Оқу жылына арналған «Қазақстан тарихы» ПӘнінен мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі



бет34/35
Дата19.01.2023
өлшемі283.51 Kb.
#417261
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
МЕК сұрақтары Қазақ тарихы 22.11.2022Жауаптары
3, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы, 14.Етістіктің тіркесімділігі – тірек сыңар Толебай Маржан, 9.Зат аталымының жасалуы 3тәсіл Толебай Маржан, латын 60- сұрақ, treatise175829, дәрістер дидактика, Силлабус тарбие 2.4ж. курс 6 кр, бейнелеу 12апта
Білім жүйесіндегі реформалар
Білікті мамандар даярлау ісінде адамдарға қазіргі заманға сай озық білім берудің маңызы туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның нақты бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі»,-деп атап көрсетті. Елбасы осы ойын дамыта келіп, «бізге экономиканы және қоғамдық өмірді жаңа сатыға көтеру қажеттігіне сай осы заманғы білім беру жүйесі керек» екендігіне назар аударды.

Білім беру жүйесі, оның құрылымы үздіксіз оқу тұжырымдамасына (концепциясына) сәйкес жасалады. Бұл жүйе: отбасылық тәрбие; мектеп жасына дейінгі тәрбие; жалпы орта білім беру: мектептен тыс тәрбие мен оқыту: кәсіптік-техни калық, орта арнаулы, жоғары білім беру; жоғары оқу орнынан кейінгі білім (аспирантура, докторантура т.б.) беру; кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау; қосымша білім беру(екінші мамандық) сатыларынан құрылады.


Орта білім алу бізідің елімізде тегін. Қазіргі Қазақстан Республикасында ерекше мәртебеге ие болған мемлекеттік жоғары білім ордасында білікті мамандар даярланады.Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік бірлестікке енуі қазақстандық жастардың шет елдерде оқуына мүмкіндік туғызды.


Халықаралық білім беру кеңістігін құру, әр түрлі елдің ұлттық білім беру жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы құнды шешім болып табылатын 1997 жылғы Лиссабон Конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жұйесіне ұтымды түрде пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Отанымыздың білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталған. Білім беру нормаларын өзара мақұлдау жөніндегі Лиссабон Конвенциясын, жоғары білім саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасаған мемлекеттердің арасында Қазақстан алғашқылардың қатарында тұр. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап берді. Бұл – білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам.


Тәуелсіздік алғаннан бергі жетістіктерді сөз еткенде ел дамуына өлшеусіз үлес қосуы тиіс білім мен ғылым саласына тоқталмай өту мүмкін емес. Әсіресе, Қазақстан жастарына жаһандағы дамыған, оқу-тоқуы жетілген мемлекеттердің есігін



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет