Оқу пәні
|
Сынып
|
Оқу бағдарламасы бойынша
тақырыптар саны
|
Оның ішінде күрделі тақырыптар
|
Математика
|
1
|
132
|
26
|
Математика
|
2
|
136
|
15
|
Математика
|
3
|
170
|
28
|
Математика
|
4
|
170
|
20
|
1 сынып
Ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық) уақыт шамаларын ажырату; Оларды өлшеу үшін құралдарды таңдау, өлшемдерді жүргізу. Екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектердің мәнін табу, амалдарды орындау ретін анықтау. Циферблат бойынша уақытты анықтау: уақыттың өлшем бірліктерін: сағат, минут, тәулік, апта, күн, айды ажырата алу. Санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, салыстыру. Сәйкестік пен ақиқатты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді талдау.
2 сынып
1С – Шамалар және олардың өлшем бірліктері. 2A – Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер.Есеп. 2B–Шамалар және олардың өлшем бірліктері. 2C–Жиынды және оның элементін белгілеу. және таңбалары. 3А–Геометриялық фигуралар және олардың өзара орналасуы. 3B–Көбейту және бөлу. Есептер. 4А–Есептеудің тиімді әдістері. 4В–Есепті шығару тәсілдері. 4С–Геометриялық фигуралар. Периметр. Екі таңбалы сандардың графикалық моделін құру, разрядтық кестені қолдану. Санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000- ға дейін жүздіктермен санау, салыстыру. Жиындар мен олардың элементтерін диаграммада белгілеу; элементтердің жиынға жиындардың бірігуіне және қиылысуына тиістілігін анықтау. Бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) бір бірінен ажырату және атау/тіктөртбұрышты, шаршыны, тікбұрышты үшбұрышты мәнді белгілері түсіндіру.
Көбейту және бөлу - өзара кері амалдар екенін түсіну. Тұжырымдардың ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтау, ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру, айту. Берілген периметрі бойынша жазық фигуралар сазайту, олардың пішіндері өзгеруіне қарай периметрдің қалай өзгеретінін түсіндіру, дәлелдеу. х < және х > түріндегі теңсіздіктерге сәйкес келетін сандарды анықтау. 50 теңгелік, 100 теңгелік монеталарды, 200 теңгелік, 500 теңгелік купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау. Көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау. Екі таңбала сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу. Шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг,ц)/ көлем (сыйымдылық) (л) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау. Көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді; х+(25-6)=38; (24-3)-х=8; а+6=7+80 түріндегі күрделі теңдеулерді шешу. Фигураның белгісіз қабырғасын оның периметрі мен белгілі қабырғалары арқылы табу. Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау.
3 сынып
Көп таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар қосындысына жіктеу.Есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу. Санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану. Көп таңбалы сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану. Геометриялық фигуралардың жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру. Сандардың жиындарын құру. Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді көрнекілік қолдану арқылы салыстыру.
4 сынып
«Менің Отаным-Қазақстан», «Құндылықтар», «Мәдени мұра», «Мамандықтар әлемі», «Табиғат құбылыстары», «Қоршаған ортаны қорғау», «Болашаққа саяхат»:
Санаудың ірі бірлігі – миллионды құрастыру миллиард көлемінде салыстыру. 1 000 000-ға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылықтарын анықтау. Ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (мг, г, кг, ц, т)/ аудан (мм2, см2, дм2, м2, г, а)/ көлем (мм3 , см3, дм3, м3 )/ уақыт (с, мин, сағ, тәул.) өлшем бірліктерін олардың арақатынасын түсіну. 10 000, 20 000 тг купюраларды және түрлі мемлекеттің валюталарын (рубль, евро, доллар) білу. Көптаңбалы сандарды біртаңбалы сандарға қалдықпен бөлуді орындау жолдарын түсіну. Есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік/ егіннің түсімділігі, ауданы мен массасы/ жылдамдық, арақашықтық, уақыт/ биіктік, ені, ұзындық, көлемі шамаларырының өзара тәуелділігін түсіну. Таңдап алу әдісімен комбинаторлық есептерді құрастыру.
Есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік/ егіннің түсімділігі, ауданы мен массасы/ жылдамдық, арақашықтық, уақыт/ биіктік, ені, ұзындық, көлемі шамаларырының өзара тәуелділігін пайдаланып есептер құрастыру. Ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (мг, г, кг, ц, т)/ аудан (мм2, см2, дм2, м2, г, а)/ көлем (мм3 , см3, дм3, м3 )/ уақыт (с, мин, сағ, тәул.) өлшем бірліктерін олардың арақатынасын айту.
Көптаңбалы сандарды біртаңбалы сандарға қалдықпен бөлуді орындау. Суретте бейнеленген құрастырылған фигуралардың, қоршаған ортадағы жазық фигуралардың ауданын анықтау. Артынан қуып жету, бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешу.
Шеңбер мен дөнгелекті радиусы бойынша сызу. Қос теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу. 39 + 490 : k = 46; 230 ×а +40=1000:2 түріндегі теңдеулерді шешу.
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
(3-4 СЫНЫПТАР)
Достарыңызбен бөлісу: |