Бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің саралануы: Қателер:
сөздердің жазылу ережесін бұзуды қоса алғанда күрделі қателер кеткен
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
жағдайда, орын ауыстыру, алмастыру, сөздерде артық әріптердің кездесуі;
емле ережесі бойынша қате жазылған сөздер;
мәтіндегі тыныс белгілерінің сөйлемнің соңында болмауы және бас әріп сөйлемнің басында жазылмауы;
әртүрлі сөзде кездесуі екі қате болып саналады (қайынның сыңыптын);
бірдей әріптен жіберілген қате үш рет қайталанса, екі қатеге есептелінеді, екі рет жіберілсе, бір қатеге есептелінеді;
мәтін мазмұны (мазмұндамада) тақырыптан алшақтаған, ойды жүйелі жеткізуде кемшіліктер; мазмұндама жазуда шығарма мазмұнын өзгертетін, авторлық мәтіннен айтарлықтай ауытқулар бар;
әр бөлім арасында байланыс жоқ, сөздік қоры жұтаң, баяндаудың негізгі бөлімінің болмауы, автор мәтінінде көрсетілген маңызды оқиғалардың түсіп қалуы;
сөздердің мағынасына сәйкес қолданылмауы (мазмұндамада). Диктантта бір қате болып саналады: екі түзету; екі пунктуациялық қате; қатенің бір сөзде қайталануы; екі өрескел емес қате.
Өрескел емес қателер: сөзде бір әріптің қайталануы; сөздің қате
тасымалдануы; сөйлемде бір сөздің екі рет қайталанып жазылуы; жазылуы аяқталмаған сөз;
Кемшіліктер: сөйлем соңында тыныс белгісінің қойылмауы, келесі сөйлем бас әріптен жазылған жағдайда; азат жолдың болмауы;
Диктантта қате деп саналмайды: диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс болмаған жағдайда, яғни жіберілген қателер өткен сабақ материалдарында қарастырылмаған жағдайда; ерекше жағдайда бір сөзді екінші сөзбен мағынасын өзгертпей ауыстыру.
«5» бағасы, егер оқушы барлық тапсырмалар қатесіз орындаса, түсініктерді, анықтамаларды, ережелерді саналы түрде меңгеруін анықтаса және өз бетінше жұмыс орындау барысында білімдерін қолданған кезде қойылады;
«4» бағасы, егер оқушы ережелер мен анықтамаларды саналы түрде меңгерсе; сөз, сөйлем талдау барысында білімдерін қолдана білсе, кемінде тапсырмалардың 3/4 бөлігін дұрыс орындаса (1-2 қате жіберілсе) қойылады.
«3» бағасы, егер оқушы оқылған тақырыптардың белгілі бір бөліктерін меңгерген, тапсырмалардың жартысынан артығын дұрыс орындаған жағдайда (3-5 қате жіберілсе) қойылады.
«2» бағасы , оқушының оқу материалын нашар білетіні анықталса, көптеген грамматикалық тапсырмаларды орындай алмаса (5-тен артық қате жіберілсе) қойылады.
Мазмұндаманы, шығарманы ұйымдастыру және өткізу
2-4 сыныптарда оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізу білігін тексеру мақсатында мазмұндама, шығарма жазуға үйрететін жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыстарға 1 сағаттан кем емес уақыт бөлу ұсынылады. Оқыту сипатындағы шығармашылық жұмыс жүргізудің кезеңділігі – шамамен 10-15 күнде бір рет.
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы
Мазмұндама тақырыптарының көлемі диктант мәтіндерінің көлеміне қарағанда шамамен 15-20 сөзге артық болуы тиіс.
Шығарма жұмыстарын бағалау мөлшері
Шығарма тақырыбын таңдауда оның өмірмен байланыстылығын, балалар тәжірибесі мен қызығушылығына жақындығын, мазмұнының қол жетімділігін, мәтін құрылысы және оның тілдік безендірілуінің күштілігін ескеру қажет.
2-3-c ыныптарда мазмұндама, шығарма жазуға үйрету деп қарастырылады да, 1 ғана баға қойылады.
4-сыныпта мазмұндама мен шығармалар үшін 2 баға бір тор көзге қойылады: 1 баға – мазмұны үшін, 1 баға сауаттылығы үшін (5/5, 5/4 сияқты)
«5» деген баға – автордың мәтінін (мазмұндама) жүйелі әрі дұрыс баяндалған; тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс; сөздік қолданыста 1-2 түзету жіберілсе қойылады.
«4» деген баға – жұмыста автор мәтіні (мазмұндама) дұрыс, барынша толық берілген, мәтін мазмұны ашылған (шығарма), бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған, аздаған (1-2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ 1-2 емле қате, 1-2 түзету жағдайда қойылады.
«3» деген баға – мәтін мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген (мазмұндама), тақырыптан алшақтаған, негізінен дұрыс қолданғанымен ой жүйелі жеткізілген, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар . Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар. Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1-2 түзету болғанда қойылады;
«2» деген баға – қорытынды мазмұндама мен шығармалар мазмұнынан көп алшақ, қателері көп, ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң. Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп қате және 3-5 түзету болған жағдайда қойылады.
Бастауыш сыныптардағы мазмұндамалар және шығармалар үйретушілік сипатта болатынын ескере отырып, қанағаттанарлықсыз баға тек қорытынды мазмұндамалар жазғанда ғана қойылады.
Үйрету мақсатындағы мазмұндама мен шығарма сыныпта мұғалімнің басшылығымен орындалады . Оқушыларға (2-4 сыныптар) мазмұндама жазғызу оқулық мәтіні және таныс емес мәтіндер негізінде кезектестіріп жүргізілуі керек.
Сөздік диктанттар ағамдағы тексеру жұмысы және бақылау (тоқсанына 1 рет) ретінде өткізіледі. Сөздік диктантардың мазмұнын жазылуы ережемен реттелмейтін сөздерден құралады.
Достарыңызбен бөлісу: |