Оқу жылына арналған «Қазақстан тарихы» ПӘнінен мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі



бет11/35
Дата19.01.2023
өлшемі3.01 Mb.
#417261
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Байланысты:
МЕК сұрақтары Қазақ тарихы 22.11.2022Жауаптары
3, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы, 14.Етістіктің тіркесімділігі – тірек сыңар Толебай Маржан, 9.Зат аталымының жасалуы 3тәсіл Толебай Маржан, латын 60- сұрақ, treatise175829
Тасмола мәдениеті - Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде ерте темір дәуірінде өркендеген. 1930 ж. белгілі болғанымен, негізгі зерттеу жұмыстары Орт. Қазақстанда 1946 жылдан кейін басталды.

Төрт негізгі кезеңнен тұратын зерттеулердің алғашқы сатысы 1946 – 59 жылдарды қамтиды. Осы кезде Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының ұйымдастырушысы әрі жетек. Ә.Марғұлан мен оның шәкірті М.Қадырбаев Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Ақтоғай өлкелеріндегі Тоғызбайкөл, Қарабие, Қарасай, Қанаттас, Толағай, Елшібек, Киіксу сияқты зираттарға қазба жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштердің жалпы сипаты, жерлеу ғұрпының ерекшеліктері мен заттық мәдениетке байланысты нақты деректердің алғашқы тобын жинады. Осы өңірлерде басқа жерде кездеспейтін “мұртты обалар” сияқты айрықша ескерткіш түрлері бар екенін байқаған ғалымдар Сарыарқада бұған дейін беймәлім жаңа мәдениет белгілері табылуы мүмкін екенін пайымдады.


1958 – 68 ж. жүргізілген екінші кезеңде Қарқаралы, Балқаш, Шідерті өлкелерінде көптеген жаңа зираттар зерттеліп, көлемді деректер алынды, аса маңызды қорытындылар жасалынды.


1957 жылдан бастап Орт. Қазақстан экспед. құрамында ерте темір дәуірін зерттеушілердің жеке тобын басқарған Қадырбаевтың 1959 – 63 ж. Павлодар облысы Екібастұз ауданындағы Шідерті өзені бойындағы Тасмола-1, -2, -3, -5, -6, Қарамұрын-1, -2, Нұрмамбет-1, -2, -4 зираттарында жүргізген қазбалары шешуші нәтижелер берді. Жинақталған материалды қорытындылай келе Қадырбаев 1966 ж. Сарыарқада сақ заманында гүлденген жаңа археол. мәдениетті жариялап, оны Шідерті бойындағы аса құнды деректер берген Тасмола алқабының атымен байланыстыра, Тасмола мәдениеті деп атады.


1970 – 99 ж. 3-кезеңнің жұмыстары атқарылды. Осы жылдары Тасмола мәдениетінің таралу ауқымы анағұрлым кеңейтілді, жаңа өлкелердің жәдігерлері ғыл. айналымға түсті.


1994 ж. М.Хабдулина Солт. Қазақстандағы, яғни Көкшетау қыраты, Есіл өз. бойындағы обаларды зерттеу нәтижелерін қорытындылап, ұлыбай-тасмола мәдениетін ашты және де оның үлкен Тасмола мәдениетінің солт. өлкелеріндегі жалғасы екенін атап көрсетті. Сарыарқа археол. экспед. (жетек. А.Бейсенов) далалық зерттеулері барысында (2000 жылдан) Қарқаралы өңірінен ерте темір дәуірінің Едірей, Керегетас, Сарыбұйрат, Қызылсүйір сияқты жалпы саны 20-дан астам қоныстың, сондай-ақ Есіл археол. экспед. (жетек. Хабдулина) тарапынан Сілеті өз. маңындағы Тасқора-1, -2 қоныстары ашылды. Қазіргі сипаттамалар бойынша Тасмола мәдениетінің негізгі ескерткіштері түріне обалар, “мұртты обалар”, қоныстар, кен орындары, петроглифтер жатады. Қоныстарға байланысты мүлдем тың деректер ғылыми айналымға жаңадан еніп отырғандықтан, Тасмола мәдениетін сипаттауда осыған дейін тек жерлеу ескерткіштері, яғни обалар басты орында болып келді. Жалпы саны 180-ге жуық жерлеу ескерткіштерінің деректері бойынша қалыптасқан ішкі кезеңдемесі бойынша Тасмола мәдениеті бірін-бірі алмастыратын үш хронол. сатылардан тұрады: 1 саты (б.з.б. 7 – 6 ғ.), 2 саты (б.з.б. 5 – 4 ғ.) және ерекше топтың жәдігерлерін біріктіретін 3 саты (б.з.б. 3 – 1 ғ.). Алдыңғы екі сатының мәдени ерекшеліктері бір-біріне өте жақын болғандықтан, бұларды бір тасмола кезеңіне біріктіреді. Соңғы сатының, яғни қорғантас кезеңінің ескерткіштері мәдениеттің аяқталар уақытымен сәйкес келетіндіктен, мұнда сақ дәуірімен қатар, ғұн-сармат дәуіріне тән біршама жаңа элементтер байқалады. Аз зерттелген бұл кезеңге байланысты 30-ға жуық оба ескерткіштері ғана зерттелген. Ерте кезеңнің қорымдары көлемі жағынан неғұрлым шағын, көбіне 2 – 5 обаны біріктіреді, 10 – 20-дан астам нысандардан тұратын ірілері сирек кездеседі. Тас, топырақтан үйілген пішіні дөңгелек обалардың диам. 5 – 10, 15 м, биікт. 0,3 – 1, 1,5 м болатын шағын және орташа түрлері кеңірек танымал. Диам. 30 – 40 м-ден жоғары, биікт. 3 – 5 м-ден үлкен обалары аз зерттелген, іс жүзінде мұндай ірі нысандардан тек Нұркен-2 қорымынан ғана деректер бар. Қорғантас кезеңінің тастан үйілген обалары көлемі жағынан әлдеқайда шағын, қоршаусыз, орсыз келеді. Мүрделер шұңқыр қабірлер мен тас жәшіктерде басымен солт.-шығысқа қаратыла жерленеді. Ғұн дәуіріне өте-мөте тән белгілерге қабірдің бас жағындағы арнаулы орынға мал бастары мен аяқ сүйектерінің көптеп салынуы жатады.


Тасмола кезеңінің ғұрыптық ескерткіштеріне жататын “мұртты обалар” жүздеп саналады. Ғылыми пайымдаулар бойынша күншығысқа тартылған ұзын тас тізбектері бар мұндай күрделі құрылыстар қайтыс болған беделді адамдардың рухымен қоштасу, еске алу салтанаты кезінде жасалатын болған (қ. Мұртты обалар). Орталық Қазақстанда ашылған ерте темір дәуірі қоныстары ағынды су көздерінен жырақта, жазық дала деңгейінен биікте, тау беткейлерінің күнгей, яғни шығыс, оңт.-шығыс жақтарында орналасатыны байқалды. Бұл қоныс тұрғындарының Орталық Қазақстанда ұдайы соғатын батыс желдерінен және қар қабаттарынан сақтануға мәжбүр болғандығын аңғартады. Заттық деректердің негізгі тобын құрайтын қыш ыдыс көбіне тікбүйірлі көзелер түрінде, сондай-ақ бүйірі дөңгеленген көзелер, аяқтар, сирек кездесетін шүмекті, тіктұтқалы, табанды ыдыстардың бөлшектері де бар. Ыдыстар ерекшелігінің бірі “маржандармен” шұңқыршалармен ғана шектелген өрнектерінің жұтаңдығында. Бұл қыш ыдыстар мерзімдік ерекшеліктеріне қарай генетик. жағынан Орталық Қазақстанда қола және ерте темір дәуірлерінің арасын алып жатқан доңғал кезеңінің ыдыстарына біршама жақындайды. Тас құралдардың арасында көптеп кездескен кетпендер мен дәнүккіштер тұрғындардың мал ш-мен қатар қосалқы сала ретінде егіншілікпен шұғылданғанын байқатады. Бір есептен, бұл егіншіліктің кейінгі қазақ тұрмысында қолданылған астық қыстау маңында өсірілетін формасы болса керек. Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің өте аз зерттелген соңғы екі түрін ежелгі кен алған орындар мен петроглифтер құрайды. Мыс., алтын, т.б. металдар өндірілген кен орындарының бірқатары Солт. Балқаш өңірінде (Тесіктас, Саяқ, Сорқұдық, т.б.), Нұра өзенінің жоғарғы алабында (Алтынсу, Бесшоқы), т.б. аумақтарда белгілі. Солт. Балқаш өңірінде, Абыралы-Дегелең таулары маңында, Нұраның жоғ. бойында, Баянауыл тауларында және бірқатар орындарда ашылған петроглифтер қашау әдісімен орындалған аң, адам пішіндерін, аңшылық көріністерін, садақшылар қақтығысын және жайылып жүрген тағы аңдар мен үй жануарлары үйірлерін, түйе жегілген арбаларды, түйе керуенін бейнелейді. Обалардан алынған заттық деректерге сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; ә) ат әбзелдері; б) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар. Тасмола қоғамында қола құю ісінің үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттің жетекші категорияларының бәрі дерлік қоладан жасалған. Сонымен қатар темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1-сатының (б.з.б. 7 – 6 ғ-лар) өзінде-ақ пайда болған. Ерте кезеңнің екі қанатты ұңғылы және біршама ұзындау үш қанатты шыбықты жебе ұштықтары генетик. тұрғыдан алғанда беғазы-дәндібай мәдениетінің жебелерінен бастау алады. Осы кезге сабы қырлы, басы саңырауқұлақ іспетті қанжарлар, құрама жауынгер белдіктері тән. Ат әбзелдеріне ауыздықтар, үш саңылаулы қола немесе сүйек сулықтар жатады. Ғұрыптық заттардан артқы беті ілмекті дөңгелек қола айналар, шағын, кейде 4 – 6 аяқты тас құрбандық ыдыстары ұшырасады. Қолөнеріне алтыннан жасалған жолбарыстың пішіндері, таутекенің қола мүсіндері, қабан мен бұлан бедерленген қола айналар, шиыршықталған қабан тәрізді мүйіз қапсырмалар жатады. “Хайуанаттық нақышта” дайындалған көп тұлғалы композициялардың бірі, мүйіз қапсырмадағы көрініс – алыстағы Туваның “алдыбел” ескерткіштеріне ұқсас. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, бедерлеу әдістерімен көркемделген.

Тасмола мәдениеті жоғары дамыған, мүліктік теңсіздік белгілері терең белең алған, дамыған қоғамдық құрылым түрінде сипатталады. Тасмолалықтарда металлургия мен металл өңдеу гүлденіп, экономикасының негізі көшпелі мал ш. болған. Шашыраңқы шаруашылыққа бірнеше туыстас отбасылардан тұратын кішігірім қауымдар жүйесі сәйкес келді. Мәдениетінің қалыптасуы мен ерекшеліктері осының алдындағы беғазы-дәндібай заманы қоғамының экожүйесінде туындаған бағыттардың нәтижелері ретінде бой көрсетеді. Археологиялық зерттеулер барысында алынған деректер бойынша сыртқы әсерлердің (мұның ішінде Қытай, Иран, Грекия, т.б. мәдени ағымдар) барынша аз, мәдени келбетінің неғұрлым төлтума сипатта болуы Тасмола мәдениетінің басты ерекшеліктерінің біріне жатады. Ғылsvb пікірлерге сәйкес, Қазақтың қатпарлы таулары толығымен Қазақстанның өз ішінде, сыртқы көршілермен жапсарлас шекаралық өлкелерден тыс жатқан далалық геогр. аймақ болғандықтан, бұл аумақтың мәдениеті ең алдымен жергілікті алғышарттар негізінде өмір сүрген. Ертеден қалыптасқан дәстүрлі пікір Тасмола мәдениетін Иран тілдес тайпалармен байланыстырады, сонымен бірге, оны байырғы түркілерге жатқызатын көзқарастар бар. Еуразияның басқадай скиф-сақ мәдениеттерінде ұшыраспайтын ерекше ескерткіштер болып саналатын “мұртты обалар” семантик. тұрғыдан ортағасырлық түркілердің тас балбалдар қатары шығысқа тартылған ғұрыптық қоршауларына біршама ұқсас



  1. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы.

Б.з.б. VII—IV ғасырлардағы Евразияның этникалық және саяси картасы барынша ала-күла болуымен ерекше. Сонымен бірге жақын және алыс тайпалар, халықтар, мемлекеттер арасында біршама тұрақты экономикалық, саяси және мәдени байланыстар орнады, соғыс қақтыгыстары да аз болған жоқ. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар Орта Азияның, Алтайдың, Хакасияның, Тува мен Солтүстік Моңғолияның туыстас халқымен өзара байланыс орнатып, қарым-қатынас жасады. Солтүстік-шығыста және солтүстікте Қазақстанның мал өсірумен айналысқан ежелгі халқы Орал тілді қауымның угор тектес тармағының орманды далалар мен ормандарды мекендеген тайпалармен — мансилер мен хантылардыя арғы тегімен шектесіп жатты.
Батыстың савромат тайпалары Қара теңіз өнірінің скифтерімен көрші болды, олармен сауда-саттық жасады, соғыс одағын құрды немесе қарулы қақтығыстарға түсіп жүрді. Оңтүстікте савроматтар өз тағдырын өте ертеде, Ахеменид заманына дейін-ақ, Үлкен Хорезм және Бактрия патшалығы сияқты мемлекеттік құрылымдармен байланыстырды.
Жазбаша деректемелер мен археологиялык деректер б.з.б. VШ-VІІ ғасырларда-ақ Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеттерімен - Ассириямен жәнс Мидиямен, ал б.з.б. VI ғасырдың ортасынан, Ахеменидтер мемлекеті құрылған уакыттан бастап - Персиямен байланысты болғанын көрсетеді. Сақтар сол кездегі көптеген тарихи оқиғаларға қатысты. Мәселен, Кир сақтармен одақ жасап, Лидия патшасы Крезбен соғысуы кезінде олардан көмек алды. Одақ жасасуды қанағаттанбаған Кир сақтар мен массагеттерді бағындырмақшы болды. Парсылардың жорықтары кескілескен карсылыкка кездесті, Кир жорығы күйреп тынды, оның әскерлері талқандалып, өзі қаза тапты. Геродот мынадай аңызды келтіреді: парсыларды женгенпен кейін массагеттер падишасы Томирис торсыққа толтыра қан құйғызып, «Сен қанға кұмартып едін, енді шөлің қансын!» деп оған Кирдін. басын салдырған
Кирдің Орта Азияға басқыншылық жорықтарын I Дарий (521-486) жалғастырды. Ол аз уақыт болса да жекелеген сақ тайпаларын. оның ішінде хаумаварга-сақтарды немесе амюргийлік сақтарды, сондай-ақ каспилерді бағындырып алды. Бүл тайпалар Ахемснидтердін XV сатрапиясыпың (салық аймағының) құрамына кірді және алым төлеуге тиіс болды, бірақ алым мезгіліндс төленіп тұрмады және көбіне сыйлықтар сипатында боллы. Сақтар Ахеменидтердің әскерінде қызмет атқарды. Тіпті олардын біразы парсы патшасының «өлмейтін он мың» деп аталатын жеке ұланына да кірлі.
Б.з.б. 518 жылы I Дарий, өзінің алдындағы патша сияқты, массагет- сақтарға қарсы жорық бастады, бірақ ол да жеңіліске ұшырады. Грек тарихшысы Полиен массагет-сақтардың парсыларға қарсы күресінің қызықты бір оқиғасы жайындағы әңгімені келтіреді. Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен тілгілейді де, парсыларға қашып өтеді, сөйтіп өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген адам ретінде көрсетеді. Өз руластарынан кек алғысы келетінін мәлімдеп, Шырақ жауларды сусыз шөлге апарып адастырады, осында олардын көбі қырылып калады.
Б.з.б. VI ғасырдың аяғында - V ғасырдың басында ежелгі Шығыста (грек-парсы соғыстарының басталуымен байланысты ірі-ірі саяси оқиғалар пісіп-жетілді. Кейбір сақ тайпалары бұл соғыстарға одақтастар мен жалдамалылар ретінде парсылар жағында қатысты. Гавгамелы маңындағы ұрыста, мәселен, сақтардың жеңіл атты әскері қатысқан.
Грек-парсы соғыстары (б.з.б. 500-449 жылдары) парсылардың жеңілуімен аяқталды. Ал бұл кезде Грекияда экономикалық және саяси дағдарыс күрт өршіді, құл иеленушілер бұдан шығудың жолы шығысқа басқыншылық жорық ұйымдастыру деп білді. Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдарында македондық-гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменид, ІІІ Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға баса-көктеп кірді. Маракандты (Самаркандты) алып, олар Сырдарияға бет алды.
Гректердің баса-көктеп енуіне Орта Азия тайпалары мен халықтары табан тіресе қарсыласты. Александр Македонскийдің әскерлеріне қарсы күресте сол кезде Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеушілер, оның ішінде массагеттер белсене қатысты. Александр Македонский әскерлерімен Сырдариядан өтпек болған кезінде сақ жебесі тиіп, жараланды. Македондық-гректер Сырдария бойындағы қалаларды қоршаған кезде олардың тылында көтеріліс шығып, оны Спитамен басқарды. Спитамен массагет-сақтардың қолдауын пайдалана отырып, сол кезде жеңілмейтін деп саналған македондық-гректер әскерлерін бірнеше дүркін талқандады. Көтерілісшілердің арасына жік салу үшін Александр Македонский олардың кейбір көсемдерін азғырып алды. Үш жыл бойы дерлік болған кескілескен күрестен кейін ғана македоңдык-гректер Орта Азияның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындырып алда. Сырдарияның арғы бетіндегі сақ тайпалары өздерінің тәуелсіздігін сақтап калды.
Александр Македонский өлгеннен кейін онын ұлан-байтақ империясы ыдырады, өйткені ол берік экономикалык және саяси байланыстары жоқ тайпалар мен халықтардың әлдеқалай біріктірілген, бірімен бірінің байланысы аз құрамасы болған еді.
Б.з.б. VII ғасырдан бастап «аң стилі» пайда болды. «Аң стилінің» негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу болса, негізі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсінікпен байланысты болған. Ру, тайпалар өздерінің шыққан тегін аңдармен байланыстырған және оларды қасиетті тұмар деп санаған
Бұл өнердің дәстүрімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысқан. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тараған. Қызылордадан 300 шақырым жерде, апасиак-сақтардың астанасы Шірік-Рабат орналасқан. Қаланың орталығынан күзет мұнаралары бар қамал (цитадел) табылды. Археологтар цитадел орталығынан жебе ұштарын, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл заттардың жасалған мерзімі б.з.б. 4-2 ғасырларға жатады.
Есік обасынан табылған қыштан, ағаштан, металдан жасалған ыдыстардың арасынан 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша ерекшеленеді. Камал Ақышевтің пікірінше, бұл сақтардың өзіндік жазуы болғандығын дәлелдейді. Есік обасына 17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы жерленген. Оның киімі басынан аяғына дейін алтын түймешелер, қаптырмалармен қапталған. Есік қорғанынан табылған алтын бұйымдардың молдығына байланысты «Алтын киімді адам» - деп аталды. Сақ ханзадасының жанынан семсер, қанжар-акинак, алтын ұшты жебе, қамшы, жібек қоржын, алтын түймешелер, алтынмен қапталған қола теңгелер, мөр-жүзік табылды. Барлығының саны – 4000-нан астам
Алматының күншығысында 50 шақырым жерде, Іле Алатауының баурайында 40-тан астам оба табылды. Соның бірі – Есік обасы, диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр. Бәбіш-Молда қаласының қамал қабырғалары және айналдыра қазылған орлары болған. Қала ішінен қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылды. Бұл заттық деректер қала тұрғындарының егіншілікпен айналысқанын дәлелдейді
Сарыарқаның ерте темір дəуірі ескерткіштері «тасмола мəдениеті» деп аталады. Алғашқы ескерткіштері табылған жер – Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірі. Бұл мəдениетті исседон тайпалары қалдырған. Тасмола мәдениетінің ерекшелігі – «мұртты обалар». Ол екі жерлеу орнынан тұрады. Обалардың біреуіне адамды, екіншісіне атын жерлеген. Обалардан шығысқа қарай тастан қаланған мұртқа ұқсас екі тас құрылыс тартылған. «Мұртты обалардың» 4 түрі кездеседі. Біріншісі – үлкендеу обаның шығыс жағынан салынған кішілеу оба. Екіншісі – екі оба оңтүстіктен солтүстікке қарай қатар салынады. Үшіншісі – алдымен үлкен оба салынады, оның үстінен кіші оба тұрғызылады. Төртіншісі – үшіншіге ұқсас, бірақ бұл обалардың ара жігін қазба барысында ғана анықтауға болады. «Мұртты обалар» бағдаршам рөлін атқарған. Белгілі бұрышпен салынып, оңтүстік, солтүстік, батыс, шығысты көрсеткен.
«Мұртты обалар» Орталық Қазақстаннан басқа Солтүстік, Шығыс Қазақстан және оңтүстік өңірлерден де табылған. Қысқы жайылымға қар кеш жауып, ерте еріп кететін аймақ таңдалынды. Қыста жел соқпайтын жерлерге орналасу көзделді. Қысқы жайылымдар солтүстік аймақтың оңтүстігіне таман орналасты.
Солтүстік аймақтағы шаруашылықтың басым түрі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелілерде қой көп болды. Шаруашылықта басты орында жылқы болған. Қазақ даласында жұт болып тұрған. Жұт кезінде жерді қалың мұз басып, мал шөп тауып жеу үшін тұяғымен оны жара алмайды. Жұт 6-8 жылда, кейде 10-12 жылда бір қайталанып тұрған.
Жайық пен Ертіс өзендері арасында сақ үлгісіндегі мәдениет қалыптасуына Тасмола мәдениетінің әсері болған. Ұлыбай атырабының ескерткіштері Тасмолаға ұқсас келеді. Өйткені олар да «мұртты обаларға» иесімен бірге атын қоса көмген.



  1. Сақтар. Сақтардың Александр Македонскийдің жаулап алуына қарсы күресі.

Ежелгі заман тарихшыларының деректеріне қарағанда сақ тайпалары өз атырабындағы мәдениетті елдермен Ассириямен, Мидиямен қарым - қатынас жасап отырған. Ал көршілес жатқан Парсы мемлекетімен, тіпті соғыс одағында құрған. Дегенменде Парсы патшасы Кир бұл одақты місе тұтпай сақ - массагеттерді кіріптарлыққа түсіру үшін, оларға бірнеше рет жаулап алу жорығын жасаған. Рим тарихшысы Помпей Трог Кир бастаған парсы әскерлері б. з. б. 530 жылы сақ жеріне басып кірді. Бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис еді. Кир әскерлерімен Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Томириске жібереді. Бірақ Томирис "әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ" деп жазған.
Сақ патшайымы Томирис келіссөз жүргізуден бас тартады. Парсы патшасы Кир сақтарға қарсы шабуылға шығады. Өз жерінде соғысуға қолайлы деп есептеп, Томирис парсылардың судан өтуіне әдейі мүмкіндік береді. Кир әскерін өзеннен өткізіп, бәршама жер жүргеннен кейін қостарын тікті. Келесі күні ол кулық ойлайды, әдейі қорыққан болып, лагерін тастап, қаша бастаған сыңай танытты. Патшайымның баласы Спаргапис жаудың соңынан қуып, тәжірбиесіз жас болғандықтан, торуылға түсіп қалды. Баласының қайтыс болғанын естіп, Томирис көп әскерімен Кирге қарсы аттанады.
Геродоттың сипаттауынша, "Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе - жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі."
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б. з. б. 519 жылы парсылар сақтарға қарсы қайта шабуыл жасайды. Бұл жорықты І Дарий патша басқарады. "Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым" деген І Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында айтылады. Сақтарды Скунха атты көсем басқарады. Скунха соғыста жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді.
Осы соғыстағы таңғажайып оқиғалардың бірін ежелгі грек тарихшысы Полиэн былай деп суреттейді: "Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін оларға бастап барамын деп алдап, адастырып, сусыз жерге апарады. Парсының шапқыншы әскерлері шөлдеп қырылады. Ақырында Шырақ оларға: Мен сендерді адастырып, қырғынға ұшыраттым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді қолдарыңнан келгендеріңді істей беріңдер" деп, ерлік көрсетіп, парсылардан осылай кек алды. І Дарий көптеген әскерлерінен айырылып, одан әрі соғыса алмай Персияға қайтуға мәжбүр болды. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан