Оқу құзыреттіліктерінің түрлері оқу сауаттылығының компоненттері


Күтілетін нәтижелер (PISA бағдарламасына сәйкес)



бет8/21
Дата22.09.2021
өлшемі228.03 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Күтілетін нәтижелер (PISA бағдарламасына сәйкес)

Оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары

  • Қысқа қарапайым мәтіннен оқырманға таныс ақпаратты таба алу;

  • Көмек берілетін қарапайым мәтінмен жұмыс жасау (ақпараттың қайталануы, суреттер немесе таныс символдар); Қарама-қайшы/көп ақпаратты қамтымайтын мәтінге түсінік беру;

  • Мәтіннің мазмұны мен жалпыға мәлім күнделікті тұрмыстағы білімнің арасын байланыстыру;

  • Мәтіннің басты тақырыбын/таныс тақырыпқа мәтін жазған автордың мақсатын анықтау;

  • Оқырманға көмек көрсететін анық көрсетілген ақпаратпен жұмыс жасау;

  • Мәтіндегі басты идеяны анықтау, өзара байланысты немесе мәтіннің құрылысын түсіну;

  • Мәтіннің бір ерекшелігіне негізделген кереғарлықты салыстыру және анықтау;

  • Жеке тәжірибеге және сипатталған шынайылыққа қатысты жеке қатынасына сүйене отырып, мәтіндік біліммен мәтіннің ішіндегі және мәтіннен тыс өзара байланыстарды салыстыру немесе құру

5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау;

6.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальды ақпаратты анықтау;

5.1.4.1 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;

6.1.4.1 мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;

8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;

9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау;

5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;

6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальды ақпаратты анықтау, түсіндіру

Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы оқулық мазмұнында жоғарыда берілген оқу мақсаттарына жетуге арналған тапсырмаларды назарларыңызға ұсынайық.

Мәдениет: тіл және қарым-қатынас тарауында берілген оқылым тапсырмасы: Мәтінді оқы. Не туралы айтылған? Ана тілінің адам өміріндегі рөлі қандай? Тіл не үшін қызмет етеді? Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты тап. (4-тапсырма, 5-бет) Бұл тапсырма 5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау оқу мақсатына сәйкес келеді. PISA бағдарламасы аясында «Қысқа қарапайым мәтіннен оқырманға таныс ақпаратты таба алу» нәтижесіне сәйкес.

Ал «Мәтінді оқып, мазмұнындағы ақпараттардың маңызын талда. Негізгі және қосымша ақпаратты тап» (6-тапсырма, 11-бет) тапсырмасы 6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальды ақпаратты анықтау, түсіндіру мақсатына беріледі, ол «Оқырманға көмек көрсететін анық көрсетілген ақпаратпен жұмыс жасау» нәтижесіне мүмкіндік береді. Бұл оқулықта берілген «Мәтінде автор сұхбаттасу мәдениетіне қатысты қандай мәселелерді өзіңмен бөлісіп отыр?» деген тапсырма арқылы да ашылады (1-тапсырма, 14-бет).

«Мәтіндегі басты идеяны анықтау, өзара байланысты немесе мәтіннің құрылысын түсіну» деген нәтижеге жетуге көмек болатын тапсырмаға «Мәтіннің негізгі идеясы не жайында? Мәтінді құрылымына қарай бөл: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды» (6-тапсырма, 19-бет) мысал болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік