасына бақылау жүйесі қажет. Бұл үшін бірінші кезекте таңдап алынған әдіс (шағын топтық типтер зерттеледі) қолданылады, оқушылар өз жауаптары мен таңдауларының себептерін аша түсетін арнайы әңгіме және сұхбатпен социометриялық әдісті тексеру; мәліметтерді басқа зерттеу әдістері көмегімен тексеру.

4. Социометриялық зерттеуде балалар мен ұжымның жалпы даму деңгейі туралы мәлімет болуы керек. Көбінесе бұдан әрі фактінің, сандық материалдық объктивтілігі көп жағдайда тәуелді болады. Айырмашылығын білу жалпыны білу қажет.



Социометрия әдіснамасы бірнеше қабылдау кешенін ұсынады:

а) Сауалнаманың мынадай сұрақтарға өткізілуі:

«Сіз бір партада кіммен отырғыңыз келеді?»

«Сіз кіммен кезекшілік қызметін атқарғыңыз келеді?»

«Сіз кіммен бірге серуендеуді қалайсыз?» және т.б;



ә) Өзінің құрбыларының әрқайсысына баға беру;

б) Таңдаудың жанама әдісі: мысалы, әрбір алты жасар оқушыда бес әртүрлі қызықты ашық хат бар. Ол мейраммен құттықтап, пошта арқылы тиісті адресатқа жібереді. Поштампта кімнің қанша және қандай ашықхат алынғаны нақты анықталады. Осының негізінде ұжым ішіндегі жан жақтылық қарым-қатынас көрінеді ( №1 сызба).

в) Сынып бойынша құрылған формасы негізінде міндеттемелердің бөлінуі: топ басшысы, тазалық секторы, редколлегия мүшелері, спорт секторы және т.б.

Осындай график арқылы оқушылардың бір бірімен қарым қатынасы құрылады. Бұл топтар эксперимент барысында әр түрлі тапсырмалар орындап, әрекет түрлерімен айналысуы керек. Кейін олардың ішінен басшы (лидер) айқын көріне бастайды. Жұмыстың мұндай жүйесі ұжымның қалыптасуын бірнеше есеге жылдамдатады, сонымен қатар ұжымның жеке тұлғаға әсер етуін қамтамасыз етеді.

Қаншалықты барлық жағдайларда негізгі параметр болып фактілер, сандар, көптеген сауалнама, тестілер, әңгіме жүргізген кезде шкаланың өлшем ретінде қолданылатыны белгілі: Салмақ, пән өлшемдері, тауар құндылығы және т.б. Тәрбиеде мұндай шкаланы кездестіру қиын. Зерттеуде педагогикалық болмыстың көп санның ішінен қайсысы болса да бағасының рангтік шкаласын өңдеп шығаруы қажет.



Педагогикалық эксперимент

Эксперимент – (лат. тәжірибе, сынама) ғылыми дәлелденген тәжірибені, идеяны, ғылыми болжамдар, үлгілер, технологиялар, механизмдерді жаңа жағдайда тексеру.

Эксперимент – алдын ала белгіленген зерттеу мақсаттармен зерттеу пәніне белсенді түрде араласу; нақты ескерілетін жағдайда педагогикалық үрдісті қайта жасаудың ғылыми тәжірибесі.



  • мәліметтерді өңдеу (математикалық, статистикалық, графикалық, кестелік).

Педагогикалық зерттеудің қандайда бір әдіс не тәсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеруде эксперименттің маңызы ерекше.

Педагогикалық эксперимент міндеттері:

1) жобаланған педагогикалық құбылыс және оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мәнін зерттеу;

2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы;

3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нәтижесін өлшестіру.

Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: теориялық (проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын және денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу);

- әдістемелік (зерттеу әдістемесі мен оның жоспарын айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нәтижелерді өңдеу әдістерін нақтылау);

- эксперимент жұмысы – бірнеше тәжірибелік зерттеу әрекеттерін орындау (ситуация түзу, бақылау, тәжірибені басқару және зерттеушілердің жауап әрекеттерін бағалау);

- талдау – сандық және сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.

Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тәрбие жағдайында) және зертханалық – қандай да әдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді). Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты және т.б. ұзаққа созылған не қысқа мерзімді болуы мүмкін.

Зерттеу жүргізудің 2 сатысы бар: теориялық және эмпирикалық.

Теориялық сатысында әдебиеттердегі мәліметтерге талдау жасалып, жүйелендіріледі, ұғым аппаратын өңдеу, зерттеудің теориялық бөлімінің логикалық құрылымын құрастыру жұмыстары жасалады.

Зерттеудің эмпирикалық сатысында – тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізіледі.

Эксперимент жүргізу негізінен 3 кезеңнен тұрады:

- анықтауыш экспериментте педагогикалық құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік береді, болжам тексеріледі. Анықтауыш эксперимент жүргізу үшін кем дегенде екі топ зерттелуші, диссертация үшін 200 адам қатысу керек;

- қалыптастырушы эксперимент фактілерді анықтау және ұғыну негізінде педагогикалық құбылыстармен олардың шынайылығы тексеріледі;

- бақылау эксперименті болжамды растауға (немесе теріске шығаруға) мүмкіндік береді.

Эксперименттік жұмысты жүргізу үшін зерттеуші әдістеме жасақтайды. Әдістемелердің түрлеріне қарай

- ғылымда дәлелденген дайын әдістемелер;

- бар әдістемені өңдеп жасақталған әдістеме;

- зерттеушінің өзі ұсынған жаңа әдістеме.

Зерттеудің қорытынды сатысы болып оның нәтижелерін апробациялау, әдебиеттік жасақталуы және басылып шығарылуы болып табылады. Апробация – латын сөзі бекіту, мақұлдау дегенді білдіреді. Апробация баяндамалар, пікірталастар, жазбаша және ауызша рецензиялау формасында бола алады.

Егер эксперимент педагогикалық үдерістің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші (констатирующий) аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эксперимент – қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі.

Эксперименттік әдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен әдептілігі, көрегендігі мен егжей-тегжейлігі, басқаларымен қатынас түзу қабілеттілігі де маңызды рөл атқарады.

Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып педагогикалық үдерісті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтамыз. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметттерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі – экспериментті, екіншісі бақылау объектісі деп алынады. Осы екі объектіні салыстырмалы түрде қарап тиісті тоқтамға келуге болады.

Аталған эксперимент осы күнгі педагогикалық құбылыстарды зерделеуге мүмкіндк береді; нақтылаушы эксперимент кезінде болжам тексеріледі; қалыптастырушы (қайта құрушы, жасаушы) эксперимент кезінде фактілерді констатациялау және қайта електен өткізу негізінде жаңа педагогикалық құбылыстар анықталады және олардың ақиқаттылығы тексеріледі. Бақылау эксперименті өткізілген қалыптастырушы экспериментті оң (немесе теріске шығаруға) бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндіктен, болжамды растауға (немесе теріске шығаруға) мүмкіндік береді.

Осы мәселенің жалпы ғылым жүйесіндегі, оқыту (тәрбие) теориясындағы, тәжірибесіндегі орны қандай?

Осы құбылыстың басқа да төркіндес құбылыстармен байланысы қандай?

Ғалымдардың пікірінше, осы немесе басқа үдеріс, болмаса басқа құбылыс қандай жағдайларда қалайша өтеді; зерттеліп отырған үдерістің немесе құбылыстың ішкі қозғаушы күштері, тетіктері, динамикасы қандай анықтау.

Талдау ғалымдардың жалпы тұжырымдарымен аяқталады. Бұл тұжырымдар зерттеу жұмысында арқа сүйейтін тіректер болуға тиісті. Осыған дейін істелген істің барлығына сыни тұрғыдан баға беру, оған өзінің субьективтік көзқарасыңды білдіру қажет. Қолдағы әдебиетке сыни тұрғыдан талдау жасау өзіңнің жеке көзқарасына емес, логикалық, құрылымдық, фактологиялық талдауларға сүйенуге тиісті. Сынау, пікір, таластыру, айтысу үшін проблема бойынша жақсы базалық білім болуға тиісті.

Проблема бойынша әдебиетке сыни талдау жасаудың маңызы: ақиқатты табу, адасушылықты, жетіспеушілікті айқындау, зерттеу нәтижелерін дәлелдеу, зерттеу міндеттерін белгілеу.
Сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Анықтауыш эксперименттің мақсаты не?

  2. Анықтауыш эксперименттің әдістемесін қалай дайындаймыз?

  3. Қалыптастырушы эксперименттің мақсаты не?

  4. Қалыптастырушы эксперимент әдістемесін қалай дайындайсыз?

  5. Байқау экспериментінің мақсаты не?

  6. Байқау экспериментінің әдістемесін қалай дайындайсыз?

Педагогикалық эксперимент ең кем дегенде неше сыныпта жүргізіледі?
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Эмпирикалық зерттеу әдістерін жалғастыр:

Сауалнама,...



2. Болжамның дұрыс немесе дұрыс емес екендігі қай уақытта белгілі болады:

А) ғылыми әдебиеттерді талдау барысында;

В) теориялық бөлімде;

С) анықтауыш эксперимент барысында;

D) қалыптастырушы эксперимент барысында;

Е) байқау экпериментінің нәтижесін анықтағанда.

3. Дипломдық жұмыстың кіріспе бөліміндегі ғылыми аппараттарды жалғастыр:... обьекті,...

4.Толықтырыңыз: Ранжирлеу – жинақталған деректердің белгілі бір жүйемен орналасуы, обьектілердің осы .............................анықтау.




Каталог: files
files -> «Іскерлік байланыс» 2012 жобасы МӘлімдеме формасы
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Ынтымақтастықпен өмір сүру
files -> Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы