Қолының 2 саусағы ауырған науқас емхана қаралған.Дәрігер саусақ ұштарының ошақтана қызарып, ісінгенін , кескенде жасылдау қоймалжың жалқықты қуыс анықтаған.
1. Саусақтарында экссудативтік қабынудың дамыған түрі?
2. Экссудаттың құрамына не кіреді?
3. Кескеннен кейінгі қуыстың қалыптасу себебі.
№2 Есеп Науқас, 25 жыл гипертониялық аурудан көбіне бүйрек зақымдалуынан зардап шеккен, уремия дамыған, өлімнің себебі болды. Осып ашу кезінде асқазанда өзгерістер табылған, шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, көп бөлігі қою көмескі сұйықтықпен жабылған.
Асқазанда қандай патологиялық үрдіс дамыған?
Оның морфологиялық өзгерістерге тәуелді түрі?
Микроскопиялық сипаттамасы?
Осы үрдістегі этиологиясы қандай?
№3 Есеп
Науқас ұзақ уақыт бойы асқазандағы мезгілімен асқынуы бар ойық жара ауруымен ауырды. Кенет төс шеміршек асты аймағында иық иррадияциясымен шұғыл ауру пайда болды, суық тер, тері жамылғылары бозарды. Сипап сезу кезінде іштің алдыңғы бетінің бұлшықеттеріне күш салынған.
Науқаста ойық жара ауруының қандай асқынуы дамыған?
Асқыну кезіндегі ойық жараның микроскопиялық сипаттамасы қандай?
Бұлшықетке күш салынуды немен түсіндіруге болады?
№4 Есеп
Науқаста кенет оң жақ жамбастың кемік басындағы аймақта ауру пайда болды, құсты. Дәрігердің көмегіне 2-ші тәулікте, оң жақ қабырғаның астынғы аймағындағы ауру қосылғанда, дене қызуы 390 көтерілгенде жүгінді. Науқас хирургиялық бөлімге жеткізілді, операция жасалды. Операция кезінде соқыр ішектің қалыңдаған бөлігі табылған, оның ұйымалы қабығы гиперемирияланған, фибринді-іріңді қабыршақпен жабылған.
Науқаста соқыр ішектің қандай түрі байқалған?
Соқыр ішек бөлігінің микроспопиялық сипаттамасы қандай?
Қақпалық венасының тарамдарында қабынудың қандай асқынулары дамуы мүмкін?
№5 Есеп
32 жастағы ер адам суық тигеннен кейін әлсіреп, ентігу, тынысалу кезінде оң жақ кеуде аймағының ауырсынуын, дене қызуы 39 С-қа жоғарлаған.Келесі күні тексеру кезінде перкуторлық дыбыстың тұйықталғанын, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінен үйкелі дыбысы естіліп,тынысы сезілмеген.Ем нәтижесіз болып, бір аптадан соң науқас өкпе-жүрек жеткіліксіздігінен қаза болған. Мәйітті зерттеу кезінде оң жақ өкпенің төменгі бөлімі ұлғайып, қатайған, плеврасын фибрин жіпшелері басқан, ұлпаның кесіндісі ауасыз, сұр түсті, 9-10 сегменттерінде іші іріңге толы дөңгелек қуыс анықталған.
1. Науқаста дамыған ауруды ата?
2. Плевраның үйкеліс шуылымен байланысты?
3. Науқаста дамыған өкпелік асқынуды ата?
№6 Есеп
Гломерулонефритпен сырқаттанған науқас, созылмалы бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінен қайтыс болған. Мәйітті зерттегенде эпикард пен плевраның беткейін бозғылт-сары түсті жұқа қабықшамен жабылғаны, оның оңай сыдырылатыны байқалды. Ал тоқ ішектің кілегейлі қабатының қалыңдағанын және бозғылт –сары түсті жұқа қабықшамен, оның ұлпадан қиын сыдырылатыны анықталған.
1. Эпикардта дамыған экссудативті қабынудың түрін ата.
2. Экссудативтік қабынудың эпикардта,плеврада және тоқ ішекте дамыған түрлерін ата.
3. Экссудаттың құрамына не кіреді?
№7 Есеп
Науқас тамақ ішкеннен кейін эпигастрии аймағының ауырсынуына, жүрегінің айнуына шағымданады. Гастроскопия арқылы асқазанның кілегейлі қабықшасы қызарып, ісінген, көп мөлшерлі тұтқырлы сұр кілегеймен жабылғаны байқалған.
1. Асқазанда экссудативтік қабынудың дамыған түрін ата?
2. Қабынудың қандай түрі орын алады?
№8 Есеп
Науқас ерінің ішкі қабатында майда көпіршіктер пайда болғанына шағымданған, ішіндегіні зерттегенде ұймалы шырыш, эпителий, фибрин жіпшелері, лейкоциттер байқалды.
1. Экссудативтік қабынудың дамыған түрі?
2. Осы морфологиялық өзгерістер қандай ауруға тән?