Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет18/97
Дата18.11.2021
өлшемі0.5 Mb.
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   97
Репортаж

Баспасөздегі репортаж. Әрбір жанрдың өзіндік ерекшелігі - өзіндік әдеби-cтилін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Репортаж жанры кейіпкердің қатысуы мен эмоцияның үйлесімінсіз мүмкін емес. Сонымен қатар, репортаж жеделдікті қажет етеді. Репортаж ең алдымен болған оқиға, байқалған құбылыс жайында бастан-аяқ баяндау. Ол бүгінгі таңда журналистика саласында кең етек алған жанрлардың бірі. Репортаж барысында журналист оқиғаны сан қырынан көрсетіп, шынайы болмысты оқырманға, тыңдарманға, я көрерменге жеткізеді.

«Репортаж» сөзі латын тілінен аударғанда «хабарлау» деген мағынаны білдіреді. Оның даму кезеңі баспасөздің дамуымен тұспа-тұс келеді. Оның алғашқы белгілері заметка жанрында байқалады. «Репортаж оқиға болған жердің топырағында туады. Сондықтан да репортаж дегеніміз – оқиғаның өзі» [3,59-б],- дейді профессор Т.С.Амандосов. Ал ғалым С.Байменше: «Репортаж – баспасөздегі жібек баулы жанрларының бірі. Өйткені репортажды жазу оңай емес. Журналистер, әдетте репортаж жазудың әртүрлі нысандарын қолданып отырады. Мысалы, ол автордың болған оқиға жөніндегі монологына да құрылуы мүмкін. Мұндай жағдайда автор өзін көрсетпейді, бірақ оқырман автордың қаншалықты қатысы бар екендігін сезіп, біліп отырады» [4,18-б],-деп түсіндіреді.

Қазақ журналистикасындағы публицистер шығармашылығында репортаж жанрының атқарған рөлі зор. Журналистика майталман-дары бола білген Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек секілді журналистер шығармашылығында жетекші орынды алған жанр - репортаж. Егер репортаж журналистің қатысуымен жасалып, баяндалса онда ол сәтті болып шығады. Дегенмен, мұндағы журналист өз ісін жетік меңгерген маман болуы тиіс. Себебі, оқиғаны өз жүрегінен өткізіп аудиторияға әсерлі етіп жеткізіп, оқырман көңілінен шыға білу үлкен еңбекті қажет етеді.

С.М. Гуревич репортаж жанрына: «Репортаж авторының өзі болған оқиғаға куәгері немесе тікелей оқиғаға қатысушының айтуы бойынша ақпаратты жедел динамикалық хабарлауы» [5,78-б],-деп анықтама береді. Бұл анықтаманың авторы репортажды бірнеше түрге бөледі. Оқиғалы репортаж негізінде өте маңызды оқиға жатады және оның ерекшелігі - жеделдігінде. Танымдық репортаж – кітап қоймалары, мұражайлар және тағы да басқалармен танысу мақсатында жазылады. Проблемалық репортаж негізінде деректерді талдау, осы немесе өзге де проблемаларды салыстыра жан-жақты ашуға күш жұмсалады.

Публицистика теориясын зерттеуші М.Шостак: «Оқиға» – репортаждың синонимдерінің бірі болып табылады. Жақсы репортаждың детальдары бір жағдайдан екінші жағдайға, бір ырғақтан басқаға ауысу шегін көрсететін қозғалыс бейнесін береді» [6,90-б],- деген тұжырым айтады. Суреттеп жазу емес (артық суреттеулер репортажға зиян келтіреді), тұрақты қозғалыстың берілуін түйсіну, оның көрінісі қозғалмалы сипатта болуы қажет.

Репортаждың өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар:

- уақтылы оқиғаларды өрістету;

- оқиғаларды кезеңдерге бөлу;

- міндетті әсерленуші орта;

- деталь арқылы жасалатын жұмыстар;

- репликалармен және эпизодтармен (осы репортаждық) болып жатқан тез болатын әсерді жасау;

- авторлық «менді» сезіну;

- талпыну ырғағы;

- оқиғаның аяқталған бейнесі.

Репортаж – бұл ерекше жанр. Мұнда стиль, сюжет және көрнекілік, дәлелдеушілік, болып жатқан оқиғаға авторлық қарым-қатынас болуы өте маңызды.

Бұл жанр рубриканың «проблемалық репортаж» түрі басылымдарда, телерадиода да жиі орын алады. Оқиғалардағы сол немесе өзге де проблемаларды жазу авторға қосымша міндеттеме жүктейді. Оқиғалар туралы айту және проблемалардың неге байланысты болып жатқанын оқырманға жеткізу өте қажет. Қазіргі заманғы репортерлер проблемалық линияларды, проблемалық кезеңдерді көбірек қолданады. Проблемалық репортаждың авторы сол немесе өзге де проблеманы зерттеуге тырысады. Бұл осы жанрдың алға жылжуын көрсетеді. Одан басқа газет жарияланымдары, жанрлардың өзара кірігу, өзара әсер етулері жүріп жатады.

Репортаж – оқиғаларды орнынан жедел және көркем етіп беретін жанр. Жанрдың негізгі қасиеті – «болу эффектісі» - бұл оқырман, тыңдаушы, көрермен болған оқиғаны репортердің көзімен көруі және естуі. Оқиғаның тікелей қатысушысы автордың өзі оған барлық оқырманды, тыңдаушыны және көрерменді қатыстырады.

Репортаж түрлері: оқиғалық – оқиға хронологиялық (сондай-ақ оқиға алды мен оқиғадан кейінгі репортаждарды қарастырады) түрде беріледі. Тақырыптық репортаж – оқиға қандай да бір жерінен бастап беріледі, бұл жерде кеңейтілген және нақты түсініктемелерге рұқсат етіледі және жазылатын ахуалды, яғни репортаж жоспарланбаған оқиғадан беріледі.

Репортаждың тілі мен стилінде екі бастама болуы мүмкін: деректілік пен көркемдік. Олар өзара тепе-теңдікте болуы тиіс, егер көркемдік басым болса, репортаж беллетристикаға айналады, тек деректі ғана тізіп берсе репортаж құрғақ және қызықсыз болады. Сонымен қорыта айтқанда, публицистикадағы қандай да бір ақпарат ағымын жедел түрде жеткізетін пішін ақпараттық жанрлар болып табылады. Оның ішіндегі репортаж баспасөздегі репортаж, фоторепортаж, радиорепортаж, телерепортаж болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік