Оқу пәні
|
Сыныптар
|
Оқу бағдарламасы бойынша тақырыптар саны
|
Оның ішінде күрделі тақырыптар саны
|
Жаратылыстану
|
5
|
68
|
5
|
Жаратылыстану
|
6
|
68
|
7
|
5 сынып
«Физикалық және химиялық құбылыстар», «Ғимараттағы жылулықты оқшаулау», Қаңқа және қозғалыс Бір жасушалы ағзалар және олардың экожүйедегі маңызы. Көп жасушалы ағзалар және олардың экожүйедегі маңызы
6 сынып
«Деректерді жинау және деректерді талда», «Зерттеулерді жоспарлау», «Энергия қайдан алынады», «Біз қалай энергия алмасамыз», «Біз электр энергиясының қанша мөлшерін жұмсаймыз», «Электр энергиясына төлем жасауда қалай үнемдеуге болады», «Қысым дегеніміз не».
ФИЗИКА (7-10 СЫНЫПТАР)
Оқу пәні
|
Сынып
|
Оқу бағдарламасы бойынша
тақырыптар саны
|
Оның ішінде күрделі тақырыптар
|
Физика
|
7
|
10
|
7
|
Физика
|
8
|
7
|
7
|
Физика
|
9
|
8
|
6
|
Физика
|
10
|
14
|
5
|
сынып
1. «Механикалық қозғалыс».
Қозғалыстың салыстырмалылығы, әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері; практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару;
2. «Тығыздық». Тығыздықты есептеу; № 3-зертханалық жұмыс: сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау; практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару.
3. «Денелердің өзара әрекеттесуі». Бір түзу бойымен денеге әсер еткен күштерді қосу; № 4-зертханалық жұмыс: серпімді деформацияларды зерделеу;
практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару.
4. «Қатты денелер, сұйықтар және газдардағы қысым».
Паскаль заңы, гидравликалық машиналар, кері итеруші күш; практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, атмосфералық қысымның бар екендігін зерттеу.
5. «Жұмыс және қуат».
практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару
6. «Энергия».
Энергияның сақталуы және басқа түрге айналуы; практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару.
7. «Жай механизмдер». Дененің массалық центрі, пайдалы әрекет коэффициенті; № 9-зертханалық жұмыс: иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау; практикалық жұмыстар: түсірілген күштің айналу осіне дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу.
8-сынып
1. «Жылулық құбылыстар».
Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi
практикалық жұмыстар: заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу, әртүрлі отынның жану тиімділігін бағалау;
2. «Заттың агрегаттық күйлері».
Қаныққан және қанықпаған булар, қайнау, қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау; практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, ішкі энергияның механикалық энергияға айналуын зерттеу.
3. «Термодинамика негiздерi».
Газдың және будың жұмысы; практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, ішкі энергияның механикалық энергияға айналуын зерттеу, жылулық тепе-теңдік орныққандағы энергияның сақталу заңын зерттеу. 4.«Электростатика негіздері».
Электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі, электр өрісінің потенциалы және потенциалдар айырымы; практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару.
5. «Тұрақты электр тогы».
Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, Джоуль-Ленц заңы, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар, электр тогының химиялық әсерi (Фарадейдiң заңы); № 7-зертханалық жұмыс: электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау; практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару.
6. «Электромагниттік құбылыстар».
Магнит өрiсi, тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi, тогы бар шарғының магнит өрiсi, электромагниттiк индукция; практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, үйкеліс арқылы магниттеу, магниттің қасиетіне температураның әсері.
7. «Жарық құбылыстары».
Сфералық айна көмегімен кескін алу, линзаның көмегімен кескiн алу; практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, ойыс айнаға түскен және шағылған стандартты сәулелердің жүрісі, жинағыш және шашыратқыш линзадағы негізгі сәулелердің жүрісі.
9-сынып
1. «Кинематика негіздері».
Векторлар және оларға амалдар қолдану, вектордың координаталар осьтеріне түсірілген проекциялары, материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы, сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар, центрге тартқыш үдеу;
практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері.
2. «Динамика негіздері». Инерциялық санақ жүйелерi, денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы.
практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысының параметрлерін есептеу.
3. «Сақталу заңдары».
Импульстің сақталу заңы, энергияның сақталу және айналу заңы;
практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, дененің кинетикалық энергиясының өзгеруіне қатысты күштің жұмысын салыстыру;
4. «Тербелістер және толқындар».
Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі, еркін электромагнитік тербелістер, электромагниттік толқындар. Практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, әр түрлі маятниктер тербелісінің периодын есептеу, аналогті сигналдың берілуі, Морзе әліппесі.
5. «Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар».
Радиоактивтілік, радиоактивті сәулеленудің табиғаты; практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару.
6. «Атом ядросы». Радиоактивті ыдырау заңы, ауыр ядролардың бөлінуі, тізбекті ядролық реакция, ядролық реактор, термоядролық реакциялар; практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару, радиоактивтi элементтердiң жартылай ыдырау периодын есептеу.
Достарыңызбен бөлісу: |