Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет17/97
Дата18.11.2021
өлшемі0.5 Mb.
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   97
Радиодағы ақпараттық бағдарлама түрлері. Ақпараттық радиохабар мерзімді баспасөздегі заметка секілді. Радиожурналис-тиканың барлық жанрдан радиохабар мерзімді баспасөз жанрына жақынырақ. Оның негізінде қоғамдық өмірде әлеуметтік маңызы бар мәселе жатады. Заметка сияқты радиохабар кім? не? қашан? қайда? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Жеделдік - радионың басты ерекшелігі. Сондықтан ақпарат уақытында берілмесе, оның маңыздылығы жойылады. Сонымен бірге, қашан деген сұраққа жауап бермейтін хабарлар тыңдарманды адастырады. Мысалы, «Қазақ радиосы» жаңалықтары. Қазақ спортшылары Канададағы әлем чемпионатын жеңілуінен бастады. Ойынның бірінші бөлімінде 3:4 көрсеткішпен жеңілді. Бұл мәтіндегі кемшіліктер: ойынның уақыты, күні жоқ, спорттың түрі аталмаған.

Редакция үшін қоғамда болып жатқан жаңалықтардан ең негізгі проблемаларды іріктеп алу – негізгі міндет. Ол саяси-әлеуметтік тақырыпты қозғайтын жаңалықтар болуы керек. Ақпарат көздері мемлекет органдары, отандық, шетелдік ақпарат агенттіктері, баспасөз, басқа радиостанциялар әртүрлі болуы мүмкін. Радиохабардың негізгі белгілеріне жеделдік, оқиға желісі, жаңалық, маңыздылық, ақиқаттық, нақтылық жатады. Кейде редактордың интернет, факс, телефон, телетайп немесе көрермендерден ақпараттың шыңайылығын тексеруге мүмкіндігі болмайды. Сондықтан тексерілмеген ақпарат кейде эфирге шығып жатады. Егер де әңгіме шоу-бизнес туралы болса, әрине, соңынан қателікті мойындап, кешірім сұрауға болар еді. Дегенмен, кейде тексерілмеген ақпарат келеңсіздіктерге түрткі болары хақ.

Хроникалық хабар 10-15 секунд жалғасатын, қысқалығымен ерекшеленеді. Сонымен бірге, 30-40 секундқа жалғасатын хабарлар да эфирден орын алып жатады. Мұнда маңызды мәселелерге сипаттама беріліп, мысалдар келтіріледі. Дыбысталған радиохабар-ларда оқиға орнына жазып алған деректі дыбыс таспасы қолданылады. Мұндай радиохабар қысқа репортаж сияқты. Ақпараттық радиохабарда журналист, басқа мамандар, сарапшылар қатыса алады. Мұнда дерек - радиожурналистиканың негізі, түпқазығы рөлін атқарады.

Радиохабар құрылымы маңызды, жаңалықты жедел жеткізуіне байланысты. Сондықтан аудитория ықыласын баурап алатын алғашқы сөйлемді шебер жеткізу аса маңызды. Дерек, негізгі ой, аттар, географиялық атаулар хабардың басында, соңында қайталанады. Көңіл аударуға тұрарлық жағдайлар: журналистің мәтінді жазу тілі мен стилі; дауыстың тазалығы, жүргізушінің дикциясының талапқа сай болуы шарт.

Ақпараттық хабардың тілі қарапайым, көпшілікке түсінікті, стилі қысқы, нұсқа болуы қажет. Ақпараттық хабарларда төмендегі жайттарды қолдануға болмайды:


  • Көпшілік біле бермейтін географиялық атауларды (ауылда болған оқиғаны хабарлағың келсе, Астана маңындағы пәленше ауылында деп айту дұрысырақ).

  • Қысқартылған сөздерді пайдалану. Біріншіден, айтылуы жағынан қиын болуы әбден ықтимал. Екінші жағынан, тындарманға түсініксіз болуы мүмкін.

  • Терминдерді көп пайдалануға болмайды.

Жалпы ақпараттың тілі ауызекі сөйлеу стиліне неғұрлым жақын болғаны дұрыс. Радиохабарда журналист бар кәсіби шеберлігін көрсете алмайды. Бұл үшін радиосұхбат, радиорепортаж, радиоесеп сынды ақпараттық жанрлар журналистің шеберлігін толық көрсетуге мүмкіндік береді.

Радиохабар тартуда негізгі жанрдың бір түрі - ақпараттық бағдарламалар. 1980-1990 жылдары мемлекеттік радиомен қатар жеке меншік радиостанциялар пайда бола бастады. Олардың әрқайсысының өз бағыты, форматы болды. Олардың барлығы міндетті түрде жұрт назарына жаңалықтар ұсынып отырды. 1990 жылдары коммерциялық, мемлекеттік радиолар қорытынды жаңалықтар шығарудың ең тиімді уақыты қашан деген сұраққа жауап іздеді. Соның салдарынан бәсеке туды, ал бәсеке бар жерде сапа бар. Ақпараттық жанр көркейе, дами түсті. Қоғамдық өмірдің келбетін жан-жақты көрсету, аудиторияның қажеттілігін қанағаттандыру үшін радиожурналистикада ақпараттық бағдарламалар түрлері көп таратылады. Оларға: ақпараттық; ақпараттық-сараптамалық; ақпараттық-саздық; ақпараттық-көңіл көтеретін; ақпараттық-жарнамалық түрлер жатады.



Жедел ақпарат. «Соңғы жаңалықтар». Бірнеше бөлшектерге бөлінген бірыңғай жүйе секілді. Мұнда ақпарат қоғамдық маңызына қарай жіктеледі (саясат, экономика, мәдениет, спорт, ауа райы. т.б).

Ақпараттық-сараптамалық хабарлар жаңалықтардың қорытындысын шығарады. Олар берілу уақыты жағынан ұзақтау болады. Мұнда корреспонденция, сұхбат, шолу, комментарий сынды жанрлар қолданылады. Жүргізуші мұндай бағдарламаларда белсенділік танытып, өз ойын білдіре алады.

Ақпараттық-саздық. «Шалқар» уақыт көлемі аз болғанымен, радиохабар таратудың жүйесінде жиі беріліп отырады. Мұнда да ақпараттық-сараптамалық хабарлар сияқты саясат, экология, мәдениет, спорт, әлеумет тақырыптарына уақыт бөліну үрдісі қолға алынған.

Ақпараттық-көңіл көтеретін бағдарламалар шетелдік радиожурналистика тәжірибесінде жиі қолданылады. Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік, коммерциялық радиостанциялары шетелдік әріптестерінің тәжірибесін қайталауда.

Жарнаманы тиімді тәсілмен ойлап табудың нәтижесінде ақпараттық- жарнамалық хабарлар көрініс тапты. Алғашқыда жарнаманы ақпараттық мәтіннен кейін қоятын. Уақыт өте келе жарнаманы ақпараттық хабардың ортасына қосу кең етек алды.

Ақпараттық хабарлардың басқа хабарларда кездесетін белгілері бар. Олар:

- радиохабар тарату жүйесіндегі тұрақты уақыты болады;

- саздық безендірілуі өзіне ғана тән;

- тұрақты жүргізушінің болуы;

- жанр түрлері;

- қысқаша шолу.

Бірақ тек ақпараттық бағдарламалардың белгілері тән жағы болады. Олар: эфирге шығу жиілігі; ақпарат таратудың бөлшектенуі.

Заманауи ақпараттық хабарлар мынадай белгілерімен сипатталады: ақпарат ауқымын, тақырып аясын үнемі кеңейту; маңызды, көкейкесті мәселелерді көтеру; жүргізушінің еркіндігі. Ақпараттық бағдарламалар дамуының үрдісі: жеделдікті күшейту, ресми хабарлар көлемін азайту, жарнама көлемін көбейту, бұқараның қажеттілігін қанағаттындыруымен ерекшеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   97




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік