Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет20/97
Дата18.11.2021
өлшемі0.5 Mb.
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   97
Тілші: «Бәрі үй үшін» көрмесінен (фонда залдың шуы, түрлі гуілдеген дауыстар) репортаж жүргізуде.

Тілші: Менің назарымды мына бір әдемі көйлектер өзіне аударып отыр. Тек көйлектер ғана емес. Ал мынау не нәрсе?

Дауыс: Мұнда костюмдер мен күртешелер, жейделер, жалпы керектінің бәрі бар.

Тілші: Әйел үшін.

Дауыс: Әйел үшін (күледі).

(шу кедергі жасауда)

Тілші: Міне, мен бір әдемі гүлдерді көріп отырмын, ерекше әрі әдемі екен...

Дауыс: Бұл көлемді кесте, ескі қолөнер, осындай қатпарлы, қалың жіптердің өзімен осындай әдемі заттар жасап шығаруға болады.

Тілші: Міне алыстан қарасаң қарапайым шалбар сияқты, ал жақындасаң ерекше үлгіде жасалған белдемше.

Ақсары қыздан сұраймын: Сіз Беларусиядансыз ғой , иә?

Дауыс. Иә, Минск қаласынана боламын (әрі қарай түсіндірме сөздер кетеді).

Бұл репортаж радиоэфирде сегіз минут жүрді және тек диалогтан ғана тұрады. Журналистің жіберген қателігіне тоқталайық. Алдымен, көрме жайында ешқандай ақпарат жоқ, қай жерде, кім қатысуда, кімдер көруге келген. Келушімен ешқандайда сұхбат жоқ. Егер де келушімен сұхбат болса, сондағы қызықтарды ол өз сөзімен, пайымдауынша жеткізер еді. Сөздердің қайталануы, бөлініп кетуі де журналистен кеткен қателік. Белорусиядан келген қызбен сұхбатында, ситуацияны тездетіп қойды. «Сіз қайдан келдіңіз?», - деп сұраудың орнына, «Сіз Белорусиядансыз ба?», - деп тездетіп жіберді. Жаңалықтың бәрін журналист өзі ашып қойды және репортаждың соңы жоқ.

Ю.А.Летунов: «Радиорепортаж, - ерекше құрылымға ие, жіңішкелігі бар, кішкентай, аяқталмаған шығарма. Бірақ та шарықтау шегі мен шешімі бар» [8,79-б],-деген тұжырымының жаны бар. Репортаждағы оқиғаны сюжет бейнелейді. Алайда, эпизод таңдауда автордың рөлі өте маңызды. Журналист репортажда белсенді, ол оқиғаның ортасында жүреді, яғни ол материалдың дирижері, режиссері, операторы, жүргізушісі.

Радиорепортаждың басталуы өте маңызды. Тақырыбымен ғана емес, оқиғасымен, ақпаратымен ол тыңдарманды өзіне тартады. Тыңдарман жалпы образды қалыптастырған соң келесі жаңалықты күтіп отырады. Осындай кезде байланысты жоғалтпау үшін, ситуацияны уыстан жібермеу қажет. Сонымен қатар, ұтқыр ойлы репортер қай жерде болмасын ситуациядан ұтып шығудың амалын табады. Айтылған әрбір сөз эмоция мен ойды жеткізеді. Сөздердің ағымы, ырғақ, темп - бәрі де маңызды. Оқиға орнында репортерға дәл келетін эпитет, метафора, салыстырмалы сөздер керек болады. Бұл істердің бәрі оның шеберлігімен өлшенеді. Микрофон алдында қобалжымау, дұрыс дикция сақтау, артық дыбыстың болмауы қажет.



Телерепортаж – телевидениенің табиғи қасиетін көрсететін жанр. Репортаж – тележурналистиканың кең тарған, ықпалды, көшбасшы жанры. «Репортаж» француз тілінен аударғанда «хабарлау» деген мағына береді, бұл термин журналистикада өткен ғасырдың ортасында пайда болған. Бірақ бұған дейін де репортаждың элементтері бар хабарламалар кездескен. Репортаж жанр ретінде қалыптасуы үшін көп жылдар керек болды.

Репортаж – тілші қатысушы немесе куәгер болатын оқиғаны газетке, радиоға, телевидениеге жылдам хабарлайтын журналистика-ның жанры. Жаңалықтарды хабарлау басқа жанрлардың негізі болып есептеледі. Бірақ репортажда тілшінің оқиғаны жеке қабылдауы, деректерді іріктеуі ақпараттық жанрдың объективтілігіне қарсы келмейтіндей алдыңғы қатарға шығады. Шын мәнінде, журналистиканың бар тарихы – шынайы өмірге жақындығын сипаттайтын, шынайы болмысты табиғи дамуды көрсететін репортаждың пайда болуы мен дамуының тарихы.

Газет пен радиода репортер оқиғаны сөзбен сипаттайды, сол себепті газеттік және радиорепортердің шығармашылық қызметіндегі негізгі әрекет суреттемелік функциясы. Ал, телевидениеде барлығы басқаша: телекамераның өзі өмірді бақылайды; репортер оқиғаға көрермендердің көзімен қарайды. Суреттеме функциясы телекамераларға жүктелгендіктен, репортерге болып жатқан жағдайды әңгімелеу мен түсіндіру қалады.

Телерепортаж бір жағынан шынайы өмірді сол күйінде көрсетеді, яғни, мәні бойынша объективті, шынайы болмысқа максималды түрде жақын болады. Екінші жағынан, репортердің субъективті қабылдауы алдыңғы қатарға шығады, көбінесе, журналист куәгер болады.

Эфирде берілу тәсілі бойынша репортаж тікелей және өңделген болып бөлінеді. Тікелей репортаж жылжымалы телевизиялық станцияның көмегімен әрекет басталған кезеңнен бастап беріледі. Оқиғаны болған уақытында көрсетпеу оның өңделуін қажет етеді. Өңделу тәсілі бойынша репортаж бейне, кино, фоторепортаж болып бөлінеді.

Суретті өңдеудің ежелгі тәсілі – суретті қайта салу.

Телерепортаждың дыбыспен қамтамасыз ету ерекшеліктері оның екі түрін айыруға мүмкіндік береді: синхрондық – қатысушылардың сөзі мен табиғи шу қатысатын репортаж, дыбыссыз – оқиға жерінен дыбыспен қамтамасыз етпейді, бұл көбінесе, ресми хабарламаларда қолданылады.

Репортаждың типологиялық ерекшеліктеріне оның оқиғалық, тақырыптық, қойылымдық болып бөлінуі жатады. Бірінші жағдайда, оқиға шынайы көрсетіледі, репортер ақпаратты нақты әрі толығымен жеткізу керек. Тақырыптық репортажда автор-журналист көрсетілім объектісін және онда тақырыпқа сәйкес болып жатқан оқиғаларды таңдайды. Қойылымдық репортажда журналист оқиғаның ұйымдастырушысы ретінде шығады. Мұндай ұйымдастыру қызық әрі пайдалы, кейде зиянды және кәсіби деңгейде болмауы мүмкін.

Репортаж қолданылуының алғашқы, бастапқы пішіні комментарийі жоқ көрсетілім немесе оқиғаның берілуі болып аталуы мүмкін.

Комментарийі жоқ репортаж (немесе трансляция) тікелей эфирде немесе көрерменге барлығы қызықты болатын маңызды қоғамдық-саяси немесе мәдени оқиғаларды көрсеткенде қолданылады. Оған жоғары заң шығару органдарының отырысы, отандық және шетелдің мемлекет қызметкерлердің баспасөз-конференциясы, түрлі спорттық сайыстар жатады. Сонымен қатар, комментарийі жоқ репортажға кейбір концерттер мен қойылымдардың көрсетілімі жатады.

Комментарийі бар репортажда оператор, режиссер, дыбыс режиссерімен қатар репортер белсенді рөл атқарады. Әдетте, журналист кадрдың сыртында қалғанымен, көрерменге оқиғаның куәгері ретінде мәлімет беруші болып табылады. Репортер – көрерменнің «гиді», ол өзінің сөзімен, жан-жақты білімімен, оқиғаға эмоционалдық қарым-қатынасымен экрандық әрекеттің мағынасын түсіндіруге көмектеседі.

Оқиғалы репортаж аты айтып тұрғандай, мұның арқауына белгілі бір оқиға алынады. Соған байланысты ол жедел жазылады, тез жарияланады. Бірақ баспасөзде репортаждың бұл түрі көп кездесе бермейді, өйткені мәні зор қоғамдық-саяси оқиғаны табу, оны бірінші болып хабарлау оңай шаруа емес. Біздегі оқиғалы репортаждарға көбіне әлеуметтік деректер арқау болады. Астаналық ата-аналардың бүгінгі күнгі балабақшаға сұранысы мен кезекке таласқаны туралы төмендегі репортаж туралы оқиғалы сюжеттің жазбасы төмендігідей:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік