Оқу құзыреттіліктерінің түрлері оқу сауаттылығының компоненттері



бет7/21
Дата22.09.2021
өлшемі228.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Түсіндірме: 5-деңгейдегі бұл сұраққа жауап беру үшін оқушылар өздерін Маконда тұрғындарының орнына қоя отырып, толық жауап берулері қажет және олардың көзқарастары бойынша «кино дегеніміз не?» деген сауалға түсініктеме берулері керек. Оқушылардың қорытынды пікірлері оқушының жеке көзқарасына қарама-қайшы болуы мүмкін. Сұрақтың күрделілігі де осы қарама-қайшылықта жатыр.

1. Тұжырымдардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.

1. 2018 жылғы PISA оқу сауаттылығының ерекшелігі – ең төменгі жетістік деңгейін көрсеткен оқушылардың орындай алған дағдылары нақты көрсетілді. 

дұрыс


2. 2012 ж. PISA нәтижелерімен салыстырғанда 2-деңгейдегі тапсырмаларды орындай алған қазақстандық оқушылардың үлесі көбейген. 

дұрыс


3. Нұсқаулар берілетін қарапайым мәтінмен жұмыс жасау дағдылары бойынша қазақстандық оқушылардың нәтижелері зерттеуге қатысқан бірқатар елдің көрсеткішінен жоғары. 

бұрыс


4. 2-деңгейдегі тапсырмаларды орындай алған оқушыларға қарағанда, бұл деңгейдегі тапсырмаларды орындай алмаған оқушылардың үлес салмағы кем. 

бұрыс


2. 2 деңгейдің тапсырмаларын орындай алмаған оқушылар функционалды сауатсыз болып есептеледі

3. Дағдылар шкаласы оқушылардың үлгерімін ғана сипаттап қоймай, тестілеу кезінде оқушыларға ұсынылатын тапсырмалардың 

күрделілігін де



 сипаттайды.

4. Мәтіндегі идеяларды өзара байланыстыру

Сұрақтың мазмұнын түсіну

Мәтіндегі идеяларды анықтау

5. Бұл деңгейге жеткен зерттеудің қатысушылары – құзыреттері жоғары оқырмандар. 6 деңгей

Бұл деңгейге жеткен зерттеудің қатысушылары қарама-қайшы ақпаратпен және оқырманның болжамдарына сәйкес келмейтін мәтінді ұғуы қажет. 3 деңгей

Осы деңгейдегі оқырмандар бір сөйлемде нақты орналастырылған, нақты көрсетілген ақпараттың бір бөлігін, қысқа мәтінді немесе қарапайым тізімді сканерлеп, таба алады. 1б деңгейі

5 сабақ

PISA оқу сауаттылығының «табу және іріктеп алу» құзыреттілігі

PISA тестілеуі академиялық білімге емес, функционалдық сауаттылыққа, яғни алған білімді қолдана алу, талдау, сын тұрғысынан ойлануға бағытталатыны белгілі. Әрбір үш жыл сайын халықаралық зерттеу бағыттарының бірі (математикалық, жаратылыстану-ғылыми, оқу сауаттылықтар) тестілеудің басым бағыты болып отырады. Бұл – сұрақтардың тең жартысы осы басым деп танылған бағытқа арналады деген сөз. 2018 ж. өткен PISA зерттеуінде 2009 жылдағыдай басты бағыт оқу сауаттылығы болды. Олай болса, 2018 жылғы зерттеу нәтижелеріне тағы бір қысқаша шолу жасап өтсейік.

2018 жылы Қазақстанда тесттен 5 мыңнан аса оқушы өтті. Оқушылардың кейбірі 1-сыныпқа 6 және 7 жаста барғандықтан, 9 бен 10-сынып оқушылары тестілеуден өтті. Олардың арасында ең үздік нәтиже көрсеткен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары болды. Жалпы PISA рейтингісінің көш басында 2000 жылдан 2018 жылдар аралығында үздіктердің үздігі болып тұрған тұрақты мемлекеттер: Финляндия, Корея, Жапония, Қытай, Сингапур. Өкінішке қарай, Қазақстан тізімнің басындағы алғашқы 20 мемлекет қатарына бірде-бір рет кіре алмады.

Оқушылардың 2018 жылы төмен нәтиже көрсетуінің өз себептері бар. Оған әсер еткен бірнеше фактор бар.

Біріншіден, тест Қазақстан үшін алғаш рет компьютерлік форматта өтті. Оқушылар үшін бұл алғашқы тәжірибе болды. Тестте өткен сұрақтарға кері қайту мүмкіндігі болмағанын да ескерген жөн. Қалыптасқан әдет бойынша оқушылар қиын сұрақтарға қайта оралуға немесе өз жауаптарын қайта қарауға үйренген. Ал компьютерлік тестілеу кезінде қағаз нұсқамен салыстырғанда, олай жасай алмайды. Мұндай жағдай PISA-2015-те орын алған, яғни аталған жылы 57 қатысушы ел алғаш рет компьютерде тест тапсырып, нәтижесінде көптеген елдің балы төмендеген. Мысалы, PISA зерттеуі бойынша көшбасшы елдердің бірі Корея мемлекетінің нәтижелері математика бойынша 30, жаратылыстану бойынша 22 және оқу сауаттылығынан 18 балға дейін түскен.

Екіншіден, PISA нәтижелерін жақсартуға үлес қосатын жаңаша оқыту жүйесіне, яғни жаңартылған білім беру мазмұнына 15 жастағы білім алушылар көшіп үлгермеген болатын. Нәтижені жаңартылған білім беру мазмұнымен байланыстыруымыздың себебі неде?

Қазақстан Республикасында орта білім берудің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған.

2018 жылы тестілеуге қатысқан қазақстандық оқушылар арасында ең үздік нәтиже көрсеткен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары болды. Зияткерлік мектеп оқушылары оқу сауаттылығы бойынша 511 балл жинады. Бұл көрсеткіш PISA-2018 нәтижелері бойынша алдыңғы орында тұрған елдердің көрсеткіштеріне сәйкес келеді. НЗМ нәтижелері білім беру бағдарламаларының тиімділігін көрсетті.

Жаңартылған мазмұн аясында оқу дағдысын қалыптастыру оқу сауаттылығының басты критерийлеріне, яғни ақпаратты табу, мәтінге интерпретация жасау, мәтіннің мазмұны мен формасы бойынша рефлексия жасау және бағалауға негізделген. Олай болса, «Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған бағдарламаға оқу сауаттылығы қалай ықпалдастырылғанын мұғалімнің көре алуы маңызды. PISA оқу сауаттылығының критерийлері жаңартылған мазмұндағы бағдарламалардың базалық мазмұнына төмендегідей кіріктірілген:

5-сынып

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну; хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландыру мәтіндері, олардың құрылымы мен ресімделуі; нақты ақпаратты таба білу, дереккөздерден қажетті ақпаратты алу;

6-сынып

Мәтіндерді мазмұны мен тақырыбы, тілі тұрғысынан салыстыру; негізгі және қосымша ақпаратты ажырату; өзіне қажетті ақпаратты тауып, іріктеу; дереккөздерден қажетті ақпаратты алу және сілтеме жасау;

7-сынып

Тұтас және тұтас емес мәтіндерге (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) интерпретация жасау; мәтіндердің стильдік ерекшеліктерін ажырату; хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының, қызметтік жазба мәтіндері және олардың құрылымы мен ресімделуі; мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын, мақсатты аудиториясын салыстыру; мәтінге пікір білдіру дереккөздерден қажетті ақпаратты алу және сілтеме жасау;

8-сынып

Тұтас және аралас мәтіндерді (кесте, диаграмма, сызба, сурет) салыстыру; публицистикалық және ғылыми стильдің ереркшеліктерін ажырату; мақала, аннотация, презентация мәтіндері және олардың құрылымы мен ресімделуі; әртүрлі стильдегі мәтіндерді тақырыбы мен мәтін түріне (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) қарай салыстыру; мәтінге талдау жасау; дереккөздерден қажетті ақпаратты алу және мақсатқа сай қолдану;

9-сынып

Тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, интепретация жасау; стильдердің тілдік қолданыстарын талдау; мақала, аннотация, презентация, тұжырымдама, тезис мәтіндері және олардың құрылымы мен ресімделуі; түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыру; мәтінге оқырман тарапынан сұрақ қою; дереккөздерден өзіне қажетті ақпаратты таба алу, авторына сілтеме жасау және мақсатқа сай қолдану.

Сыныптар арасында жоғарыда көрсетілген дағдыларды қалыптастыру оқу бағдарламасының мазмұнында оқылым бөлімінің төмендегі бөлімшелері аясында біріктірілген.


  1. Ақпаратты түсіну

  2. Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану

  3. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату

  4. Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау

  5. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу

  6. Оқылым стратегияларын қолдану

  7. Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу

Дағдылар сыныптан сыныпқа ауысқан сайын кеңейіп, күрделеніп отырады әрі PISA оқу сауаттылығының деңгейлеріне қойылатын талаптарға (оқушылар мәтінді түсініп, талдай алулары керек және оған баға бере алулары керек, сондай-ақ оқығаны туралы ойланып, көзқарасын білдіре алулары қажет) сәйкес келеді .

PISA тапсырмаларында оқу сауаттылығының деңгейлерін анықтау үшін оқушыларға әртүрлі жанрда мәтіндер беріледі. Оларда ақпарат түрлі формада ұсынылады, айталық, диаграмма, сурет, карта, графика, кесте және с.с. Зерттеуде қарастырылған әртүрлі мәтін түрлерімен жұмыс жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының оқу мақсаттарында айқын көрініс тапқан:

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

8.2.1.1 тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру;

8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау;

9.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау.

Төменде PISA бойынша «Ақпаратты табу және іріктеу» құзыреттілігін қалыптастыру аясында күтілетін нәтижелеріне сәйкес келетін «Қазақ тілі» оқу бағдарламасының оқу мақсаттары ұсынылып отыр (1-кесте):

1-кесте. «Ақпаратты табу және іріктеу» құзыретілігі бойынша күтілетін нәтижелер мен оқу мақсаттарының байланысы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар