Оқу құзыреттіліктерінің түрлері оқу сауаттылығының компоненттері


-кесте. PISA-2018: оқу сауаттылығының сегіз деңгейінің қысқаша сипаттамасы

Loading...


бет3/21
Дата22.09.2021
өлшемі228.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
1-кесте. PISA-2018: оқу сауаттылығының сегіз деңгейінің қысқаша сипаттамасы

Деңгей

Шектік балл

Сипаттама

6

698

6-деңгейге жеткен зерттеудің қатысушылары – құзыреттері жоғары оқырмандар. Олар толық жауап беру үшін мәтіннен қажетті ақпаратты ала алады. Осылайша, білім алушылар кейде айтарлықтай қарама-қайшы ақпараттың берілуіне қарамастан, жеке шешім қабылдау дағдыларын көрсетеді. Бұл деңгей білім алушылардан мәтіннің астарлы мәнін «сезу» және оқырмандық интуициясын талап етеді.

5

626

Бұл деңгейде білім алушылар ақпаратты анықтау және оны қалыптастыру арқылы оны жинауға қабілетті болу керек. Академиялық білімге сүйеніп, мәтінді түсіну, бейтаныс мәтінге түсінік беру және түсіну керек. Оқудың барлық аспектісі үшін 5-деңгейлі тапсырмалар әдетте дерексіз немесе қисынсыз ұғымдармен жұмыс істеуді қамтиды және мақсатқа жеткенге дейін бірнеше кезеңнен өтеді. Сонымен қатар осы деңгейдегі тапсырмалар оқырманнан ақпаратты салыстыру үшін бір мәтіннен басқа мәтінге ауысуды, бірнеше ұзақ мәтінге ой қорытындысын жасауды талап етуі мүмкін.

4

553

4-деңгейге жеткен білім алушылар біртұтас күйде берілмеген ақпараттың бірліктерін тауып байланыстыра алу керек. Мәтіннің тұтас мағынасына сәйкес тілдік өзгешеліктерді түсіну керек. Мазмұны мен форматы бейтаныс көлемді әрі күрделі мәтіндерді түсіну керек. Гипотезаны тұжырымдау және мәтінді бағалау үшін мәтінде берілген арнайы білімді пайдалану керек.

Сонымен қатар осы деңгейдегі оқушылар белгілі бір мәлімдемелер мен тақырып бойынша адамның жалпы ұстанымы немесе тұжырымы арасындағы байланысты бағалай алады. Олар авторлардың мәтіндердің сипаттамалық ерекшеліктеріне (мысалы, тақырыптар мен суреттер) негізделген идеяларын жеткізу үшін қолданатын стратегиялары туралы ойланады. Олар бірнеше мәтінде айтылған мәлімдемелерді салыстыра алады және негізгі критерийлер негізінде дереккөздің сенімділігін бағалай алады.

4-деңгейдегі мәтіндер көбінесе көлемді немесе күрделі, ал олардың мазмұны немесе формасы стандартты емес болуы мүмкін. Тапсырмалардың көбі бірнеше мәтіндік құрылымда орналасқан. Мәтіндер мен тапсырмаларда жанама немесе жасырын сигналдар болады.


3

480

Құзыреттердің 3-деңгейінде білім алушылар ақпараттың бірнеше бөлігінің арасындағы арақатынасты анықтап талдау керек. Мәселен, мәтіннің бірнеше бөлігін қосу арқылы басты идеяны анықтау; қарама-қайшы ақпаратпен және оқырманның болжалдарына сәйкес келмейтін мәтінді ұғып алу; жалпыға танымал, күнделікті білім негізінде мәтінді түсінетінін көрсету керек.

3-деңгейдегі оқырмандар мәтіннің үзіндісі немесе мәтіндердің шағын жиынтығы туралы ойлана алады. Сонымен қатар анық ақпарат негізінде бірнеше автордың көзқарастарын салыстыра алады және қарсы қойып салыстыра алады.

Кейбір рефлексивті тапсырмалар оқырмандардан таныс тақырыпқа қатысты мәтін үзіндісін егжей-тегжейлі түсінуді талап етсе, ал басқалары аса таныс емес мәтіннен негізгі түсінікті қажет етеді.

3-деңгейдің міндеттері оқырманнан ақпаратты салыстыру, сәйкестендіру немесе категорияларға жіктеу кезінде көптеген ерекшелікті ескеруді талап етеді. Қажетті ақпарат көбінесе жасырын тұрады немесе басқа ақпараттың едәуір бөлігінде қамтылуы мүмкін.



2

407

Бұл деңгейдің тапсырмаларын орындай алмайтын білім алушылар функционалдық тұрғыдан сауатсыз деп саналады. Олар мәтіндегі басты идеяны анықтау керек, өзара байланысты немесе мәтіннің құрылысын түсіну керек. Мәтіннің бір ерекшелігіне негізделген кереғарлықты салыстыру және анықтау керек. Жеке тәжірибеге және сипатталған шынайылыққа қатысты жеке қатынасына сүйене отырып, мәтіндік біліммен мәтіннің ішіндегі және мәтіннен тыс өзара байланыстарды салыстыру немесе құру керек.

2-деңгейдегі оқырмандар негізгі идеяны орташа көлемдегі мәтін үзіндісінен анықтай алады. Олар ақпарат анық болмаған жағдайда негізгі тұжырымдарды шығару арқылы мәтіннің шектеулі бөлігіндегі мағынаны талқылауы немесе қарым-қатынасты түсінуі керек.

2-деңгейдегі тапсырмалар мәтіннің бір қызметіне негізделген салыстыруларды немесе қарама-қайшылықтарды қамтуы мүмкін. Осы деңгейдегі типтік рефлексивті тапсырмалар оқырмандардан жеке тәжірибесі мен көзқарастарына сүйене отырып, мәтін мен сыртқы білім арасындағы салыстыруды немесе байланыстыруды талап етеді.


1a

335

1а деңгейіндегі оқырмандар сөйлемдердің немесе қысқа үзінділердің тура мағынасын түсіне алады. Оңай деңгейлердің бірі білім алушылардан мәтіннің мазмұны мен жалпыға мәлім күнделікті тұрмыстағы білімнің арасында байланысты орнатуды талап етеді. Мысалы, мәтіннің басты тақырыбын/таныс тақырыпқа мәтін жазған автордың мақсатын анықтау; оқырманға көмек көрсететін анық көрсетілген ақпаратпен жұмыс жасау.

Олар қарапайым кеңестерге негізделген шағын жиынтықтан тиісті бетті таңдап, қысқа мәтіндерден бір немесе бірнеше тәуелсіз ақпаратты таба алады.

Осы деңгейдегі тапсырмалардың көпшілігінде не істеу керек, оны қалай жасау керек және мәтінде (-дерде) оқырмандар назарын неге аударуы керектігі туралы нақты нұсқаулар бар.


1b

262

Оқырмандар 1b деңгейінде қарапайым сөйлемнің тура мағынасын бағалай алады. Сұрақ пен/немесе мәтіндердегі ақпараттың біріккен бөліктері арасын қарапайым түрде байланыстырып, мәтіннің тура мағынасын түсіндіріп бере алады.

Бұл деңгейде оқырмандар бір сөйлемде, қысқа мәтінде немесе қарапайым тізімде нақты көрсетілген, анық бір үзіндіні тауып, мұқият оқиды. Айқын нұсқаулары бар қарапайым қолдау негізінде аз ғана жиынтық мәтіннің ішінен тиісті ақпаратты тауып ала алады.

1b деңгейіндегі тапсырмалар мәтін мен тапсырмадағы сәйкес факторларды оқырманның қарастыруын талап етеді. Бұл деңгейдегі мәтіндер қысқа болып келеді, әдетте ақпаратты, суреттер немесе таныс символдарды қайталау түрінде қолдау көрсетуге бағытталған. Аз ғана сәйкес ақпараттар беріледі.


1c

189

1c деңгейіндегі оқырмандар тура мағынасында берілген қысқа, синтаксистік құрылымы қарапайым сөйлемдерді түсініп, растай алады және шектелген уақыт шеңберінде анық, қарапайым мақсатта оқи алады.

Бұл деңгейдегі тапсырмалар қарапайым сөздік қор мен синтаксистік құрылымды қамтиды.



2-күрделілік деңгейінде оқушылар білім алу үшін және кең ауқымдағы тәжірибелік міндеттерді шеші үшін оқу дағдыларын қолдану қабілеттерін көрсетеді. Оқудың 2-деңгейіне жете алмаған оқушылар өздеріне таныс емес немесе көлемі мен күрелілігі біршама қиын материалмен жұмыс жасағанда қиналады. Әдетте оларға мәтімен жұмыс жасағанға дейін нұсқаулық беріп, қолдау көрсету қажет болады. БҰҰ ЦУР шеңберінде 2-деңгейдегі дағдылар «ең төменгі дағдылар» деңгейі деп анықталған, оған орта білім беру сатысын аяқтап қалған оқушылардың барлығы қол жеткізу керек (OECD, 2019[1]).

Қазақстандық оқушылар толық жауап беру үшін мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, қолдану біліктерін көрсете алмады.

Осы немесе басқа да деңгейлерге жеткен қатысушылардың барлық пайызына неғұрлым күрделі деңгейлердің тапсырмаларын орындау нәтижелері де қосылады.

Мысалы, орта деңгейдегі 3-деңгейдің тапсырмаларын орындаған қазақстандық оқушылардың 25,2%-на 4 пен 5-деңгейлерге жеткен оқушылардың да үлесі қосылған.

Халықаралық салыстыруларда қазақстандық қатысушылар қатарластарынан едәуір артта қалған (Гонконг 72,6%, Сингапур 71,9%, Канада 70,3%).

Нұсқаулар берілетін қарапайым мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын көрсете алмаған Ливан (24,1%), Македония (18,8%), Косово (14,6%), Франция (2,3%) елдері мен Қытайдың Пекин, Шанхай, Цзянсу мен Гуандон (2,1%) провинцияларының қатысушыларының пайыздық үлесі де қазақстандықтардан жоғары (1,7%).

2-деңгейден төмен (1а мен 1б) тапсырмаларды орындай алмаған оқушылар функционалды сауатсыз болып есептеледі. ЭЫДҰ елдерінде бұл деңгейдегі 15 жастағы оқушылардың үлесі орта есеппен 20,1%.

PISA-2012-мен салыстырғанда (57%) 2-деңгейдегі тапсырмаларды орындай алмаған қазақстандық оқушылардың үлесі азайғанына қарамастан, бұл көрсеткіш әлі де жоғары болып тұр (41%-дан жоғары) (2-сурет).



2-сурет. PISA-2015: 15 жастағы қазақстандық оқушылардың жетістік деңгейлері

PISA оқу сауаттылығының 8 деңгейі бойынша тапсырмалар мысалдарымен танысайық.

«Макондо» тапсырмасы күрделілігі әртүрлі деңгейдегі 4 сұрақтан тұрады.

Макондо

Макондода таңқаларлық жаңалықтардың жаппай орын алғаны соншалық желгілікті халық қайда қарарын және неге таңданарын білмей қалды. Адамдар түнімен Аурелиано Хмурый пойызбен жасаған екінші сапарынан әкелген машиналардан түскен әлсіз электр жарықтарына телміреді. Басында бұл машиналар өзінің адам төзгісіз және толассыз «тум-тум-тум» деген даусымен баршаның есін шығарған еді. Бәрі шаруасы жүріп тұрған саудагер дон Бруно Креспидің театрына қарай ағылды, кассадағы билеттердің бәрі жаппай сатылып кетті. Көпшілік ілінген ақжайманың бойымен жүгіріп жүрген кейіпкерлерге қарағысы келді, бәрін қызықтырған жайт алдыңғы кино көріністерінің бірінде қайтыс болған кейіпкердің кейіннен тірі және аман болып шыққаны және ең таңқаларлығы – кейіннен оның араб екенінің анықталғаны еді.

Кейіпкерлердің қайғысы мен қуанышын бөлісу үшін екі сентаво төлеген көрермен бұл алаяқтыққа төзе алмай, кино залын ойран қылған еді. Дон Бруно Креспидің талап етуімен алькальд халықпен сөйлесуге шығып, киноның өмір емес екенін, оның ойдан шығарылатынын және ол үшін соншалықты күйзелудің қажеті жоқ деп түсіндірді. Бұндай әңгімеден соң өздерін сығандардың жаңа зор айласының құрбаны болдық деп, ендігі жерде кинотеатрға бармаймыз, ойдан шығарылған біреулердің мәселелерінен де маңызды қайғымыз бен қиыншылықтарымыз онсыз да жетерлік деп шешті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...