Оқу жылына арналған «Қазақстан тарихы» ПӘнінен мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі



бет1/35
Дата19.01.2023
өлшемі3.01 Mb.
#417261
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
МЕК сұрақтары Қазақ тарихы 22.11.2022Жауаптары
3, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы, 14.Етістіктің тіркесімділігі – тірек сыңар Толебай Маржан, 9.Зат аталымының жасалуы 3тәсіл Толебай Маржан, латын 60- сұрақ, treatise175829

2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІНЕН МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ:



  1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы.

Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдар іздері ерте палеолит (б.з.д.800-140мың


жыл) кезеңіне жатады. 1958жыл-археолог Х.Алпысбаев Қаратау жотасынан
(Оңтүстік Қазақстан) көптеген тұрақтар тапты.
А)Ерте палеолит дәуірі.Бұл дәуір-600мың жылдан астам уақытқа созылды.
Ерекшеліктері:алғашқы адамдардың тас еңбек құралдарын жасай біліуі, аң аулау,
терімшілікпен айналысуы, тобыр болып бірігуі, хайуаннан еңбек құралдарын
жасауы нәтижесінде бөлектенуі.
Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі- жарып түсіру техникасы, яғни
малтатас мәдениеті деп аталды. (шикізат ретінде өзен малтатастарын қолданған).
Тасты жару үшін жұмыр тас қолданылды. Солтүстік Балқаш өңірінің Семізбұғы
мекенінен 1611тас құрал табылды. Алғашқы еңбек құралдарын ғалымдар чоппер
және чоплинг деп атайды. Алғашқы тобыр ашель дәуіріне сәйкес келеді.
Ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:Оңтүстік
Қазақстан: Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап, Шабақты, Ш.Уәлиханов,атындағы
тұрақ, Аоыстанды, Қарасу;Орталық Қазақстан:Құдайкөл,
Жаманайбат,Семізбұғы;Шығыс Қазақстан:Қозыбай;Бaтыс
Қазақстан: Шабақтысай, Сарытас
Б)Орта палеолит.Бұл дәуірде (б.з.д. 140-40мың ж.)ежелгі адамдар оңтүстікте Қаратау жотасынан солтүстікте Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейін, батыста Сарысу өзенінің орта ағысынан шығыста Ертіс өзенінің жоғарғы ағысына дейінгі аралықты қамтиды. Ерешеліктері:от алуды үйрену, алғашқы діни сенімнің қалыптасуы, аналық рулық қоғамның белгілерінің байқала бастауы, неандертаоь адамның пайда болуы. Осы кезеңде тас өңдеу әдісі жетілдіріле түсті. Еңбек құралдарын жасау тәсілі нуклеустік. Дөңгелек өзектастың (нуклеус)шетінен ортасына қарай жару арқылы тас жарықщақтарын алу. Қыпғыш ең негізгі құрал. Мустьер дәуірінде қауымның бастапқы нысандары шыға бастады. Мустьерліктер өлген адамның аяғын бүгіп, біп қырымен жатқызып жерлеген. 1938ж. Өзбекстанның оңтүстігіндегі Тесіктас үңгірінен 8-9 жасар неандерьталдық баланың қаңқасы табылды. (антрополог Герасимов) Мустьер кезеңінің археологиялық ескерткіштері Оңтүстік Қазақстаннан, Батыс және Шығыс Қазақстаннан табылды. Орталық Қазақстаннан табылған ескерткіштердің ең көнесі – Обалысай тұрағы. Орта палеолит дәуірінің ескерткіштері:Оңтүстік Қазақстан:Ш.Уәлиханов,атындағы, Тоқалы, Қызылрыспек, Үшбұлақ;Орталық Қазақстан:Оьалысай, Мұзбел, Өгізтау, Үлкен Ақмая;Батыс Қазақстан:Өніжек, Аққыр, Құмақаж;Шығыс Қазақстан:Бөдене, Қызылсу ;
В)Кейінгі палеолит дәуірі. Бұл кезең уақыты: бұдан бұрынғы 35-30 мың жыл – 12-10мың жылдар аралығы. Бұл – адамзаттың кең тарап қоныстанған және нәсілдік топтардың құрылған кезеңі. Ерекшеліктері: қазіргі адамға ұқсас- кроманьондықтардың қалыптасуы, жеңіл найза (дротик), ілмекті сүңгі, болас жасап, баспана сала білуі, өнер мен діни сенімнің дамуы, аналық рулық қауым белгілерінің орнауы. Кейінгі палеолитте еңбек құралдарын жасау әдістері одан әрі жетілдірілді. Бір нуклеустен бұрынғыдай 2-4 қалақ емес, 10-даған жұқа тіліктер алынды(пышақ тіліктер). Тас өңдеу әдістері де жетілдіріліп, тастарды түзету(ретушь) арқылы өңдейтін болды. Тас құралдарын жасау тәсілі - ретушьтік. Осы кезеңде еңбек құралдарының 20- ға тарта түрі болған. Болас – оқ есебінде қолдыналатын домалақ тастар. Ірі жыртқыш аңдарды аулағанда пайдаланылған. Кейінгі палеолит алңашқы қауымның толысқан нысандарының қалыптасуысмен сипатталады. Қоғамдық қатынастар жетіліп, адамдардың бірлескен ұйымының алғашқы түрі – аналық рулық қауым қалыптаса бастады. Бұл – матрилиниялық (ана жағынан есептелген) және матрилокалды(ана жағымен тұйықталған) сипатта болды. Кейінгі палеолит дәуіріндегі адамдар үңгірлер қабырғаларына жылқы, аң аулау сәттерін және би қимылдарын бейнеленген. Сүйектен адам мүсінін ойып жасай білген, әсіресе рудың пірі болып саналатын әйел – анна бейнесі кең тараған. Жануарлардың бас сүйектерін, ортан жіліктерін саз әуен құралдарын жасарда пайдаланған. Күрделі діни сенімдері-жерлеу кезінде әшекейлік заттарды көму, денеге қызыл бояу жағу. Қазақстанда осы кезеңге тән баспаналар табылған жоқ, қазақстандық ежелгі адамдар таулы аймақтардағы үңгірлерді, үңгіме қуыстарды және жартас қалқасын баспана еткен. Үшінші Қарабас тұрағынан 172 порфириттен жасалған заттар, Ертістегі Шүлбі тұрағынан 5000 тас құрал табылды. Негізгі шикізат – халцедон, яшма, шақпақ тас, тау хрусталі.Кейінгі палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан:Ащысай, Үсіктас;Орталық Қазақстан:Батпақ, Қарабас, Агренсор;Батыс Қазақстан:Аққыр, Шақпақта, Өніжек;Шығыс Қазақстан: Свинчатка, Шульбинка, Пещеры, Новоникольский, Қанай;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан