ЯНВАРЬ
2020
Математика,информатика және физика пәні бірлестігінің І жарты жылдық есебі. 2019 – 2020 оқу жылы.
Математика ,физика ,информатика пән бірлестігінің
2019-2020 оқу жылындағы жылдық атқарған жұмыстардың есебі.
Әдістемелік бірлестік тақырыбы:
"Математика,физика,информатика пәндері бойынша әр түрлі
технологияларды қолдана отырып, эстетикалық бағытта жеке тұлғаның
білім сапасын арттыру және шығармашылыққа баулу".
Мақсаты:
Математика, физика, информатика, пәндерінен мемлекеттік білім
стандартының орындалуын қадағалау,оқушыларға білім беруде жаңашыл,
озық технологияларды кеңінен қолдану.
Міндеттері:
Мектептің өзекті тақырыптарын басшылықа ала отырып, бірлестік оқушылардың шығармашылық қалыптастыруға жағдай жасау.
Қорытынды аттестацияға, емтихан, пән олимпиадаларына жеке жұмыс жоспары бойынша қосымша сабақтардың дайындықты бақылау.
Осы алдымызға қойған мақсатқа жету жолында бірлестік мүшелері әртүрлі бағыттарда жұмыс жасауда. Оқушылардың білім сапасын арттыру жолында атқарылған жұмыстарды өткізу әдістемелік жұмыстың жоспарына сәйкес болды, оның мазмұны нормативтік құжаттарды білім беру стандартын дарынды және үлгерімі төмен балалармен жұмыс олимпиада қатысушылары-мен жұмыс сияқты сұрақтар енгізілді. Зертханалық, практикалық, бақылау жұмыстары жоспар бойынша өткізілді. Оқушылардың дәптерлері жүйелі түрде тексеріліп тұрды.
Өзекті тақырыпты іске асыруда 2019-2020 оқу жылында келесі міндеттерді іске асырдық:оқушылардың шығармашылық қабілеттерін үштау, дарынды оқушылар мен жұмысты жандандыру, мемлекеттік стандартқа сай оқушылардың білім сапасын көтеру, жана технологияларды тиімді қолданып әр сабақта оқушылардың пәнге деген бейімділігін арттыру.
Білімін ескере отырып жеке пәнге қызығушылығын дамыту жұмысын жүзеге асыруда: оқытушылар сабақтарында жанашыл технологияларды қолданады: СТО- элементтерін, даралап- саралап оқыту, деңгейлік тапсырмаларды. Аталған пәндерден білім стандартының орындалуын қадағалау басты назарда болды. Осы мақсатта математика, физика, пәндері бойынша тоқсандық, жартыжылдық бақылаулар салыстырылып, қорытынды жасалынды.
Осы жоғарыда айтылған мемлекеттік стандарт талаптарын тексеру жұмыстары жүргізілді Математика, физика және информатика пән бірлестігінде барлығы 15 мұғалім жұмыс атқарады , 5 мұғалім жоғары санатты, 2 мұғалім – бірінші санатты, 4 мұғалім - ІІ санатты, 4 мұғалімде санаты жоқ .
Достарыңызбен бөлісу: |