Оқу жылына педагогикалық сараптама 2021-2022 оқу жылына мақсат-міндеттер


Ильясова Аманқыз Уалиханқызы- мектеп директорының шаруа ісі жөніндегі орынбасары



бет71/78
Дата18.11.2021
өлшемі0.52 Mb.
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   78
Ильясова Аманқыз Уалиханқызы- мектеп директорының шаруа ісі жөніндегі орынбасары

Лауазымдық міндеттері:

  • Мектептің шаруашылық қызметін басқарады. Онда ағымдағы және күрделі жөндеу жұмысын жүргізуді ұйымдастырады.

  • Мектептің материалдық құндылықтарының, мүліктерінің, жиһаздары мен инвентарларының ҚР Заңнамаларында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікпен сақталуын өз міндетіне алады;

  • Шығын сметасында қарастырылған жергілікті бюджет қаржысы есебінен мектеп әкімшілігін кеңсе тауарлар мен күнделікті қолданатын шарушылық заттарымен қамтамасыз етеді.

  • Мектептің жаңа оқу жылына дер кезінде дайын болуын қамтамасыз етеді;

  • Мектеп ғимаратын, жабдықты орындарының, сыныптарының,оқу кабинеттерінің, шеберханаларының,спорт залының, басқа да орын жайлары мен мүліктерінің, медициналық кабинетін, асхананың, буфеттік тіршілік қауіпсіздігі нормалары мен ережелеріне сәйкес шаруашылық қызмет көрсетуін және тиісті техникалық, санитарлық-гигиеналық жағдайда ұсталуын, қажетінше күтім жасалуын жүзеге асырады;

  • Мектеп материалдарының, судың, электр және жуу энергияларын, қаржы құжаттарының тиімді жұмсалуын бақылайды.

  • Мектеп территориясын көріктендіру, көгалдандыру және жинап тазалау жұмыстарын басқарады.

  • Өзіне бағынышты мектептің техникалық және кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстарына бағыт беріп, қызметкерлердің категориясы бойынша жұмыс уақыттарын есепке алады.

  • Мектеп мүліктерін инвентарлық есепке алуды, мүліктерге инвентаризация жасап, есеп беру құжаттарын дер кезінде жасайды, өзіне бекітілген жұмыс учаскесі бойынша құжаттама жүргізеді.

  • Мектептің шаруашылық дербестігін кеңейту, коммуналдық және басқа қызмет көрсету түрлері бойынша дер кезінде қажетті шарт жасау жөнінде тиісті шаралар қабылдайды.

  • Мектептің негізгі ғимараты мен өзге де орын жайларын, технологиялық, энергетикалық жабдықтарын пайдалану кезінде еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын, олардың мезгілімен тексеріліп, бақылануын қамтамасыз етеді.

  • Мектеп территориясында ауыр нәрселер тасымалдау, түсіру-тиеу жұмыстарын атқару кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

  • Мектеп ғимараты мен құрылымдарының өрт қауіпсіздігін сақтауды ұйымдастырады, өрт сөндіретін құралдардың дұрыс болуын бақылайды.

  • Оқу кабинеттерін, шеберханалар, тұрмыстық, шаруашылық және басқа және орын-жайларын тіршілік қауіпсіздігі ережелері мен нормаларға еңбек қауіпсіздігі стандарттарына сай жабдықтар және құрал-саймандармен қамтамасыз етеді;

  • Электр қондырғылары мен электр желілерінің, жерге қосу қондырғыларының оқшаулағыш қарсылық күштерін өлшеу, жылу жүйесі мен сығымдалған және сұйытылған газ түрлеріне арналған баллондар қысымында жұмыс істейтін сауыттарды мезгілдік сынақтан өткізумен куәландыру, нормативтік талаптар мен еңбек қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес ауа құрамындағы шаң, газ, зиянды заттар буы мөлшерін талдау, жарықты өлшеу, радиацияның, шудың бар-жоғын тексеру шараларын жүргізуді ұйымдастырады.

  • Кем дегенде 5 жылда 1 рет техникалық персоналға арналған жұмыс түрлері бойынша еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірлеуді ұйымдастырады.

  • Техникалық және қызмет көрсету персоналдарын жұмыс орнында үйретуді және нұсқамалар беруді (алғашқы және мерзімдік) ұйымдастырады.

  • Өрт қауіпсіздігі құрал-саймандарының есебі алынуын және сақталуын, жұмсақ және қатқыл құрал-саймандарының құрғатылуын, жуылуын және жөнделуін қамтамасыз етеді.

  • Судың, электр энергиясының, жылудың жұмсалу шығынының есептеу приборлары көрсеткіштері негізінде есеп жүргізеді.


Мектеп директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары өз құзіреті аясында мыналарға құқылы:

  • мектептің техникалық және қызмет көрсету персоналдары қатарынан өзіне қарасты жұмыскерлерге орындалуы міндетті үкімдер мен нұсқамалар беруге;

  • мүліктердің бүтіндігін, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария мен еңбек қорғау ережелерінің сақталуын бақылау үшін мектептің кез-келген орын-жайына, білім беру процесінің қалыпты ағымын бұзбастан, кедергісіз кіруге;

  • мектеп директорына мектеп қызметкерлерінің мектеп мүлкін бүлдіргені және еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзғаны үшін тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс тапсыруға;

  • техникалық және қызмет көрсету персоналының еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныс ендіруге, жұмыскерлердің бұл категориясын наградаларға және ынталандыру сыйлықтарына ұсынуға.

Жұмыс уақыты: 9:00-17:00

Демалыс күні: жексенбі

Таныстым: А.У Ильясова






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   78




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде