Оқу тәжірибесінің есебі



бет1/9
Дата11.06.2022
өлшемі237.66 Kb.
#268061
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Гулназ практика 2


«Есенов колледжі» ЖШС
Оқу тәжірибесінің есебі


Орындаған: П-20-1,2 тобы студенті
Баймурзаева Гулназ


Қабылдаған тәжірибе
жетекшісі: Жанғазиева А.Н.


Ақтау 2021ж.


Жоспар:



  1. Кіріспе.

  2. ҚР құқық қорғау органдары:

1) Соттар және сот төрелігі.
2) Прокуратура органдарының жүйесі.
3) Ішкі істер органдарының өкілеттіктері.
4) Әділет органдары.
5) Нотариат.
6) Адвокатура.
7) Сот актілерін орындау.
8) Ұлттық Қауіпсіздік органдары.

  1. Қорытынды.

  2. Пайдаланылған әдебиеттер.


Кіріспе

Оқу практикасы бастапқы кәсіби сана сезімді қалыптастыруға, сондай-ақ кәсіби құзыреттіліктің құрамы мен құрылымы туралы бастапқы түсінікті алуға негізделген. Оқу практикасы оқытудың міндетті формаларының бірі болып табылады және ішкі істер органдарының, соттың және прокуратураның, адвокатура мен нотариаттың, сот орындаушыларының қызметімен танысу, процессуалдық және өзге де құжаттарды қоса алғандағы өз бетімен жұмыстардың тәлімін алу, теориялық білімдерді бекіту және тереңдету мақсаттарын көздейді.



Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары.


Соттар және сот төрелігі
ҚР Конституциясының 7-бөлімі «Соттар және сот төрелігі» деп аталады, онда республикада сот төрелігін тек соттардың жүзеге асыратындығы, олардың қызметінің қағидалары, жүйесі туралы айтылған.
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңы 2000 жылдың 25 желтоқсанда қабылданды. Бұл заң соттардың қызметін реттейтін негізгі заң актісі болып табылады.
Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.
Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.
Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституциямен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.
Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр араласуға жол берiлмейдi және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сот iсiн жүргiзудiң белгiленген тәртiбiне

қарамастан берiлген сот iстерi бойынша, сондай-ақ соттың құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша өтiнiштердi сот қараусыз қалдырады немесе тиiстi органдарға жiбередi.


Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актiлерi мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы