Оқу пәндері
|
Сынып
|
Оқу бағдарламасы бойынша
тақырыптар саны
|
Оның ішінде күрделі тақырыптар
|
Қазақ тілі
|
1
|
33
|
9
|
Қазақ тілі
|
2
|
53
|
10
|
Қазақ тілі
|
3
|
49
|
11
|
Қазақ тілі
|
4
|
32
|
13
|
1сынып
Тыңдалым мен айтылым: тыңдаған мәтіннің (ұзақтығы 0,5-1 мин шамасында) мазмұны бойынша мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау;
Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог), сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру;
мұғалімнің қолдауыменә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау;
баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну;
сурет/үлгі бойыншахабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойыпсөйлеу.
Оқылым: хаттың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
Жазылым: жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат құрастырып жазу.
Әдеби тілдік норма: мұғалімнің қолдауымен көптік/тәуелдік/жіктік/септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.
2 сынып
Тыңдалым және айтылым: әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (өмірбаян, хабарландыру) көтерілген мәселені талдау
Оқылым: мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру
Жазылым: мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау
Әдеби тілдік норма мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру.
3 сынып
Тыңдалым және айтылым: әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, көркем әдеби шығармадан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау.
Оқылым:хроника, хабар, очерктердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
Жазылым:жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу
Әдеби тілдік норма:оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу.
4 сынып
Тыңдалым және айтылым: әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау
Оқылым: ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау.
Жазылым: тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру.
Әдеби тілдік норма: жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану.
АҒЫЛШЫН ТІЛІ (3-4 СЫНЫПТАР)
Достарыңызбен бөлісу: |