Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет49/96
Дата19.11.2021
өлшемі1.76 Mb.
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   96
Радиосұхбат. 1895 жылы ақпарат таратудың жаңа құралы – радионың пайда болуымен қатар журналистиканың жаңа түрі – радиожурналистика пайда болды. Газеттегі үйреншікті жанрлар трансформатталып, жаңа кейіпке еніп, радиожурналистика жанрларына айналды. Соның ішінде маңызды жанрлардың бірі – сұхбат. Ол басқа да жанрлар сияқты радиоға газеттен енген жанр. Алайда, жаңа шарттар мен талаптарға сай бейімделіп, аталмыш салаға сай ерекшеліктер мен айырмашылықтарға ие болды.

Радио мен газеттегі сұхбат ұқсас болғанымен, бір-бірінен ерекшеленетін тұстары өте көп. Мысалы, газетте автор алынған жауапты өзі мазмұндайды. Алынған жазбалар баспасөзге сай жаңа күйге енеді. Радиода сұхбат тыңдаушыға сол сәтте-ақ ұсынылады. Тіпті таспаға жазылған сұхбаттың деректік негізін, дауысын, сөйлеу стилін, сөйлеушінің екпінін сақтап қалады. Газеттегі сұхбаттың мазмұны қойылған сұраққа жауап береді, ал радиосұхбатта оның қандай сұрақ және қалай қойылғанына қарай жауап алынады. Газеттегі журналист сұхбат алып болғаннан кейін материалдарды өңдеп, дайындайды. Ал радиожурналист бұл процеске алдын-ала дайындалады, оның бар күші көбіне сұхбатқа дайындықпен кетеді.

Радиожурналист қойған сұрақтарға жауапты тыңдарман да сол мезетте алады. Сол арқылы олар қызықты ақпаратқа ие адаммен сұхбатқа қатысушылардың біріне айналады. Радиожурналист тыңдармандар атынан сөйлеп отырған тұлға болып есептеледі. Газетте жұмыс істейтін журналист өз қалауы бойынша сұрақтардың ретін өзгертіп, бірнеше сұрақтар мен жауаптарды тастап кетіп, басқаларына баса назар аудара алады. Ал радиожурналист сұхбат бірден эфирге шықса, ондай мүмкіндікті пайдалана алмайды. Газеттегі сұхбатта жиі көрініс табатын бейнелеуіш мәтін радиода өте сирек, көбіне, басында және аяғында, яғни негізгі материалдан тыс пайдаланылады.

Радиода сұхбатқа монтаж жасауға болады. Сол арқылы сұрақтардың ретін ауыстырып, автордың түсіндірмелері арқылы сұхбатты бірнеше бөлікке бөлуге мүмкіндік бар. Ондай жағдайда радио сұхбат емес, тілшінің алдын-ала жазып алған сұхбатқа пайдалануға дайындаған жазбасының ығысуына тура келеді. Сұхбат композициялық және сюжеттік жүйе арқылы құрылады. Оның құрамына бір-бірімен байланысқан және белгілі бір тақырып аясында өрбитін нақты сұрақтар мен соған сай тақырыпты толықтыратын жауаптар енеді. Ал, ақпараттық шығарылым мен радиожурналдың және басқа жанрлардың күрделі элементі ретінде сұхбат композициялық және сюжеттік шекті талап етпейді. Толық болмаған жағдайда ол сұхбаттың еш құндылығы болмайды. Сол арқылы сұхбат таспаға жазылғанда пайда болатын немесе тікелей берілімде қалыптасатын материалға айналады. Алайда, ол әп-сәтте жасалады деген пікірден аулақ болған жөн. Радио сұхбаттың ерекшелігі ретіндегі «бір сәттілік» оған деген дайындықты тек қана міндеттеп қоймай, көп еңбекті талап етеді. Сұхбат алу журналистің шеберлігін және жан-жақты мүмкіндіктерін талап ететін шығармашылық -техникалық үдеріс болып табылады.

Радиода сұхбат жанрының жасалуының екі түрін қарастырып көрейік. Таңдармандардың белгілі бір тақырыпқа деген қызығушылығына жауап беру үшін журналист сол саланың мамандарына жүгінуге міндетті. Ондай адамды таңдау барысында журналист оның қаншалықты танымал, атақты және мықты маман екендігін ескереді. Сонымен қатар, сұхбат алатын адамның микрафон алдында өзін еркін ұстауы және оның ойын еркін жеткізе білу қасиеті ерекше талаптардың бірі болып табылады. Қалған критерийлерді сұхбат алушы пайдаланады, себебі, ол белгілі бір қоғам қайраткері немесе саясаттанушыдан сұхбат алуға бағытталады. Ол сұрақтардың мазмұны мен ретін мұқият ойластырып, сұхбат берушіні дайындайды. Журналист сұрақтар мен оның ретін жалпы композициялық толық бағдарлама шығатындай етіп жоспарлап алуы тиіс. Радио әрдайым тыңдарман аудиториясына бағытталады және диалог түрінде жүзеге асады. Диалогтың бірден-бір хабар тарату жанры радиосұхбат болып табылады. Радиосұхбат публицистикада кең тараған жанр. Оның көмегімен журналист сан алуан тақырыпты қозғай отырып, аудиторияны әртүрлі ақпаратпен құлақтандырып, түрлі сұрақтарды шеше алады.

Радиосұхбат – сұхбаттасушы мен журналист, тыңдарман арасындағы коммуникативті әрекет болып табылады. Бұл жанрдың басты мақсаты сұхбаттасып отырған адамнан өзекті, қызықты ақпарат алу. Ауысып келіп отыратын сұрақ-жауаптар, өз алдына эмоционалды бір бүтін тақырыпқа жанрдың құрамында біріктіреді.

Радиосұхбаттың ерекшелігі - тілшінің мәліметті таспаға жазуы немесе бірден эфирге беруінің негізгі мәнінен тұрады. Бұл таза, жанды әңгімелесу. Оған қарағанда газеттегі тілші мәтін жазып, мәліметті әдеби жағынан өңдейді. Ол сұхбатасушының сөзін қысқартып, жинақтап, жеткізер ойын анық білдіреді. Радиосұхбат әңгімелесу барысында туындайды. Техникалық жазу түбінде шығармашылық үдеріске айналып, оң нәтиже береді. Кейін әңгімелесу бірден эфирге шықпайтын болса, журналист мәліметті өңдеп, ұзақ сөйлемдерді қысқарата алады, бірақ әңгімелесу барысында негіз болған ақпаратты түбегейлі өзгерте алмайды. Сөйлеп отырған адамның жанды дауысын радиосұхбат эмоционалды түрде эфирге береді. Журналист ақпарат таратушы мен аудитория арасындағы көпір іспеттес. Бұл радиодағы сұхбаттың белсенді әрі шығармашыл табиғатын танытады. Тікелей эфирде жүзеге асатын радиосұхбат үлкен ізденіс пен дайындықты талап етеді. Құрылымы жағынан радиосұхбат үшке бөлінеді: кішігірім кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тыңдарман тақырыптың басты маңызына айналады. Оған тілдесетін сұхбаттасушы ұсынылады. Бастапқыда, сұхбат кейіпкерінің не үшін таңдалғанын, оның беделін айтып кеткен жөн. Кіріспеде әңгімелесу үшін сұрақтар қойылады. Ортақ тақырып беріліп, көпшілікті мазалаған маңызды мәселелер талқыланады.

Радиосұхбаттың негізгі бөлігінде тақырыптың өрбуі, әңгімелесудің мәні, мазмұны ашылады. Қорытынды - әңгімелесудің соңғы нүктесі болып аяқталады. Шығармашылығын жаңадан бастап келе жатқан журналист қай жерден қате жіберуі мүмкін? Көбінесе, кіріспе ұзаққа созылып жатады. Осындай радиосұхбат тілшінің мәтінімен толып кетеді, немесе аяқталмай қалуы да әбден мүмкін. Қорытындыда сұхбаттасушының тегін қайталап өткен жөн. Егер де сұхбат он минуттан асса, әңгіме барысында тегін тағы да бір мәрте қайталаған дұрыс болады. Радиода тыңдарман қауым әр уақытта арнаға қосылып жатады, сол себептен микрофон алдында кім сөйлеп отырғанын түсінбейді. Сондықтан студияға келіп отырған қонақтың аты-жөнін бірнеше рет қайталап өту артықшылық етпейді. Телеарналарда бұл мәселені жүгіртпе мәтінді жиі қосып отыру арқылы шешеді.

Көбінесе радиосұхбатты әңгімелесумен шатастырып жатады. Бұл әртүрлі жанрлар. Олар бір-бірінен журналистің рөлі арқылы ажыратылады. Радиосұхбатта журналист тек қана сұрақ қойып отырады. Ал, әңгімелесуде ол диалогқа араласып, бағдарламаға өз ойын еркін қосып қатысушы ретінде көрінеді. Әңгімелесу жанры сараптамалық топқа жататыны белгілі.

Сұхбат алушы журналист сұхбат беруші алдында өз-өзін сенімді сезінгені өте маңызды болып табылады. Бірақ, журналист біліміне, әлеуметтік жағдайына қарай сұхбаттасушымен тең деңгейде болмауы мүмкін, ол таңдаған талқылау тақырыбына байланысты жазушымен, ғалыммен, саясаттанушы, тіпті сарапшымен бетпе-бет кездесуіне байланысты. Өз-өзінді психологиялық тұрғысында өзгелермен тең сезіну уақыт өте, тәжірибе арқылы келеді. Осыған сәйкес бірнеше мысал келтіреміз:

1. Екі жақтағы адамдар тең дәрежеде әңгімелесіп, ой өрбіткенде ғана сұхбат мәнді, әрі мағыналы болады.

2. Әңгімелесушіге сыйластық білдіріңіз. Айтып отырған әңгімесіне қосылып, сөзін бөлмегеніңіз абзал.

3. Кең тараған сұхбат көлемі – 2-8 минуттан аспауы тиіс.

4. Ұтымды сұхбат 5-6 сұрақты құрайды.

Сұхбат негізінде ақпараттық жанр. Сұхбат-портрет немесе портреттік сұхбат – адам жайлы толығырақ ақпарат береді. Бірақ дәл осындай сәтте, сұхбат 20 минутке созылуы мүмкін. Осындай автопортретті сұхбатта журналист кейіпкерге толықтай еркін түрде ашылуына көмек береді. Сұхбаттың ақпарттық түріне хаттамалық сұхбат, диалогты сұхбат, сауалнама, баспасөз конференциясы жатады.

Хаттамалық сұхбат – саяси тұлғалардың әуе-жай, темір жол вокзалдарында өткен кездесулері жайлы ресми ақпарат таратады.

Диалогты сұхбат – журналистің бір немесе бірнеше сұхбаттасушымен кездесуі. Бұл классикалық сұхбат түрі.

Сауалнамалық сұхбат – қала көшелерінен, концерт залдарынан, театрдан, спорт ойындары өтіп жатқан стадионнан жедел түрде алынған сұхбат түрі. Әдеттегідей бір сұрақ қойылады. Мысалы: «Өткен жыл сіз үшін немен ерекшеленді?» немесе «Жаңа жылдан не күтесіз?». Бұл сұхбатта қойылған сұрақтар барша жұртқа қызықты әрі өзекті болуы тиіс.

Баспасөз конференциясы – әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткізіледі. Бұл жиында сөз етілген мәселелерді таспаға жазып алу радиожурналист үшін қиынға түседі. Жалпы сұхбат әрқашан алдын-ала дайындықты қажет етеді және ол сұхбаттасушыны таңдап алудан басталады. Таңдалған кейіпкер ойын еркін жеткізе алатын, қойған сұраққа қанағатты жауап бере алатын әр саланың өкілі, өз ісінің шебері болғаны жеткіліксіз. Эфирге шыққанда қобалжып, ойын жоғалтып алмайтын, сұраққа еркін жауап бере алатын азамат болғаны абзал. Жас журналистер сұхбат алуды оңай жұмыс деп қабылдауы мүмкін. Бірақ бұл қате ой. Тілдесушіні студияға шақырып, микрофонды қоса салып сөйлей беру мәнді жұмыстың жемісі емес. Сөйлеген сөзінде мағына болуы тиіс. Сұхбат берушінің тыңдарманға ой салатындай, болашақта үлгі болатындай тұжырымды, әрі салиқалы өзіндік пікірі болуы маңызды.

Журналистің сұхбаттағы басты қаруы - қоятын сұрақтары. Бірақ оларды қою оңайға соқпайды. Журналист өзінің тілдесуші адамына барарынан бұрын, қоятын сұрақтарынан басқа бірнеше сауалдары өз қоржынында болуы қажет. Сауалдар микрофон алдында өзінен-өзі туындап, әңгімелесу барысында шарықтап күрделене түсуі керек. Сол кезде ғана әңгіме барысы өзіне қажетті сәтке жетіп, жоспарланғаннан гөрі тереңірек, мәнді шығармашылық сарында болады. Тыңдаушы – енжар бақылаушы емес. Ол да әңгімелесу барысында ортақтас болуы керек. Ақпарат оның ой-өрісіне, сезіміне өте таныс, жақын бейімделгені жөн.

Жоғарыда айтылғандай, сауалдар – композициялық және құрылымдық сұхбаттың өзегі. Бірақ, олар ақпаратты жан-жаққа шашыратып, мәнсіз қылып тастауы да мүмкін. Жиі қолданылатын екі қателік: ұзақ монологтік жауаптар және «қатып қалған» пікір.

Журналист пікірлесіп отырған адамның қалай сөйлеп отырғанын есепке алуы керек (жылдам немесе ақырын). Тілші үшін ең тиімдісі: ортаңғы сөйлеу типі – минутына 80-90 сөз. Сұрақтардың да өзіндік белгілі бір атмосфералық талдау характері болады. Журналистің тапқырлығы, сұрақтардың кенеттен туындауы, әңгімелесу барысында пікірлесу кезінде өте тамаша жетістікке жеткізеді. Радиосұхбат - микрофон алдындағы психологтың ерекшелігі толық айтылатын жанрдың бір түрі. Тыңдаушыны тыңдай білу және оның айтып отырған әңгімесі өте қызық екенін көрсете білу де қажет. Өз пікіріңді басты шұлғып және қысқаша белгілермен көрсетуге болады.

Радиожурналист еңбегі техникамен тығыз байланысты. Микрофон тек қана металдан жасалған зат емес, жазуға арналған құрал, сонымен қатар, шығармашылық ойлаудың басты құралы. Радиожурналист микрофонның көмегімен жұмыс істейтіндіктен, бұл еңбек пен қаламмен әдеби жұмыс жазудың арасы жер мен көктей. Микрофонды жазуға дайындау, таспаларды дайындау – оңай жұмыс емес. Аппараттардың дұрыс істемеуі, техникалық жарамсыздық салдарынан жазу кезінде шығармашылық еңбектің тұтастай іске аспай қалуы, жойылып кетуі ғажап емес.

Радиожурналистиканың ең даулы мәселелерінің бірі – монтаж. Студияда таспаны тазалауға, мәліметтердің керексіздерін өшіруге болады. Радиожурналистика журналистен бірнеше төмендегідей шеберлікті талап етеді: бейімділік, сұхбаттасушының сеніміне кіре білу, сөз сөйлеу мәнеріндегі тұрақтылықты таба білуі қажет.

Радио әрқашан өзінің аудиториясымен қарым-қатынас орнатады. Бұл байланыс - радионың негізі. Сондықтан радиосұхбат - радиохабар таратудың қалыпты жанры. Соның көмегімен журналист әртүрлі тақырып аясында сөз қозғап, аудиторияны ақпараттандырудың көптеген мәселелерін шеше алады. Радиосұхбат - журналист, интервьюер және тыңдарман арасындағы ақпарат алмасу үрдісі. Оның мақсаты - қызықты, маңызды ақпаратты алу. Бұл тақырыптың негізі - бір тақырып аясында сұрақ-жауаптың алмасуы. Радиосұхбаттың қызығы журналистің ақпаратты таспаға жазып, эфирге беруі. Ол жанды әңгімелесу. Егер газеттегі сұхбат алдын-ала жазылып өңдеудің бірнеше сатылардан өтіп, бірталай өзгерістерге ұшыраса, радиосұхбат әңгіме үстінде дамып, өрбиді. Бірақ сұхбатты тікелей бермей, монтаждан кейін де эфирге шығаруға болады. Бұдан әңгіменің басты оқиға желісі бұзылмайды. Эмоция, дауыс сол қалпында беріледі. Қатысушылардың жанды дауысын беретін сұхбат әсерлі, табиғи болып шығады. Мұндағы журналист ақпарат тасымалдаушы мен аудитория арасындағы белсенді делдал. Сұхбат, әсіресе, тікелей эфирде, журналистің үлкен дайындығын, кәсіби шеберлігін қажет етеді. Радиосұхбат тыңдарманды тақырыппен таныстыратын кіріспе, одан кейін негізгі бөлім және қорытынды бөлімдерден тұрады. Мұндағы мақсат - тыңдарман ықыласын бірінші минуттан бастап аудару. Бұл үшін журналистер ең қызықты деген сұрақтарды ойластырады. Сұхбат алуда жас журналист мынадай қателіктерге жол бермеуі керек: кіріспенің тым ұзақ болуы (тындарманды жалықтырады); сөз әдемілігіне ұрынып, нақтылықты ұмытып кетпеу; қорытындының маңызды болуы.

ХІХ ғасырда баспа ісінің дамуы барысында сұхбат баспасөз жанрының негізгі кілтіне айналды. Бұл кезде диалог қоғамдық ақпарат алудың ең сапалы, кең тараған түрі болды. Бұл диалогты тыңдайтын үшінші жақ, яғни, аудиторияны қосу арқылы радиожурналистика жанрдың қосымша мүмкіндіктерін кеңейтті.

Әңгімелесу, ереже бойынша, талдамалы жанрға жатады. Сұхбат алып отырған журналист өз - өзін бұл істе сенімді ұстауы керек. «Би - Би - Си» - арнасы журналистерінің тұжырымы бойынша: «Екі бірдей тең адамның ғана сұхбаты сәтті, әрі толыққанды болады» [17,79-б], - дейді. Дегенмен, журналистің кез-келген адаммен тең дәрежеде сөйлесе алуы қиын, себебі, әр адамның қоғамдағы әлеуметтік рөлі әртүрлі. Журналист-жазушы, ғалым, саясаткер, сарапшымен де тілдеседі. Сондықтан жоғарыдағы тұжырымды кеңес ретінде қабылдасақ, өзіміздің жұмысыңызға едәуір септігін тигізетіні сөзсіз. Ал сұхбаттасушымен психологиялық түрде өзіңізді тең дәрежеде сезіну уақыт өте тәжірибенің арқасында келеді.

Ғалым Л.Маграчев: «Әңгімелесушіңізді лайықты түрде сыйлаңыз, онымен сұхбат құра отырып, қарсы пікір айтуға қорықпаңыз, бірақ, міндетті түрде оның пайымдауын тыңдаңыз, сөз ортасынан бөлмей өз ойын аяқтауға мүмкіндік беріңіз» [18,79-б],-дейді. Сұхбаттың көбінде көлемі – екіден сегіз минутқа дейін созылып, негізі сұхбат 5-6 сұрақтан құралады. Сараптаудың элементтерімен қоса ситуацияны бағалайтын – проблемалық сұхбат та бар. Портреттік сұхбат тұлға жайында жалпы сипаттама береді. Ол 20 минуттай уақытты алып қана қоймай, қажетті ақпараттың сұрақтары арқылы тұлғаның ішкі жан-дүниесін ашуға мүмкіндік береді.

Сараптамалық радиосұхбаттың басты міндеті аудиторияны қызықтырған маңызды ақпаратпен бір адамнан жауап алу арқылы қамтамасыз ету жанрдың ақпараттық бағыт-бағдарын анықтайды. Қоғамда болып жатқан оқиғалардың бағасы әрдайым сұхбаттан табылады. Журналистің алдына қиын тапсырмаларды қоятын кездері де болады. Ол алдын-ала дайындалған сұрағына жауап алып қана қоймай, сонымен қатар, сұхбаттасып отырған адамның тақырыпқа қатысты пікірін білуге тырысады. Осындай сұхбат ақпаратпен толыға түседі. Ой бөлісу, тілдесу барысында тақырып мазмұны мен журналистің сұрақтары мен оған берілген жауап ауысады. Тапсырмалар ауысу мөлшеріне қарай ақпараттық жанрдағы шолу, сұхбат, репортажда бағалау анығырақ бола бастайды. Сараптамалық жанрларда бағалау ашық түрде байқалып, алдыңғы шепке шығады. Сараптамалық журналистика көпшіліктің көзқарасына, ойына тікелей ықпал ете алады. Сараптаманың түйіні тұжырымдалған, анықталған көзқарасқа бағытталған дерек, дәлелдеме жүйесін құрайды. «Анализ» сөзі грек тілінен аударғанда «жіктеу», «бөлу» деген мағынаны білдіреді екен. Бұл заттың, құбылыстың ішкі жағын, өзіндік сапасының ашылуы. Сараптама – бұл бастапқы тану жолдарының, ғылыми ізденістің әдісі. Сараптаманы көбіне зерттеуші ғылымдар пайдаланады, математика, физика, химия, биологияда және т.б тапсырмаларды үйрену барысында әрқайсының өзгешеліктері анықталады. Құрамында талдауы бар сараптамалық радиожурналис-тика жинақтаусыз, синтезсіз жүзеге аспайды. Журналист қорытынды тұжырымды жасап, шешім қабылдай отырып, ойын жаңа деңгейге көтереді.

Кез-келген жағдайда журналист өзі сұхбат алатын адамы жайында алдын-ала көбірек мағлұмат білуі қажет, оның мінезі, сөйлеу мәнері жайында, болашақ кейіпкерімен қалай сөйлесуі қажет екенін, мықты және әлсіз жақтарын ескергені жөн. Өз ойын қысқа әрі нақты, оңай әрі тұщымды жеткізе алатын адам – тілші үшін жақсы табыс. Бірақ ең бастысы, журналист әңгіменің тақырыбына жоғары деңгейде дайын болуы қажет. «Біздің тапсырмамыз, - сұхбат берушіге бастысын бөліп беру, яғни тақырыптың аясында әңгімені жүргізетін өзіміз болуымыз керек» [19,78-б],-дейді орыс радиожурналис-тикасын зерттеуші-ғалым А.Ревенко. Журналист өз бағыты бойынша сұхбат алуға бара жатса жақсы, дегенмен жан-жақтылықты аса талап ететін мамандық екенін әрқайсымымыз ұмытпауымыз қажет. Егер журналист жазушы, суретші немесе әртіспен тілдесуге бара жатса, онда олардың шығармашылық ерекшелігі жайында білуі міндетті.

Сұрақ – журналистің басты құралы. Құрамында жауабы бар немесе жауаптың бір бөлігі бар сұрақтан абай болу керек. Әйтпесе, жауапқа тек: «Иә», «Жоқ», «Әрине», «Мен сізбен келісемін», - деген бірыңғай сөздер естіп қалуыңыз мүмкін. Мысалы, «Балалайка» халық ансамблі жетекшісінің жаңа жылда берген сұхбатынан үзінді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   96




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік